Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Бұл баршамызға үлгі болуы тиіс!!!


Авторы Xабарлама
Тарихшы Мақсат
10-03-08 15:53
Сәлем, форум мүшелері!!! 3 күн демалыс болып, форум біраз "тоқтап қалды" десем артық айтпағаным. Мен 2 күн бұрын "Еуразия" арнасынан көрген жаңалықтарымнан таң-тамаша болдым әрі сүйсіндім. Жаңалықтарда Ресейде өзінің 8 баласынан бөлек балалар үйінен 30 баланы асырап отырған адамдарды көрсетті. Иә, басында қиын болғанын айтып отыр, тәрбиелеуге алынған балаларды тәртіпте ұстау оңай болмапты. Сөйте келе отағасы бәрін бірге жұмылдыратын бір ермек тауыпты. Ол не деп ойланып қалдыңдар ма? Ол - МУЗЫКА!!!
Отағасының айтуынша: "оркестр - ол тәртіп, ол- бірізділік... яғни оркестрде синхронды ойнай білу - жанұялық синхрондылыққа бастайтын алғышарт",-дейді.

Менің бұдан айтпағым, қазіргі заманда кейбіреулер бір баласын асырай алмай, одан бас тартып та жатқанда, бұл кісілердікі - ЕРЛІК!!!

Мен тағы бір осындай жанұяны білемін, Ол өзіміздің Қазақстанда Кентау қаласында бар. Оны "Арнұр үйі" деп атайды, тағдырдың қаталдығын туылмай жатып көрген бүлдіршіндер бұл жанұядан ата-ана мейірімін көріп өсіп келе жатқанын өз көзіммен көріп жүрмін.

Осындай мейірімді жандарға Алла шапағатын берсін!!!



Авторы Жауап
Анар Ақберген
Anarjan94
09-01-10 09:00
баршаңыздан өтініш! тәлім-тарбие... туған-туысқан тақырыбына арналған тест тапсырма болса жибериниздер
Тарихшы Мақсат
19-03-08 20:53
Бұл өмір жөнді сүре білгенге өмір, ал сүре алмағанға тамұқ... Негізі талқылай берсең проблема таусылмайды және оны түрлі көзқарас тұрғысынан сарапқа салуға болады. Байқасаңдар, қыз болсын, ұл болсын, жасөспірімдік шақта көп ауытқиды. Оны медициналық тілде "өтпелі кезең" деп айтамыз, бұл кезде балалық кезеңнен өтіп, ересек өмірге өту аралығындағы көпір...
"Қызым үйде, қылығы түзде" деген нақыл осы кезеңге сай айтылса керек, бала өміріндегі ең қиын кезең болып табылады. Бұған дейін ата-ана ықпалы басым болса, бұл кезде құрдастарының ықпалы зораяды. Дискотека, түнгі клуб, т.б. кешкі көңіл көтеретін орындарда 13-16 жастардағы ұл-қыздар қазір көптеп жүреді. Айып болса да айтайын, "ақыл-естен айыратын" ішімдік, т.с.с. уланып құсып жатады. Жаппай төбелестер де жасөспірімдер арасында өршіп тұр, пышақтасу, атысу кезінде құрбан болып жатқандары да бар, бірақ оларға бұл өкінішке орай САБАҚ болмай тұрған жәйі бар. Түрмеге түсіп жатқандары да қаншама...


Салтанат
:)
19-03-08 07:33
бір ойшыл айтқан екен "дені сау балаларды жасанды түсік жасап алып тастайды да, шала туған, кем туғандарды ауруханадан ауруханаға тасиды, ақша шығарады... осылай бола берсе адамзаттың болашақ ұрпақтары қандай болмақ?! "
Тарихшы Мақсат
РАХМЕТ, СЕНДЕРГЕ!!!
17-03-08 17:51
Бақытгүл!!! Иә, "көкек аналарды" мен де жек көремін, оларға еш кешірім жоқ!!!
Тарихшы Мақсат
РАХМЕТ, СЕНДЕРГЕ!!!
17-03-08 17:49
Айкөркем!!! Сен мені дұрыс түсін, көп балалыққа қарсы емеспін!!! Сенікі секілді жұрттың барлығында берекелі жанұя бола бермейді, мейірім көрмей өсіп жатқан балалар көп қой!!! Асырай алса, 20-30-на да қарсы емеспін!!! Құдай көп қылсын!!!
Тарихшы Мақсат
РАХМЕТ, СЕНДЕРГЕ!!!
17-03-08 17:45
Жанар!!! "Не нәрседен көп қорықсаң, соған ұрынасың" деген сөз бар ғой, сен орынды атап өттің, жасанды түсік түрлі себептермен жасалынады. Мені қынжылтатыны, өрімдей қыздардың жасатуы; оларды жазғыра беруге де болмайды, "табиғатына" қарсы тұра білу үлкен ерлік!!! Қазір бүлдіршіндеріміз жыныстық "анау-мынаудың бәрін" туа біледі, кейде оларды өзіңнің бейне бір көке-тәтең екен деп қаласың... Ал түпкі зардабын олар қайдан білсін? Бұрын болмаған түрлі жыныс жолдары дерттері қаптап кетті...
Тарихшы Мақсат
РАХМЕТ, СЕНДЕРГЕ!!!
17-03-08 17:36
Айнұр!!! Өткен заман қайта айналып келмес, болашағымыз яғни ұрпақ саулығын ( денсаулық, тәрбие, білім, мәдениет) ойлағанымыз жөн.
Тарихшы Мақсат
РАХМЕТ, СЕНДЕРГЕ!!!
17-03-08 17:33
Сәлем қыздар!!!

Салтанат: Бұл жерде тек жасанды түсік, тек көп балалық жайлы емес, барлық басқа бағыттардағы ой-пікірлерді де талқылауға болады. Қазір ұлттық мүдде, Отансүйгіш етіп тәрбиелейтін балалар бақшасы "толғақты мәселе". Біздің қыздар құдайға шүкір бала табудан қашпайды, тек денсаулықтарын күтсе екен деген тілек бар.
Жанар
zhanar-malybaeva@mail.ru
17-03-08 15:55
Қазақ айтады ғой: бір қозы артық туса, бір тал жусан артық шығады деп. Сол сияқты дүниеге келген әрбір өз несібесімен келеді. Аллатағала бердім дер берген бала болса, материалдық қиындық оған түк те етпейді. Бірақ біз шынында да тақырыптан ауытқып кеткен жоқпыз ба?
Салтанат
:)
17-03-08 14:40
тусинбей калдым гой не туралы ангиме болып жатканын?! :)
тусік жайлы ма, копбалалы болу жайлы ма... ай, бирак екеуи ұштас кой... былай айтар едим, кудай канша бала берсе барлыгын да туу керек (ден-саулық болса, әрине),тұнғыштарын ата-анасы тәрбиелесе, кішілерін үлкендері тәрбиелеп өсіреді, кіші улкенге қарап өседі...
біз қалада тұрсақ та ешқайсымыз балалар бақшасына бармаппыз...
Айнура АЛБ
17-03-08 13:43
Тарихшы Максат жане баска да Форум мушелеріне салем бердім! Максат, мен сенін біраз ашкан, омірге катысты такырыптарынды білемін, барлыгы дерлік "жогары сапалы" такырыптар екенін атап оту керек (мен сені осы уакытка дейін жасы 30-дан аскан бір улкен кісі екен деп ойлап журсем-)). Мен сенімен толыктай келісемін бул форумда бір сарынды тақырыптар жетерлік, ал енді такырып жайлы оз ойымды жеткізсем: мен бурынгы замандагы аналарымызга катты тан каламын , карап турсак арбіріміздін аке-шешеміз ен аз деген де 10 балалы уйдін ул-кыздары, сондагы аналарымыздын денсаулыгын айтсаншы, казір айтып отырган ангімелеріне карасан " бір бала іште, бір бала емшекте, биреусін артына котеріп алып кара жумысты істей берген". Ал казір ше, казір 2-3 баланын озін арен туып, арен осіріп отырмыз. Оган айтатын бірден-бір себебіміз "экология, тамактардын сапасынын жогы, алеуметтік-экономикалык жагдайлар, тіптен буган "Кытайда кіналі-)". Менін коркатыным, казір біз солай екі-уш баладан тусак, кейінгі урпактын омірі калай болады, олар кай заманмен омір суреді, бурынгы заман кайтып айналып келер ма екен, жок одан ары бузылган куйде бузылып кете береміз бе...
Бақытгүл
dbeukg@mail.ru
17-03-08 10:12
кешіріңіздер, жиырма мың
Бақытгүл
dbeukg@mail.ru
17-03-08 10:11
Мен сіздің сөзіңізге толық қосыламын.Мәселе баланың санында емес, сапасында. Мысалы, менің әке-шешем он бала тәрбиелеп өсірді.Қолдарынан келгенше оқытты, болысты. Ал қазіргі заманда он бала өсіру, оларға жақсы тәрбие беру, бойындағы дарынын ара қарай дамыту, осы өмірдің талабына сай білім алуына ықпал жасау оңай мәселе емес.Бәрінен бұрын қаражат болу керек.Мысалы менің 10 жастағы қызыма спорттық би, музыка және көркемсурет мектептеріне 2000 тенгеден артық ақша керек.Және оны апарып, алып келуге қанша уақыт кетеді. Көп бала болған керемет қой! Бірақ асырау күннен күнге қиындап барады. Ал баланы дүниеге әкеліп, тастап кететін қыздарды жек көремін.Себебі, төсекке жатуға миы жеткенде,жүкті болмаудың жолдарын білуге миының жетпегені ме...Ал, бір себептермен ол баланы дүниеге әкелді делік,ата-ана, туған-туысқан деген бар ғой...
Жанар
zhanar-malybaeva@mail.ru
17-03-08 09:14
Сәлем, форумға қатысушылар! Талқылап жатқан тақырыптарыңыз өте қызықты екен. Тарихшы Мақсат жасанды түсік мәселесін қозғапты. Менің ойымша бұл үзілді-кесілді "жоқ" деп айтатын мәселе емес сияқты. Себебі, жасанды түсікті тек қана тұрмыс құрмаған жас қыздар ғана емес, басқа адамдар да жасатуы мүмкін ғой. Мысалға, іштегі сәби сырқат болса немесе ананың денсаулығы нашар болса және т.б. Ал жалпы алғанда мен біздің қыздарымыздың жасанды түсік жасау не жасамау мәселесін емес, керісінше сол жағдайды болдырмайтын мәселені ойлағаны жөн санаймын. Қанша жерден біздің менталитетімізге сай емес десекте, біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатқандықтан жыныстық қарым-қатынас мәселесін үйдегі, мектептегі тәрбиеде қарастыруымыз керек. Қазіргі 6-7 сыныптағы мектеп оқушылары баланың қалай пайда болатын өте жақсы біледі. Оларға тек осы мәселенің дұрыс-бұрыс жақтарын үйретіп, ұғынтқанның еш айыбы жоқ қой деймін, қалай ойлайсыздар?
Айкөркем
17-03-08 09:01
Салем тарихшы Максат, маған сіздің көтерген тақырыбыңыз ұнады. Бірақ менің түсінбегенім, сіздің өзіңіз көп балаға қарсы сияқтысыз. Қазір көп адамдар бала саны көп болу керек деп ұрандағанмен өздері бір, екі баладан артық балалы болмайды, осыларды өсіріп алсақ та жарайды дейді. Мен өзім үйдегі он баланың бірімін. Барлық бауырларыммен мақтана аламын, қатарларының алды, үйде 4 студент, біреуі жұмыста болса, қалғаны мектепте. Бірі мектепті ерекше аттестатпен бітірсе, басқалары өз білімдерімен грантпен жоғары оқу орындарына түсіп оқып жатыр. Ата-аналарымызға салмақ салмай, үлкендеріміз кішілерін тәрбиелейміз. Менің ойымша көп балалы отбасы тату, бір-біріне түсіністікпен қарайтын, ұйымшыл болады. Сондықтан өзім көп балалы отбасыларды жақсы көремін. Әр баланың өз несібесі бар деп ойлаймын.
Салтанат
:)
17-03-08 07:01
Тарихшы Мақсат, жарайсың! Негізі тәрбие мәселесі өте ауқымды, қиын. Қыз баланы тәрбилеу оңай, ер баланы тәртіпке келтіру қиын, тіпті ӨТЕ!!!
Тарихшы Мақсат
Саягүлге:
15-03-08 08:38
Балалық шақта көп қиялдайсың ғой, өсе келе ненің не екенін біле бастағанда көзқарасың да өзгереді. Мен негізінен саннан гөрі сапаны қалайтын адаммын. Яғни бір-екі бала болса да, мәдениетті, интеллектуал, сыр-сымбаты келіскен, өмірлік принциптері айқын және материалдық-әлеуметтік қамтамасыз ғып тәрбиелеуді қалаймын.
Саягүл
14-03-08 12:38
Тарихшы Мақсат! Шын айтсам менің де теледидар көруге уақытым жоқ! Маған тек сенің ақыл ойын, сана сезімін қатты ұнады. Көп балалы үй болған жақсы ғой. Күндерін қуанышты, қызықты өтеді. Мектеп оқып жүрген кезімде он балам болса екен деп армандайтынмын. Бірін биші, бірін әнші,бірін боксер т.с.с өсірсем екен деп. Қазір ойласам бір баланы туудын өзі қиынға соғатын сияқты. Кім білсін өмірде алда не күтіп тұрғанын.
Тарихшы мақсат
13-03-08 17:15
Сәлем, форум мүшелері!!! Салтанат, Саягүл, Баха сіздерге рахмет, жауап жазғандарыңыз үшін!!!
Бұл форумда бір сарынды тақырыптар жетерлік, ең болмаса, тағылымы бар қиялы емес, шынайы өмірде кездесетін жағдайларды сөз етуді жөн көрдім.

