Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Оралхан Бөкей

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Махамбет
Жайыққа кетем бір күні
23-05-08 08:42
Өр Алтайдың ұшар басынан қол бұлғап, проза мен драма салаларын төмен қарай бұлақ қылып ағындатқан, ақиық ағамыздың шығармалары туралы сөз етсек

Авторы Жауап
Нуртилеу
nurik_uka.kz@mail.ru
08-01-15 11:39
Сәлеметсіздер ме! Отиниш, О.Бокейдин \"Атау кере\" романынын кыскаша мазмұннын айтсаңыздар :)
Сұлтан
Niko.sultan@mail.ru
27-11-14 19:00
Мен Оралхан Бөкей туралы курстық жұмыс жаздым(О. Бөкей шығармаларындағы ауыладам бейнесі), диплом жұмысын да жаздым (О. Бөкей шығармаларындағы образдар табиғаты) керек болса эмейлге хабарласыңдар!
султан
niko.sultan@mail.ru
04-04-14 15:21
МАМЫР өз ойыңды керемет жарыққа шығарыпсың! тамаша! (біреулерден ұрлап алып, атын өзгертіп жазып қоймаған болсаңыз болғаны)
султан
niko.sultan@mail.ru
04-04-14 15:13
Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» мен «Құм мінезі» повестерін оқып шығып едім, маған өмірдегі ащы шындық қатты тиді. Мұндағы БІР ЖЕРДЕ СУ ДА, ЕНДІ БІР ЖЕРДЕ ТІС ШҰҚЫР АҒАШ ТА ЖОҚ, КЕЛЕСІ АУМАҚТА СУ ДА, НУ ОРМАН ДА, САМСАҒАН ТІРШІЛІГІ КӨП ДЕЙДІ. Бұл да адам өмірінен хабар бергендей емес пе?! Біреуі дана, ғұлама болса да ішер асы жоқ, енді біреуі керісінше....
AYAULYM
parijanka_girl@bk.ru
21-09-13 05:04
иа оте жаксы жазылган малимет!!!!!Осындай малиметтер жазып журген агайларымыз бен апайларымызга мын алгыс
АРАЙ
ms-happiness@mail.ru
14-05-13 21:05
САлеметсизбе? маган Оралхан Бөкейдің " Біздің жақта қыс ұзақ" повестьнің толық нұсқасы керек еди ! Отинищш
жанар
janar_27.08
04-05-13 16:48
шеңдестіру туралы мәлімет
апа
вапавп
28-04-13 16:35
Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен[1].

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалык «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.

1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Оралхан Бөкей 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтас болды.
Шығармашылығы

1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралхан Бөкейдің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалыкқ шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

“Алданған ұрпақ” трилогиялық романы қолжазбалық ойлар күйінде аяқталмай қалған. “Құлыным менің” (1974), “Текетірес” (1976), “Қар қызы” (1982), “Зымырайды поездар” (1984), “Жау тылындағы бала” (1985), “Мен сізден қорқамын” ([[1987]]) пьесалары қазақ және орыс тілдерінде республикалық, облыстық, сондай-ақ, бұрынғы одақтас республикалар театрларында қойылған.

Оралхан Бөкей – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкейдің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жапон, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көрген шығармалары - «След молний», молодая гвардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982 Оралхан Бөкейдің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкейдің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.
ввв
dinok.99.99@mail.ru
01-03-13 17:56
Бөкеев Оралхан
(1943 - 1993 жж.)

Қазақтың көрнекті қаламгерінің бірі Оралхан Бөкей 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданындағы Шыңғыстай ауылында туған.

О. Бөкейдің әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

О. Бөкей 1961 жылы Шыңғыстайдың Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектебін тамамдап, сонда пионер вожатыйы, кейін “Алтай” кеңшарында тракторшы болып еңбек еткен. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетін тамамдап, өз өңіріндегі Большенарым ауданында “Еңбек туы” және Шығыс Қазақстан облыстық “Коммунизм туы” газеттерінде тілшілік қызметтер атқарды. Ара – тұра Алматыдағы «Лениншіл жасқа» мақала – очерктерін жіберіп тұрады. Қаламы жүйрік, ойлары отты жалынды жасты газеттің сол кездегі бас редакторы Шерхан Мұртазаның қырағы көзі қалт жібермеді. Сөйтіп жиырма бес жастағы жас журналист О. Бөкеев Алматыға келіп, “Лениншіл жас” (бүгінгі “Жас алаш”) газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды. Публицистикаға даңғыл жол осылай ашылды. Бұдан кейін “Жұлдыз” журналының проза бөлімінде (1974 - 1983) қызмет атқарды. 1983 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары болды. 1991 жылдың қазан айында О. Бөкей “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторлығына тағайындалады. Ол бұл газетте өзінің өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырған. Сол қолтаңба - өзгерістер мен жаңалықтар, жаңа айдарлар өзінің өміршеңдігімен ерекшеленеді. Мысалы, «Құмсағат» айдары үлкенді – кішілі оқиға, жаңалықтарға баға берер оқырман хаттарын жариялап тұрды. Сол арқылы белгілі бір кесімді уақыт аралығында не жоғалттық, не таптық деген сауалға жауап іздеді. «Сыр сандықты ашып қара» айдарының арамыздан ерте кеткен ақын жазушылардың бұрын жарияланбаған шығармаларын, жазысқан хаттарын, естеліктерін жарыққа шығаруда, уақыт уыты мен замана желі сарғайтқан қолжазбалар, көне фотосуреттерді іздеп тауып, оқырмандарға жеткізудегі маңызы зор болады. Оның өзектілігі аяқалысынан –ақ, ғалым, жазушы Нығмет Ғабдуллиннің Ғабит Мүсірепов туралы естелігін жариялаған күннен-ақ көрінеді.

Оралхан Бөкейдің саяси мақалаларындағы еркіндік, ешкімге жалтақтамайтын турашылдық, батылдық, ол заман үшін үлкен жаңалық еді. О. Бөкей «Қазақ әдебиетінің» басшылығына басылым атаулыны қиындық қаусатқан тұста келді. Күрт түскен таралым, еріксіз қол үзген оқырман, қағаз, бояудың тапшылығы әсерінен 125000 оқырманы болған «Қазақ әдебиеті» газетінің таралымы 5000 данаға дейін құлдырады. «6 миллион қазаққа 5 мың ғана «Қазақ әдебиеті», сонда жабыламыз ба, қайтеміз, ағайын!» (23.10.92) деген мақала жарық көрді. Оқырман жинау мақсатында ақындар айтысын ұйымдастырады. Алайда, аяқтан шалу аяқасты басталды. Ол жөнінде О. Бөкей «Айтыс өткізуге Мәдениет минстрлігі қарсы болды. Министрдің өзі қарсы болды. Айтыскер ақындар мен жыршы – термешілердің одағы қарсы болды. Қарсы қағаздар жазылды. Соның салдарынан айтыс өткізуге тиісті Республика сарайын алып қойып, бір жұма сарсаңға салды» (Қ.Ә. 25.12.92) деп жазды. Мұндай кедергілерге қарамастан айтыс өтеді. Нәтижесі жаман болмаған. Газет таралымы 67978 данаға жеткен.

Кеңестік қызыл империя тұсында қазақтың мүддесін көздеген сергек, батыл қаламгердің бірі О. Бөкей болды. Мысалы, оның Қазақстанды қойып, Ресей қарамағындағы қандастардың қамын ойлап, жоғын жоқтауы азаматтық тұлғасын айшықтай түседі. Қазақ әдебиетінің Астрахань облысындағы күндерінен туған «Еділдің бойы ен тоғай» («Қ.Ә. 28.12.89») атты мақаласында: Астраханьда қоныстанған 140000 қазақтың (сан жағынан көп екінші ұлт) әлі күнге дейін мәдени орталығы ұйымдаспағанын; Қазақ тілінде БАҚ-ы жоқтығын; Шалкиіз, Қазтуған жырау, Асан қайғы, Құрманғазы сынды бүтін бір елдің маңдайындағы жарық жұлдыздары ескерусіз, елеусіз қалғанын; Қазақ халқы мен хандықтарының тарихы, архитектуралық мұрамыз – көне қалалар мен сарайлардың орны жып – жылмағайланып, жермен жексен күй кешіп жатқандығын; КСРО Халық депутаттығына бірде –бір қазақ сайланбағанын ашып айтты. Бұл өз кезінде ешкімнің батылы барып қозғай бермейтін тақырып еді. О. Бөкей публицистикасын парақтағанда оның ұлт тілінің шын жанашыры болғанын көреміз.

Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген қаламгер оқырманын өзгеге ұқсамайтын қолтаңбасымен таңғалдырды. 1970 жылы Алматыда жарық көрген “Қамшыгер” атты тұңғыш повестер және әңгімелер жинағы ерекше үнімен оқырмандарды елең еткізді. “Менің повесть, әңгімелерімнің сюжеттері туған жер, жастық шағымда болған оқиғалар туралы естеліктерге толы, – деп жазды ол. – Менің жерлестерім – қазақтар – сом мінезді, шыншыл және ашық жүректі адамдар. Олар сиқырлағандай, ата-бабасы таңдаған кеңістікте өмір сүреді. Менің туған жерге адал жерлестерім өр мінезді, еңбекқор, ержүрек және шыншыл адамдар. Әйтеуір, не жазсам да өз заманымды, сол заманда маңдай терін төгіп жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырысамын”.

Қаламгер “Қамшыгерден” кейін “Үркер” (1971 ж.), “Қайдасың, қасқа құлыным?” (1973 ж.), “Мұзтау” (1975 ж.) жинақтарын шығарды. Оралханның біраз туындылары орыс тіліне аударылды. Олар: “Жасынның ізі” (1978 ж.), “Ән салады шағылдар” (1981 ж.), “Сайтан көпір” (1984 ж.), “Зымырайды поездар” (1985 ж.), “Кісікиік” (1987 ж.) повестер мен әңгімелер жинақтары. Жазушының көлемді шығармаларын айтпай, кез келген шағын әңгімелерінде де туған жеріне, тіпті оның әр түп ағашына деген ыстық сағынышы атойлап тұрады. Шығармаларының әр тармағынан туған жерге ілтипаты танылады. Оның туған өңірі – еліміздің шығысындағы шұрайлы жер, табиғаты сұлу Шыңғыстай аймағы. Ол осы кіндік қаны тамған өңірді қара жердің қойнына енгенше сүйіп, тәнті болып өтті. Туған жері – Алтайдың сұлулығын, тәкаппарлығын, асқақтығын жырлаған жазушы қамшы сабындай қысқа ғана ғұмырында өзін де, туған әдебиетін де осындай асқар асуға шығарып үлгерді. Оның шығармаларының кейіпкерлері – ауыл адамдары – қойшылар, жылқышылар, бұғы өсірушілер, диқандар, орманшылар, ересектер мен жастар. Олар рухани дүниелері бай, бітім-болмысы кіршіксіз, пәк ниетті жандар. Олар қиындыққа төзімді, өздеріне сенімді, адал да аңғал, ақ жүректі, кеңпейілді адамдар. “Сайтан көпір” повесіндегі мұз құрсауға түсіп қалған Аспан, “Ән салады шағылдар” повесіндегі қой отарын сұрапылдан аман сақтайтын шопан, “Қар қызы” повесіндегі ержүрек жас тракторшылар өз бейнелерінің биік парасатымен дараланатын тұлғалар.

О. Бөкейдің прозасы қайырымдылық пен зұлымдықтың тартысын нанымды бейнелейді. Адам бойындағы рухани құндылықтар жазушының шығармашылық мақсатын танытады. Қай шығармасын алмаңыз, өмірге деген құштарлық, өмірді жақсартуға деген ұмтылыс жеңіп шығады. Қаламгердің кітаптары неміс, словак, болгар, ағылшын, венгр, араб, қытай, жапон және ТМД елдері халықтарының тілдерінде жарық көрді.

О. Бөкей – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, “Молодая гвардия”, “Жалын” баспалары сыйлықтарының иегері. Жазушы “Құрмет белгісі” орденімен, Қазақ КСР Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған.

О. Бөкей алғашқы жұбайы - Айман қайтыс болғаннан кейін, екінші рет Ардаққа үйленген. Одан Айхан атты ұлы, Айжан атты қызы бар.

Оралхан Бөкей 17 мамыр 1993 жылы Үндістанның Дели қаласында іс-сапарда жүріп дүниеден өтті. Қазақстанға Үндістанның Премьер – министрі Нарасимха Рао ресми сапармен келетін болғандықтан, соған орай «Қазақ әдебиетіне» үнді елі жайлы материал жазып қайтуға іссапармен бірнеше журналистерҮндістанға барған еді. «Қарт Алтайдың Қатынқарағайында дүниеге келген Қаламгер сонау қиян шеттегі Үндістанның Делиінің «Тәжі-Махал» қонақ үйіндегі оңаша бөлмеде жапа-жалғыз, сапарлас серіктеріне де жалғыз ауыз сөз айтпай, жым-жырт қалыпта, тыныш, оқшау күйде жылжып келіп, фәни дүниенің өлшеулі сүрлеуін артқа тастап, бақи дүниенің болжаусыз соқпағына бет бұрар ақтық сынның үстінде дәл осылай байсал тауып баз кеше алу, дауасыз өлімді де дәл осылай жүрегі дауалап жым-жырт қалыпта, тыныш күйде қарсы алу – ірілердің ғана үлесі шығар...» дейді белгілі журналист Әмірхан Меңдеке.

Оралханның қазасын естігенде тұтас қазақ жұртының қабырғасы қайысты. Әсіресе, редакцияға жастардан келіп түскен хаттарда есеп болмаған. Бір мектеп оқушысынан келіп түскен хатта "Сіз неге ол жаққа өзіңіздің қасиетті киігіңізді алып кетпедіңіз, аға?! Ол сізді қорғап жүрер еді ғой" деген жолдар бар еді.
Марал
Maral_1990_15
23-01-13 12:57
Сәлеметсіздер ма? Маған Оралхан Бөкейдің шығармаларынан прозалық, драммалық, поэзиялық шығармасы керек
шынар
4inuli_99
12-10-12 11:41
маган оте катты апамның астауы ангимеси унайды осы шыгарманы тындап отирип козиме жас келип ажемди катты сагинаминҰҰҰҰосы шыгарманын толык нускаси керек еди магам жаттап алуга отинембериңиздерш
Акжаркын Нуржанова
mega.akzharkyn@mail.ru
02-10-12 19:05
5 тиын
Орынбасар
Orik_1997_97
04-09-12 15:04
Белгілі жазушы О.Бөкей өз шыгармашылыгында ойын окушысына көркемдеп бейнелеп жеткізу мақсатында лексикалық элементтерді қажетінше пайдаланган.Мен ушин аскар сөз құдіретін танитын адам өзі өлседе сөзі өлмейтин тұлғалардың қатарына жатады,кербұғы кітабын окысаңыздар барин тусине аласыздар
Aibek
aibek_zhumaliev@mail.ru
28-06-12 16:32
проза
Арай
Arai.0396@mail.ru
27-06-12 23:17
Salemetsizder me.oralxan aganyn \"aspirant kyzdyn traktorwy jigiti\"degen tuyndysyn okuga kenes berem.ote kyzyk
ибрагим г.Астана 55 мектеп 7б сынып
ibrohim_hoshimjanov@mail.ru
27-04-12 21:20
Тортаймінер ақ боз ат... менің тақымымда кеткендей еді... иесіне қайтаруға кеш еді... деген жолдар кандай мағына береді десейші
Линда
Linda89
18-04-12 10:54
Сәлеметсіздер ме? Маған О.Бөкейдің "Ән салады шағылдар" повесі туралы мәліметтер тауып бере аласыздар ма?
жанна
jaks_baby@mail.ru
09-04-12 15:46
MAGAN ORALHAN BOKEYDIN APAMNIN ASTAUI DEGEN WIGARMASIN TAUIP BERINDERWI
МАРФУFА
marphuga
08-04-12 13:32
Кай жузышы, акын болмасын мен ушин ар биреуинин орны болек! Оларды болип соз етуге асиресе мына биздей жастардын ешкандай кукымыз жок! Дал осындай акын,жазушыларымыздан онеге,улги ,тартип алуымыз ыктимал!
нұра
ргш
16-03-12 08:03
оралхан-дарын иесі, "Апамның астауы" әңгімесін оқыдыңыздар ма...өте керемет....көзіне жас аласың..


нұра
ргш
16-03-12 08:00
оралхан-дарын иесі

жанеля
zhanel_02@bk.ru
16-02-12 19:43
мен мақсатыма жетемін
Умбет
umbet.90
20-01-12 09:58
"О.Бөкей-- ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі ретінде әлемдік танымдылыққа ие болды..." деген пікірдің авторы кім?
Бибігүл
17-01-12 13:05
Оралхан Бөкеевтің драммалық шығармаларын қайдан алуға болады?????

Aigerim
aiko975
15-05-11 17:12
тортай минер ак боз ат 7 сыгыптын адебиет китабында бар
Кокен
koken_97@mail.ru
09-05-11 21:40
Оралхан Бөкейдің Тортай мінер ақ боз ат әңгімесін табуга көмек бериндерш
Ақбөбек
a-bakytovna@mail.ru
06-05-11 23:29
Сәлем, достар!!! Маған Оралхан агамыздын "Сокыр Жанар" атты драмасы керек еді...интернеттен таба алмай отырмын...кандай да бір акпарат болса, хабарласуыңызды өтінемін..
салтанат
sako._01.04.95
02-05-11 19:55
салематсыз ба! маган оралхан бөкей дің шыгар ма ларын кайдан алуга болады?яғни сіздің сайтыңыз да бар ма?
жанаман ақтау
Zhan-zhari@mail.ru
20-04-11 12:17
рахмет таптым өзім!!!!!
жанаман ақтау
Zhan-zhari@mail.ru
11-04-11 08:29
)))))
жанаман ақтау
Zhan-zhari@mail.ru
11-04-11 08:27
Айтпақшы, маған да тезірек жауап берсеңіздер.....сіздерге 100000 рахмет. жауап күтем.....
жанаман ақтау
Zhan-zhari@mail.ru
11-04-11 08:22
Оралхан Бөкейдін бір шығармасында *соқыр кісі көзін емдетіп келеді де, әйеліне айтпайдығо, сонда әйелінің өзінің досымен құшақтасып, сүйісіп отырғанын көредіғо*. Сол қай шғармасында еді, соны айтсаңыздар.....
жанерке
jan_jako27
28-11-10 15:23
бариндики керемет!!!!! асиресе Нур апанын ангимесин окыганда озимди сондай жаксы сезиндим,озимним ажем айткандай болды!!!озимнин жанымда ажем отырып айтып бегендей!!! алдамшы сезимде болдым!!! рахмет!!!оте керемет ангиме екен!!!!!
Ажар
aghar-92
14-11-10 17:09
Оралхан Бөкей шығармалары мағыналарға толы дүние.Сіздерге "Қар қызын" оқуға кеңес беремін.Өте қызықты повесть.Қарға оранған айдалада қалған үш жігіт,қар қызы, айдаладағы жалғыз үй... Оқыңыздар!
нурикамал
mail.ry
01-11-10 16:22
рахмет
сабина
12sabin@mail.ru
24-09-10 12:56
иа,Оралхан агам жаксы болатын.бирак коре ала алмадым,міне биыл агамызга 66 жас толушы еди,Оралхан агамыз менин туысым еди,қызы айжан және ұлы айхан біздің үйімізде 2 жыл бұрын болған,айжаны керемет сұлұ қыз екен,айхан да )))
Назерке
nazer_39
26-04-10 16:08
рахмет Бакытгуль!!!
Руся
Rusia_95@mail.ru
05-04-10 12:53
Оралхан бөкеев казактың ең атақты жазушыларынын бірі
Баха
Баха 88Бақыт
26-03-10 08:46
өр алтайдың мөлдіреген тазада екпінді өзеніндей едіғой жарықтық . ол кісінің дара талантымен ұшқыр шабытына тәнті болмай тұра алмайсың .шынында бір туар таланыт.бір туар шабыт иесі .ол кісінің шығармаларымен даналықтары халқының жүрегінде мәңгі өшпей жарқырай бермек .жана бермек . жасасын қазақ ,жасасын Оралхан руқы . оның жазған шығармалары көбінде ащы шындықпен тағдыр таласы қатар келеді .оқыған сайын оқи бергіңіз келеді .ол кісі аз өмірінде өшпес мұра қалдырған дарабоз жазушы дара тұлға .
жансая
6754
12-03-10 08:03
омыр баяны туралы тамаша жазылган
Заѕєар
u.z.n.-a8
17-02-10 10:49
Cґз маржанымен сґз сїлейін жан жїрегімен тебіренте жазган аќиыќ аќын еді гой...
Мамыр
22-01-10 07:35
Студенттік кездерде Оралхан ағамыздың кітаптарын оқып, айтып жеткізе алмас әсерге бөленетін едім. Бір оқығанымды жүз оқысам да тоймайтынмын. Сол кездері ойлаушы едім, мүмкін менің жаным мен Оралхан ағның жан-дүниесі ұқсас шығар деп (жастық қой:). Мен ол кісіні жанымдай жақсы көріп кеттім, ол кісінің суреттерін бас жағыма жастап қойып ұйықтайтынмын. Міне, жазушының құдіреттілігі!.. Қазір есейген шақта, қанша кітап оқысам да, сол кездегідей әсерге бөлене алмаймын. Себебі, жан-дүниеміз өмірдің қаталдығына бейімделіп, қатайып кеткендей. Ол кісі мына дүниеден ерте кетпегенде, талай ұлы шығармаларды дүниеге әкелер ме еді. Оралхан аға тұнып тұрған суреткер ғой. Ол кісінің шығармаларын оқи отырып, қиялың сол кейіпкерлермен бірге алысқа шарықтап кететіні рас. Адам баласына мына дүниеде жетпейтін әлдебір тыныштыққа, әлдебір қиял-ғажайып ертегісіне бөленесің... Жазушының ешкімге ұқсамас тұлғасын, нәзік жүрегін, сұлу болмысын көресің... Өзгелерге шығармасымен бірге, керемет ләззат сыйлай білген Оралхан ағаның жаны жәннатта болсын демекпін.
Айзада
Aiza90_sdu
22-01-10 05:45
Салем. Бакытгул улкен рахмет! АЛЛАНЫҢ нуры жаусын сізге жане сіздің отбасыңызга!!!!
Зарина
zaika13-sk@mail.ru
04-01-10 17:07
"Тортай мінер ақ боз ат" әңгімесінің негізгі кейіпкері кім?
Ақылды
04-11-09 17:32
магистрлік диссертациямды Оралхан Бөкей шығармалары бойынша жазып едім...
Баха
0310баха. kz
29-10-09 09:21
бұл кісінің шығармалары өте ұнамды да жағымды .оқыған кісіге өте терең ой тастайтын ерекшклігі бар .хадық жүрегінен шығатын нағыз шығармалар жазады .
Нұр апа
Жандос
04-05-09 10:13
Шерхан Мұртаза – жазушы,
аудармашы, қоғам қайраткері
Шерхан Мұртаза Қамалға арнаған бір хатында «жетпіс деген сөз Жет! Піс! деген екі сөзден құралады, яғни жетілген шағың, піскен кезің деген рас-ау», деген ой білдіріпті. Иә, ол рас, мен бұл сөзге көңіл аудармаушы едім. Осыны оқығаннан кейін маған бір ой келді. Мүмкін, әр санның өз мағынасы бар шығар. Қазір ойланып қарасам, бұл дұрыс айтылған ұғым екен. Рас, бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар. Шераға да осы жасқа жетіп қалыпты.
Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте бұрынғы Әулиеата уезі, қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге келген.
Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті. Шерхан 1941 жылы Талапты мектебінде бірінші кластың табалдырығын аттаған кезден бастап-ақ оқумен бірге еңбекке де араласты. Балалық шағы соғыстың қиямет, қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс келді.
1950 жылы Жамбыл қаласында интернат үйінде жүріп, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң әуелі Мәскеу полиграфия институтыңда, үшінші курстан бастап Мәскеудің мемлекеттік Ломоносов атындағы университетінде оқып, журналистика факультетін 1955 жылы бітіріп шығады. Сол жылдардың өзінде-ақ ол башқұрт жазушысы Мұстай Кәрімнің бір повесін, Л. Лагиннің «Хоттабыч қарт» романын қазақшаға аударады.
Шерхан Мұртазаның ел, қоғам, мемлекет, әдебиет үшін істеген еңбектері өте көп. Оның бәрін бір мақалада қамтып шығу мүмкін де емес. Алдымен өзі әдебиетке келген аударма ісінен бастасақ. Шерағаң әлемге әйгілі қырғыз елінің жазушысы Шыңғыс Айтматовтың негізгі шығармаларын қазақ тіліне аударыпты. Иә, Шыңғыстың сан-қилы пәлсапалық тұжырымдарға толы шығармаларын аудару кез келген қалам ұстаған адамға оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Осының өзінен жазушының көп ізденгендігі, әрі жазушының ойын терең түсіне білгені анық көрініс береді. Шерағаң Шыңғыс Айтматовтың «Қош, Гүлсары», «Ботагөз», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Боранды бекет», «Жан пида» атты повесть, романдарын орысшадан аударды. Осы шығарманың кез-келгенін екі тілде алып оқып отырсаңыз, шығарманың шұрайлы тілмен өте көркем аударылғанын байқайсыз. Мен бұл жерде Шерағаңның тек жазушы, қоғам қайраткері ғана емес, үлкен аудармашы екенін де айтқым келеді.
Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің ойын терең түсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете біледі.
Шерағаңның «41-жылғы келіншек» атты әңгімесінде Хадишаның өмір бойы күткен Мақсұт есімді жары майданға кеткеннен оралмады. Хадиша күні-түні Мақсұтты күтумен болды;
«Сорлысың, сорлы, - деп Ақшай ернін шығарды, ерніңе күйдіргі шыққыр.
- Тағы отыз жыл күт, келеді Мақсұт,- деп кекетті.
- Күтемін, - дедім. - Жүз жыл күтемін, -дедім.
Сөйттім де, ызаға шыдай алмай, айқай салып далаға атып шықтым.
- Қайдасың, Мақсұт! – деп айқайладым.
Үйге енді кіріп отырғаным да осы еді, сен келіп қалдың, Мақсұт. Ақшай енді не бетін айтар екен, бәлем.
Ол үндемеді. Бәрін үнсіз тыңдап босағада әлі тұр.
- Неге үндемейсің, Мақсұт?! - деп, Хадиша сонда шыңғырып жіберді.
- Хадиша өз даусынан өзі шошынып оянды. (Шерхан Мұртаза. Алты томдық шығармалар жинағы, Алматы, Қазығұрт, 2002. 41 жылғы келіншек. 301-бет)
Бұндай эпизод Шыңғыс Айтматовтың шығармаларындағы әйелдер бейнесімен де үндесіп, сабақтасып жатады. Жазушының адам, әйел бейнесін жасаудағы шеберлігі, таным, түсінігі Шыңғыс Айтматовтың шығармаларын қазақшаға аудару үстінде де үнемі сезіліп отырады. Бұдан қорытынды: таланттар ұқсастығы, әдебиеттер байланысы, қазақ-қырғыз әйелдерінің әдеби толыққанды бейнесі ұқсас екені анық байқалып отырады.
Жазушының кең құлашты, өзекті шығармасы - бес кітаптық «Қызыл жебе» эпопеясы. Қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы бұл көлемді туынды Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстық ықыласына бөленген шығарма. Тағы бір айта кететін жай, «Қызыл жебе» романындағы Тұрар Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен, керемет көркем оймен шынайы суреттеуі.
Әрбір адам дөңгеленген тарихта әртүрлі оқиғаларға куә болып қана қоймай, сол күрделі оқиғаларға тікелей қатысты және жасаушы болып тарихта қалатынын оқырманның алдына тартады. Тұрар Рысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы, тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырып айтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақ халқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді.
Ал, проза саласында жазушының әдеби тұлғасын айқындай түскен шоқтығы биік шығармасы, көлем жағынан да мазмұны
Шерхан Мұртазаның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында 6-томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Бұл оқиға жазушының 70 жылдық мерейтойына науқангершілікпен қарау емес, оның әдебиеттегі еңбегін бағалағандық деп айтуымыз орынды. Біздің ойымызша, жазушының аударма туындыларын жеке жинақ етіп шығарса да, артық болмаған болар еді. Себебі, аудармашылық қызмет әр жазушының қолынан келе бермейтін тіршілік. Аудармашылық - әдеби саладағы үлкен шығармашылық құбылыс. Оны жеке басылым етіп шығару, оған талдау жасау, жазушының төл туындысымен қатар санау, қадірлеу жазушының шығармашылық тұлғасын аша түседі.
Шерхан Мұртаза 70 жасқа үлкен табыспен келді. Жазушының еңбектерінде үлкен саналы да сындарлы ой жатыр, ізденіс жатыр, еңбек жатыр, талант жатыр. Жазушының 70 жылдық тойы Тараздың 2000 жылдығымен қатар келіп отыр. Мұны бекер айтып отырған жоқпын, Шерағаң жазушы ретінде де, қайраткер ретінде де ой-санасымен де, жекелеген ісімен де қаланың, өңіріміздің гүлденуіне, өсуіне, еңбеккерлерінің рухани жағынан бай болуына үнемі күш салып келе жатқанын тараздықтар жақсы біледі. Оған бір мысал, қаланың орталық Төле би көшесінің бойынан арнайы өз қамқорлығымен Ш. Мұртаза деген тараздықтардың жиі баратын кітап дүкенінің ашылуы. Бұл біз үшін үлкен қуаныш десек, артық болмас.
Бұл жасқа жазушы үлкен қаламгер, прозашы, публицист, аудармашы, ірі қоғам қайраткері, халықтың жанашыры, жоқтаушысы болып келіп отыр. Ш. Мұртаза әлі де ізденіс үстінде. Болдым, толдым деп отырған жағдайы жоқ. Әлі де туған халқының рухани қажетін етей беруге қам жасау үстінде. Біз қашанда жазушының сол мақсаттарына жете беруіне тілектеспіз.
«Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіздер, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер», деген екен Қаныш Сәтпаев.
Жазушы да осындай жеңіске жетті.


Ардаќ
tleuka_72@mail.ru
25-03-09 09:43
Оралхан Бґкей јѕгімелерініѕ ерекшеліктері
Интизар
Xena87.9@mail.ru
09-03-09 11:38
Оралхан Бөкей өмірбаяны срочно керек болып тұр. Бар болса хабарласыңдар.

Жандос
Jandos_semei-123
12-02-09 08:48
Шерхан М±ртаза µмірбаяны керек

Мурагер
Қытай Қазағы
23-01-09 10:44

Бахытгұл саламатсызба!
Орлахан ағамыздың оқырманымын.Филолог емеспин.Баска ғылым иегеримин.Бирақ Оралхан ағаны алемдеги жазыушылардан өзим таныскандарынын ишиндеги ең бик тұлғалардын қатарына қоямын.Тилдик коркемдикпенен уақыйғалардың асерлилиги жане ұлтжандылығы жағынан жер бетинде оған еш кимде жетпейтин еди ғой ширкин!!!Адал еди!!!Дүн-дүниеси пак киршиксиз жан еди ғой қайран.....Оралхан аға!!!СССР кезиндеги де қызыл болыл ,елин сатпаған еди!Өр Алтайдан Каспиге дейнги Қазақ даласының тақсиретине мұңайған ,мұңайтқан еди.
Орағаңның шығармаларының көбинен Алтайдың иси аңқып тұратын.Өзиниң тулғасы да өр тұлғалы Алтай шыңдарындай елестеуши еди.Мен ойлаймын ,ол киси Қазақстанның Алтай өңири Катын қарағай немесе Буқтырма өзены алабында туылса керек деп.Өйткени ол киси асқар тау асау өзен сыйақты өр минез байқатып тұрады ғой шығармаларында.Мен ол кисиниң туып оскен мекенин көргим келеди!!!
Орағаңның туыстарына изги тилекпен салем айтамын!Жастарыңыз ұзақ болсын!Орағаңның парасатын сйласын!Иллахи Аумин!!!
Махамбет,Бахытгұл сиздерге де коп рахмет айтамын!
Гүлмира
sultanbaeva_g@mail.ru
23-01-09 09:47
Осыдан бірнеше жыл бұрын "Биз Оралханды оқығанда" рецензия-толғау жазып едим.
Ол былай басталады:
Осы жексенбі «Атау-керені» бітірдім. Бірақ көңіл-күйімнің бәрі осы повесті оқығасын жетімсіреп, белгісіз бір мұңга орандым. Оралхан өз кейіпкерлерін аяусыз тағдырдың тәлкегіне салады. Адамдар бойындағы қаталдық пен мейірім, қатал қыс пен мамыражай жаздай қатар келіп, арпалысады. Маған Айнаның келбеті тым аяулы, Еріктің болмысы тым қорқынышты, Тағанның ішкі дүниесі тым қадірлі сияқты. Алтайдың табиғаты қаншалықты сұлу болғанымен, қатал қысының катал суығы адамдарының да мінезин қаталдандырып жібере ме деп калдым. Оралханда кейіпкер табиғатпен бірге туып, табиғатпен бірге жасап, бірге өледи. Ол адамды табиғаттан бөле-жармайды. Адам табиғаттың егізіндей. Бірақ саналылардан санасыз табиғатты, таза да тілсіз табиғатты жоғары қояды. Бұл да жазушының бир жеңісі. Майдансыз жеңісі деуге болады...
Бірақ баспасөзге жариялауға еш уақыт пен құлық болмады.
Айжан
toma-aman.mail.ru
19-01-09 08:59
Оралхан Бөкей туралы. Өмірбаяны. Шығармашылығы. Достары. Жазған кітаптар, мақалалары т.б. туралы.
Сері
shrj81
14-10-08 11:05
Бақытгүл апа! Ораш ағамыздың шығармаларын оқитындар аз секілді, қайран прозалар мен драмалар, бір бастасаң шыға алмай қаласың-ау тереңінен. Осы Айсын мен қызы қазір не істеп жатыр екен. Одан хабардар жандар бар ма екен?
Бақытгүл
Махамбет
06-08-08 15:46
Әйтеуір осы тақырыпты тауыпсың ғой!Иә, солай аталады.Жағдайың жақсы ма?
Махамбет
Бахытгүл әпке
02-08-08 14:57
Бұл жерде автор араларды будандастыра отырып, екі дін иелерінің қосылуынан тараған ұрпақты сипаттап отырған оқиға ғой. Жаңылмасам бұл тәсілді әдебиетте "Шеңдестіру" деп атайды.
Бақытгүл
Махамбет
11-06-08 08:09
Оралханның «Атау кере» романы «Қауіпті будан» деп аталады ғой.Жас кезімде оқығанда,әрине, көп ештеңе түсіне алмай, тек мына кейіпкер жақсы, мынау жаман деп ғана қортынды жасағанмын.Меніңше,автор тіпті махаббатпен қосылса да, әр түрлі дін өкілдерінің үйленгенінен не шығатынын көрсеткен.Сонша жыл мұсылман болған Нүрке кемпір өлер алдында шоқынғаны, үлкен философиялық мәселе ғой.Қанша қазақ, мұсылман боламын дегенмен, өлер алдында өз дінімен шоқынғаны - ешкімге сенбеу керек екенін көрсетеді.
Ал Таған ше? Олі ұдайы "Неге біз осы..." дейтін. Жауап жоқ сұрақ қой...
Махамбет
Жайыққа кетем бір күні
08-06-08 22:36
Бақытгүл көп рахмет! Өнерге жанашыр екеніңіз көрініп тұр.

Аягөз, ендеше шығармаларын бір-бірден талдасақ қайтеді. Мысалы, "Атау кереден" бастап...
Бақытгүл
Барлықтарыңызға
04-06-08 18:44
Оралхан Бөкеев (1943-1993)

Жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы.

Оралхан Бөкеев 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Шыңғыстай ауылында дүниеге келді.

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкеев С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкеев 1968 жылы республикалык «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді.

1974-1983 жылдары Оралхан бөкеев «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Ол өз туған жерін жанындай сүйді, оған мәңгі ғашың болып, сол ұлы махаббатын ақтық демі біткенше қағазға түсіріп өтті. Әдебиетке келудегі мақсаты да сол. «Көкшетау асқан сүлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырады. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан кем емес. Бірақ оны жырға қостын, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ. Мен алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Мен мақсатыма жетемін деп сенемін», - деген екен қаламгердің.

Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалык қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды жіберді. өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді. Оның прозасы мен драматургиясында қоғам өмірінің өзекті мәселелері, ар мен азаматтық алдындағы жауапкершілік, рух тазалығы, жаратылыс пен адам арасындағы қарым-қатынас, жалпы адам проблемасы публицистикалық сарында өткір қойылды.

1970 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан басылып шыққан «Қамшыгер» атты алғашқы жинағы жас жазушының атағын шығарды. Осы баспадан оның «Үркер» (1971), «Қайдасың, қасқа құлыным?» (1973), «Мұзтау» (1975) әңгімелер мен повестері шығарылды. Оралахан Бөкеевтің «Ән салады шағылдар» (1978), «Үркер ауып барады» (1981), «Біздің жақта қыс ұзақ» (1984) әңгімелер мен повестері «Жалын» баспасынан жарық көрді. 1986 жылы оның «Құлыным менің» деп аталатын драмалыкқ шығармалары «Өнер» баспасынан, 1987 жылы «Ұйқым келмейді» деп аталатын творчестволық әңгімелері «Жазушы» баспасынан шығарылды.

1976 жылы Оралхан Бөкеев «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.

Оралхан Бөкеев – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкеевтің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жопан, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көоген шығармалары - «След молний», молодая вардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982

Оралхан Бөкеевтің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкеевтің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында жарық көрді.

Оралхан Бөкеев 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтас болды.

Ол халқына адал қызмет етті. Мақсатына өзін-өзі тәррбиелеу, өз бетінше білім алу ізденімпаздығымен жетті, шындық пен образдар қосуын, түнап жатқан қабілеті мен талантын бағалап әдебиет сүюші қауым, зерттеушілер, қаламдас достары Оралханға Кербғғы, Мұзбалағы, Өр Алтайдың күмбезі деген атаулар беріп, биікке көтерді.

Өр Алтай жеріндегі Оралхан бөкеевтің мұражайларынан алынған құжаттардың қөшірмелерінен басқа, Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаттың газеттер қорынан алынған жазушының шығармаларының көшірмелерін және республикалық, аудандық баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар мен естеліктерді жинастырып 2005 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатта ғылымитехникалық өңдеу жасалды.


Бақытгүл
Барлықтарыңызға
04-06-08 18:43
http://imena.pushkinlibrary.kz/kaznames/litbokkz.htm,бәрін жазып жататын емес,ол кісінің өмірі жайлы осы жерден оқыңыздар.


страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
(сообщения с e-mail модерируются быстрее)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов