Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: Новый телеграм-канал для деловых людей > Траблшутинг
Общение: Список форумов
Форум: Шежipe
Тақырып: Қазақ хандығы және хандары.


Авторы Xабарлама
Асем
asem_00@mail.ru
25-07-08 01:53
Бауырлар рудың емес,қазақтың жағдайын ойлайық.Бүйте берсек құрып кетеміз.Түбімізге жеткен осы жүзшілдік рушылдық емес пе еді?Одан да ҚАЗАҚ хандығы,хандары жайлы сөз қозғамаймыз ба?

Авторы Жауап
Елтай
Eltaihan.amanjol.03@mail.ru
17-02-16 15:28
көп-көп рахмет іздегенімдм таптым????????
алишер
alisher.duiset@gmail.com
07-02-16 20:13
Кенесары хандыгынын курылымы мен XVII-XVII гасырлардагы казак хандыгын салыстырындар? Салеметсиздерме маган осы сурактн жауабн тауып бериниздерш
Азиза
14-11-15 04:26
Гала, Адилетжан рақмет сендерге.
диана
09-11-15 14:57
барлыгын википедия дегенди косып издесениз шыгады мысалы абылай хан википедия мен ардайым осылай жазып таба беремин назарларынызга рахмет
акмарал
ako.akanova
27-03-15 12:16
Кожа ахмет яссауидын сурактардын жауабын каидан алсам болады комектесиниздерши
Алина
Alinka.01.kz@mail.ru
17-03-15 19:22
Ысқақ бап туралы билесздер ме?
ержан
erjan.utepbergenov.@mail.ru
16-03-15 14:48
Маган "Есим ханнын ески жолы" зандар жинагыны ережелери керек еди
айгерим
айгера95@
06-03-15 09:02
маган казак хандыгы туралы коринис тауып бересиздерме улдар кыздар болсын
Диас
Zhandildaev@bk.ru
04-03-15 16:18
маған қасым ханның қасқа жолы туралы тауып бересіздерме
Алия
Алия
14-01-15 14:55
Коп коп рахмет
аслан
Baikon.aslan@mail.ru
08-12-14 07:20
Қазақ хандығының құрылуы керек
Аукен
auken.kurmash@mail.ru
19-11-14 17:29
Тарихи тулгалар туралы жалпы тусиник айтасыздарма??
Асем
v.i.p_asem@mail.ru
14-11-14 10:07
1. Қазақ хандары дәстүр бойынша қай жерде және қалай сайланатын болған?

2. әз-Тәуке ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы?

3. Қаз дауысты Қазыбек би және оның ел үшін атқарған қызметі?

4. Салқам Жәңгір ханның билігі тұсындағы Қазақ хандығы?

5. Қазақ тарихында Шақшақ Жәнібек батырдың ерліктері жөнінде не айтылған?

6. Абылай хан өлімінен кейінгі қазақ хандығы?

7. Жоңғарлардан ел мен жерді азат ету үшін аянбай күрес жүргізген қазақ батырларының өнегесі мен тағылымы қандай болды?

8. Еңсегей бойлы ер Есімнің билік құрған тұсындағы қазақ хандығы?

9. Абылай ханның кеңесшісі Бұқар жыраудың қандай толғауларын білесің? Мамұндап айтыңыз.

10. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресі қандай мәнге ие?

11. Қазақ хандығының құрылу тарихы жөнінде не білесіз және хандықтың іргесін қалаған алғаш қазақ хандары?

12. Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығының жағдайы?

13. Бөгенбай батырдың ерлік істері хақында не білесіз?

14. «Ақтабан шұбырынды» жылдары жөнінде баяндаңыз?

15. Абылай ханның билік жүргізген кезеңдегі қазақ хандығының жағдайы?

16. Жоңғария Қазақ жеріне жойқын шабуыл ұйымдастыра отырып нені көздеді?

17. Хақназар хан билік құрған уақытындағы қазақ хандығының жағдайы?

18. Қазақ қоғамындағы билердің ролін баяндаңыз?

19. Кесенені салдырған Әмір Темір туралы не білесіз?

20. Қожа Ахмет Ясауиді түркі халықтары не үшін құрмет тұтады?



Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыздарға байланысты сұрақтар:

1. Қожа Ахмет Ясауидің арғы ата-бабалары туралы не білесіз?

2.Қожа Ахмет Ясауидің арғы атасы Ысқақ бап туралы баяндаңыз?

3.Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим ата туралы бір аңызды айтып беріңіз?

4.Қожа Ахмет Ясауидің туған жері Сайрамның ескі атауы қалай аталған?

5. «Насабнама» еңбегі және оның авторы туралы айтып беріңіз?

6. Қожа Ахмет Ясауи мен сұхбаттас болып сырласқан пайғамбарлар жөнінде айтыңыз?

7. «Қылует» сөзінің мағынасын түсіндіріп айтып беріңіз?

8.Қожа Ахмет Ясауи ұрпақтарының шежіресін жазған адамның аты?

9. Қожа Ахмет Ясауидің жергілікті билеушіге көрсеткен тау туралы кереметін баяндап беріңіз?

10. . Қожа Ахмет Ясауидің Сыр өзені бойындағы тоқса тоғыз мың мүриттерімен болған оқиғаны баяндаңыз?

11.Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауидің дуананы өзіне ұстаз санауы неліктен?

12. Хакім атаның толық аты-жөні және ол келіп орналасқан жердің «бақырған» аталуы неліктен?

13.Аңыз бойынша киіктерді «шөрелеп» шақырып алып сүт сауатын адам туралы баяндаңыз?

14.Зеңгі бабаның арғы ата бабалары туралы айтыңыз?

15.Зеңгі бабадан дәріс алатын төрт шәкірттің аттарын атаңыз?

16.Шопан ата туралы қандай аңыз халық жадында сақталған?

17. Қожа Ахмет Ясауидің зияратына жиі барып жалбарынатын бабасы туралы айтыңыз?

18. Қожа Ахмет Ясауи және Әмір Темір байланыстарын баяндаңыз?

19 . Бекет ата жөнінде баяндаңыз?

20. Алтын Ордада қай хан Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады? Аңыз-әпсанадағы деректер бойынша Ясауи баба шәкірттерінің бұл оқиғаға қатысы қандай?

21. Аңыз бойынша халық Қожа Ахмет есіміне Ясауи деген тіркесті не себептен қосып айтатын болды?

22. Аңыз бойынша Қырғыздардың «Ош» қаласы қай әулиенің атымен байланысты шыққан?

23. Қожа Ахмет Ясауидің Қорасандық ғұламаларға көрсеткен ғибратты хикаясы қандай?

24. Аңыз бойынша Қожа Ахмет Ясауиді ақтық сапарға кім шығарып салады?

25. Аңыз-әпсана бойынша Баба Машын Ясауиге қай оқиғадан кейін шәкірт болды?

26 Ясауи шәкірттері Хакім ата мен Зеңгі бабалар туралы аңыздарды баяндаңыз?

27. Аңыз негізінде Ясауидің лақтырған асатаяғын қай шәкірті тауып алады? Аңызда ол хақында не айтылған?

28. Ясауи бабаның Арыстан баптан құрма алуы жөніндегі хикаяны баяндаңыз?

29. Қожа Ахмет Ясауидің әкесі мен анасы жайына не білесіз?

30. Қожа Ахмет Ясауи алғаш кімге шәкірт болды?

31. Сейхундария өзенінің неліктен Сырдария деп аталғанын аңыз бойынша баяндаңыз?

32. Қожа Ахмет Ясауидің аңыздарда жиі айтылатын бес шәкірті кімдер еді?

33. Кесененің салынуына байланысты қандай аңыз-әпсаналар туындаған?

34. Қожа Ахмет Ясауиге ұнаған шәкірті Сүлейменнің ерекше қасиеті қандай еді?

35. Қазақтың мақал-мәтелдері аңыз бойынша қай оқиғадан кейін пайда болған?

36. Қожа Ахмет Ясауи ілімін Маңғыстау өңіріне қай шәкірттері жайды?

37. Қожа Ахмет Ясауидің перзенттері мен ұрпағы жайында әңгіме өрбітіңіз?



Қожа Ахмет Ясауи хикметтеріне байланысты сұрақтар:

1.«Хикмет» сөзінің мағынасы?

2. Хикметте дүниенің соңына түсіп сорлаған адамдарды неге теңестіреді?

3. Хикметте жалпы адам балаларына жарлық жүргізуші күштер?

4. Хикметтегі «Паруардигер» сөзінің мағынасы?

5. Хикметтегі ғашық болмайынша танылмайтын нәрсе?d

6. Хикметте ғашықтықтың күші нелермен сипатталады?

7. Хикметтегі «фана-филлаһ» мақамы?

8. Хикметтегі «дұға қылу» сөздерін түсіндіріңіз?

9. Хикметтегі «дидар көру» сөздерін ашықтаңыз?

10.Хикметтегі «Пірмұған» сөзінің мағынасын айтып беріңіз?

11.Хикметте салауат кімге арналып айтылады?

12. Хикметтегі үмбеттікке лайық жандар кімдер?

13.Хикметте Расулдың кімдер үшін келгендігі айтылады?

14.Хикметтегі «һу алқасы», «хақ софрасы» сөздерінің мәнін түсіндіріңіз?

15. Хикметтегі нәпсімен күресуші Баязит туралы айтыңыз?

16. Хикметтегі адамдарды шығармай ұстаушы түрме-құлып нәпсімен күресудің қандай жолдары айтылады?

17.Хикметте неліктен ғалымдар сұм залымдарға айналады?

18. Хикметте пейішке лайықты адамдардың сипаттары қалай берілген?

19. Хикметтегі «ғарасат майданы» сөзінің мәнін түсіндіріңіз?

20. Хикметте күннің қай мезгілінде құлшылық қылуды өсиет етеді және неліктен?

21. Хикметтегі «Салауат» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

22. Хикметте дүниенің соңына түсіп, біреудің ақысын жегендерге қандай үкім айтылған?

23. Хикметтерде адамның ең басты жауы қалай көрсетілген?

24. Пейіш пен тозақтың айтысы туралы хикметте қалай айтылады? Пейіш тозаққа қандай уәж айтып, сөзден тосылдырады?

25. Хикметте ғашық жанның бейнесі қалай көрініс тапқан?

26. Хикметтерде пайғамбардың төрт досына қатысты қандай жолдар кездеседі?

27. Хикметтерде Зәкәрия және Аюб пайғамбарлар қалай үлгі етілген?

28. Диуани хикметтің негізгі өзекті тақырыбы қандай? Оның адам өмірі үшін қандай маңызы бар?

29. «Жүрек көзі» ұғымының мәні мен маңызы хикметтерде қалай берілген?

30. «Әнтәл хәди» сөзінің мағынасы қандай? Осы хикметті қысқаша талдаңыз?

31. Хикметтерде адамның рухани кемшіліктері туралы не айтылады?

32. Хикметте дұғаның қабыл болуы үшін қажетті қай шарттар баяндалады?

33. Хикметте дүниені неге теңеп сипаттайды?

34. Хикметте үмбет болу шарттары қалай көрініс тапқан?

35. Қожа Ахмет Ясауи хикметтерде қай пайғамбар туралы баяндайды. Олардың қасиеттерін қалай сипатталған?

36. Қожа Ахмет Ясауи хикметтеріндегі ғашықтық сезімдер кімге арналған және хикметте қалай көрініс табады?

37. Қожа Ахмет Ясауи бабамыз Алла тағаланың қандай көркем сипаттарын тілге тиек еткен?

38. Ясауи бабамыз қай кезді көктен періште түсетін сәт ретінде айрықша сипаттайды?

39. Хикметтерде сүр үрлейтін періште кім?



«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының ескерткіштері мен жәдігерлеріне қатысты сұрақтар:

1. Шырағдан туралы баяндаңыз?

2. Әмір Темірдің кесенеге сыйға тартқан тартулары қандай?

3. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы қай жылы құрылды? Қызметі мен құрамындағы ескерткіштер туралы не білесіз?

4. Кесене қабырғаларына түскен жазулар жөнінде түйген ойыңызды баяндаңыз?

5. Ортағасырлық Сауран қаласының тарихы жөнінде не білесіз?

6. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген қазақ хандары?

7. Түркістан қаласының ежелгі тарихи атауларын баяндаңыз?

8. Тайқазан қай ғасырда құйылып шықты? Оны жасаған шебердің есімі мен қазанның құрамы жайлы айтыңыз?

9. Түркістандағы Тайқазан Эрмитажға қай жылы және не себептен әкетілді?

10. Қожа Ахмет Ясауи қандай еңбектер қалдырды? Олардың басты ерекшеліктерін көрсетіңіз.

11. «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайындағы «Монша» тарихи ескерткіші жөнінде не білесіз?

12. «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайындағы Рабия Сұлтан Бегім тарихи ескерткіші жөнінде не білесіз?

13. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қазақ хандары отырған бөлмелердің атауы және олардың сипаттамасы?

14. «Зиярат» сөзі қандай мағынаға ие, ол қалай атқарылады?

15. «Насабнама» қолжазбасын кім жазды? Ол қолжазбада қандай құнды деректер бар?

16. Қожа Ахмет Ясауидің өмірі жайлы не білесіз?

17. «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайындағы «Қылует жер асты» мешіті туралы не білесіз?

18. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылысы және бөлмелері туралы не білесіз?

19. Ғылыми ортада Қожа Ахмет Ясауидің жолына қандай баға берілген?

20. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген тұлғалар жөнінде не білесіз?

Жансая
06-11-14 18:42
Батыр хан Тәукеден кейін бе, әлде бұрын ба?
куаныш
konti_2001@mai;.ru
22-10-14 14:49
достар маган тез арада казак ханды5ын курган адаммен онын балалары балаларынын балалары арикарай сол сиякты керек отиниш тез арада керек айтпесе ертен сабак
Аскербек
d.askerbek-95
07-10-14 18:56
Қазақтардың генеологиялық шежіресі
Кундызай
kandi.97
19-07-14 16:47
кай жылы кандай котерилис болган жайлы малимет бере аласыздарма отиниш!!!!!
гала
nuridenov96@mail.ru
10-04-14 13:09
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ
1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы
1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы
1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы
1518-1523ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды
1523-1532ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды
1533-1534ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды
1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан болды
1535-1537ж – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан
1538-1580ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы
1580-1582ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды
1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды
1598-1628ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі
1613-1627ж – Тұрсын хан билігі
1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы
1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы
1718-1726ж – Батырдың билігі
1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы
1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды
1718-1748ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды
1748-1786ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды
1791-1794ж – Ералы Кіші жүзге хан болды
1795-1797ж – Есім Кіші жүзге хан болды
1797-1805ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды
1805-1824ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды
1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі
1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі
1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі
1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі
1781-1819ж – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі
1815-1817ж – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі
1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы

Әділетжан
adek95@inbox.ru
15-03-14 20:49
Саламатсыздарма достар, маған осы Қазақ хандығының барлық хандардың сыртқы және ішкі саясаты жайлы барма мекен, бар болса айтындаршы өтініш, алдын ала рахмет... Мына хандар:
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ
1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы
1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы
1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы
1518-1523ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды
1523-1532ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды
1533-1534ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды
1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан болды
1535-1537ж – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан
1538-1580ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы
1580-1582ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды
1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды
1598-1628ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі
1613-1627ж – Тұрсын хан билігі
1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы
1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы
1718-1726ж – Батырдың билігі
1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы
1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды
1718-1748ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды
1748-1786ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды
1791-1794ж – Ералы Кіші жүзге хан болды
1795-1797ж – Есім Кіші жүзге хан болды
1797-1805ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды
1805-1824ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды
1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі
1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі
1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі
1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі
1781-1819ж – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі
1815-1817ж – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі
1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы
советкызы талшын
ms.sovietkyzy
15-03-14 07:21
маган барлиги унуды бирак касым хан мен хакназар хан фоталары жок
Айдана
aidoshka 2014@mail.ru
12-02-14 15:35
10-12 ғасырдағы қазақ хандары
Айдана
aidoshka 2014@mail.ru
12-02-14 15:34
дым да жок!!!!!
Дидар
D.ermekova@mail.ru
29-01-14 19:36
Абылай хан өлімінен кейінгі қазақ хандығы?
Абылай ханның кеңесшісі Бұқар жыраудың қандай толғауларын білесің? Мамұндап айтыңыз.
Қожа Ахмет Ясауи бабамыз 99 мың шәкіртімен сұхбат құрған жер қалай аталады? Аңызды айтып бер.
дана
dana.erbolatova98@mail.ru
10-12-13 14:06
Абылай мен өштескен қоқан хагдары кімдер еді?
Ақмарал
akosi.1996@mail.ru
28-09-13 01:39
Қазақ хандары
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мазмұны [жасыру]
1 Қасым ханның билігі
2 Қазақ хандығы XVI ғасырдың 20—40-жылдарындағы аласапыран тұсында
3 Хақназар хан билігі
4 Тәуекел сұлтан
5 Есім хан
6 Жоңғар хандығы және Жәңгір хан
7 Тәуке хан заманы
8 Қазақ хандығының хандары
8.1 Ұлы жүз билеушілері
8.2 Орта жүз билеушілері
8.3 Кіші жүз билеушілері
8.3.1 Ресей Империясы тағайындаған хандар
8.3.2 Халық таңдаған билеушілер (Маңғыстау өңірі)
8.3.3 Бөкей Ордасы билеушілері.
8.4 Пайдаланылған әдебиет
Қасым ханның билігі[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақалалары: Қасым хан және Қазақ хандығы
A.

Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы.
XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының өрлеуін тарихшылар Қасым хан есімімен байланыстырады. Қасым хан Дешті Қыпшақты түгелдей өз билігіне алғаны соншалық, Жошы ханнан соң ешкім де ол сияқты (мұнда) жоғары билікке кол жеткізе алған жоқ, — деп көрсетеді Мұхаммед Хайдар Дулати.
Халық "Кіші Жәнібек" атаған ханның (Қадырғали би Қосымұлы) ұлы Қасым хан (1511—1518/1523 жылдары) елді басқаруда қазақ жұрты арасында орныққан іргелі ата салт-дәстүрді, жол-жобаны берік ұстанды. Оның тұсында ішкі қоғамдық қатынастарды қатаң белгілі бір жүйеге түсірген Қасым ханның қасқа жолы атты қалың бұқара мойындаған заңдар жинағы өмірге келді. Ханның мемлекеттікті нығайтуға бағытталған бұл шаралары түрлі әлеуметтік топтардың қолдауын тапты, халықтың күнделікті тіршілігіне тұрақтылық берді. Өз ретінде ішкі тұрақтылық мал басының өсуіне, қолөнер және егіншілік аудандары мен көшпелі мал шаруашылығындағы елдің арасында табиғи өнім алмасуы мен саудаға жол ашты.
Қазақ хандығының нығаюына алып келген Қасым ханның бұл шаралары көрші елдер арасында да кеңінен мәлім болды. Моғол хандары Қазақ хандығымен тату болуға ұмтылды. Жоңғарлар Қасым хан тұсында қазақ жеріне жорыққа аттануға жүрексінді. Батыстағы Ноғай ордасының біраз бөлігі ел ішіндегі берекесіздіктен қашып, Қазақ хандығына келіп паналады.
XVI ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан өз билігін кең-байтақ қазақ даласының басым бөлігіне орнатты. Бұл кезде хандықтың шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағасына жетіп, Түркістан аймағындағы қалалардың біразын қамтыды, оңтүстік-шығыста Жетісудың тау етектері мен жазықтары, солтүстік және солтүстік-шығыста Ұлытау және Балқаш көлі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне жетіп, солтүстік-батыста Жайық өзенінің аңғарына дейін созылды. Міне, осы аумақ көлемінде тұтас бір халыққа үю және мемлекетке бірігу қарқынды жүрді, мемлекет
халқы 1 млн-нан асып,
атты әскері 300 мыңға дейін жетті.
Қасым хан тұсында Қазақ хандығы дербес мемлекет ретінде халықаралық қатынасқа араласа бастайды. Онымен алғашқылардың бірі болып дипломатиялық қатынас жасаған — Мәскеу мемлекеті. Қарқынды даму жолына түскен Қазақ елі туралы мәлімет Батыс Еуропаға да жетті, Мәскеуде бірнеше мәрте болған (1517 және 1526 жылдары) австралиялық дипломат Сигизмунд Герберштейн өз жазбаларында қазақтар жөнінде мәлімет берді.
Қасым ханның қызметі мен өлімі жөнінде Қадырғали би: Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді. Ол Жаған бикеден туған еді. Ұзақ уақыт атасының ұлысында патшалық етті. Төңірегіндегі уәлаяттарды өзіне қаратты... Ақыры Сарайшықта өлім тапты. Бүгін оның қабірі Сарайшықта. Оның ұлы Хақназар хан Ханық сұлтан-ханымнан туған, ал ханның бауыры Қанбар сұлтан барлық жағдайда Қасым ханның жанында болды. Әскерінің қолбасшысы. Оның ұрпағына патшалық тимеді, — деп жазды.
Қазақ хандығы XVI ғасырдың 20—40-жылдарындағы аласапыран тұсында[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Қазақ хандығы


Қазақ хандығы
Қасым хан өлген соң, таққа оның ұлы Мамаш отырды. Бұл ханның билігі кезіндегі оқиғалар жөнінде мәлімет жоқ. Мамаш хан бір шайқас кезінде өзінің ауыр сауытына тұншығып қайтыс болады. Хандықта аласапыран кезең басталады. Сұлтандар арасындағы билік үшін болған талас-тартыстан соң таққа Қасым ханның немере інісі Таһир отырады. Бұл, шамамен, 1524 жылдың төңірегі. Таһир хан мемлекет басқару ісінде жоғары кабілет таныта алмайды. Ең негізгісі — хан мен ел билеушілер арасында өзара түсінісу болмады. Қадырғали би ол жөнінде: Таһир хан біраз күн хандық құрды, бірақ патшалық сырын білмеді, — дейді.
Сыртқы саясатта Қасым хан тұсындағы ноғайлармен арадағы жылы қатынас әскери қақтығыс ұласты, ал Ташкенттің билеушісі Келді-Мұхаммедпен түсінісе алмаған Таһир хан Түркістан маңында өзбектермен болған қанды шайқаста жеңіліс табады. Осы уақытка дейін Моғолстан хандарымен арадағы жарасымды қатынастың да шырқы бұзылады. Бірақ басы ашық бір нәрсе — сол Таһир хан көрші қырғыз елімен одаққа келіп, Жетісу мен Ыстықкөл аймағын моғол және қалмақ шапқыншылығынан қорғап қалуға көп күш жұмсайды.
Халқынан айырылған Таһир ханның өмірінің соңы жоқшылықта қырғыз жерінде өтеді. Шамамен 1532 жылы қаза болған ханның соңында азып-тозған хандык калады.
XVI ғасырдың 30—50-жылдары қазақ және қырғыз одағының Жетісу мен Ыстықкөл аймағы үшін жүргізген күресін Таһир ханнан соң оның інісі Бұйдаш хан жалғастырады. Бұл кезде бірнеше хандыққа бөлініп кеткен қазақ жерінде Бұйдаш ханнан басқа Тоғым және Ахмет сұлтандар хандық кұрды. Тоғым хан мен Бұйдаш ханның қызметі, негізінен, Жетісу мен Сырдария өңірін моғол және өзбек хандарының шапқыншылығынан сақтап қалуға жұмсалды.
Өкінішке орай, бұл кезеңдегі қырғыз бен қазақ қолдарының басқыншыларға қарсы ерлік күресі өте ауыр шығынмен аяқталады. Мәселен, шамамен, 1537 жылы біріккен моғол-өзбек қолдарымен болған қанды ұрыста Тоғым хан тоғыз ұлымен, бауыры Мәлік сұлтанның ұлы Башибек сұлтан, тағы басқа қазақ-қырғыз қолдарын бастап келген 37 сұлтан апат болады.
Ал Ыстықкөл маңында Ташкент билеушісі Дервіш хан бастаған өзбек қолдарымен болған ұрыста 1550—1560 жылдары Бұйдаш хан қаза табады. Басқа әдіктен тарайтын жиырма төрт сұлтан және көп қазақ-қырғыз жауынгерлері қырғынға ұшырайды. Бірақ қалай болғанда да Моғолстан мен Мәуереннахр билеушілері Абд-ар-Рашид хан мен Ұбайдолла ханның Жетісу мен Ыстықкөлге орнығу әрекеті ойлағандай нәтиже берген жоқ. XVI ғасырдың 20-жылдары қалыптасқан қазақ-қырғыз одағы бұл шұрайлы аймақты қорғай алатын күш бар екендігін таныта білді.
XVI ғасырдың 30-жылдары Орталық Қазақстан үшін Ахмет ханның жүргізген күресі сәтсіз аяқталды. Ахмет хан маңғыт Орақ батырдың қолынан қаза тауып, бұл өңірдің біраз бөлігі ноғайлардың билігіне өтеді.
Хақназар хан билігі[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Хақ-Назар хан
XVI ғасырдың екінші жартысында қазақ мемлекеттігі қайтадан нығаю жолына түсе бастады, Қасым ханның Ханық сұлтан-ханымнан туған ұлы Хақназарды хандық дәрежеге көтеру рәсімі болды. Хан сайлау салты бойынша, оны ақ киізге отырғызып, молда хутба оқыған соң, киізді төрт би төрт бұрышынан көтеріп, жиналған жұрттың алдынан өтіп, жаңа ханды таныстырады. Ішкі және сыртқы саясатта әкесі Қасым ханның жолын жалғастыра отырып, Хақназар хан қазақ руларының ескі қонысын сақтау, көрші елдер арасындағы Қазақ хандығының ықпалын арттыра түсуге күш салды.
Башқұрт елі арасында тараған мәліметтерге сүйене отырып, П.И.Рычков: Бұл Хакназар хандық мәртебеге көтерілген соң күшейгені соншалық, тек ноғайларды ғана емес, Башқұрт елін, Қазан, Сібір және Астрахан патшалықтарын, Бұхараны, Хиуаны, Ташкенді және басқа көптеген қалаларды өз билігіне қаратты және олардан алым-салық жинатты, — деп көрсетеді. Шын мәнінде, Хақназар ханның мемлекеті мұншалықты дәрежеге жетпегенімен, оның кеңейіп, нығая түскендігі даусыз.
Моғолстанның Орталық Азия кеңістігінде елеулі саяси-әскери күш ретінде соңғы көрінуі осы Хақназар ханның билігіне тұспа-тұс келеді. Қазақ рулары бұл кезде жайылым іздеп, Жетісудан тыс Моғолстанның ішіне де жетеді. Бұған наразы болған Абд-ар-Рашид хан біріккен қазақ-қырғыз қолдарымен әлденеше рет қанды шайқастар өткізіп, оларды Моғолстаннан ығыстырады.
XVI ғасырдың 50-жылдары Ноғай ордасы үшін өте ауыр кезең болды. Ішкі алауыздықтан әлсіреген ноғай елінің Жайық пен Елек өзендерінің бойындағы біраз ұлыстары Қазақ хандығының құрамына енеді. Хақназар ханның ьқпалы Сібір билеушісі Көшім ханға да жайсыз тиген еді.
1552 жылғы Қазан, 1556 жылы Астрахан хандықтарының жерін өзіне қаратқан Ресей — енді Қазақ хандығына көзін сала бастайды. Өйткені Қазақ, хандығы арқылы ол Орталық Азия және Сібірмен қатынас жасай алатын еді. Орталық Азияға сауда жолы Тобылдан Ертіс арқылы Есілдің жоғарғы сағасына, одан әрі Ұлытаудың етегімен Сарысудан Түркістанға, содан соң Сырдан өтіп Бұхараға шығатын еді. 1573 жылы орыс патшасы IV Иванның Қазақ хандығына жіберген елшілігі жолда тұтқынға түседі. 1574 жылы Иван Грозный Оралдағы ағайынды Строгановтарға қазақтармен салықсыз сауда жасау құқығын береді. Осы кезеңде қазақ жеріне бас тіреген орыс елшілерінің бәріне де Қазақ хандығының ішкі жағдайын, оның көрші елдермен қарым-қатынасының жай-жапсарын анықтау тапсырылады.
XVI ғасырдың екінші жартысында да шайбанилықтар мен қазақ хандары арасындағы қатынастағы ең өзекті мәселе — Сырдың орта ағысындағы қалаларға билік ету еді. Бұхара, Герат және Қорасанның билеушісі Абдаллах хан өзінің жауларымен, әсіресе Ташкенттегі билікті басып алған Баба сұлтанмен күресте қазақ хандары Хақназар, Шығай және Тәуекелдердің қолдауына сүйенуге тырысты. Абдаллах хан мен Баба сұлтан арасындағы алауыздықты ұтымды пайдалана отырып, Хақназар хан Түркістанның төңірегін және Сауранды өз билігіне қаратуға күш салды. Бірақ осы билік үшін өзара қырқыс барысында Хақназар хан екі ұлы және басқа сұлтандарымен Баба сұлтанның әскерінің қолынан қаза табады. Шамамен 1580 жылы өмірден кеткен Хақназар ханның билігінің соңына карай Қазақ хандығы батыста — Жайық, солтүстікте — Есіл мен Нұра, шығыста — Шыңғыстай, Балқаш және Шу өзені, оңтүстікте Түркістан аралығын қамтыды. Хақназар хан тұсында ноғай, башқұрттардың біраз бөлігі Қазақ хандығына қарады, қырғыз-қазақ одағы бұрынғы жылылық қалпын сақтады.
Тәуекел сұлтан[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Тәуекел хан
Өмірден кеткен Хақназар ханның орнына таққа Қасым ханның інісі Жәдік ханның баласы жас кезінде шайқастарда ерлігімен көзге түскен, сексен жастағы Шығай сұлтан отырғанда, елді басқару тізгіні оның ақылды да ержүрек ұлы Тәуекел сұлтанның қолына көшеді. Ортаазиялық деректер Шығай хан ұлымен Бұхара билеушісі Абдаллах ханның жағында Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы бірнеше жорықтарға қатысып, ең соңында Тәуекел сұлтан Баба сұлтанның басын алып тынғанын айтады.
Қазақ сұлтанының қызметіне риза болған Абдаллах хан сұлтанға өз әкесі Ескендір ханның сүйікті иелігі Самарқанға таяу маңдағы бір уәлаятын сыйға береді.
1582 жылы Ходжентке жақын Күмішкент атты елді мекенде Шығай хан қаза табады. Келесі 1583 жылы Әндіжан мен Ферғанаға жорықтан қайтар жолда Абдаллах ханнан сезіктенген Тәуекел хан атының басын Дешті Қыпшаққа бұрады. Оның мынадай екі себебі бартын. Өзінің қарсыластарын түгелдей дерлік жойып тынған Абдаллах ханға ендігі уақытта, әрине, Тәуекел хан сияқты одақтастың керегі жоқ-ты. Оның үстіне, Жошы тұқымы Тәуекелдің де Мәуереннахр тағынан үміттенуі ықтимал еді. Бүл кезде Тәуекел ханның Бұхара билеушісінің Түркістан мен оның төңірегіндегі калаларды беру туралы уәдесін орындаудан бас тартқанына әбден көзі жеткен болатын.
Осы кезде Тәуекел сұлтан қазақ елінің бір бөлігін ғана билейді. Елдің біраз бөлігі Хақназар ханның ұлдары Мұңғатай және Дінмұхаммед сұлтандардың ықпалында болатын. Бірақ бұл жағдай ұзаққа созылған жоқ. 90-жылдардың ортасына қарай Тәуекел сұлтан бүкіл қазақ жұртының ханы ретінде таныла бастайды. 1594 жылы Тәуекел хан орыс тұтқынындағы немере інісі Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен босатып алу үшін орыс патшасы Федорға Құл-Мұхаммед атты елшісін аттандырады. Оразмұхаммед сұлтан тұтқынға 1580 жылы орыстардың Көшім ханмен жүргізген соғысы кезінде түскен еді. Яғни, бұл уақытқа дейін Тәуекелдің бүкіл хандық атынан орыс патшасына елшілік жіберуге мүмкіндігі болмаған-ды.
Қазақ елшілігінің алдына екі міндет қойылды. Олар: Оразмұхаммед сұлтанды отбасымен тұтқыннан қайтару және орыс патшасынан Абдаллах ханға қарсы күресте көмек сұрау. Өзінің батыс шекарасындағы көршілерімен қызу саяси күрес жағдайында тұрған Ресейдің бұл кезде Орталық Азия мәселелерімен белсенді түрде айналысуға мүмкіндігі жоқ еді. Соған қарамастан, осы кезеңнің өзінде-ақ Ресей үкіметі Қазақ хандығы және Орталық Азиядағы саяси жағдаймен тұрақты айналысып, үлкен мүдделілік таныта бастайды.


Сібір хандығы 15 ғасырда-16 ғасырда
Сібір хандығы — 15 ғасырда Орыс патшалығына барған бұл алғашқы елшілік Тәуекел хан күткендей нәтиже берген жоқ.
Біріншіден, орыс патшасы Сібір хандығы сияқты Қазақ хандығын да өз құзырына алмақ ойы бар емеурінін жасырмай ашық айтты.
Екішіден, орыс патшасы егер Тәуекел хан ұлы Үсейін ханзаданы Мәскеуге аманатқа жіберсе ғана Оразмұхаммед сұлтанды қайтаратындығын білдірді.
Үшіншіден, патша Тәуекел ханды орыс патшалығының қол астында үйіріп, оның бұйрығы бойынша Бұхара билеушісі мен және Сібір ханы Көшіммен соғысуға міндеттейді.
Құл-Мұхаммед елшілігіне келуат ретінде Мәскеуден Тәуекел ханға аудармашы Вельямин Степанов жіберіледі. Қазақ хандығы мен орыс патшалығы арасындағы елшілік қатынас осылай басталады.
Тәуекел хан 1598 жылы қауырт түрде шайбанилықтарға жорыққа даярлық жасай бастайды. Тәуекел хан мен оның бауыры Есім сұлтан бастап Алатау етегіне жиналған қазақ қолының саны жүз мың адамға жуық еді. Тәуекел ханның бұл жолғы жорығы нәтижелі аяқталады. Қысқа мерзім ішінде Тәуекел Түркістанды, Ташкентті және Ферғананы өзіне қаратады. Дегенмен Тәуекел ханның бүкіл Мәуереннахрды алып, құрамында шайбанилықтар мемлекетінің де жері бар жаңа мемлекет құру әрекеті іске аспай қалды. Ташкент қаласы осыдан бастап екі жүз жыл бойы Қазақ хандығының құрамына енді.
Бұл аталған аймақтардың Қазақ хандығы кұрамына енуінің қазақ қоғамының экономикалық, саяси және рухани өміріне ықпалы, мемлекетаралық шекараның тұрақты сипат алуына әсері үлкен болды. Түркістанның Қазақ хандығының негізгі орталығына айналуы қазақ қоғамына ислам дінінің таралуына, сол арқылы қазақта жаңа рухани ахуал қалыптасуына аса қажет маңызды алғышарт болды.
Есім хан[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Есім хан
Қасым ханнан соң қазақ мемлекеттігін жандандыра түскен Хақназар хан мен Тәуекел ханның қызметі Сырдың орта ағысындағы қалаларға біржола орнығу, Жетісу мен Ыстықкөл өңірінен қазақтар мен қырғыздарды ығыстыру мақсатында жасалған біріккен моғол және шайбанилықтардың шабуылына қырғыздармен одақтаса тойтарыс беру, сондай-ақ Бұхар хандығының ішкі саяси өміріне пәрменді араласып отыру арқылы Мәуереннахр өңірін өз ықпалында ұстау бағытында жүрді.
XVII ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының көрші елдермен қатынасы өзгерістерге ұшырайды. XVI ғасырдың екінші жартысы Моғолстан үшін құлдырау кезеңі болды. 1605 жылы Бұхарадағы билікке аштархандық әулеттің өкілі Имамқұли келді. Бұл кезде Бұхар хандығы Қазақ хандығы үшін Абдаллах хан кезіндегідей соншалықты қаһарлы емес-ті.
Қазақ қолдарымен арада болған шайқастардан соң 1613 жылы Имамқұли хан қазақ Тұрсын сұлтанды Ташкенттің билеушісі ретінде мойындайды. Ал Тұрсын хан Бұхар хандығына тәуелсіздігін көрсету үшін өз теңгесін шығарады.
XVII ғасырдың бас кезі аштархандықтарға қарсы қазақ-қырғыз одағының нығая түсуімен сипатталады. 1621 жылы Шахрух бекінісінің жанында Тұрсын хан бастаған 100 мың қазақ пен қырғыз қолдары 160 мың Имамкұли хан әскерімен кездесіп, жеңіс қазақ-қырғыз жағында болады.
Есім хан билігі тұсында шығыста жоңғар қалмақтарының ықпалы артып, қазақ жеріне қауіп төндіре бастайды. Бұл жағдайды ескере отырып, Есім хан қырғыз елімен арадағы одақты нығайта түсіп, Моғолстан билеушісі Абд-ар-Рахим ханмен достық қатынаста болады.
Соның нәтижесінде, Есім хан 1620 жылы ойраттарға ойсырата соққы береді. Жорықта жүрген Есім ханның жоқтығын пайдаланған Тұрсын хан Түркістанға шабуыл жасап, Есім ханның отбасын тұтқынға алады. 1628 жылы Ташкенттің түбінде болған қанды шайқаста Тұрсын хан жеңіліп, Тұрсынның өзі осы ұрыста қаза тауып, оған қараған елдің біразы қазақ, қалғаны қырғыз арасына шашырап кетеді.
Осы мезгілде ойраттарға қарсы Қазақ-қырғыз одағының нығаюына, сондай-ақ ел арасы бірлігі ісінде көп жұмыс тындырған қырғыз Көкім би Қарашораұлының құрметіне Есім хан Ташкентте "Көкімнің көк күмбезін" салдырады.
Есім хан 1628 жылдың күзінде өмірден қайтып, Түркістанда Қожа Ахмет Йасауи күмбезі жанына жерленеді.
Жоңғар хандығы және Жәңгір хан[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақалалары: Жоңғар Хандығы және Салқам Жәңгір хан


Хан Жәңгір
Есім ханның көзі тірісінде-ақ жоңғар қалмақтарымен күресте оның ұлы Жәңгір сұлтан көзге түсе бастайды, ал оның хандық қызметі (1628—1652 жылдары) қалмақтардың басқыншылық саясатына қарсы тынымсыз арпалысты күрес жағдайында өтті.
Қалмақтармен болған жекпе-жекте Жәңгірді жеңетін қалмақта батыр болған емес. Сол үшін де оны халық Салқам Жәңгір атандырады.
Сәл үзілістермен бүкіл XVII ғасыр бойы жәнө XVIII ғасырдың алғашқы жартысында жүрген қанды жоңғар-қазақ соғысына Жетісудағы, Шығыс және Орталық Қазақстандағы шұрайлы жайылымдар үшін талас негіз болды. Қалмақ тайпалары сондай-ақ Сырдың орта ағысы арқылы өтетін сауда жолдары мен егіншілік орталықтарын билеуден үміттенді. Шығысынан қуатты Қытай мемлекеті тықсырған ойраттар онымен салыстырғанда әлсіздеу, батысындағы Қазақ хандығынан қоныс тартып алу жолына түсті. Басқаша айтқанда, Қазақ мемлекеттігінің ендігі уақытта болу не болмау мәселесі таразыға түсті.
Жәңгір ханның үлкен саясаткерлігінің, қолбасшы-батырлығының арқасында Қазақ мемлекеті сақталып қалды. Жоңғар хандығының қуатын бағалай білген Жәңгір хан Бұхара Хиуа және Монғол хандықтарымен белсенді дипломатиялық қатынасқа көшеді. Оның әсіресе 1612 жылдан бастап Самарқанның әмірі Жалаңтөс батырмен достық қатынасы қалмақтармен күресте өз нәтижесін береді.
1643 жылы жаңа жоңғар-қазақ соғысы басталып кетті. 50 мың әскермен басып кірген Батур қонтайшы қырғыз Алатауының біраз жерін, Шу өзенінің жоғарғы оң сағасын, сондағы елдерді жаулап алады.
Жәңгір хан Жалаңтөс әмірді, тяньшаньдық қырғыздарды жәрдемге шақырады. Өзі 600 адамдық қолмен Жоңғар Алатауының тар жылғасында қонтайшының әскерін қарсы алады. Аз қолмен үлкен әскерге бетпе-бет келудің мүмкін еместігін түсінген Жәңгір хан айлаға көшеді. Tap жылғада бірнеше ор қаздырып, оларды бекініс етіп, мылтығымен үш жүз жауынгерді орналастырып, қалған үш жүзден бекіністерді алмақ болған Батур қонтайшының сыртынан кенеттен шабуыл жасайды. Алды-артынан жауған оқтан, екі жақ беттен төмен қарай құлаған тастан мыңдаған жоңғар жауынгерлері қаза болады.
Бірақ шайқас мұнымен аяқталмайды. Қонтайшы өзінің басымдығын енді сезіне бастаған сәтте 20 мың қолымен Жалаңтөс батыр, Көтен жөне Табай батырлар бастаған қырғыз жасақтары келіп жетеді. Ендігі шешуші шайқас жазықта өтеді. Жеңіс толығымен Жәңгір жақта болады. Он мыңға жуық әскерінен айырылған Батур қонтайшы үлкен шығынмен еліне қайтады.
1646 жылы қонтайшы қазақтардан кек алу үшін қайтадан атқа қонады. Бұл жолы ол үстем түсіп, Жәңгір сұлтанның інісін бала-шағасымен және басқа біраз адамдарды тұтқынға алып, кейін оралады.
Қазақ пен қырғыздарға қарсы келесі 1651—1652 жылдары жорыққа ойраттар үлкен даярлық жасап, Ресейдің жақын аудандарынан сауыт-сайман, оқ-дәрі, қару жасауға қажет темір сатып алады. Бұл жолғы соғыс қазақ пен қырғыздарға өте ауыр тиеді. Қанды бір шайқаста қазақ мемлекетінің басшысы ретінде кемел саясатымен және туған елін қолына қару алып қорғауда ерен ерлігімен бүкіл Орталық Азия елдері арасында кең танымал болған Жәңгір хан майдан даласында мерт болады.
Тәуке хан заманы[өңдеу]
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Тәуке хан
Қалмақтармен жер үшін күрес Жәңгір ханның ұлы Тәуке хан (1680—1715/1718 жылдары) тұсында да жалғасады. Тәукенің билігі қалмақ қонтайшылары Қалдан Бошоқты (1676—1697 жылдары) мен Себан-Рабданның (1697—1727 жылдары) билігіне тұстас келді. Бұл — қазақ-қалмақ қатынасының аса ширыққан кезі болатын. Қалдан ханның әскері 1681 және 1683 жылдары Сайрамға дейін жетеді. Жетісу өңірі біраз уақытқа қалмақтардың қолына өтеді. 1710 және 1711 жылдары қалмақтар қазақ жеріне жаңа шабуылға көшті. Оған жоңғарлардың Қытаймен арадағы қатынасының шиеленісіп кетуі себепші болған еді.
XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың бас кезі жоңғар қалмақтарынан төнген қауіпке қарамастан, Қазақ мемлекеттігінің нығая түсуімен сипатталады. Ел арасында қалыптасқан пікір мұндай жағымды өзгерістерді Тәуке ханның есімімен байланыстырады. Тәуке өзінің қайраткерлік қабілеті арқасында ел ішіндегі алауыздыққа жол бермей, татулық орнатты, орталық хандық биліктің рөлін күшейтті, соның нәтижесінде, елдің әл-ауқаты, байлығы артты. Сондықтан да халық ханды әз-Тәуке атап, ал оның билік құрған кезеңін қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман деп бағалады.
Жоңғар хандығымен күрес жүргізе отырып, Тәуке хан Бұхармен жақсы қатынаста болуға тырысты. Ол қазақ хандарының дәстүрлі Мәуереннахрдағы ықпалы үшін күрес бағытынан қайтқан жоқ, өмірінің соңына қарай Ташкентті өзіне қаратты.
Ресейдің Батыс Сібірге біржола орнығуы, Ертіс бойына орыс бекіністерінің орныға бастауы, сөйтіп, бұл қуатты мемлекеттің батыс пен солтүстік-шығыста қазақ елінің тікелей көршісіне айналуы, әрине, Тәуке ханды да ойға салғаны анық. Жоңғардан төнген қауіп жағдайында оның 1717 жылы орыс үкіметіне елші аттандырып, әскери көмек сұрауы — соның айғағы.[1]
Қазақ хандығының хандары[өңдеу]

Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1474 жылдары билеген.
Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474—1480 жылдары билеген.
Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген.
Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1522 жылдары билеген.
Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522—1523 жылдары билеген.
Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген.
Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.
Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген.
Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген.
Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген.
Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген.
Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген.
Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген.
Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген.
Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген.
Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген.
Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген.
Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.
Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.
Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.
Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.
Кене хан, Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.
Ұлы жүз билеушілері[өңдеу]

Жолбарыс хан, Тұрсын сұлтан II ұлы, (Шығай ханның Аман-Бұлан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1715—1718 жылдары билеген.
Есім сұлтан, Сәмеке хан ұлы, Тәуке хан немересі 1750—1798 жылдары билеген.
Әбілфайыз хан, Әбілмәмбет хан ұлы, 1771—1783 жылдары билеген.
Орта жүз билеушілері[өңдеу]

Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.
Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.
Сәмеке хан, Тәуке хан ұлы, 1719—1734 жылдары билеген.
Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.
Күшік сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, (Шығай ханның Ондан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.
Барақ сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, 1731—1748(1750)? жылдары билеген.
Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.
Уәли хан(1741—1819), Абылай хан ұлы, 1781—1819 жылдары билеген.
Дайра хан, Барақ сұлтан ұлы, 1781—1784 жылдары билеген.
Бөкей хан, Барақ сұлтан ұлы, 1815—1817 жылдары билеген.
Шыңғыс сұлтан, Бөкей хан ұлы, (Барақ сұлтан немересі) 1819—1822 жылдары билеген.
Ғұбайдолла хан, Уәли хан ұлы, 1821—1824 жылдары билеген.
Кене хан(1802—1847), Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.
Кіші жүз билеушілері[өңдеу]

Ресей Империясы тағайындаған хандар[өңдеу]
Әбілқайыр хан, Қажы сұлтан ұлы, (Әз-Жәнібек ханның Сөк сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.
Нұралы хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1748—1786 жылдары билеген.
Жармұхамбет хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1786—1791 жылдары билеген.
Ералы хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1791—1794 жылдары билеген.
Есім хан, Нұралы хан ұлы, 1796—1797 жылдары билеген.
Айшуақ хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1797—1806 жылдары билеген.
Жантөре хан, Айшуақ хан ұлы, 1806—1810 жылдары билеген.
Шерғазы хан, Айшуақ хан ұлы, 1812—1824 жылдары билеген.
Халық таңдаған билеушілер (Маңғыстау өңірі)[өңдеу]
Батыр хан, Қайып хан ұлы, 1748—1785 жылдары билеген.
Әбілғазы хан, Батыр хан ұлы, 1791—1806 жылдары билеген.
Қаратай хан, Нұралы хан ұлы, 1806—1816 жылдары билеген.
Арынғазы хан, Әбілғазы хан ұлы, 1816—1821 жылдары билеген.
Бөкей Ордасы билеушілері.[өңдеу]
Бөкей хан, Нұралы хан ұлы, 1800—1815 жылдары билеген.
Шығай хан, Нұралы хан ұлы, 1815—1823 жылдары уақытша билеген.
Жәңгір хан, Бөкей хан ұлы, 1824—1845 жылдары билеген.
Сайып-Керей хан, Жәңгір хан ұлы, 1845—1847 жылдары билеген.
Жандос Торе
olimp_91_m@mail.ru
14-07-13 10:53
Ассалама алеикум маган торелердин и шежиреси керек еди каидан табуга болады
Нурдина
nurdin_ka096@mail.ru
28-06-13 22:02
jaksu ozime kajetti materiyadardu taptim
Meirzhan
miko.b.miko@mail.ru
08-06-13 11:54
сания raxmet taptim kerektimdi...!

Айжан
ania95_5@mail.ru
26-05-13 14:03
рахмет барине керекті мәліметті тауып алдым!!!
Айжан
ania95_5@mail.ru
26-05-13 14:01
Абдулахат сенің мәліметтеріңе рахмет!!!дәл таптым
АНЕЛЯ
Anilyam_96@mail.ru
20-05-13 19:57
маған Дияспора жайлы керек
айым
aiko-amantaeva@mail.ru
03-05-13 18:44
касым хан кезиндеги казак хандыгынын астаналарын кандай

сания
saniya.99.27@mail.ru
05-04-13 19:57
ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ
1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы
1480-1511ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы
1511-1518ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы
1518-1523ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды
1523-1532ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды
1533-1534ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды
1534-1535ж – Қожа Мақмұт хан болды
1535-1537ж – хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан
1538-1580ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы
1580-1582ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды
1582-1598ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды
1598-1628ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі
1613-1627ж – Тұрсын хан билігі
1628-1652ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы
1680-1715ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы
1718-1726ж – Батырдың билігі
1726-1730ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы
1720-1740ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды
1718-1748ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды
1748-1786ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды
1791-1794ж – Ералы Кіші жүзге хан болды
1795-1797ж – Есім Кіші жүзге хан болды
1797-1805ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды
1805-1824ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды
1716-1719ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі
1719-1734ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі
1734-1771ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі
1771-1781ж – Орта жүз ханы Абылай билігі
1781-1819ж – Орта жүз соңғы ханы Уәли билігі
1815-1817ж – Орта жүз соңғы ханы Бөкей билігі
1841-1847ж – Кенесары қазақтың соңғы ханы. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы

Аружан
ary0124
23-01-13 17:51
маған Абылай хан туралы көрніс керек еді тауып беріңдерші,алдын ала рахмет
Ансаган
ansagan_kz@mail.ru
03-12-12 22:19
"Оның сырт көркі келісті, мінезі жайсаң Шыңғысханның заңдары мен жарғыларына ізетпен қарайтын әмірші" деп қай хан туралы айтылған
айтыып жиберіндерш ааааа?
Danik
kz.danik.97@mail.ru
29-11-12 13:54
қазақ хандарының хронологиясын жазып жіберіндерш
Дана
26-10-12 14:28
қазақ хандығының шежіресін Назарбаевқа дейінгі керек еді отиніііш
Токберген
haruah@mail.ru
25-10-12 15:36
Ұлылардан ұлағат алайық!
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмей-тұғын артына сөз қалдырған. (Абай ата)
Ықылым замандарда Қырық қақпалы Сайрам шаһары әлемді билеген Қазақ Қаһаннаның астанасы болған. Сақтан, Қазақтан, Алаштан тараған сансыз (жаратушы нұрына бөленген) бабаларымыздың мекені болған қала. Сансыз бабаны кейін тарихатымыздың дұшпандары арабтан арнайы келгендердің қатарына қосып, ислам дінін таратушы деп, немесе сөз астарын ұқпайтындар саны жетпес дегендей өзгертіп жіберген. Сансыз деп жоқтан бар болуды, бірді атасақ немесе сол Алланың бірлігін, ерекше хикметті меңгеруді айтады. Құранда сендер білмейтін қаншама пайғамбарлар бар ескерткендей исламнан бұрынғы түскен кітаптардан «Ақиқат» негізін қалаған қазақ жерінде 63 пайғамбар және 28 елші жалғастырушы болып 91 кітаптың сөзін «Насят» деп ұрпақтарға аманат қалдырған. 92-ші кітаптың аты «шариғат» болып Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеті мен ізгі амалдары болып табылады. Сондықтан сол 92 кітаптың амалдарынан Құран түсіп тұратын, заманына қарай амалдар нәтижесіне, ел ішінен болған ерекше қасиет берген құлына, аянмен құран аяттарының құпияларын үйретіп отыру арқылы ғана адам баласы ақиқатқа қосылып бірігіп сансызға айналып отыру шарт. Сансыз болғандарды Бір Алла деп, жаратушының тәңірлік сипаттарының жоғарғы сатысын айтады. Шариғат амалдарын шежіреге, ғұрыпқа біріктіре отыра тарихатқа өтіп, тарихатта тылсымнан періштелерден, сабақ бата алу (уахи) арқылы ақиқаттың жаңа белесіне өтіп, өткен және болашақпен кездесіп, шежірені жалғап отыру керек. Бұндай діннің бірлену нәтижесінің адам парасаттылығын қалыптастырып оның көрнісі шабыт атты пыраққа мініп, сөз ғылымын меңгеріп, білімді жетілдіріп жоғарғы өркениетті меңгеру болып табылады. Діннің тарихы, ұлтық бейнесі ірге тасы немесе тамыры «Ғұрыпнама» ( елдің Құраны) болып төрт белгімен беріліп отырады;
1. Ай жүзіндей жарқыраған «Нұрлы шежіре».
2. Айтсаң айнымас «Асыл шежіре»
3. Көрсең көзің тоймас, ұрпақ аумас «Алтын шежіре»,
4. Атасының борбайын, анасының ойбайын айтар «Аңыз шежіре» (Асан Қайғы)
Бірінші белгісі; Әрбір пенденің, шабыт, шығармашылық өкілінің, діншінің айдың жүру жолдарымен, жыл өзгерістеріне, құс жолының қозғалысына байланысты түс, аян көру арқылы, әрбір адам баласына жеке берілетін оқиғаларды, халықтар шежіресімен, негізгі заман кезеңдерімен шындыққа шығарылған тарихи нақты деректер әр түрлі белгілермен, таңбалармен жазылып, құпия сақталып ұрпақтарынан аманатқа қалдырып отырады. Және киелі кітаптармен расталады. Екіншісі; ауыз әдебиетімен болған оқиғалардың жыраулармен, ақындардың, сыпыра шежірешілердің айтқан өсиеттерінен өткеннен үгіт алу арқылы беріледі, яғни халықтың жадында сақталған оқиғалар тізбегі. Үшіншісі; жазба, сызба, таңба түрінде қалдырған мұралар, жәдігерлер, таңбалар арқылы оқылады. Төртіншісі тарихи оқиғалардың аңыз арқылы әртүлі «әлқисаларды» сол жоғарғы деректермен салыстыра отыра ғалымдардың зертеулерінен шығармашылық өнермен, романдар, кино т.б туындылар арқылы толықтырылып жазылады.
Халықтың жүрегі кірлеп, есту қабілеті әлсірегенде сөздің құны жоғалып, ойлау жүйесі өзгеріп, басқа елдің сөз отарына ұшырау, тарихи оқиғалар жалғасы яғни сөз соғысы, ақыл ойдың соғысы, жер бетіндегі халықтар арасында алмасып, айналдырып отыру жаратушыдан тұрақты берілген сынақ деп біліңіз. Ондай соғыс ғасырларға созылып ақырында бір елді, екінші сөз үстемдігін алған ел, отарлау арқылы нәсілдік сипатын өзгертіп, сіңіріп тілін өзгеріске ұшырата білсе, ондай ұлтта тілімен бірге жоғалып отырады. Бұндай ақпараттық соғыс негізінен сақтардан басталып әлем түрленіп, қайта сақтардың негізгі ұрпағына тектілерге шабуыл жасап, қайта жұтылып, түрленіп отыру жер жүзіндегі тарихи оқиғалар шежіресі «Насият» болып жазылып, «Бес таңба» деп аталып, кейіннен Мұхаммед пайғамбарымыз «Із бөрі» деп ат қойып кетіпті.Ол кітапты аятта; «Рас білеміз. Өйткені олар: «Құранды Мұхаммедке бір адам үйретеді» дейді. Олардың ұйғарған адамының тілі бөгде. Ал бұл Құран ашық Арап тілінде» (16-103) Құраннан басқа құпия тілде шариғат істерін көрсетуші басқа тілде кітаптың (Құранның- шариғат негізі) болғанын осы аят растайды. Және сол кітапты апарған Укаша сахабаның Михсан яғни Сансыз баба ұрпағынан тарап, басы пайғамбарымыздың аяқ жағында жерленуі жеткілікті дәлел емес пе? Сол «Бес таңбаның» төртіншісін аңызын, халық оқыпта көріп те баспасөз беттерінде жазылып та жатыр. Үшінші белгісі болып табылатын нақты таңбамен теріге жазылған кітапты аталар аманатын; Көрсең көз тоймас «Асыл шежірені» ұстайтын да уақыт келер. Әзірше екінші түрі, ауыз әдебиетімен таралған «Айтсаң айнымас асыл шежіреден» сыпыра шежіреші Алиасқар Байғұтұлының (1898-1981) қалдырған мұрасынан танысып көрейік;
Жұмыр жердің бетін дүр сілкіндірген және әр қашанда әділдіктің жолын ұстанған, қаһары мен қайрымдылығы тең болған тектілерден шыққан қаһандар, патшалар, Гүрхандар, Хандар, Баһадүрлер, Шешендер, Көсемдер;
1.Кер Сақ-аб сансыз Баба! –Данышпан.
2.Күрең Алаш Сақ-аб қаһан.-Баһаул!
3.Алаша қаһан баһаул!
4.Қазақ, Созақ қаһан-«Баһан-бастар»!
5.Қыпшақ «Атауұлы» (Атила) каһан Баһаул!
6.Тоны Көк білекті қаһан!
Бұл дерек шежіреден ұлағат алсақ; Сақтан шыққан қаһан, баһаулдер әлемді өзіне қаратып, сақ мәдениетінің жазу сызу үлгі өнегесін таратып, әділетті заңдарды шығарушы «Ғұрыпнама» негізін қалаған; Сақтың алты ұлынынан тараған ғұламаларды ел басқарушыларды «Сақ-аба» (қожалар-әмір иелері) яғни адамзатқа Адам атадан бастап түсірілген негізгі атаулар жүйесінде қалыптасқан «АБ» әліппені кейінгі жаратушы тарапынан берілген, түсірілген нұсқауларды «А» әліпбиіне жалғастырып таратушылар. Жер жүзіндегі барлық ғұламалар тегі «АБА»-лардан өсіп өніп араласып таралып отырады. Құран сөзі болашақта құпиясы шешілетін «ОВ» әліпбиі (Крилица) Адам атаға түсіндірілген «А» әліпбиінің жетілдірілген үнді түріне жатады. «Крилица» деген Кер атадан тараған; Кер-аб, Кер-шүк, Кер-ай бабаларымыздан қалған үш түрлі сызба таңбалар жиынтығы яғни Адам ата Нұх пайғамбар қауымынан хабар береді. Енді «Айтсаң айнымас асыл шежіре» өзгерту қиын өлеңмен берілген өсиеттерден мағлұмат іздеп көрейік!
Кер Сақ –аб Тұтқа Кербұлқа қаһан! Санның басы Кер Сақ-аб,
Елтеріс қаһан-Данышпан «Ертіс» Сансыз Баба Сайрамдағы,
«Керүкі Темір Құтылық» қаһан! Мұхаммедте іздеген Кер Сақ-абты!
Амур Дария Забур патша-«Тұрант»! Ол Алланың елшісі пайғамбары!
Сауран Дария Жамушын патша «Сурант»! Алты Алаш алтын тамыры жұмыр бастың
Сары –Оғлан Қарахан патша «Тараз» Жалған деп тіршіліктің бұлағын кім айтады?
(Жүсіп Баласағұн)

Енді Хасан Азаннуринни Омар Хаямның айтқандарынан:
Ия Алла, аян берші сұрағыма Қазығұрт қоңыраулы «Кемелі тау!»
Бас иемін Киелі Құраныңа! Киелі Анадай «Балбалым – ау»
Қазақ Қаһан туылған Қазығұртта Осы айтқаным жете құлағыңа?!
Бір күні жәдігөйлер тұрады ма? Бес Ана, Көш Ана, Ду Ана бар!
Қазақ Қаһан көтерілген биік шыңға Тоқсан екі ұл бергенсің құрсағыңа!
Жөгіттерде тырмысып шығады ма? Қазақтан тараған осындай ұрпағы бар.
Әділдікті бұрмалап жолын байлаған Бас иген ғалам жартысы Қыпшағыңа!
Мұхаммед пайғамбарға қастық ойлаған, Меккеге қорған болған Бағдат едік,
Жәдігөй жөгіттерге жол бермеші! Бағдатқа бақ қондырған Қазақ еді!
Келмесін қос емердің бұлағына Қазақты Қаһан еткен Кер Сақ Аб еді
Қазығұрт тектілер шыққан киелі тау! Ер Қазақ, Мәулім Қазақ, мейрім Қазақ!
Дәулетің дәуіріңде тасығанда Өшпейтін өрнегі Нұр Өсиет бер!
Аузыңа Төрт Құбыла да қарап еді Мені де мәңгілікке жаратпаған
О, Тәңірім! Тектілердей қасиет бер! О, жалған! Сен бір неткен қонақ едің?!-деп

Шайыр бабамыздың жаратқаннан сұраған Нұр Өсиетінің тарихын яғни шариғат негіздерінің қалай пайда болғанын Сырым Дат ұлының Бұхара әміршісіне айтқан ескертуінен іздеп көрейік;
Сарт садағам тыңдап қой ақиқаттан! Қожалар тектіміз деп ауып шыққанда,
Ақарыс, Бекарыс-ау, Жанарыс деп Кербалада Етүрейлер жолын тосқан.
Қозғайсың өзіңе тартып шариғаттан Қырылып арап, парсы Кербалада.
Қазақ Қаһанды айтуға дәтәң шыдымас Пайғамбарды шөлге тастап тұра қашқан.
Жаһанның Машқұр-санат Бәйтерегі. Қол шыққан жер қайысқан Қазығұртан!
Қазақты қалай қосасың Әлімсақтан «Бестаңба» Кер Сақабтың «Ғасыр- табағын»
Қазақтың алты ұлына әлем қараған Керейлер Мұхаммедтің қолына ұстатқан!
Алаш- Қаһанды ұмытпа арын сатқан Ақиқаттан Шариғатқа қасиет бітіп,!
Құранда да Алты ұлының аты мәлім Өсиет қалған «Насият» деп Арыстан баптан. Жаһаннамға аттандырайын ба жанын сатқан? «Ізбөрі» бұрынғы аты «Бестаңбаның»
«Құрайыш» Ар мен Ғұнның жетінші ұрпағы Алланың құдіретімен ілім түскенде,
Мұхаммед анасынан туылғанда Бес- сақаба оқып шығып осы кітапты,
Тектілер жөгіттердің ханын құлатқан. Құранға «Бестаңбаның» нұрын шашқан!
Жөгіттер «Етүрей» боп дінге кірді Исі мұсылман ағылып Түркістанға
Тектілер төрт құбыланың бәрін алды деп
Дауыл тұрып, ғаламатты құйындатқан,
Өтің жарылып аузыңа келсін
Өтірікке атасы жоқ Сырым Датқаң!
Сонда Бұхараның бас имамы орнынан тұрып:
-«Уа Сырым Датқа! Ақиқат пен шариғат егіз, бірақ бізге «Бестаңбаны» ұстатпайды, сондықтан біз Бір Алланың құзырына бас иеміз. Ал «Бестаңбаны» әркім ұстаса, адам баласы «Қазығұртың» тасына дейін арқалап, әркім өзін текті санап, жер бетінде қан төгіс тоқтамайды» -деп Құраннан аят оқып, Сырым Датқаға ырза болып; -«Біз сізге нала болмаймыз, сіздей пенде туылмайды, жаназа екі жуылмайды. Әділдік сіздің ауызға балын тамызған екен, жолыңыз болсын» - деп шығарып салады.
Араптардың дін соғысының шежіресінде де, пайғамбар өсиетіндеде кер ат мінген қара киіммен тұмшаланған атты әскердің келіп жеңіліске ұшырап жатқан сахабалр арасында соғысып жауды күйрете жеңгені жазылады. Бұл қазығұртан қыпшақ әскерлерінің аянмен көріп, пайғамбарымызға жәрдемге барып әрі «насият» кіәтабының көшірмесін апарғанын және сол кітап арқылы шариғат негіздері қаланғанын растайды. Укаша сахаба атасынан аманат теріге жазыған өсиетті алаып келді деген растайтын әңгіме де бар. Сонда Укәша сахабаны жалғыз барды деп кім айтады. Және онымен бірге болған Ерқоян, Құттықожа т.б көптеген сахабалардың да болғаны тарихи шындық емес пе? Сол соғысқа қатысқан жауынгерлерді діншілер періштелер деп түсіндіреді. Ол Құран ғылымына қайшы; «Періштелер түскенде сендерге мұрша берілмейді, шақ салынады» деп ескерткен. Екі періштенің өзі бүкіл Садам қаласын асты-үстіне түсірді емес пе? Олай болса арап діншілерінің шежірені өзгертіп дінде үстемдік, әлемде билік құру мақсатындағы нақты болған оқиғаларды өзгерткен, деректерді тыққан жәйларын бар екенін болашақта табылатын теріге жазылған сақтардың Адам атадан бастап жалғасты жазылып келе жатқан, Шыңғысқан атамыздың тықтырған қазынасын ашылуына ұлықсатың түсетіні даусыз!
Оян қазақ! «Ізбөрі-Бестаңба» Бес ата болып қазақ жеріне белгі түсті! Тектен қалған нақыл бар; «-Сақ-аб Сансыз Кер Ата! Иманы таза Ар ата! Қазақ Қаһан сиынған, Қарлығаш қанат Ғұн Ата! Бес әулие тоқтаған «Бес тораңғыл»- Тал Ана!» «Сақ-аба»-лар ұрпағынан қалған өсиетті құйма құлақ болсаңыз, көңіліңе тоқып ал; « Қазақ жерінде кісіге несібеге арамдық у қосуға (ғұрыптық салтты бұзуға), жақсылықтың алдын тосуға, жаудан жосуға (бұғып қашуға), сәбидің белін басуға, әулиге тіл тигізуге, ғұламаға қатты сөйлеуге, Елбасыға лағнет айтуға, жарғыларын аяқ асты етуге, мал жайлымдарын өртеуге, сүйген жарыңды перделеуге болмайды». Осы өсиеттер бұзылса; «Қазақ қаһарланса жер дем алады, Керей (Кер Сақ-аб ұрпағы) сұраса, Кербалада көктем болады». (Әмір Темір Көреген). Іліммен пәтуа берушіні «Қожа» десек; «Ең Дәулет, Елдік дәуір, Думанды көңіл, Дуалы ауыз, Сақтан ғұмыр, Әлім сақтан бұрын Қазаққа жұғым болған». (Құл қожа Ахмет Ясауи.) « Түбі тамыры жоқ тал болмайды. Тегі, Елі жоқ Ер болмайды!» -деп бабамыз Қазақ Қаһан айтса, Мұхаммед пайғамбарымыз; «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (ғұрып), ілімнің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!»- деп толғаныпты. Оған себеп жаратушымыздың Құранда берген мына аяты дәлел болмақ; «Ол қауымды (Тектілерді) іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында оларда сендер күйзелгендей күйзелуде (кәпірлермен үнемі соғыста). Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген (тура жол, сыбаға) үміт етесіңдер. (Босқа әуреленбей, солардан үйреніңдер!) Алла тағала толық білуші, хикмет иесі.» (Ниса-104) Құрайыштар тегі «Ар» мен «Ғұн» Кер Атаның ұрпағы. Алтыны меңгергесін ақын да, шайыр да шығып, сөз қадірін білгесін Құран түскен. Бірақ тоғызбен толғаудан ажырап қалған. Тоғызды әдетке енгізген Тоны Көк Білекті Қаһан-Жүніс пайғамбар! Аятта; «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа адастырады да кімді қаласа тура жолға салады.» (14-4) Онда қай елді тура жолда болғанын білу үшін сол тілдегі пайғамбар арқылы ғана анықталатынын ескертеді жаратушымыз. Жүніс пайғамбар елінен басқа , тура жолда болған ел жоқ деп ескерткенін назарға алсақ, сондықтан Құранда пайғамбарымызға; «(Мұхаммед) онда олардың табынғандарына байланысты күдікте болма. Олардың ата-бабаларының бұрыннан табынғандары құсап табынады. Әрине біз олардың сыбағаларын кемітпей береміз. (Тура жолды береміз)» (Һұд -109) Құран сөздерінде 4-түрлі астар жасырылып, сондықтан 7-түрлі үнмен (қырығат) оқылып 28 санымен арап әрібінің жасалуы осыны білдіреді. Негізінен сөздің толық астарын ұғыну үшін яғни; «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады». Сондықтан қазақ әлипбиінде ғана замандар тезінен өтіп ерекше 9-үн таңбаның пайда болуы осы қазақ тілінің әлемдегі ең жоғарғы биігіне көтеріліп, құран сырынг ашатын халық болатынын аяттардың сандық мәні, сүрелердегі орындары көрсетеді. Үнді аздыруға бағыталған ақылы толмай, жасы қырықтан аспай, сақалды кеудеге түсіріп, қара қуаттарды жынды өзіне қосушы және дін шапанын жамылып «Жиһад» деп елге іркі салатындарды «жөгіттер» деп атаған. Ал өз елінде жүріп аңқау елді өзге тілдің түсінбейтін атаулармен тілін бұрмалап сансына қақпан құрып, жүрегін мөрлеп, аяттарды күшінен қалдырып, халықты дінмен арбаушыларды «арамза молда», «залым ғалым», «адам аулаушы аю» ал Құранда «мұнафақтықтарды (екі жүзділерді, тілі айыр-жылан тілді) сөз аңғарынан байқайсың» деп ескерткен. Олардың тілінен баланы алдаусыратып жұбатқандай бал тамады, май (ғылым) таматын жан дүниеңді қозғайтын тарихтан тағлым алар сөз шықпайды. Ұлтық үндестігі жетілмеген сөздерді жөнсіз пайдаланудан, шала піскен астай болып, жанды улап мастықты туындатып, тіл ғылымның да, дін ғылымының да қазақта бүгінгі таңда беделі жоғалды. Шариғатты тек құран түскеннен басталады деп, халықтың шежіресін өзгеруге және тарихын жоғалтуға тырысушыларды Аллаға серік қосушылар деп атайды. Олай болса аятта; «Аталары ескертілмей өздері кәперсіз қалған елге ескертуің үшін (6) Расында олардың (араптардың) көбі зиянына берілген қаулыға лайық болды. Сондықтан олар иман келтірмейді. (36-7) Арап еліне Мұхаммед пайғамбарымыздан бұрын ешқандай ескертуші болмаған. Олай болса кейіннен қалыптасқан ұлт болып арғы шежіре шариғаты болуы да мүмкін емес. Олардың көбі бұрынғы әр жерден үйренген әдетіне басып толық шариғатты ұстай алмайды, құран үгітін толық меңгере алмай зиянына алып, көбі иман келтірмейді деп ескертеді. Араптарда шежіре кітабының болмағандығын аятта; «Оларға оқитын бір кітап бермедік (шежіре, өсиет, шариғат) те сенен бұрын ескертуші жібермедік.» (34-44) Олай болса араптардың шариғаты тек Мұхаммед пайғамбарымыздың үлгі өнеге, өсиетімен ғана қалыптасады. Осы аяттың өзі Сырым Дат ұлының айтқан өсиетін анықтап тұрған жоқ па? Араптарды діншілер Адам атадан бастап негізгі қауым қожалар деп халықты алдайтынын, пайғамбарымыздың мына өсиетінен анықтауға болады. « -Уа, Алланың елшісі! Адамдардың ең құрметтісі кім?-деп сұрағанда: -Ең тақуалары,-деді. Адамдар: -Сенен бұл туралы сұрап тұрған жоқпыз,-деді. Сонда пайғамбар:-Ол Алланың пайғамбарының ұлы Жүсіп, Алланың пайғамбарының ұлының әкесі де (Жақып) Алланың пайғамбарының ұлы, ал атасы (Ысқақ) Алланың сүйікті досының (Ыбырайым) ұлы,-деді. Олар тағы да: -Сенен бұл туралы сұрап тұрған жоқпыз,-деді. –Сонда сендер арабтардың арғы аталары жайлы сұрап тұрсыңдар ма? Олардың жәһиляттағы ең жақсылары-егер дінді түсінсе, Исламдағы ең жақсылары болады,-деп айтты»,-деген» (1345-өсиет) Осы өсиетпенен-ақ арап халқының шежіре шариғатының жәһилет дәуірінен яғни ислам келмей тұрғандағы қалыптасқан арилықтар болып табылатын Ысмайыл пайғамбардың ұрпақтары мен Ғад қауымынан құтқарылған та аз ғана елдің «аптардың» бірігуімен құралған халықтан басталатынын көрсетеді. Кім пайғамбарымызға берілген жеке кітапқа (Құранға) қарсы болып оны бұзуға тырысса онда ол Аллаға негізгі Құранға да қарсы шығып, кәпір болды. Осындай пайғамбарымызға түсірілген ап-ашық аяттардың үгітін түсінетін қазақтың қанына сіңген, тоғызбен толғайтын; шешендік, билік, абыздық сөз ділмарлығын шеттен алған «философ профессор» деген шенге айырбастап жібердік. Сондықтан сондай шенділерден дәріс тыңдаған, сөз астарын ұқпайтын мастар мен тамырынан ажырап жатқан жастарға зираттатып, табандарын мөрлетіп, ана тілінде рухтан шарап (бата) беріп басын жазса ғана есін жияды. Сол шараптың буы (гипотегендік өріс, ар буы) Алланың сүйген құлдары әулие-әмби сүйегінен жұпар иіс, майдың нұры болып шығады. Сондықтан жаратушымыз; «Зейнеттеріңді алыңдар, табандарыңмен, төбелеріңмен ішіп жейсіңдер» деп ескерткен.Оян қазақ! Ақиқаттың көшірмесін пайғабарымызға апарған кітаптан хабар келді! Сол мұраны қолға ұстау үшін, әуелі жалпы қазаққа ауызға (сөзге) бірлік керек! Құран арап сөзімен емес әлемге ортақ үндер жинағымен берілген. Екі дәрежелі үнді «ОВ» деп белгілегеніміз абзал. Сонда «Иванов» түбінде «ОВ»-ға мұсылманға айналады деген жаратушы тарапынан үкім. «ОВ»-мызды, бірін өзіміз, екіншісі арапты танытушылар қысқартып, тек әкеңді ғана біл деп әкесімен қатар аталғанды мақтан тұтып, дінніңде тарихын шежіресін қысқартып ал тарихта халық есінде әулие болып танылып, дін әлемінде нақты тарихаттың қағидаларын қалыптастырған дана бабаларымызды елдің жадынан алып тастап, дін тұтастығын бөлшектеп жатқан зұлымдыққа бағытталған шариғатымыздан тазарайық ағайын. Діннің өзіндік шежіресі бар! Оны «жан ғылымы» деп атаған Әзіреті Сұлтан әулие бабамыз. Жан ғылымы үндестік заңына, тіл ғылымына тәуелді. Ұлтық дін танымында жан ғылымының көрнісі болып, таза ақпарат, ғылым, халықтар денсаулығы, елдің бірлігі, өркениеттің жоғарғы үлгісін қоса қалыптастыру ғана діннің негізгі нәтижесі болмақ. Сөз ғылымыда дамып, заманына сай жаңа философиялық бағытты, әлемдік өзгерістерге нақты баға және тіршілік ету формалары мен өзгерістерді қалыптастыру шарт. Тура жолын тапқан ел қашанда әлемдер мектебіне үлгіге, Гумиловша «пассионарлық» көш басшыға айналу керек. Дінді тек кітап түскен елдің тіліне ғана байлап, әлем халқын Алланың сөзіне емес, елдің сөзіне табындыру елді мәңгүттікке, қайғы қасіреттерге және жаратушының сынақтарын, лағнетін туындатады. Халықтар шежіресі дінмен біте қайнасып, үнді дамытуға, бірте-бірте үндестіктің бірігуін қалыптастырып, сөз ұғымдарының кеңістігін дамыту арқылы түсініктердің ұқсастығына жету керек. Бірақ тіл заңдылығы, үндестік заңдылығы қатаң сақталу керек! Тіл ғылымы дін ғылымынан үстем болғанда ғана, дінді түсіндіру тіл ғылымына мүлтіксіз бағындырғанда ғана нағыз бейнесін көрсетіп, ел мүдесіне таза ақпарат алуға қызмет етуі сөзсіз. Дін қашанда тілдің даму заңдылығының қызметшісі, шабыттың бұлағы, сөз тазалығының кепілдігін қамтамасыз ете білгенде тура дін болып табылады. Құраннан Алланың сөзінің дұрыс аудармасын түсініп оқып, араптың тілдік үнін емес, Құранның белгіленген аяттар үнін өз үнімізге қосқанда ғана мақамды табамыз. Әр тілдің өз «ДО»-сы, өз жетісі «Си»-үні бар. бар. Ал Құранды жаттап алу, жанды «компютер» қызметін көрсетіп, жаратушымыз арап тілін жетік меңгерген пайғамбарымызға да игілік емес екенін ескерткен. Қазақ халқының дін шежіресі солай жазылып келеді, жазыла бермек. Үнді сөзге айналдыру, әрбір үн атауына ат қою тек жаратушы тарапынан хикметпен ғана сынақтарынан өткен сүйген құлына беріледі. Құранды қазақ тіліне аудару миллиондардың ішінен тек біреуге ғана бұйыралы. Абайын дұрыс түсініп оқи алмай жүрген, қазақ тілін жетік білмеген қазақ баласы Алланың сөзін қалай заматында аударып түсіндірмек? Тәуратта осындай қателіктерден түсінігін жоғалтып бөлшектелген. Құран ғылымның биік шыңы болса оған дейінгі ғылымдарды білмей жабайылап насихатты қарапайым үгітке айналдыру қазақ дін танытушыларының тұрақты кәсібіне айналды. Бұл арап тіліне ғана емес жалпы Құранға қазақ елі атынан жасалып жатқан қастандық, зор зұлымдық! Арап халқының тілін грамматикасын қалайда бүлдіру әрекеттері. Аятта; «Расында кітап иелерінің бір бөлімі, Кітапта болмағанды Кітапта бар екен деп ойлауларың үшін тілдерін бұрмалап оқиды да: «Осы Алланың қасынан келеді» дейді. Бірақ ол Алланың қасынан емес. Сондай-ақ олар біле тұра өтірік айтады.» (3-78) Жаратқанның өзі киелі кітаптардың үн заңына бағынып зертеу арқылы аударылмаса, төтелеп тілді бұрмалау өтірікті ғана тудыратынын ескерткенін және әдейі бұндай аятты дін ғалымдары халыққа көрсетпейтінін ескертіпті. «Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін (жол-жоба, екі жол) айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де (тіл, сөз) тым жақын. Ендеше әділдік істеуде нәпсіге ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрмаласаңдар, ( өзге елдің сөзін дәріптеу) шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші.» (4-135) Атадан аманат, ана сүтінен уәдені, тек пен нәсілді тәрбиелеуді намаз орындау дейді. Сондықтан Алланың досын, сүйікті құлын, әулиесін дінінде кедей болды деп, ұрпағы болудан бас тартып, Аллаға айғақ болудан қашатын, тіл нәпсісін дәріптейтін жастарды тәрбилеп жатқан кімдер? Сондықтан бұндай дін бұзарлық арандатушылықтан шығар жол тек тіл ғылымының үстемдігі салтанат құру керек. Әр халық өз тілінің заңдылығын қадағалайтын иниституттар құрылуы керек. Әрбір құранды тәржімалап аударушы дінші алдымен, өз елінің тіл ғалымдарының пәтуасын алып, сосын ғана арап тіл ғалымдарының пәтуасын, ұлықсатын алып қана аударға құқығы берілу керек. Сонда ғана Құранды бөлшектеуден тоқтатуға болады. Дінді тек ғалымдар, сопылар кеңесі арқылы басқару ата-бабаларымыздың да жаратқанның да қалауы екенін білуіміз керек. Сондықтан қазақ еліне қазіргі таңдағы басты құндылық; сөзбен үннің бірлігі және «Айтсаң айнымас» асыл шежірені қалпына келтіріп, өсіп келе жатқан ұрпақты тек өз тамырынан нәр, таза ақпарат алуды қамтамассыз ету керек. Ол үшін алтауды араздастырмай төртеуді дәрежелеп, 46-ны тауып алайық! Пайғамбарымызда 46 мен ғана бірлікті табатынын ескерткен. Құранды білген, ана тілін меңгерген текті ғана, осы киелі кітаптың қарапайым жұмбақ сөз есебін оңай шешер! Құпия кітапты есеп жүйесін білмей насихаттау, кітап арқалаған есекке, тексізге айналадыруы даусыз. Құранды неге діншілер арап тілін меңгеріп барып оқысаңыз ғана түсінікті болады деп халықтты соған иландырады десеңіз? Аятта; « (Мұхаммед) Құранды, ол арқылы тақуаларды қуантып, қасарысқан елді қорқытуың үшін өз тіліңде оңайластырып түсірдік.» (19-97) Бар құпия осы арап тілінде көп сөздердің астары тек үгіт оңай болып түсіндіріледі. Ал оның үндік аяттағы сандық мәнімен басқа тілге аударса түсініксіз сөздермен түсінгі ауыр аяттар пайда болады. Сондықтан осындай сөз, үн мәндерін барынша сақтауға тырысып аударылған Халифа Алтай атамыздың аудармасынан түсінігі ауыр болып, білімділердің сөз байлықтары, ақыл қуаты жетпегесін осындай айламен халықты да, ел басшыларымен, ғалымдардың ауыз бірлігінің жоқтығын пайдаланған сырттан келгендердің, қарапайым арап тілін ғана меңгерген діншілердің азғыруына түсіп алданғанымызды әлі түсінер де емеспіз. Аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшыраған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгендей олар, ақиреттен үміт үзген.» (60-13) Аруағынан күдер үзген елде, жеке пенде де Алланың ашуына ұшырап түбі үлкен қайғы-қасіреткке тап болуы даусыз. Оған жуықта әлемнің де көзі жетеді. «Расында сендерге оларда (Ыбырайым елінде, әулие-әмбилерінде) Алланы ахирет күнін үміт еткен кісілер үшін көркем өнеге бар. Ал кім бет бұрса, сонда шүбәсіз Алла еш нәрсеге мұхтаж емес, аса мақтаулы.» (60-6) Демек Алланың достары еш нәрсеге мұқтаж емес, оған пенделер біз мұхтажбыз. Сондықтан аталарымыз; «Өлі разы болмай тірі байымас деген.» Өліні байытудың барлық амалдары Құраныны қазақтың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрде көрнісін тапқан. Ол үшін араптардың шежіресін білу аз. Өз тарихымызды зерделеп, сөз астарын меңгеріп, ауыздың бірлігіне жету үшін текті аталар салған ізбен жүре алатындай қазақша тірлік керек ағайын! Дін (сөз мінезі) түзелмей тіл түзелмес, тіл түзелмей ел түзелмейді. Болашақ әлемдерді басын игізетін қазынаны алуымыз үшін, ата дініміздің ғылыми негізін қалап, надандықтан халқымызды аршып, дінің үлгісіне айналдыру керек. Ал алтын адам деп Қазақ пен Созақтай пайғамбар мен бүкіл «ыслабандардың» анасын өмірге әкелген Алаш қаһан жұбайы Ұлсай Емер анамыздың басына зиратап, белгі тұрғызып әлемге таныстырмақ түгіл кім екенін әлі білмейміз. Алаш қаһан бабамыз бен Алтай Жүрсін (Кер ата) бабамыздың ұрпақтарына сыйға сақтаған қазынаны алмақ түгіл үстін күнде шаңдатып, үй салып, таптап қоқыс орнына айналдырып алдық. Алтын адам әйел дін киімі, ер киімі сауыты да бар! Жүніс пайғамбар бабамызды ұрпақтарымен қауыштыру, топырағын сан ғасырдан кейін туған жеріне әкеліп жерлеп зират ету де кезек күттірмейтін іс. Шыңғысхан атамыз қасымызда, жақын жерде жатқанына шаруамызда жоқ. Бұрынғы астана орнында сарай салып, қазақ елін қырғыннан құтқарған Тұғырыл Торыхан Аякөз патшаны кім еске алады? Үстіне қала салып той тойлап жүре береміз бе? Патшаны құрметтеу, ескерткіш қалдыру, патшаның жұмысы емес пе? Інжілдің негізін қалаған, Мариям анамызбен тұрақты байланыста болған және Інжілдің , рухтың негізгі көрніс, жан ғылымының таңбасын, «шырағданды» қажы бабамызды «шерік қосу» деп мемлекетімізде, мешітімізде теріс айналып, егесін белгісіз қалдырып, болашақ алдында ел басшыларымыз, дін басшыларымыз кешірмес күнәға батуда. Бұл теңдесі жоқ ғылыми құндылық, дін ғылымының сипатын және Ата жолының басты белгісі, таңбасы болып табылатын діни сауаттыларға әлі беймәләм. Пайғамбарымызды аятта; «Алла жаққа, Оның шақыруымен бір нұрлы шырақ түрінде жібердік.» (33-46) Демек шақырушы белгісі шырағдан- Құран! Кемел адам қуатық «Лам» сипаты. Үн тәңірлік сипат, таңба ыдыс, тәңірлік қуаттардың малдық саны-20! Мұхаммед-Мұстафа-Ахмет=20! Ыдысының саны-Бір! Барлығы жиырма бір! Онда шырағдан-қазан пайғамбарымыздың кемелдік аруағы-Нұр! Сонда аруақсыз дінді елестете де білмеген, «Құдайсыз қурай сынбайды» деп, құран кітап болып түспестен бұрын шариғатын меңгерген халыққа егер аталарымыздың ұстанған діні «шерік қосушы, мүшкірік, кәпір» болса, онда қалай шежіренің әлем қолы жетпеген қазынаның кілтін біздерге мұра қылып ұстатып қойды діни сауатты ағайындар? Және құранның қарапайым үгітін меңгерген діни сауаты барға жер мен дін егіз ұғым екенін, діннен шығу жерден шығу болып есептелетінін білу керек еді егер атамыз Әл-Фарабидың «таңбалар геометриясынан» мектеп оқушысының біліміндей ғана хабарлары болса. Дін жердің өңделуімен, өсімдік, табиғаттың түрленуімен, тәтті сулардың, өзен, көлдердің өнімімен өлшенетін шежірелік заңдылығы да бар. Олай болса қай елдің дінінің тура жолда болғанын анықтау үшін жер көлемін халық санына бөлсе сол сан дін қуатын көрсетеді. Жері жоқтың дұрыс діні болмаған, суы аз жері қурағандар аталары кезінде дінді аздырғандар елінен болып табылады. Сондай сауатты діншілер егер шерік қоспасаңдар, тура жолда болсаңдар, неге құранның қарапайым сырларына, сандық мәнімен оқылатына ақыл-ойларың әлі кезге дейін жетпей жатыр? Ата жолы-Манның жолы, ол Ыбырайым бабамыздың тұп-тура түзу жолы, түс жоруды үйреніп, аян алып төртеуді түгелдеудің, құдай халқына айналудың, ақталу жолының негізгі ірге тасы! Ман-ата Маңғыстауда қыстап сол жерлерде жерленгені ақиқат. Ысқақ пайғамбарымыздың шешесі Сара анамыз және жұбайы Рабиға-Рахия анамыз бен немере келіні Әмина анамыздың сол маңғыстау түбегінде жерленуі дінің негізі сақтан тарағанына дәлел бола алмай ма? Ысқақ пайғамбарымыздың ұрпағы Жақып пайғамбардың өлер алдында «мені туған топырағыма апарып жерлеңдер»- деген аманаты Інжілде жазылған. Сонан ол атамызды аманатын орындаған Жақып пайғамбарымызда қазақ жеріне киімімен әкеліп жерлеген. Ашып көрген ғалымдарға аманат белгі ағаш қорапта пайғамбарымыздың біздерге естелік сый, тұтынған бұйымдары бар. Ал негізігі Сақтың, Кер атаның ұрапақтары біздер басынан күнде өтіп жүрсекте, арамыздан бір пенденің басына қарапайым белгі мен құран оқитын орын жасауына құлқы да жоқ. Жүсіп пайғамбардан тараған, көптеген рулардан құралған арап еліне «умра» қажылық жасағанға мәз болып, аталарына зираттау «шерік қосу» болып табылатынын уағыздаушы шежірге (жол-жоба құранға) қастандық ұйымдастырушы екі жүзділерге кім тиым, тоқтау салады? Ата заңымыздың бұлжымас қағидасы болған Ыбырайым жолы әр қазақтың ата-бабадан қанына сіңген Раббысымен тілдесу; «әділдіктің жолын» бұрмалап, ұлылар ұлағатын аманатын аяқ асты еткен әкім қара, ел басқарған жөгіттерді кім анықтап, кім жазасын береді? Әлде осылай сыртымызды қампайтып, бала-шаға, сыртан келген түлкілерге ірімшік беріп «дін қарғасы» болу қазақтың маңдайына жазып қойылған ба? Сұңқарлар қайда? Жоқ! Айқарақ Керейханмен Жәнібек сұлтан аталарымыз; Қазақ бабамыздың атын алғаш жарықа шығарып, дінін сатып араптардан келген азғырушы қаба сақалдыларға еріп ағайындар арасына ірткі салып «шерік қосты, серік қосты» деп кәпір атап, шариғатты жол қылып елін аздырған өз арамыздан шыққан 19 ханды тірілей хан шыңынан лақтыртып, құранды және пайғамбарымыздың хадистерін бұрмалаған дін бұзарларды ағайының болсада басын шап,- деп үкім беріп, үш жылда қазақ жерінің құстың ұясына дейін түгендеткен екен. Артынан қызылбастармен, арсать-парсаттарды қызыл теңізге дейін қуып, жазалап қылышын теңізге лақтырған деген сөз қалған. Сол жиһадты ырым қылып, дін бұзарлармен, ата салт-дәстүрімізге ашықтай қарсылық көрсеткен 19 пендені мейлі әкім, дін ғұламасы, немесе ғалым, философ, психолог т.б еңбектерін құран арқылы әшкерелеп, өздерінің өтіріктен құрылған қақпандарына құран аяттарымен байлап, миларын жаулап алған шеріктерін аластап, халық алдында бет пердесін тірілей сыпыруға тектіден қалған сынықтарды, тума сұңқарларды бірлесуге, жөгіттермен ашық күресуге шақырамын! Бұл «Ақ ұлдың» аманатын жалғастыру деп ұғыңыздар. Орында бар қашанда оңалар! Ата –бабамыздан аманатталған «Хан жамбысын» ортаға қойып, қансуарлап, сыртан келген қара ниет дін бұзар қарақшыларды арамыздан аластайтын күн туды. Кешіктіре берсек мұсылман әлеміне төнген қан төгістен аман қалуымыз екі талай болары даусыз! Мұсылман әлеміне төнген қауіп ғылымның жоғалып, тек кітаби біліммен құранды керісінше зиянға алып, діни сөз, пікір таластыруға баспасөз беттерінде тиым салып, арап тілін меңгергендерді «құдайға» айналдырып, дін әмір иелерінің өздеріне шоқындыруынан және дінді бөлшектеп, ел тарихын «шежірені» әр ұлтың діни жобасы; әдет-ғұрып, салт-дәстүрін жоққа шығарудан, бүкіл намаз оқушы қауымның мәңгүтке айналып, бүлікшілер, зиянкестер қатарын толықтырумен ғана айналысып жатқан өздерін «діни сауаттымыз» деген парызшылдар мен әкім қара, жазушы, тілшілер қауымы болып табылады. Қазақ еліне дін ата жолын уағыздағандардан емес, қудалап сотағандармен, арапшыл діншілерден қауіп төніп, елдің азғындыққа түсіп, ел ішінен сақалды бүлікшілердің шығуы сөзсіз! Ол кезде көп нәрсе кеш болады. Жаманда болса өз қазақ қандасымыз, зұлымдықтан құтқару адамгершілік парызымыз деп ұққаныңыз жөн. Қазақтың дәстүрлі дінінің нағыз жауы сыртан салғанменен, оны орындаушы да өзіміздің қандас бауырларымыз болатынын, бұндай оқиғалардың заман өзгерісіне қарай қайталанып сынақ болып келуі тарихымызда, шежіремізде де үлгілер бар. Енді үлкен ұлтың іргесін бұзып, рухани құлдыққа түсуден жалпы халыққа келетін үлкен қасіретен тек өзіміздің ғасырлар бойы қалыптастырған әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз ғана құтқаратынына бұрын да қайталанған, өткен тарих оқиғалары куә. Өздерін зиялымын, «зайырлымын» (тектімін, жол көрсетуші, ескертуші қожамын) деп сен тимесең, мен тимеймін деп жылы жерінен айрылудан қорқып халқын рухани талауға беріп қойған, ел басшыларымен, қоғам басшыларының ұйқысынан оянатын уақыты өтіп те кетіп барады. Болмаса өздері себепші болған қайғы, қасіреттің отына қоса күйетін арыстанның (өлімнің) ақыратын, (ақыр-ойбайласу заманы) надандардың есек болып ішін тартып бақыратын, ақ пен қараның таразыға тартылатын заманыда келіп қалды. Оған қазақ еліне түскен жаратқанның сыны; алдағы екі-үш жыл ішінде көзіңіз жетіп қалар; тіптен біліміңізге сеніп, дінге бейтарап, европаға, жиған дүниеңізге шоқынып, құдайыңызды ұмытып кетсеңіз де одан құтыла алмайтыныңызға, келген рухани сынақтың ешқандай қазақ баласын айналып өтпейтініне құран ұстап ант беруге де болады. «Бір күндігін ойлаған, екі күн бұрын қамданар» деген данагөй аталарымыз. Сондықтан жаратқанға иман келтіру үшін алдымен бір сөзге келіп, бір тілді алып, даулассақта жауласпай, бітімге келгеніміз абзал болар ағайын! Қайғы, қасіреттен сынақтардан аман өтудің бір-ақ жолы бар; Ол, «Батаменен ел көгеріп, жаңбырменен жер көгерер!» Қазақтың асыл діні; Аманатқа адал болып, қиянатқа «САҚ» болайық!

медет өтежанқызы
medet..97@mail.ru
24-10-12 19:30
қазақ хандығы туралы мәлімет керек еди,отиниш оз ойларынызды косыныздарш
акмерей
akosha23@inbox.ru
06-10-12 19:02
привееет достаааар.....калайсындар маган казак хандыга жайында слайд болса беринднрши
Maksat i love boys
dreamerboy95@mail.ru
01-06-12 20:51
jaksi
Еламан (Көкшетау)
flasher99@mail.ru
20-05-12 13:19
РАХМЕТ БӘРІНЕ!!!!!
Aika
aika-20_10
09-04-12 12:58
keremet! Raxmet jazgan adamdarga
гулжахан
guli_00_94@mail.ru
03-04-12 12:57
Ассаламу-алейкум достар. Әбілмәмбет хан жайлы деректер керек еді.
гулнура
Gulnura.05@bk.ru
25-03-12 20:20
КЕНЕСАРЫ ХАН БАСШЫЛЫГЫМЕН БОЛГАН КОТЕРИЛИС 1837-47Ж.Ж Каркаралы ж.е Кокшетау округтерин куру патша окиметинин Орта ж.е Улы жуздердин туиискен тусъндагы казак жерлерин бирте бирте басып алуын бастап берди.Абълаи хан урпактаринин тонирегине топтаскан казак халкынън наразылъгы арта тусти касым торенин улы саржан султан дара жасактардъ бириктирип казак жерин отарлау саясатъна карсъ котерилди.патшанън жазалаушъ отрядтары ъгъстърган саржан султан озинин жолын куушылармен бирге коканд хандъгына кошип кетти саржан осънда кокан ханынън нускауыбойънша жауыздыкпен олтирилди.1840ж.Кенесарънън акеси Касъм торе мен онън баскада жакындары каза табадъ. КЕНЕСАРЫ КАСЪМОВ тарих сахнасъна Абълай ханнън исин жалгастъруши ири тулга ретинде кадам басты.

Марал
makonti_makona_5
20-03-12 15:24
есим ханнын ески жолы туралы тауып берулеринизди сурайм
жанна
jaks_baby@mail.ru
16-03-12 17:40
TEMA!!! OZIME KEREKTINI TEZ TAUIP ALDIM!!!
жанна
jaks_baby@mail.ru
16-03-12 17:09
dostar magan XV-XVIII gasirlardagi kazak handigi turali jazip berinderw aaa???
Абдулахат
Akhat_1992@mail.ru
15-03-12 13:03
Бату(1243-1255)
Сартак(1255-1256)
Улакшы(1256-1257)
Берке(1257-1266)
Менгу-Темир(1266-1281)
Туда-Менгу(1281-1287)
Толе-Буга(1287-1291)
Токта(1291-1311)
Узбек(1311-1341)
Жанибек(1341-1356)
Бердибек(1356-1358)
Наурыз(1358-1260)
Кулпа(1360-1362)
Келдибек(1362-1365)
Урус(1365-1375)
Токтакия(1275-1380)
Токтамыс(1380-1395)
Куюршык(1395-1412)
Желаладдин(1412-1418)
Барак(1418-1428)
Абулхайыр(1428-1468)
Ахмед(1468-1480)
Шик-Ахмед(1480-1503)
Айгерим
ai.93@inbox.ru
14-03-12 13:47
Салем достар. Маған Батый ханнан басталатын хандар керек))))егер қызмет ерекшелиги болса да жақсы болар еди)))))

Нурик
nurik.1002@mail.ru
19-02-12 17:17
Raxmet
Айгерім
aigera-24@mail.ru
19-02-12 16:03
Салем достар!! Жошы ханнан кейінгі шежірені калай білсе болады?
Роналдо
07-02-12 20:10
берген жылдарыныз кітаптағы жылдармен сәикес келмейді!
Роналдо
07-02-12 20:05
Не себепті қазақ хандарының билік еткен жылдары әр түрлі!
nurzhan
nur..kz@inbox.ru
29-01-12 18:11
kizdar drujba jiberinder
nurzhan
nurzhan_95.kz@bk.ru
29-01-12 18:10
Қазақ хандарының қысқаша шежіресі.
Орыс хан-Құйыршық хан-Барақ хан(1420-1428)-Жәнібек хан(1470-1480)
Болат сұлтан-Керей хан(1456-1470)-Бұрындық хан(1480-1511)

Жәнібек хан(1470-1480)-Әдік сұлтан
Жәдік сұлтан
Қамбар сұлтан
Қасым хан(1511-1521)
Махмұт хан(1532-1533)
Жаныш сұлтан
Таныш сұлтан
Жалым сұлтан
Ұснақ сұлтан

Әдік сұлтан-Таһир хан(1522-1532)
Тоғым хан(1533-1538)
Бұйдаш хан(1538-1560)

Жәдік сұлтан-Шығай хан(1580-1582)

Қасым хан(1511-1521)-Мамаш хан(1521-1522)
Хақназар хан(1560-1580)

Жалым сұлтан-Тұрсын хан(1613-1619)

Шығай хан(1580-1582)-Тәуекел хан(1582-1598)
Есім хан(1598-1613/1619-1627)
Құджек сұлтан

Есім хан(1598-1613/1619-1627)-Жәнібек хан(1627-1642)
Жәңгір хан(1642-1652)

Жәңгір хан(1642-1652)-Батыр хан(1652-1680)
Тәуке хан(1680-1715)
Қайып хан(1715-1718)

Тәуке хан(1680-1715)-Болат хан(1718-1730)
Сәмеке хан(1730-1747)
Әбілмәмбет хан(1747-1771)
Қанішер Абылай сұлтан

Қанішер Абылай сұлтан-Көркем Уәли сұлтан

Көркем Уәли сұлтан-Әбілмансұр хан/Абылай хан/(1771-1781)

Әбілмансұр хан/Абылай хан/(1771-1781)-Уәли хан(1781-1812)
Бөкей хан(1812-1822)
Ғұбайдулла хан(1822-1837)
Қасым сұлтан

Қасым сұлтан-Кенесары хан(1837-1847
Нургис
nurka_ms1@mail.ru
12-01-12 14:44
Өте жақсы!!! Маған керекті мәліметті тез тауып алдым!!! Абдулахат рахмет!!! Мен тарихтан 5 алдым!!!
Сейдана
Аdilbek-Seidana
23-12-11 10:20
Хақназар 1538-1580ж.ж еди гой.
Сейдана
Аdilbek-Seidana
23-12-11 09:54
керек нәрселер бар екен
¦лпан
14-12-11 09:28
Ниетхали саган коп рахмет
¦лпан
14-12-11 09:26
Ќазаќ ќазаќ болуы ‰шін ењ алдымен тілімізді кµтерейік .Тіл мен тарих бірге ж‰реді емес пе?!
Құралай
kuralai_94kz@mail.ru
06-12-11 20:55
Қазақ хандарының билеген жылдары нақтырақ болса, жақсы болар еді. Әйтпесе әр жерде әр түрлі, қайсысына тоқталарымды білмей отырмын. көмектесіңіздерші?
Шаттык
n_shato@mail.ru
26-11-11 14:39
Салем!!Маған Абылай хан туралы мәліметтер керек еді.....
Айгерим
22-11-11 16:38
Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығы туралы мәлімет жазып жібере аласыздарма?тарих панинен
ainur
alban_ainur_1992
22-11-11 09:57
Өтінем ,"қазақ хадарының шежіресі" курсттық жумыс керек болып тұр Өтінем Өтінем өтінем
madina
rashit.madinchik
01-11-11 02:59
қазақ хандарының генеологиялық кестесі

kazax
abay_28_94@mail.ru
30-10-11 16:34
magan kazak xandygynyn xronologiyasy kerek.. komektesinder otinem
Абдулахат
akhat_1992
18-10-11 12:26
Қазақ хандарының қысқаша шежіресі.
Орыс хан-Құйыршық хан-Барақ хан(1420-1428)-Жәнібек хан(1470-1480)
Болат сұлтан-Керей хан(1456-1470)-Бұрындық хан(1480-1511)

Жәнібек хан(1470-1480)-Әдік сұлтан
Жәдік сұлтан
Қамбар сұлтан
Қасым хан(1511-1521)
Махмұт хан(1532-1533)
Жаныш сұлтан
Таныш сұлтан
Жалым сұлтан
Ұснақ сұлтан

Әдік сұлтан-Таһир хан(1522-1532)
Тоғым хан(1533-1538)
Бұйдаш хан(1538-1560)

Жәдік сұлтан-Шығай хан(1580-1582)

Қасым хан(1511-1521)-Мамаш хан(1521-1522)
Хақназар хан(1560-1580)

Жалым сұлтан-Тұрсын хан(1613-1619)

Шығай хан(1580-1582)-Тәуекел хан(1582-1598)
Есім хан(1598-1613/1619-1627)
Құджек сұлтан

Есім хан(1598-1613/1619-1627)-Жәнібек хан(1627-1642)
Жәңгір хан(1642-1652)

Жәңгір хан(1642-1652)-Батыр хан(1652-1680)
Тәуке хан(1680-1715)
Қайып хан(1715-1718)

Тәуке хан(1680-1715)-Болат хан(1718-1730)
Сәмеке хан(1730-1747)
Әбілмәмбет хан(1747-1771)
Қанішер Абылай сұлтан

Қанішер Абылай сұлтан-Көркем Уәли сұлтан

Көркем Уәли сұлтан-Әбілмансұр хан/Абылай хан/(1771-1781)

Әбілмансұр хан/Абылай хан/(1771-1781)-Уәли хан(1781-1812)
Бөкей хан(1812-1822)
Ғұбайдулла хан(1822-1837)
Қасым сұлтан

Қасым сұлтан-Кенесары хан(1837-1847)

Менің бар білетінім және оқығандағы ойым осы достар...
Абдулахат
akhat_1992
17-10-11 14:08
Қазақ тарихын білем десеңдер және қызықсаңдар І.Есенберлиннің Көшпенділер романын оқыңдар.
Абдулахат
akhat_1992
17-10-11 14:06
Қазақ Ордасының хандары(1456-1847)
Керей(1456-1470)
Жәнібек(1470-1780)
Бұрындық(1480-1511)
Қасым(1511-1521)
Мамаш(1521-1522)
Таһир(1522-1532)
Маһмұд(1532-1533)
Тоғым(1533-1538)
Бұйдаш(1538-1560)
Хақназар(1560-1580)
Шығай(1580-1582)
Тәуекел(1582-1598)
Есім(1598-1613/1619-1627)
Тұрсын(1613-1619)
ЖәнібекII(1627-1642)
Жәңгір(1642-1652)
Батыр(1652-1680)
Тәуке(1680-1715)
Қайып(1715-1718)
Болат(1718-1730)
Сәмеке(1730-1747)
Әбілмәмбет(1747-1771)
Абылай(1771-1781)
Уәли(1781-1812)
Бөкей(1812-1822)
Ғұбайдұлла(1822-1837)
Кенесары(1837-1847)
Анвар
anuar-duse@mail.ru
12-10-11 21:21
ашык сабактан план барма болса отинем казак хандары туралы жибериниздерш anuar-duse@mail.ru
Nursultan Kanjygaly
dakenov_nur@mail.ru
04-10-11 17:48
Маған Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның 7 жарғы туралы реферат керек)))))
Caddo-Adai
USA
10-05-11 00:59
Котен хан туралы не билесиндер?
Назгул Шалбаева
nazgul_shalbaeva
06-04-11 18:42
Қазак хандыгының қалыптасуы тусындағы мадениети мен онери
ГуЛя
gulya-730209@mail.ru
02-04-11 19:45
Қазақ халқының қалыптасу тарихы хронологиялық кесте ретинде короче хандар и олардың билік еткен жылдары керек,,,,,!өте плиииииз
Нұрлан би
yessengazy@mail.ru
15-03-11 15:04
Құлтегін туралы ежелгі түркі жазба ескерткіштерінің авторы, біздің данышпан ата бабаларымыз тастағы жазуларын бізге мұра етіп қалдырды. Олар түркі мемлекетінің құлауынан 13 жыл бұрын оның қирайтынын алдын ала болжаған еді. Оның басты себебінде айтқан, ол мемлекеттік ойлауды жоғалту. Адамдар мемлекеттің мүддесі туралы ұмытқан. Олар кез келген жолмен баюды жолына түскен. Оның бағасы да айтылды, ол отанның, туған жердің тәуелсіздігі еді. Ақыры олар жеңілді. Бұл адамгершілік құлдыраудың-өзін таныту еркіндігінен айырылу, бөтен біреудің құндылықтарына қызығу, ата-баба бейттерін елемеу, рухани сананы жоғалту жеңілісі еді.
Жадыра
zhadi.karate-1308
15-03-11 14:50
Сәлем достар! Маған Керей мен Жәнібектен бастап, Кенесары Қасым ұлына дейінгі хандар туралы қысқаша әрі нақты материалдарды табуға көмектесіңдерші?????
гульжан
gardem.guizok92@mail.ru
18-02-11 13:53
13-18 ғасырлар аралығындағы қазақ халкының материалдық рухани ескерткіштері,қазақтын билері туралы ,хандар шежиресі туралы материал табуға жәрдемдесіңіздерші.өтінемін
Айдана
aidana_nur93@mail.ru
14-02-11 22:51
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандары:
Керей мен Жәнібек (1456-1480)
Бұрындық (1480-1511)
Қасым (1511-1518)
Мамаш (1518-1523)
Тақыр (1523-1533)
Бұйдаш (1533-1534)
Қожа Махмұт (1534-1535)
Тоғым (1535-1537)
Хақназар (1537-1580)
Шығай (1580-1582)
Тәуекел (1582-1598)
Есім (1598-1628)
Тұрсын (1613-1627)
Есім (1627-1628)
Жәңгір (1629-1652)
Әз-Тәуке (1652-1718)
Батыр (1718-1726)
Болат (1726-1730)
Әбілмәмбет (1730-1771)
Абылай (1771-1781)
Уәли (1781-1821)
...
жазира
Zhazira_kz_99
30-01-11 20:29
дымда жок ко!!!!!
Гулнар
gauhar-94
24-01-11 07:58
Қазақ хандығы туралы толығырақ мағлұматтар және сол кезендегі ақындардың айтып кеткен ойлары
hanna montana
Ernar
20-11-10 16:31
jaksy aittyn, kosylamyn.
hanna montana
Nurlangan adam
20-11-10 16:28
Jagympazdanbawy a! otinemin! janym suimeidi jagympazdardy.
Әсем
niaz_asem
08-11-10 20:45
Рахмет коп коп, жақсы бағалануыма көмектеседі деген ойдамын. Барлығыңа саттілік )))))
нұрбек
nurbek_chy
01-11-10 16:23
қазақ хандарын ретімен жазып беріңіздерші өтініш
Togjan
togjan9227@mail.ru
28-10-10 15:53
Өтінем!!!!! маған "XV-XVIII ғ Қазақстандағы ислам діні" тақырыбына материалдар тауып беріндерші. Ғылыми жұмысқа керек болып тұр. 2 күннің ішінде тауып бере аласыздарма? Өте қатты керек боп тұр. Пожалуйста!!!!!
ЖЭМИ
jaka_92j
30-09-10 16:33
рахмет сендерге халқым
Ардак
kotan_jyrau@mail.ru
28-09-10 15:02
Рудын емес казактын камын жейік деп уран тастайсызды, орыстын кузырында алі журсіз, тугырлы тіліміз казак тіліме ата тілімізде сайрайык агайын!
Карлыгаш
karlygash_r.k
28-09-10 10:50
Беболат Әшекеев
asema
asema_asema94
13-05-10 20:17
Сәлем! Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар туралы тауып беріңдерші?
Рустем
www.khan.kz@mail.ru
03-05-10 18:11
Бауырлар!сәлеметсіңдер!егер кімге қазақ хандарының шежіресі,және де бүкіл Шыңғысхан ұрпақтарының шежіресі қажет болса,www.elim.kz сайтына кіріңдер
әсем
21421
02-05-10 08:26
рахмет
mal
brou_97
10-04-10 10:03
magan kazak handigi kazhet
қуаныш
NUCHAVEN@mail.ru
31-03-10 12:24
бАУЫРЛАР ТӘУКЕХАННЫҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ БАР МА?
Нурлан
ddr777
25-02-10 17:42
Асем салем биз болинбеймиз озимиздин ата тегимизди талкылаймыз агайын туыс бауырларды билисип танысып журген КАЗАК нагыз казак!!!
Ниетқали
niet_93@mail.ru
24-02-10 18:18
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі.


Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ –қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс –украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.

1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық –зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өенркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.

Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн. пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.

Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл щаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді.

Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді.

Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды.

Орынбор облысы Ақ Бұлақ поселкесінің, Жетісу облысы Лепсі уезінің бірқатар селоларының кедейлері мен майданға кеткен әскерлердің әйелдері жергілікті саудагерлер мен көпестердің дүкендерін талқандады. Сөйтіп, қоғамдағы қанаушы таптар арасындағы қарама –қарсылық, бір –біріне қарсы шығу жалпы бұқаралық сипат алды.

Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық – зомбылығы

1916 жылы 25 мусымда патша өкіметінің «Бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже» қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Жұмыстан немесе әкімшілік ережелері мен талаптарын орындаудан бас тартқан жұмысшыларды түрмеге отырғызуға, немесе үш ай мерзімге тұтқынға алуға, болмаса айып ретінде ақша өндіріп алуға кесетін болды. Азық – түлік екі – үш есе қымбаттауы да халықтың наразлығына өршіте түсті.

Қазақ жастарын майданға тыл жұмысына алу жөніндегі патшаның 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерліуіне себеп болды. Жарлық бойынша Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан – 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам жіберу көзделді. Қазақтардың тууы туралы куәлігінің жоғын пайдаланып болыстық басқармалар мен ауыл старшындары жастарының асқандығына қарамастан кедей жігіттері майданға жұмысқа алынатын «қара тізімге қосты» , ал феодалдар балаларының жасын өз бетінше үлкейтіп, немесе кішірейтіп көрсетіп, әскерге жібермеудің амалын жасап бақты. Мәселен, 60 жастағы кедей шалдары 30 жаста болып, 25 – 30 жастағы бай балаларды 50 жастағы болып болып жазылды.

Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразлығына тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатігез байдларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым – салық қағаздарын т.б. жойып жіберу секілді ашу – ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын әкетеуі жиілей түсті.

Қазақстандағы бұл қозғалыс көпшілік аудандарында ұлт – азаттық сипатта болып, патша өкіметіне, отаршылдыққа, империалстік соғысқа және жергілікті жерлерде патша өкіметінің сүйеніш болып отырған феодал – байларға қарсы бағытталды. Бұл қозғалыста еңбекші халықтың өкілдері басқарды. Торғай даласында қазақ жастарын Әліби Жангелдин мен Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей ордасында Сейітқали Мендешев, Әбдірахман Әйтиев, Маңғыстауда – Жалау Мыңбаев, Ақтөбе даласында - Әділбек Майкөтев, Жетісуда – Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, ұзақ Саурықов, Тұрар Рысқұлов т.б. басқарды.

Бұл арада тағы бір мәселенің бетін ашып кету қажет. Ол – 1916 жылы қазақ интелегенциясының көсемдері, яғни ұлт – азаттық қозғалысты бастаушылар, халық көтерілісіне қалай қарады ? Олар патшаға қарсы қарулы көтерілісті жақтаған жоқ. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне көрсете алмай, тағыда қырғыеға ұшырайтынын сезді. Бірақ оларға тасқыны тау суындай дүркіреген стихияны – халық көтерілісін тоқтату мүнкін болмады. «Қазақ» газетінің ашық көтерілу қауіпті, одан да мобилизацияны кешеуілдетуді ұсынайық, жеңілдіктер сұрайық, ол екі ортада патша да бір жайлы болар деген сияқты шақырулары халықтың құлағына кіре қоймады.

Бір сөзбен айтқанда, стихиялық халық көтерілісінен ұлт-азаттық қозғалыстың көсемдері бөлініп қалды. Өмір олардың болжамы дұрыс екендігін дәлелдеді. Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткізді, ал 1917 жыл 27 ақпанда бас – аяғы бірнеше айдан кейін патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды ескермей кейінгі зерттеушілер тарапынан болашақ « Алаш » партиямының өкілдері 1916 жылы патшаны жақтады, тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалық көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді.

Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман – есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда Әлихан Бөкейхановтың өзі бастаған қазақ зиялылары (оқытушылар, заңгер т.б. ) серіктерімен бірге майданға (реквизициаланғандармен) атанды. Бұны нағыз патриотизм деп түсіну керек. Өйтпегенде сауатсыз, орыс тілін түсінбейтін көптеген қазақ жігітерінің елге оралуыекі талай еді.

1916 жылғы шілде, тамыз айларында көтеріліс бүкіл қазақ даласын қамтыды. Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрядтар жіберді. Оның құрамында жақсы қаруланған әскер бөлімдері, казак – орыс шоғырлары кірді.

Көтерілісті басу үшін патша үкіметі өзінің ескі «бөліп ал да билей бер»деген тактикасында кеңінен қолданады. 1916 жылғы 23 тамызда Түркістан генерал – губернаторы Куропаткиннің жарлығымен майдан жұмыстарына шақырылуларудан қанаушы таптардың бірқатар өкілдері босатылды. Олар: Басқару органдарының (облыстық ,ауылдық ) қызметкерлері, жергілікті (бұтана) халықтың төменгі полицияда істеп жүргендері, имамдар, молдалар, медреседе істейтіндер, мекемелерде қаражат мәселесімен айналасатын бухгалтерлер мен есепшілер, мемлекеттік мекемелелерде қызмет істеп жүрген бұратана әкімшілігінің бұратана халықтың өкілдері, дворян және құрметті азаматтар әулетінен шыққан бұратана халықтық қозғалыстан бұратана әкімшілігінің, байлар мен мұсылман діні өкілдерінің аздаған тобын бөліп алуға мүнкіндік берді.


Дина
dinok-95.95@mail.ru
19-02-10 16:19
казактардың ресейге косылуы туралы керек еді((
Нұреке
nurlan-bi@mali.ru
26-11-09 09:37

Құрбан айт қабыл болсын! Бір Аллаға сыйыныңдар, Президентімізге бағыныңдар, Халықты сыйлаңыздар, Ата-баба аруағын құрметтеңдер, Жерімізді қорғаңыздар!!! Сообщество Тастүлек-Бақайға жазылыңдар!

Сандугаш
sandi_86_86@mail.ru
25-11-09 13:53
Рахмет сендерге меніѕ жігітіме керек еді
махаббат
maha_ 95 _09
16-11-09 12:18
Кіші жєне Орта ж‰здерініњ Ресейге ќосылуы
kazak kyzy
Nurlangan adam
01-11-09 19:22
jagympazdanbashy.er adamga jaraspaidy.
назгүл
nazgul9292@mail.ru
24-10-09 12:44
қазақ хандары шежіресі маған да керек едіб және толығырақ хан болған болмаған ұрпақтары да
Мадияр
kaban15-91
12-10-09 13:55
қазақ хандығының хандарының кестесі керек!!!!!
Алмас
almaspatricstar@mail.ru
18-09-09 15:23
қазақ хандардың билік құрған жылдары,Керейден кейін кім жылдары керек!
Нұрлан
nurlan-bi@mail.ru
11-09-09 11:05
Қазақ ерте заманнан келе жатқан ұлт. Бірақ тарих бұрмаланған, Мөде ханды, Құлтегін ханды қазақ жастарына оқытпады, неге , неге десең қазақтың әкесінің атын ұмыттырам деген саясат болған. Руын білу қазақ үшін бауырмалдық қасиет. Бейбарыстың қазақтың Беріш руынан, Қытайдың патшасы Мұқылайдың қазақтың Жалайыр руынан, Кенесарының төре руынан екенін білмесе тарихшылар олардың қазақ екенін қалай айырады. Қытай қорғанын біздің ата-бабаларымыздан қорыққаннан салған. Қазақ тарихын білгілерің келсе Іляс Есенберлиннің Көшпенділерін, Мұқтар Мағауинің Аласапыранын, Мұқтар Шақановтың өлеңдерін, Мұқтар Әуезовтың Абай жолын, Олжас Сүлейменовтың АЗИЯ-сын оқыңдар. Бұл кітаптарды Совет одағы кезінде студенттер тығып оқыйтын, ар жағын өздерің ойлай беріңдер, қандай қылышынан қан тамған заман болғанын. Тарих түзелсе, заман түзелетінін ұмытпаңдар.
Сырым
smd-69@mail.ru
10-09-09 21:45
Асем Сәйбекхан Жүпарханым туралы дерек барма ?
Ќўлан ауылшаруашылыќ колледжі информатика пјнініѕ оќытушысы Асќар Ќайнарбаев
kainarbaev@mail.ru
20-08-09 18:58
Біз онсызда сол елуліктіѕ ішіндеміз!\" Еѕ сорлы елулікке кіресіѕ... \" Егерде біз тырыссаќ бјринеде жетемиз! Тек техника жоќ емес бар мысалы компьютер дегендей! Міне осыныѕ арќасында біз талай-талай жетістіктерге жетеміз!
ЕрНар
КАШК колледжінің информатика пәнінің оқытушысы: Асқар Қайнарбаевқа:
18-08-09 12:14
// ... Сонда ғана "біз" 50 мемлекеттің қатарына қосыламыз? //

Артқы жағынан санағандағы елулікке ме? Не тілің жоқ, не тарихың жоқ, не жетіскен заманауи техникаң жоқ болса - ең сорлы елулікке кіресің...
ЌАШК колледжі информатика пјнініѕ оќытушысы : Асќар Ќайнарбаев
kainarbaev@mail.ru
17-08-09 00:11
Тарих деген жаќсы єой, біраќ-та оны кґп оќи берудіѕ ќажеті жоќ деп ойлаймын! Ґйткені біз тек жјй єана білсек болєаны кімнін-кім екенін, ал егерде барлыєын тїгелдей деректермен оќысаќ(наќтыраќ) дегендей онда біз тек гуманитарлыќ жолмен єана дамимыз. Бізге еѕ керегі жаѕа технологиялармен танысу жјне сол технологияларды наќты меѕгеру. Сонда єана біз 50 мемлекеттіѕ ќатарына ќосыламыз!
Гаухара
gauhara9191@mail.ru
23-03-09 19:33
Жүзге,руға бөлінген дұрыс емес,қазақтарды қырылыстыру өте оңай жүзге,руға бөліп жіберсең болды,соғыс дайын!Мынаны есте сақтаған дұрыс -БӘРІМІЗ ҚАЗАҚПЫЗ!! Жерге бөлінген - бір өледі, Жүзге бөлінген- мың өледі!!!!
Гаухара
gauhara9191@mail.ru
23-03-09 19:26
Өз тарихымызды білмеу өте ұят.Өйткені ата-бабамыз тарихымызды аттың тұяғымен жазып кеткен.Болашақ үшін,біз үшін қанша қан төккен.Соны құрметтеуіміз керек.Еңбекпен келген ерлік пен тәуелсіздігімізді сақтап.Еліміздің туын биікке самғатуымыз керек.!!!!!Нағыз ҚАЗАҚТАР,патриоттар АЛҒААААА!!!
НҰРЛАНҒАН АДАМ
21-03-09 15:39
Бәрінен жақсысы-Нұрсұлтан хан! Солай ма халайық?
Қалығұл
Azikonu@yandex.ru
19-01-09 13:00
қытайда,гансу провинциясында жалайырлар тұрады.Өздерін сары ұйғырға жатқызады,сол ар туралы кім біледі ?
Назерке Маззап
naz_maz@mail.ru
17-01-09 17:42
Кенесары Қасымов туралы қазақша тек қана қазақша. қазақ екенімізді үмытпайық ағайын. маған сол Кенесары Қасымов туралы мәлімет тауып беріңдерш
Назерке Маззап
naz_maz@mail.ru
17-01-09 17:39
Осы біздің хандарымыз туралы қазақша жазған мәліметтерге қарағанда орысша көп. Сол жағын қарастырып көрсеңіздер.
акерита
17-01-09 16:24
Иштерин пыспай ма тарихтан?
нұрлан
mega_nurlan@mail.ru
16-01-09 13:03
жылдарын жазбайсыңдарма үүүүүүүүүүүүүүүүүүүүүййййй
дария
dss93.93@mail.ru
09-01-09 11:36
Доспамбет жырау туралы мјлімет жјне оныѕ толєаулары?
Қарасай
apajar @mail.ru
09-01-09 00:43
Қазақтар 1456- жылы аспаннан аяқтары салбырап, парашютпен түсе қалған ғой шамасы,
рауан
dangerboy_rauan@mail.ru
28-11-08 15:09
жоңғар шапқыншылығы туралы
Айгерим
асом@
26-11-08 13:59
‡мбетей жырау туралы аќпараттар бар ма?
Абылай
abash_92@mail.ru
14-11-08 12:53
Құрметті қазақ! Осы Қыпшақ руы орта жузге жата ма? әлде ру ішнде кіші жузге жататыны да бар ма?Мүмкін ол жузге мулдем жатпайды ма?Жауаптарыңызды күтем! Алдын ала Рахмет!!!
оспан
ospan_90@mail.ru
07-11-08 08:13
Білгенге қолқа жоқ! Оқындар! Біліңдер!
Омирбек
umirbek64bk.ru
28-10-08 10:43
Оте жаксы жане керек нарсе озиминиздин тарихимизди билген.Рахмет айналайын!Тагы кандай тарихтан алынган материалдар бар екен сизде.
Айжан
aika.kas@mail.ru
21-10-08 17:57
Қазақ хандығы. Түркістан - түрік халқынын мәдени орталығы.
Асель
aselek.kz_93
04-10-08 13:16
Ќасым хан

Асем
asem_00@mail.ru
25-07-08 02:11
Жәнібек хан (1473-1480)
Жәнібек Әбусағит (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) - Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. XV ғасырда өмір сүрген. XV ғасырдың 50-жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.

1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 жылы Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды.

Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары - Жәніібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.

Биліктің Орыс хан тұқымдарының қолына өтуі де «Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі» саяси жағдайды өзгерткен жоқ. Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.

XV ғасырдың орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды. Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан
Асем
asem_00@mail.ru
25-07-08 02:07
Қазақ хандығы
МЕН БҰЛ МӘЛІМЕТТІ УИКПЕДИЯ САЙТЫНАН АЛДЫМ

Қазақ хандығы
1456 – 1731


Flag¹

Ұраны
Алаш!
Елордасы
Түркістан

Тіл(дер)і Қазақша

Діні
Сұнна Ислам
Өкімет түрі
Монархия
Хан
- 1465—1480 Жәнібек хан және Керей хан (тұңғыштары)
Тарихы
Құрылуы 1456
Құлауы 1731

Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.)
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды.
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады.
16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді.
«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды.
Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.
Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ.
16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді.
Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді.
Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. 1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді.
Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. МСондықтан ол қанға қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын "Есім хан салған ескі жол! Деп атады.
16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталыпы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.
Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды.
1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж,. қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді.
17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашар болды. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді.
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды
Қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары Шалкиіз (15 ғ.), Доспамбет (16 ғ.), Жиембет (17 ғ.). Қазақтың батырлар жыры тарихи оқиғаларға құрылған. Мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыс, Ер Сайын, Қамбар батыр дастандары. Ислам діні толық тарады. Араб әліпбиі қолданылды.
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі.
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді Әбілхайыр, Орта жүзде Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде -Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.
16 ғасырдың соңында ойраттар(қалмақтар) төрт тайпалық бірлестіктен тұрды. Олар Тарбағатайдан Шығысқа қарайғы өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғары ағысында қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының маңындағы хошауыттар, Іле өзенінің жоғары жағындағы шоростар еді.
Қазақтар мен ойраттар арасындағы жайылым жер үшін күрес 15 ғасырда-ақ басталды. 16 ғ. соңында ойраттардың шағын бөлігі қазақ ханы Тәуекелге бағынды. 1635 ж. Хонтайшы Батурдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ-жоңғар қатынастары Батур хонтайшы (1634-1654) билік құрған кезде шиеленісе түсті. Онан кейінгі жоңғар хандары (Сенге, халдан) Оңтүстік қазақстанды, маңызды сауда жолдары өтетін қалаларды өздеріне қаратуға тырысты.
1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болды. Оның кезінде қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады.
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты.
Бейғам отырған қазақтар аямай қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп атады. «Елім-ай» деген ән туды.
халық ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. 1728 жылы Әбілхайыр бастапан Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастапан әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді.
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, сияқты батырлар бастапан қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Шуно Дабо бастапан қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қолбасшы болып Әбілхайыр мен Бөгенбай сайланды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан Кіші жүз ханы Әбілхайырда тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс жоңғарлармен мәмлеге баруға мәжбүр болды.
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығысқа байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғарлар оны тыңдаған жоқ. Олар орыс қамал-бекіністеріне, қазақ қоныстарына жақын жерде 20 мың әскер ұстап, қазақты мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақтар өз күшіне ғана сенуіне тура келді. Осы идеяны орнықтыруға Абылай хан зор күш жұмсады.
1711 жылы дүниеге келген Абылай Уәлиұлының бастапқы есімі Әбілмансұр болды. Ол жастай жетім қалды. 1731 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түсті.
Жоңғарияның ханы Қалдан Серен 1745 жылы өліп, оның мұрагерлері таққа таласты. Осы кезде оған Цинь империясы тиісе бастайды. Абылай осы сәтті пайдаланды. Ол сыр бойындағы қалаларды азат етуге кірісті. Ол бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай мен Үмбетей жырау басқарды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер Түркістанның солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып тиісуге тиіс еді.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Оған Тәтіқара жырау қосылды. Олар Сырдың төменгі ағасына қарай кетті. Үшінші негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатысушылар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топта Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанұзақ болды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цевен Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарай бағыттады. Оның қару-мылтығы, түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақпен қаруланды.
Цевен Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың әскерін топтастырды.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартты. Түркістанға дейін жетті. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрамды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне дейін барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоғарғы сапасына шегіндірді. Амалы таусылған Цевен Доржи Абылайдан бітім сұрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Әбілмәмбеттің қарамағына өтті. Түркістан туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылой бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді. 1745 жылғы соғыс осымен бітті.
Қазақ жерін қалмақтардан толық тазарту мақсатымен Абылай бастапан қазақ жасақтары 1750 жылы жауды жоңғар қақпасы маңында оңдырмай соққы берді.
1755 жылы жоңғарлар бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Осыдан кейін 1758 жылы Жоңғар мемлекеті құлады. 1758 ж. Цинь қытайлары Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесті. Қытайлар дүркін-дүркін шабуыл жасап қазақтарға тыным бермеді. Абылай келісімге келу туралы Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, Қытаймен сауда, экономикалық қатынас орнату жолдарын іздестірді. Ол Ресеймен де қарым-қатынас орнатты.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Абылайды Орта жүздің ханы етіп сайлады. Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М.Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жерде Жаңғызтөбеге ағаш үй салынды. Абылай 1780 жылы мамыр айында Ташкентте 69 жасында қайтыс болды. Орнына Уәли сайланды.


Асем
asem_00@mail.ru
25-07-08 02:01
Кенесары Касымов
1802-1847
Кенесары Касымов - казахский султан, хан Среднего жуза. Родился в 1802 году, умер в 1847 году. Принадлежа к верхушке степной знати, Кенесары добивался восстановления ликвидированной царским правительством России ханской власти и передачи Касымовым ханского титула. Ядром войск были ближайшие родственники Кенесары, основной же военной силой - батыры его родов.
В 1841 году на сборе казахской родовой знати и султанов Кенесары Касымов был провозглашен ханом. Он восстановил суд биев, разбиравший дела по нормам шариата. Своей налоговой политикой Кенесары закреплял нормы мусульманского права: для скотоводческих районов сохранил зякет (налог, взимавшийся со скотоводов в пользу хана), для земледельческих - ушур (налог, взимавшийся с оседлого населения). Деспотизм хана Кенесары, считавшего казахские жузы своим наследственным достоянием, вызывал возмущение у народа. В 1844 году в аулы рода жаппас приехал брат Кенесары султан Наурызбай с отрядом есаулов и начал взыскивать зякет, отбирать имущество и продукты. Жаппасцы выступили с оружием в руках против Наурызбая.
Кенесары проводил политику своего деда Аблая, полагавшего, что только жестокость может сделать ханскую власть прочной. Свою власть он поддерживал путем жесткой дисциплины, порой граничащей с террором. На захваченных землях Кенесары утверждал династический режим. В конце 1846 года вытесненный русскими царскими войсками и военными формированиями казахских султанов-правителей с территории Младшего и Среднего жузов, он занял труднодоступный полуостров в устье реки Или, откуда совершал набеги на киргизские земли. Сильно ослабило в Семиречье позиции Кенесары, всегда ратовавшего за отрыв Казахстана от России, принятие в 1846 году казахами Среднего жуза российского подданства. В 1847 г. Кенесары покинул пределы Среднего жуза, рассчитывая улучшить свое положение завоевательными походами в Киргизию, которые вызвали отпор киргизов. В одном из боев он был захвачен в плен и казнен.
Самая впечатляющая черта жизни и деяний Кенесары Касымова - трагизм. Печать безысходности и обреченности соседствуют в его действиях с ярким мужеством, решительностью, умением прямо смотреть в глаза судьбе, бросить вызов времени. Кенесары стоял у истоков борьбы за возрождение независимой государственности Казахстана. Велики его заслуги в деле борьбы против имперской политики, за свободу казахского народа, за утверждение его чести и достоинства. Стремления и чаяния Кенесары при всей их ограниченности носили общечеловеческий характер.
Восстание казахов 1837-1846 годов под предводительством хана Кенесары было справедливым актом - протестом, направленным против захватнической колониальной экспансии Российской империи, Кокандского и Хивинского ханств. Оно имело национально-освободительный характер с целью воссоздания государственности и сохранения территориальной целостности исконной земли казахов. Будучи вождем движения и горячим патриотом своей отчизны, Кенесары Касымов в трудный час испытаний для своего народа проявил себя как выдающийся государственный деятель, незаурядный полководец и одаренный дипломат своей эпохи, посвятивший свою жизнь делу борьбы за свободу и независимость.
Кенесары зорким своим взором осознал изменение политики царизма, перешедшего в XIX в. к прямой колонизации. Острие своей дипломатической и политической активности он связывал с согласием царского правительства на уничтожение военно-административных центров и форпостов, усиленно насаждавшихся в это время и разрезавших живую органику суверенитета казахского народа. Движение Кенесары было последней отчаянной, по сути трагической попыткой объединить народ и сохранить государственность хотя бы в рамках общей вассальной зависимости. Вот почему, как заметил Букейханов, его слава затмила в народных сказаниях даже славу популярного деда Аблай хана.
Политическое наследие Кенесары сохранилось в памяти народа как его честь, гордость и достоинство. Наследие Кенесары подобно его личной судьбе испытало различные превратности. Им вдохновлялись, но и его же с неумолимой последовательностью пытались вытравить из памяти, совести, сознания народа.
В чертах личности Кенесары, чья политика опиралась на жестокости законов войны и союзничества, явственно просматриваются гены Чингис-хана. Бартольд писал: "Чингис-хану было присуще необыкновенное самообладание и полное отсутствие односторонних увлечений, бесполезной жестокости или самодурства, сдержанность и достоинство в присутствии посторонних, огромные организаторские способности, в его армии были немыслимы воровство и ложь". Это определение в полной мере можно отнести и к хану Кенесары.
Но личная трагедия Чингис-хана иная, чем у Кенесары. Последний стоял за правое дело отстаивания свободы и независимости своего народа. А первый пошел по имперскому пути, который в конечном счете оказывается тупиковым, как доказывает опыт мировой истории. Воздавая должное памяти Кенесары, необходимо безо всякой тени сомнения занести его имя в "пантеон национальной славы", сделав это с чувством ответственности перед духом предков и перед памятью потомков.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создатель сайта —
интернет-траблшутер Марат Ижанов