Салтанат, сіздің айтқаныңыз жөн, бізде жыныстық тәрбие дегенді анайы жағынан түсінеміз, ұятсыздық деп қабылдаймыз. Қыз баланы туылғаннан гинеколог-дәрігерге көрсетіп тұрғанның еш тұрпайылығы жоқ деп білемін, ол кішкенесінен маманның кеңесін естіп өссе, жасөспірімдік шақтағы екіқабаттық, жатырдың дұрыс жетілмеуі секілді кеселдерден аулағырақ болатын еді.

Саягүл!!! Менің жасым 21-де. Менің кино көруге көбінесе уақытым жоқ. Көрмеуге тырысамын.

Баха!!! Жарайсыз!!!
Baha
cjzxbht@126.com
13-03-08 14:11
Jarayde ekensing , biz hetayda turamez , balale bolwde ote bahet koremiz .
Саягүл
13-03-08 13:49
Тарихшы Мақсат сіз қай жақтан боласыз? Жасыңыз нешеде? Мен теледидардан "Горькая любовь" фильмін көремін.
Салтанат
Saltik1@mail.ru
13-03-08 06:53
басқа қай жаққа жазарымды білмеймін, бірақ осында болар.
Бүгін автобуста бір тәтемен сөйлесіп қалдым. Сөз басы генекологтан басталып еді, соңы қазақ қыздарына кетіп қалды. Сол кісінің айтқан сөзі: «Қазақ қыздары сауатсыз! Басқа ұлттың жігіттеріне бай, әдемі деп күйеуге шығып, өз қазағын ұмытқан! Болашағын ойламайды ма?! Сен соңғы қазақ қырылып қалса да басқа ұлтқа барма!? », «Қыз деген намысты болуы керек, жігіттің артынан жүгіру деген сұмдық қой ...» Кейбір сөздерін ұмытып қалдым, сондықтан сөзбе сөз жеткізе алмай тұрмын, бірақ мағынасы осы сөз аясында ... өзіме керегін алдым, өзгелерің терең ойлап ойын ары қарай жалғастырар деген ойдамын
Тарихшы Мақсат
11-03-08 16:46
Сәлем, форум мүшелері!!! Қазақстан телеарнасынан түріктің "Әлия" фильмін көрсетіп жатқанына біршама уақыт болды. Демалыс күндері көрсетілетіндіктен, көз тастап тұрамын. Сонда бір тәрбиелік мәні зор бір көрініске куә болдым:
Жасы келіп қалған екі адам бас қосқаннан кейін, әйелі бала көтереді, ал әйелдің 20 ж. асқан ұлы бұрқан-талқан боп қарсылық білдіріп үйден кетіп қалады. Жұбайлар келісе келе, жүктілікті тоқтатпақ болады. Тәуекелге бел буып дәрігерге келіп, енді дәрігер іске кірісе бергенде, әйелдің көзі қабырғадағы көзі мөлт-мөлт етіп пәк түрмен қарап тұрған сәби суретіне түсіп, бұл ағаттыққа жол бергіздіртпейді. Сөйтіп, баланы дүниеге әкелетін болып шешім қабылдайды.

Менің бұдан айтпағым, ЖАСАНДЫ ТҮСІККЕ жол бермейік, ЖОҚ деп айтайық!!! Перзентті болу қазіргі заманда қиындап кетті, бекерге күнә жасамайық, бұл Алланың бізге берген сый-сияпаты деп қабылдайық!!!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube