Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Космополитизм жеңіс пе, жеңіліс пе?


Авторы Xабарлама
ерлан
11-04-05 07:04
М.ШАХАНОВ: Космополитизм жеңіс пе, жеңіліс пе?
(Мәжіліс депутаты М.Шахановтың сәуірдің 8-і күні
Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі)

«Қадірлі қос палата депутаттары!
Бүгін мен сіздердің назарларыңызды осы Қазақстанда, қазақ халқының өз ішінде, 20-ғасырда кеңестік тоталитаризм тудырған, әлі күнге дейін ортақ ғылыми шешімі табылмаған, немесе ғылыми орта күні бүгінге дейін ашық айтуға тайсақтап, жүрексініп келген бір үлкен проблемаға бұрғым келеді. Сонау Данте, Шекспир, Пушкин, Абай замандарынан бері сан рет айтылып, сан рет қайталанып келе жатқан «өзіңнің туған анаңды сүю арқылы ғана өзге аналардың мұң-зарын түсінесің, өз ұлтыңның тілін, рухани байлығын терең меңгеру, ардақтау, қорғау арқылы ғана өзге ұлттардың қадіріне жетесің» деген ұлы тұжырымды қалай ұмытамыз?
Егер сізге біреу «мен өз анамды емес, өзгенің анасын сүйемін» десе, оның жалған айтып тұрғанына бірден көз жеткізер едіңіз. Адам табиғаты сатылап сүюге, жалқыдан жалпыға бұрылыс жасауға негізделген. Тәуратта да «жақыныңды сүй» деген ұлағатты сөз тегіннен тегін айтылмаған. Әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы - туған тілі болып саналатыны белгілі. Ал туған анасын тәрк ету, тіпті оған ашық түрде тас лақтыру, яғни космополиттік бағыт ұстану біздің республикамызда кең өріс алды. Өйткені, бүгінгі таңда 2 миллионнан астам қазақ өз бабасы мен анасының тілінде оқи да, жаза да алмайды. Бұл - біздің бүгінгі ұлттық қасіретіміз.
Біз республикамызда тұратын барлық ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін, олардың рухани байлығының биік деңгейде өрістеуін қолдап, қуаттап отыруға міндеттіміз. Осы өнегелі ағымға кімде-кім қарсы болса, ол адамға біздің қатарымызда орын жоқ. Өз басым Пушкинді, Лев Толстойды, Пастернакты тудырған орыс тіліне, оның ұлы әдебиетіне мәңгілік қарыздармын. Орыстың осы заманғы классик ақыны, атақ-абыройы күллі әлемді шарлаған Евгений Евтушенко - менің жан аяспас досым. Ашығын айтсам, бірде-бір қазақ ақынынан көрмеген жақсылықты осы дарқан азаматтан көрдім. Жастау кезімде орыс классиктері Константин Симонов, Василий Шукшин, Булат Окуджава еркелетіп арқамнан қақты. Санамызға сол орыс әдебиетінің алыптары құйған интернационализм рухынан бізді ешбір күш алыстата алмайды. Бірақ, бұл өз ана тілің өз ұлтыңның төл космополиттерінің күшімен жойылуға бет алғанда, қол қусырып қарап отыр деген сөз емес.
Парламент қабылдағалы отырған «Сайлау туралы» заңға бірнеше Мәжіліс, Сенат депутаттары бірлесіп «ұлты қазақ азаматтарға мемлекеттік тілді игергені жөнінде аймақтық сайлау комиссиясының анықтамасы қажет» деген бір сөйлем енгіземіз деп басымыз дауға қалды. Алғашында Сенат пен Мәжіліс депутаттарынан құралған жұмыс тобы қарсы шықты. Кейіннен Сенат пен Мәжіліс төрағалары Н.Әбіқаев пен О.Мұхамеджановтан қолдау алып, қайта ендірдік. Жұмыс тобы ұсынысымызды тағы сызып тастапты. Оу, ағайындар-ау, мұнда басқа өкілдерінің мемлекеттік тілді білуі, білмеуі жайлы және оларды жекелеп тежейтін дәнеме жоқ қой. Ал сонда ұлты қазақ депутаттар өз тілін мүлде білмеуі керек пе? Онда ол азаматтар Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау сияқты қазақы облыстардан депутат болып сайланса, жергілікті халықпен өз ана тілінде сөйлесе алмаса да бәрібір ме? Онда неге Парламент пен Президент қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялады?
Тым құрыса, депутаттыққа кандидат қазақ азаматы 100 сөз білуі қажет деген бап ендірелік те? Сіздердің мемлекеттік тілге неге мұнша өштескендеріңізді түсіне алмадық. Бұл космополиттік әрекеттеріңіз үшін ертең бүкіл қазақ халқының алдында ұялыс табатын боласыздар. Тым шектен шығып кеттіңіздер. Әлі де бәріңізді ойлануға, онсыз да басынан бағы қашып, берекеті кеткен қазақ тіліне қол ұшын беруге шақырамыз.
Енді бір мәселені түбегейлі шешіп алалық. Космополитизм деген не? Жеңіс пе, жеңіліс пе? Мақтаныш па, әлде қасірет пе? Елімізде академиктер ондап, жүздеп саналса да, өкінішке орай, осы күнге дейін өз республикамыздағы бүкілхалықтық адасуға айналып бара жатқан бұл қауіпті бағытқа ғылыми немесе философиялық тұрғыдан талдау жасаған бірде-бір ғальмды кездестірмедік. Бәлкім, ағымға қарсы келмейін деп қорқатын шығар. Ендеше, орыстың атақты ғалымы С. Ожеговқа жүгінелік. Аталмыш ұғымды ғалым:
«Космополитизм... екіжүзділікпен бүкіл әлемді өз отаным деп танитын, ұлттың дербес ғұмыр кешуіне қарсы ағым» (С.Ожегов, «Орыс тілі сөздігі», М., 1953.) десе, Л.П.Крысин «Шет тілдердің түсіндірме сөздігі» (Мәскеу, 2002 жыл.) атты еңбегінде: «Космополитизм біртұтас адамзат қауымы, біртұтас әлемдік мемлекет құру жолында ұлттық дербестіктен бас тарту идеологиясы» деп байлам жасапты...»

* * *
ҚазАқпарат түсініктемесі: Парламент палаталарының сәуірдің 8-і күні өткен бірлескен отырысында бір топ депутаттар «Сайлау туралы» Заңға өзгерту ретінде ұсынылған «депутаттыққа үміткер қазақ ұлтының өкілдері сайлау комиссиясына мемлекеттік тілді білуі туралы анықтама ұсынуы тиіс» деген түзетуді енгізу-енгізбеуге қатысты басқа да пікірлер ортаға тартылды. Жеме-жемге келгенде бұл түзетуді қолдамайтындардың даусы тағы да басым шығып, ұсыныс Заң жобасына енбей қалды


В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube