Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Қазақ тіліне шынымен жаны ашитын адамдардан көмек керек


Авторы Xабарлама
Yerlan
17-06-05 10:11
Құрметті бауырлар!

16.06.2005 жылы
("Казахизация" казахского языка Источник цитаты: Сайт газеты "Central Аsia Monitor (http://www.camonitor.com))

жарық көрген Қарағандылық Акылхан АЛДОНГАРОВТЫҢ жазған мақаласын оқып, жанымды қоятын жер таппай отырмын.
Шынымды айтсам, осындайларды қызыл таяң жағдай туғанда көтеріліс, дүрбелеңнің арасында атып кетер едім.
Жаңғыз бұл емес, соңғы кезде қазақ тілінің дамуына, кең таралуына және қолданылуына қарсы қасақана жазылып отырған мақалалармен түсіндірмелер көбейіп кетті.
Қазақ тілінің болашағына жаны ашып, шырылдап жүрген ағаларымызда, апаларымызда көп.
Алайда, билік басындағы өзіміздің қандастарымызбен, біз өзіміз сайлаған халық қалаулыларының ішінде қазақ тілін тіл құрлы санамайтындар өте көп.
Менің тұжырымым бойынша, қазақтың болашағы тек ана тілінің дамуында ғана.
Сондықтан, қазақ тіліне шыныменен жаны ашитын бауырларым (ағалар, аналар, құрбы-құрдастар мен замандастар) бірігіп, жоғарыдағы кертарпаларға қарсы күресуге шақырамын.
Ескере кететін жағдай, қазақ тіліне қатысты күрделі сұрақтармен ұсыныстар туралы әңгіме қозғасаң, басқасын қойғанда осы форумдада пікір таласқа немесе дау дамайға айналдырып кететін түсініксіз адамдарда кездеседі.
Сол себепті, ұлы іске қарсы келмейтін, тек қана оны жүзеге асыруға жетелейтін нақты ұсыныстармен шешімдер жазуды сұраймын.

Менің бірінші ұсынысым: барлық орталық мемлекеттік органдардың, тіл комитетінің, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуды зерттеу орталықтарының электрондық пошталарына

ана тіліне жаны ашитын қазақтардың саны көп екенін,
қазақ тілінің болашағы бізді бей жай қалдырмайтындығы туралы,
мемлекеттік деңгейде қазақ тілін қолданудың талаптары мен оған жауапкершілікті күшейту туралы,
Барлық министрлерді, комитеттер мен агентстволардың төрағаларын және олардың орынбасарларын, депутаттарды, соттарды, облыс және қала әкімдерін және олардың орынбасарларын тағайындау немесе сайлау кезінде олардың қазақ тілін білуге тиісті екендігін Заңмен бекіту туралы

т.б. қазақ халқының пікірін, ұсынысын барлығымыз келісіп отырып, жан жақтан хат жазып ескертуді, табыс етуді күшейте беруіміз керек.
Бауырлар, қазақта "көп түкірсе көл болады " демеушіме еді.

Егерде,біз ең болмағанда барлық хаттарымыздың санын 1 млн-ға жеткізсек, олда бір алға басқан қадам болады деп санаймын.



Авторы Жауап
dimash
di-mash
21-02-13 09:15
Салем
Мен Димашпын маған қыран құс туралы шығарма керек
Аяла
Activ_naza@mail.ru
24-02-12 14:41
Қайырлы күн! Менің қосарым, мемлекет әр Қазақстан тұрғынын оқуға түсерде немесе жұмысқа тұрарда ҰБТ сияқты қазақ тілінен тест немесе экзамен түрінде сынақ тапсыртуға міндеттеу керек. Және де сынақтан өтпеген жағдайда, мемлекет ол адамға келешекте тілді үйренбегенінше оқуға, жұмысқа тұруына шектеу қойюы керек.
Дәурен
dauren.27.11.92@mail.ru
07-09-11 15:01
Менің ойымша,бүгінгі күнде бізде қазақ тілді дамытуға мүмкіндігіміз бар.Өйткені қазір біз көп кітаптар,журналдар, интернеттен керек дүниелерді ала аламыз.Әр адам ең бірінші өзін түзесе,яғни көп оқыса, мен ойлаймын біздің тіліміз дамиды деп.
Сымбат
simba_000
14-08-10 09:47
Мына жазгандарынызды оқып куануга болады екен!Қазақ тіліне жаны ашитын адамдар да бар екен гой!!Қазір жасым 16да,айналамдағы құрбы-достарым орысша сойлейді,қанша қазақша сойлеймін деп патриоттық сезімге бөленсе де қазақ тілін бұрмалап сөйлейді!Менің ойымша қазіргі заманда ата-аналар балаларына кері тәрбие беріп жатыр,себебі олардың өздері қазақ тілін білмейді,қайдан сосын бала шала қазақ атанып шығады?!!!
Елдос
b.ela_kz
15-03-10 06:31
Қазақтар өзіміздің тілімізді менсінбейтін қазақтарды үйретейік алдымен, кейін басқа ұлт өкілдерін үйретерміз.Қалай қарайсыңдар?
Қанымай
nurzhau09
28-08-09 21:34
Біздер қазақ мектебінде оқыдық. Орыс, ағылшын тілдерінен орыс мұғалімдері оқытты. Білім өте жоғары дәрежеде болды. Орыс мектептерінде қазақ тілінен славян ұлтының өкілдері оқытуына қарсы емеспін. Қазір қазақша сөйлейтін орыстар көп емес пе? Әрі орыс ұлтының балалары мұғалімді сыйлауына ықпал етер.
сабира
сабира
06-03-09 16:37
қазақ тілін мәңгі ұмытпандар.
Артур
arnaer@mail.ru
25-01-09 10:45
Балык басынан ширип жатыр мына заманда. Жогаргы жактан колга алынбаса сиздердин усыныстарыныздан ештеме онбейди. Кезинде казакка орыстар орыс тилин калай уйретти, орыс тилин билмесен койшы боласын дейди емеспа. Куштеп уйретти гой. Бизгеде сондай катты кол керек
Мөлдір
22-01-09 12:47
Армысыздар Бармысыздар Қазақтың Қара домалақ "Қазақ!" дегенде жүректері аһ ұрып елжірейтін бауырлар мен тал бойында міні жоқ қара көз қарындастарымыз! Бұл теңеулер тек қазаққа тән. Біздің қазақ бос сөйлемеген, бірақ бір сөйлесе Сөзі тасты ғана емес бүкіл дүние жүзін жарған! Сөзі бұндай болған ҚАЗАҚ оның ІСІ қандай болар! Сондықтан тек имандылықтың жолымен, ақылдының миымен, сабырлының ісімен алға ұмтылып, қазақтың жерінде тек қазақи жаңашылдыққа ұмтылайық. Яғни жаңашыл мен даму деген осы екен деп қайдағы шетелдік, ресейлік үлгіге еліктеп адаспай өз дәстүрлерімізді, менталитетіміздің іргесін өздігімізше нықтау керек. менің ұсынысым, "балық басынан шіриді" сондықтан биліктегі ақ құлақ тілді қазақ ағаларымызды қазақ тіліне үйрету керек . Тілі қазақ деп сөйлемесе, жүрегі қайдан қазақ деп соқсын?
Руслан
esmagambetov-rus@mail.ru
27-12-08 14:29
Тас жүректі тілім бар ошпес мәңгі,
Ошпей тұғын жандырар сол алауды,
Жайна, жаса, шарықтап сен көгімде,
Қазақ тілім айғағымсын бұл омірде, деп мен сіздерег өз ойымды білдіремін!
білімгер
02-05-08 06:31
Бауырлар! Ґткен айда Алматы студенттерініѕ БАЌ арќылы мемлекеттік биліктегілерге мемлкеттік тілге кімніѕ ќаншалыќты зиян істеп отырєанын жазєан, ашына, ґтіне, сынай жазєан ашыќ хатын оќыдыѕыздар ма?
Оќыѕыздар!
Егер билік оєан ісімен жауап бермесе - ќазаќ тілініѕ ґткені мен болашаєына балта шауып, тілімен ораќ оырп жїргендердіѕ кім екенін саусаќпен шўќымай-аќ кґре аламыз:
Бүркіт Мәжит
23-08-05 09:27
Қазақ тілім. Бүркіт Бекмағанбетов.
Кешсе де күйбең тірлік,азап күнін,
Білдірді әр сөзінің ғажаптығын.
Анамның «айналайын» дегенімен,
Сүйекке сүтпен сіңген қазақ тілім.
Түсіндім көп сөзіңнің астарларын,
Сенімен өмірге осы асты арманым.
Сезіндім өзіңменен тұңғиықты,
Ұғындым сен арқылы асқар барын.
Келемін сеніменен биікпін, деп,
Өр тілім,өзім үшін иықтым деп.
Өзіңсіз жадыратқан жарымның да,
Түсінбес ем айтқанын
«Сүйіктім»,-дкп.
Қазақ тілі-тарихы қазағымның,
Ойымды сен арқылы жаза білдім.
Салиқалы сөздерді сенен естіп,
Сықағыңды сезініп,таза күлдім.
Сан ұрпаққа тұмардай сақталасың,
Адамдық қасиетті ақтарасың,
Бір ауыз отты сөзбен,ана тілім,
Даулардың сен шешкенсің
ақ-қарасын.
Танылған талай тарлан топқа кіріп,
Сенімен сырласамын ақтарылып.
Сен болмасаң,ерлікке жетелейтін,
«Жігіт» деген жүрмес ем
ат тағынып.
Арқалар ұрпақтарың уақыт жүгін,
Ұқтырып туған тілдің жақұттығын.
Оу,менің,қасиетті қазақ тілім,
Өзіңмен сөйлегенге бақыттымын! 02.04.1988

e-rlan
Арғын Тоқа
22-08-05 06:19
Екінші ұсынысым.

"Қазақ тілін мұғалімдері"
Қазіргі кезде Қазақ тілі мұғалімдері тек қана қазақтар. Біз монополисттеріміз. Бірақ Қазақтанда жүз астам ұлт тұрады. Осы ұлтарға қазақ тілі үйрету үшін біз әлгі ұлтардан өкілетті қазақ тілі мұғалімдерін дайындаумыз керек. Мысалы, орыстар және басқа славян ұлтарға славян қазақ тілі мұғалімдерін беруіміз керек. Себебі, славян тілдері қазақ тілімен салыстырғанда алыс ғой. Ал басқа түркі тілдеріне келсек (ұйғыр, өзбек, татар), оларға арнайы яғни жылдамдатылған әдістемелер керек.

Қысқаша айтқанда, әр түрлі қазақ тілі әдістемелері болу керек.
e-rlan
Арғын Тоқа
09-08-05 15:10
Қамшатқа

Менің Тимурға жазған соңғы хаттамамды оқып жіберіңізші. Сіздің сұрағыңызға жауабым онда.
Сіздің ұсыныстар да өте пайдалы және қажетті деп ойлаймын. Олар білім саласына байланысты. Мен келесі хаттамада білім жүйесі туралы екінші ұсыныс берейін деп жатырмын.
e-rlan
Арғын Тоқа
09-08-05 14:54
Тимурға

Жоқ, полиция сияқты емес. Менің идеям басқаша еді. Бір мысал келтірейін. Алманияда Гете атындағы тіл институты бар. Оның өкілдігі Алматыда бар. Осы институт әр елде неміс тілі курстар өткізеді. Сонымен қатар Алманияға келетін неміс оралмандарды ресми түрде тестиледі. Неміс оралманы осы институттан тіл емтиханын тапсырмаса, неміс елшілігі оған рұқсат қағаздар және виза бермейді.

Біз Қазақстанда осы университет тәрізді мысалы Абай атындағы Қазақ халықаралық тіл университеті құруымыз керек.
Камшат
09-08-05 10:09
Қазақ тілін даярлайтын оқу орындарында гранттар санын көбейту қажет па деп ойлаймын.
Және қазақ тілінің мұғалімдерін жеке аттестациядан өткізу керек секілді, өйткені қазір көптеген мұғалімдер басқа саладан келіп жатыр.

Әр мекемеде қазақ тілінде таза сөйлейтін 5-6 адамның болғаны жөн секілді.

Жұмысқа қабылдағанда өз ұлтымыздың адамдары мемлекеттік тілді жақсы меңгеру шарттары болса еді. ал басқа ұлт адамдары ең болмаса түсіне білсе.

Ерлан осындай ұсыныстар ма, жоқ әлде мен басқаша түсіндім ба сіздің ойыңызды?

Тимур
09-08-05 03:28
е-рлан ойың жобаға келеді, әрине бүткіл дүние жүзіне өз тілімізді білмей сорланып отырған тек Біз!
Тек қосарым: Тіл полициясын құрып, Шәкәрім айтқандай Ар білімін оқыту керек!!!
e-rlan
Арғын Тоқа
08-08-05 10:12
Сәлеметсіздер ме үзеңгілестер!

Мен қазақпын. Отыз үш жастамын. Отыз жасқа дейін қазақ мүлдем сөйлескен жоқпын, сөйлесе алмадым. Отыз жастан бастап жеке мұғаліммен қазақ тілін үйреніп жүрмін. Қазақ қайнар көздеріне, дәстүрлеріне қуанышпен және шын жүрегіммен қайтып келе жатырмын.

Сөйлесуге әлі қйын, қателер жасаймын. Бірақ Сіздермен менің жеке тәжиребеммен бөліскім келеді және назарыңызға менің идеяларымды ұсынғым келеді.

Біріншні қиыншылық. Жақсы қазақ тілі мұғалімін табу өте қиын.
Мен үйрене бастаған кезімде әр түрлі тіл фирмаларына телефон соғып мұғалімді әрең таптым. Себебі, кейде қазақ мұғалімі жоқ, кейде ол тек қана жұмыс күні барасында сабақ береді (ал мен жұмыс сағат алтыға дейн істеймін), кейде сабақтар қымбат тұрады. Жалпы айтқанда, қазақ тілін үйренгісі келетін адамдарға жақсы мүмкіндіктер жоқ. Сондықтан бірінші ұсыныс:

Бірінші ұсыныс. Қазақ тілі бөлімі немесе ұйымы әр ауданда орналастыру керек.
Мысалы, Қазақстанда түкпір-түкпірінде милиция учәскісі бар, салық комитеті бар, әр түрлі инспекциялар бар, әлеуметтік қорғау бөлімдері бар бірақ қазақ тілі яғни мемлекеттік тіл бөлімдер жоқ. Әрине, кәсіпорында сондай бөлімдер бар бірақ менің идеям басқаша ғой. Әр жер ауданында арнайы тіл органы болуы керек. Егер қарапайым адам қазақ тілін үйренгісі келсе, ол осы органға бара алады. Мемлекет бізден қазақ тілін білуді талап етеді бірақ лайық мемлекет жүйесін ұсынбайды. Осы жүйені мемлекет тарапынан қаржылау керек. Сонымен қатар жақсы тіл мамандарын дайындау керек.
Yerlan
03-08-05 15:19
Амансыздарма Бауырлар!

Мен бәрінде бақылап, көріп отырмын. Барлығыңызда қазақ тіліне шыныменен жаны ашитын жандарсыздар. Сондықтан жеке өзімнің басыма бағытталған кейбір сөздергеде мән бермей, тек қана қазақ тілінің дамуына нақты ұсыныстарыңыз туралы ойлаймын.
Сонымен бауырлар көпшілігіңіз қазақ тілінің қазіргі қиын жағдайы туралы өздріңіздің жүректен шыққан ойларыңызды жазыпсыздыр. Әрине бәріде дұрыс түсініктер.
Алайда, құрметті бауырлар көп сөз жазбай-ақ, осы ұлы іске тек қана қазақ тілінің кең қолданылуы және таралуы, дамуы үшін нақты қандай ұсыныстарыңыз бар, соны жазсаңыздар.
Мен қазір бұрынғы жазып кеткен ұсыныстарымның негізінде барлық органдарға жіберілуге тиісті хат үлгісін дайындап жатырмын, жақын арада сіздерге танысуға шығарамын.
Сондықтан, тағыда құлақ қағыс қылайын, тек ұсыныстар жазыңыздар.
Сонымен қатар, біздер нақты істер жөнінде мойнымызға белгілі бір міндеттер алуымыз керек.


Камшат
03-08-05 09:14
Құрметті мырзалар! Сіздерді толық қолдап отырмын. Бірақ надан адамдарша шу шығарып, дау дамаймен көтеріліс жасағанмен ешнәрсе өнбейді. Ұлы іс - ұсақ істерден пайда болады. Сондықтан, бір үлкен қазанға бір талдап дән жинағандай, бір бірімізді ҚАЗАҚтың аты мен затын сақтап қалуға шақырайық!
Тимур
03-08-05 02:31
Есбол мұның тарихта қалатын сөздер екен!!!
Есбол
eske@ok.kz
29-07-05 11:42
Қалайсыңдар Қазақ бауырларым,Қазақ тіліненің жаны ашырлары?
Менде осы Ерланның ойларына қосыламын.Қазақ тілі қазіргі кезде ауылдың тілі болып бара жатыр.Қалада,Жоғарғы билік басындағылар
Мәскеуден қорққан кезіндегі ағаларымыз құсап,әлі қазақ тіліне
немқұрайлы қарауда.Тіл туралы ойларыңыз болса,қосарларыңыз болса ортаға салайық ағайын.Тілім менің ең бірінші байлығым,тілім болмаса Денсаулықтың маған керегіде жоқ.Орыс тілін ойлап қарасақ
орыста өз тілін ұмытқан халық қой,кірме сөздер көп.Ал Қазақ Тілі
сонау Атам заманнан,Көне Түркілердің заманынан бүгінге дейін,түрлі
жаңару,баю сатыларынан өтіп,қазіргі кезде Әлемде бай тілдер қатарына жатады.Европа,Кіші Азия мемлекеттерінің біразында Қазақ
сөздерінің әсері әлі"Тайға таңба басқандай білінеді"Бір данышпан айтыпты "Европаға француз тілінің әсері қандай болса,Бүкіл Түркі әлеміне Қазақ тілінің әсері сондай" Міні сізге Қазақ тілінің кұдіреті.
Орыста жайғана құс патшасы делінетін Бүркітті"Орёл"-десе,Қазақта
бұны Қыран,Бүркіт,Ақиық,Мұзбалақ т.б синонимі көп.Бір ғана мысал.
Сол себептіде Қазағымның Тілі ұмтылмақ емес,біз бар сіз бар ұмтылмайды да,тек Дәрежесі, Қолданыс аясы Ұлтық,Мемілекеттік
дәрежеде,деңгейде болу керек.
Наймантегі
24-07-05 07:55
Д±рыс, шыќсаќ шыѓайыќ. Отпен аластау керек барлыѓын да.
Тимур
24-07-05 02:35
Жігіттер қалайсыңдар! Мен де әйтеуір тіл десе тілім қыщитын жанның бірімін. Дегенмен Ерланымыз жауапсыз қалғанына қынжылып отырмын. Ерлан сен тек байбаламшылсың ба, әлде нағыз істің азаматысың ба?
Тау ұлы
11-07-05 20:08
Жігіттер, ұсыныстарыңды бек қолдаймыз. Уақыт жетті, бұдан әрі төзуге болмайды. Тіл үшін, ел үшін, жер үшін төңкеріске шығайық.
Қыпшақ Асылан
qypshaqasylan@yahoo.com
18-06-05 23:36
Анадай атымен мынадай ақылсыз сөздерді айтып отырған мынауың нағыз жетесіз, мисыз, қасиетсіз біреу екен. АФРИКА дегенде ҚАЗАҚ ТІЛІ бұғып қалуы керек пе екен?! Қазақ тілі сақталып қана қоймай, келісті дамуы керек. Қазақ тілінің басқа тілдерден несі кем?! Ол да бірінші бола алады!
Ерлан, хаттардың санын спаммен-ақ 1 млн-ға жеткізуге болады, одан да туған тілімізге жаны ашитын адамдардың саны көп болсын.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»