Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Үлгілі отбасы қандай болу керек?


Авторы Xабарлама
Ергали
27-05-08 22:23
Жақында отбасы құрамын деген ойым бар. Жақсы отбасы құру үшін қандай нәрселерге көңіл бөлу керек? қандай қателер жасамау керек? Ақыл-кеңестеріңізді күтемін.

Авторы Жауап
Дәулет
daukei_93
27-03-12 11:53
Ол үшін жақсы қыз жалынды жыгыт керек 1 әйеліңнен ештеңе жасырма 2 оны түсне біл 3 оны сила
Гульназ
uttaer@mail.ru
07-12-11 10:03
Мен ер адамга коп талап кояр ед!м Ол оз!н оз! сыйлата б!лу керек аел!не балаларына Тарбиел! болу керек Енбеккор болу керек Аз сойлеп коп шаруа аткару керек Аел!н!н де оз!н!нде туыстарын сыйлау б!лу керек Барлык нарседе шектен шыкпай орташа болу керек Намаз оку керек Эр уакытта оз!н оз! тарбиелеу керек Жаксы адам болуга тырысу керек;Жаза берсе копкой
арай
arai_mereke
03-10-11 14:47
меніңше әр адам дүниеге келгеннен бастап жарық дүниенің табалдырығын басққан күннен-ақ асылда парасатты ортаң ол отбасы болып табылады

Әсем
of_spic_shanirak@mail.ru
04-08-11 09:28
Әрбір адамның өмірі қашанда үй ішінен, алтын ошақтан, ата-анаға деген қарым-қатынастан бастау алады. Отбасын ынтымақ-бірлікке, сыйласымдылыққа, бауырмалдыққа бөленген мейірімді жандар мекені деп түсінген жөн.Үй ішінде ата-ананың ықпалының үстем болғаны тиімді. Әсіресе, кең пейілді, сабырлы жайдарлы ананың тізгін ұстағанына не жетсін! Отбасында өзімшілдік пен билеп-төстеу болмағаны жөн. «Жаным десе, жан семіреді» деген, жылы қабақпен жылы сөйлесең, сөзің өтімді, өзің қадірлі боласың.
УОК
15-01-11 20:51
Ен бастысы айелін акылды болса болды, айелін акылды болса барін орнына кояды, сені сыйлау к/к, ата анесіне сыйлы болса болды, ал сен онын акылдылыгын тусініп багалай білсен бір бірінді тусінесіндер, омірдын киындыгына шыдап тозу к/к, казыр жастар 1-2 ауыз созге келмей ажырасып кетіп жатады
Кырмызы
13-01-11 10:16
Меніңше ең алдымен ер мен әйел бірін бір сыйлай білу қажет. Сосын құрған шаңырағын сыйлай білу қажет. Отбасы екенідігін ұғынуы керек. Балаларына беретін тәрбиенің дұрыстығын сезіне біу қажет.
Бірін-бірі сыйлай алмаған ер мен әйел отбасы бола алмайды. сырт көзге емес, оңашада да өзара үйлесімдік таба алса...
Қазақта сөз бар "Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, Бір-біріңді қадір тұт, жұрт үлгі алсын үңілсін"
ГУЛЬНАРА
GULNARA_081
13-01-11 09:51
Елден ақыл-кенес сұрама ,ар адамнын өз сана-сезими бар ғой. Әйелинди калай сыйласан олда сени солай сыйлай алатын шығар.....Әрине ер адам болган сон озинин табигатына байланысты сабырлылык керек
Бағила
baqila_09
08-04-10 10:04
махаббат асыл сезім.оны қорғай білу керек.Ғашықтық сезімді басынан кешпеген адам ештеңе де білмейді.
Либерал
28-01-10 14:18
Пысык келiннiн ойы жалпы дурыс. Пiкiрiне косыламын. Менiнше ен маныздысы, жiгiттiн шыккан жерiнiн байлыгы да, баскасы да айелiнiн торкiнiнен кем болмаганы дурыс. Бул намысы бар жiгiт ушiн манызды нарсе.
Айкерим
aigerim_89.89@mail.ru
27-01-10 08:41
Салем достар!!!Әрбір адам омірге келгеннен кейін балалық шақтан өтіп, оқушылық кезеңге қадам басып, одан әрі студент атанады. Ал осылардың бәрінен кейін ең маңыздысы отбасын құру, яғни жақсы жанұялы болу. Әсіресе отбасын құру үшін екі жастың бір-біріне деген сенімі қажет деп ойлаймын. Неге десеңіз, "сенімділік" оларды бір-біріне өте жақын қылады. Меніңше, қазіргі таңда көп еркектер әйелдерін ұрып,соғып одан қалды басқа адамдарға айырбастап кетіп жатады. Бұл отбасы бұзылуының ең жаман қасіретті кезеңі дер едім. Қазір көптеген қыздарымыз немесе ер адамдарымыздың арасында үйленбей кәрілікке бой алдырып, отбасын құру туралы тіпті ойламай тек жұмыс, ақша, одан қалды бизнес деп жатамыз ғой...міне осыларды ойлап өз жеке басының қамын ұмытып кетіп жатады. Ол өтірік емес...Немесе кейбір ер жігіттеріміз "ана қыз, мына қыз" деп жүріп-ақ ең соңында кәртайып қалғанын, қатарластарының баяғыда-ақ отбасын құрып,балалы болғанын бәрін кеш түсінеді. Мен бұның бәрін неге айтып отырмын...Кәрі кезінде де махаббатын тауып, қосылып жатыр ғой.Бірақ сонда да отбасын жаңадан сонау жалындап тұрған жастығыңда құрып, оның жоспарын бекітіп, шаңырағын шарықтатып, одан қалды сол шаңырақтың ішіне інгалаған кішкентай нәрестенің дауысын көбейтіп берік отбасын құрғанға не жетсін!!!Әрбір жан осындай жақсы, тіпті өте жақсы өмірді қалайды емеспе?!Менің айтпағым, отбасын құрған соң бәрін ойдағыдай болғызу үшін екі адамның сенімі, бір-біріне деген беріктігі және отбасын бақытты етіп құруға деген құлшынысы болса екен деймін!!!Рахмет, оқығандарыңызға
Пысық келін
28-06-08 18:16
Негізі бәрі әйелге байланысты деп жатады ғой, бірақ ер адам басынан отбасының "тізгінін" дұрыс жолға салып алса, әрі қарай алаңсыз болар еді деп ойлаймын. Отбасын құруға жастар немқұрайлы қарамау керек. Ол бір үлкен іс. Бұл сұрағың да орынды. Тек мен емес, басқа да отбасылы форумшы қауым қосылса игі еді.
Мен өз пікірімді жазып өтейін. Келіспейтіндер болса жазсын.
Әйел адам мойын, ер адам бас деп жатады ғой. Тіпті кейде мынадай теңеу бар: еркек - трактор, әйел - прицеп. Көп теңеулер келтіруге болады, бірақ өмірде керісінше де болып жатады. Үйде әйелінің тапқанын ішіп, киініп, тіпті қызғанып, ұратын да еркектер бар. Ондайларды естісем қарным ашады. Айтайын дегенім, отбасында басынан еркек өзін бірінші, қожайын екенін іс жүзінде әйеліне көрсетуі тиіс. Ол ұрып - соғу арқылы емес, ия көп ақша табу емес. Еркек ақылды, байсалды, қаhарлы, сабырлы, намысты, кешірімді, сыйластық болу керек.
Ақылды дегенім - біз әйел заты кейде өсекке, ұрысқа жақын келеміз. Сондай сәтте "Ау, жаным, саған сол неге керек, өзің дұрыс болсайшы" деп басу айтса сап тыйыламыз. Жылы - жылы сөйлесең жылан інінен шығады.
Байсалды - отбасы болған соң шын-аяқ сылдырламай тұрмайды. Сондай сәтте еріңіз байсалдылық танытса көп бәледен құтылады.
Қаhарлы - оның қаhарлы жүзінен ашудың ізін әйелі сөйлетпей түсінетіндей қылу керек.
Сабырлы болу керек - сабыр түбі сары алтын, асығыстық шешім қабылдамай ақылға жүгіну керек.
Намысты еркек сыйлы болады. Әйелінің алдында құрдай жорғалап, туыстары мен достарының арасында беделін түсірсе, ондай еркекті әйелі де сыйламас.
Әйелінің артық кеткен жерлеріне кешірімді қарауға тырыс, бірақ бетімен жіберме, тізгінін тартып отыр. Білсін отбасында сенің "главный" екеніңді. Ұруды айтып отырғам жоқ, керісінше, қол көтерген еркекті әлсіз еркектердің қатарына қосамын. Қатты алақаның қышып тұрса өзіңе тең нәрсені ұр. Мысалы қабырғаны.
Ең соңғы сыйластыққа көп нәрсе байланысты: отбасындағы тыныштық, ерлі-зайыптылар арасындағы үйлесімділік, бақыт және махаббат. Қанша жерден сен өзіңді сүймейтін қызға үйленуің мүмкін, бірақ осы арқылы теңіңді өзіңе өлердей ғашық қылуыңа болады. Ол шын сөзім. Ал махаббат пен сыйластық бар жерде бақыт та бар.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube