Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Шәмші Қалдаяқов

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
Ахмет
u_m_m@mail.ru
12-07-05 11:46
уа, Қауым!
ассалаумалейкум рахматулла уа баракат!
Шәмши Қалдаяқов туралы не білер екенсіздер? осы жерде сол кісінің омірінен үзінділер жазсаңыздар. Әндерінің создері болса өте жақсы тақырыпқа айналар еді деп сенемін.

Авторы Жауап
богенбацй
boghienbai.Alimzhanov
06-04-14 17:13
маган үнамайды
мейрим
meirim2001@mail.ru
20-12-13 23:27
Салем достар! Казак вальсы туралы маглумат алде реферат болса жибериниздерши отиниш оте керек.
мейрим
meirim2001@mail.ru
20-12-13 23:24
казак вальсы туралы реферет бар болса жибериниздерши
серікбай маханұлы ақын - сазгер .
Serikbay.mahanov@mail.ru
18-05-13 21:59
СЕРІКБАЙ МАХАНҰЛЫ .
ШӘМШІ АҒАМЕН ТОЙДА
БОЛҒАН БІР КҮН .
Ордабасы даласы әлемге даңқы жайылған ел бірлігі мен жер кіндігі . Бұл әйгілі тау Ордабасы күллі қазақтың
ел бірлігіне басын қосып , ат тұяғын дүбірлетіп жауға
қарсы яки Жоңғарларға атой салып , Әбілқайыр хан
сонау Жайық өңірінен жол бастап қалың қол сарбаздарымен
қазақ ұлтының бостандығын қорғаған жер .
Қазақтың дана ел билері Төле би , қаз дауысты Қазыбек
және Әйтеке би ақылдасып Тутөбенің биігіне ту тігіп елді
ынтымаққа шақырған елді мекен .
Ордабасы жеріне ат басын бұрып , киелі мекеннің асыл
топырағын иіскеп , дәм – тұзын татып бірнеше күн жатып
іс сапарларын өткізген зиялы ардақты кісілер өте көп .
Қазақ халқының ұлт мақтанышысы әлемге әйгілі спорттың
жолын салған , күрестің чемпионы палуан Қажымұхан атада
1946 - жылы кәзіргі Отырар ауданындағы Шілік ауылынан
Темірлан елді мекніне қарасты Ленин ту бөлімшесіне көшіп
келген , осы жерде палуанның күмбезден салынған зираты бар .
Мен Қажымұқан палуан туралы естелік айтайын деп отырған
жоқпын , бұл аңыз адам туралы естелік өте көп , ол кезде бала болсам да Қажекеңнің көрсеткен ойындары есімде сақтаулы тұр .
Мен қазақ халқының әйгілі ұлы композиторы Шәмші аға
туралы тойда болған бір күнін айтпақпын . Шәкең жайында
айтылатын естелік өте көп , ол жайында әлі жазармын .
1990 – жылдың жаз айында Қажымүқан палуанның 120 жылдық
мерей тойында ойда жоқта Шәмші ағамен кездесіп қалдым .
Осыдан бір жыл бұрын 1989 - жылдың сәуір айында әскер
қатарында өз борышын атқарып жүрген тұңғыш ұлым
Талғаттың авариядан қайтыс болған кезде үйге келіп көңіл
айтқан еді , енді міне күтпеген жерден кездесіп тұрмын .
Ол кезде мен Темірлан ауылдық кеңесінің атқару комитетінде
әскери есеп столының бастығы болып қызымет істейтінмін ,
Ұлым Талғат қайтыс болғаннан бері еш қайда көп шықпайтын едім , көңілім жабырқау күйінде сол күні жалғыз
өзім Арыс өзеннінің жанындағы Шұбар ауылының тұсындағы кең
далада өтіп жатқан Қажымұқанның мерей тойына келгенмін .
Әр елді мекеннен тігілген алты қанат киіз үйлер ақ шағаладай
тізіліп көздің нұрын алады . Той құрметіне арнап әндер
айтылып , өнерпаздар би билеп , палуаандар күресіп , шабантоздар
ат сайысын ойнап , не керек қазақтың барлық ұлт салт -
дәстүрлерін өткізіп жатыр . Осы көріністі тамашалап келе
жатқанда қарсы алдымнан Шәмші аға ойламаған жерден
кездесе кетті . Ағаға қол беріп амандасайын деп жатыр едім ,
ал ол болса мені құшағына алып бетімнен сүйіп жатыр .
Бір жылдан кейінгі кездеуіміз, туған інісіндей болған маған
сол сәтте мына мына жыр шумағы ойыма оралды :
Құшаққа қарсы алдың сезімменен ,
Бойымда от жанады сезілмеген .
Жан аға інің жүр ғой көппен бірге
Кездестім қайта бүгін өзіңменен .
Достар жүр тойын тойлап , ойын ойнап ,
Өздері қара бастың қамын ойлап .
Көңілім жабырқайды осыларға
Сұққылап жүрегімнен қаным қайнап .
деп құшақтасып аман - саулық сұрасып сүйісіп жатырмыз .
Ағаның қасында сап – сары көкшіл көзді , денелі келген
бір кісі күлімсіреп маған қарап тұр , мен оны таный кеттім .
Осынау Ресей жеріндегі Омск қаласынан келген Қажымұханның
немересі Шабдан жездем , менімен амандасып жатыр . Сөз реті
келген соң айта кетейін . Қажымұқанның бірінші жұбайы
поляк қызы Полина әжемізден ( қазақша аты Фатима ) туған
Абдолланың баласы осы Шабдан еді . Шабданды жезде дейтін
себебім , Мендібайдан туылған менің әкем Махан , ал Дәрібайдан
туылған Қоңқабайдың қызы Шәйзада әпкемізбен туысқан болып
келеміз . Отыз жылдан соң Шабданмен кездесіп тұрмын. Шәмші аға Шабданды маған таныстырып жатыр , ал біз болсақ
сонау 1947 жылдан бері танимын Қажекеңнің баласы Айдарханмен
бір сыныпта оқығанмын , палуан бізге жақын құда болатын.
Ақ көңіл , кіші пейіл Шәмші ағам ,
Арнадым жүрек жарды әнді саған .
Кезінде беріп едің ақ батаңды
Кім қалды куә болар енді оған .
Тек қана естелікпен толтырамын ,
Шыймай сап ақ қағазға отырамын .
Көз көрген қимас достар қайдасыңдар
Өтірік айтар болсаң шошынамын .
дей отырып естелігімді жалғастырайын .
Аға сол Шабданмен бірге қыдырып жүр екен , маған қарап
-- Нұрғайша қарындас келінім қайда , неге өзің жалғыз
жүрсің -- деді
--- Қарындас келініңіз үйде қалды , ұлы қайтыс болғаннан
бері көп қыдырмайды деп жатырмын .
--- Олай болса бүгінгі осы тойда менің қасымда боласың ,
еш қайда кетіп қалма ? , бірге жүр деп айтып болғанша
бір топ журналистермен бірге фото тілшілер жыйналып қалды .
--- О , Шәке қайда жүрсіз біз сізді іздеп бармаған жеріміз
жоқ әрең таптық деп Қуаныш Айтаханов күліп тұр .
--- Ау сендер мені жөндеп іздемегенсіңдер ғой , мен қарапайым
халықпен бірге жүремін , менің Серікбайым да тойға келіпті
деп мені таныстырып жатыр . Топ ортасынан бір кісі
--- Сіздің орыныңыз бұларға қарағанда бөлек қой .... дей
бергенде аға дауысын қатты шығара сөйлеп .
-- - Олай деме , мен әр уақытта қарапайым халқыммен бірге
боламын , мен ешкімге де , үкіметке де тәуелді емеспін , тек
қана Алла тағалаға тәуелдімін , біліп қойыңдар деді .
---- Шәке бір жолғы ашуыңызды қиыңыз , суретке түсейік
деп Қуаныш сөзді бөлді . Ағаның ашуы болса да зілі жоқ
болатын , көңіліне еш кек тұтпайтын кісі еді . Қызылорда қаласынан , Отырар , Байдыбек аудандарынан келген фото тілшілер бәрімізді суретке түсіріп алды , фото-
ларды Қуаныш Айтаханов арқылы аласыңдар деп еді , ал
бірақ суреттер иелердің қолына тимеді , егер сол 1990 -
жылғы тойда түсірілген фотолар бар болса «Шәмші» журналына
жіберулеріңізді өтінемін ағаның рухын еске алып .
Бір елес жетелейді көкке қарай ,
Бейнесі мәңгі қалды көпке тарай .
Арманын бар қазақтың арқаладың
Тапжылмай шыдас беріп өртке қалай ?
Адамдық адалдықпен кештің өмір ,
Ұлылар қатарында жүрсің әзір .
Әнұран шырқалады әлем шарда
Биіктен қарап тұрсың өзің кәзір .
деп осы естелікпен жалғастырайын .
Жыйналган топты жарып аға екеуміз сырты темір қор -
шаумен қоршалған киіз үйлерге қарай бет алдық .
Бұл жер астана Алматыдан келген қонақтар үшін екенін
кейін білдім , Шәкеңмен ілесіп ішке қарай кіріп бара жатыр
едім . есік алдындағы қарауыл мені тоқтатып ішке енгізбеді
сол кезде аға артына жалт қарап Серікбай інімді кіргіз деп
қарауылға сөйледі .
--- Ағасы бұл кісі тізімде жок , кіруге болмайды өзіңіз білесіз
бұл жерге тек астанадан келген үкіметтер және арнайы шақыру қағазы бар кісілер кіреді -- дегенде Шәмші аға ойланбастан :
---- Серікбайда бұдан жыйырма бес жыл бұрын осы Темірланға
Алматыдан келген бұлда үкіметтің құрметтісісі .
Ішке кіргеннен кейін жағалай қойылған орындықтың біреуін
маған көрсетіп «осыған отыр еш қайда қозғалмай , мен кәзір
келемін» - - деп сахына жанында тұрған бір топ кісілерге қарай
барып қайтып келді . Біреу – мүреу келіп мазалаған жоқ па ,
өйткені бұл орын Өмірзақтыкі еді , оған да орын табылар
келген соң таныса жатарсың деді . Міне қандай кішіпейілдік . Қазақ тілі қоғамының президентті Өмірзақ Айтбаев бастаған
кісілер келіп орын –орындарына жайғасып жатыр , ал мен болсам
Өмірзаққа белгілеп қойған орындықта отырмын .
-- Өмеке сіздің орынға мына інішегің отыра берсін сіз
меннің оң жағымдағы орындыққа жайғасыңыз ?-- деді Шәкең .
--- Уа , Шәке сіздің інілеріңіз көп -- ақ екен , ал мен болсам
қазақтың ата тілін қалай қазақ балаларына үйретем деп
әбігерленіп жүрмін , сол қазак тілінде сенің әндерің елде шарықтап жүр -- деп Өмірзақ Шәмшіге қарап күлімсіреді .
--- Мен өз елімнің егемендігін , жерімнің бостандығын атап осы
той өтіп жатқан Қажекеңнің рухына , әруағына «тәу» етіп бір
екі ән шырқап қайтайын рұхсат болса деп сахына төріне
көтеріліп бара жатты . Сондағы Шәмші ағаның қоңыр дауыспен
шырқаған «Теріскей» , «Қорлан – Ғайын» , «Отырардағы той» әндері
құлағымнан әлі күнге дейін кетер емес . Әнді аяқтап қасы-
мызға келіп жас балаша қуанып : «Мен қалай шырқадым ,
бірақ шаршаңқырап қалдым» -- деп жатыр . Біз қайдан білейік
ағаның бір жарым жылдан кейін өмірден озатынын .
Өмірге шарықтатып ән қалдырған ,
Ел – жұртын бар әлемге тамсамдырған .
Бейнесін еске сақтап барлық ғасыр
Шәмші деп ұрпақтарын қарсы алдырған .
Жүрегің мәңгі тірі аңыз адам ,
Енді бүгін кейбір досқа қайран қалам .
Пенделік өткен шығар талайынан
Соны жазып естелікке айналдырам .
деп Шәмші ағамен тойда болған бір күн естелігімді аяқтаймын .
Оңтүстік Қазақстан облысы .
Ордабасы ауданы .
Темірлан ауылы .
Ақын – сазгер , еңбек тыл ардагері .


серікбай маханұлы ақын - сазгер .
Serikbay.mahanov@mail.ru
18-05-13 21:55
АҚҚУЫМ .

Сөзі , әні .
Көңілді Серікбай Маханұлынікі .

Көк жүзіне көлбеп ұшқан Аққуым ,
Аппақ мүсін өзім сүйген Аруым .
Сырласайық айдыныңа кеп қоншы
Өмірімде армандаған Алтыным .

Қайырмасы :
Желбіреген қанатың ,
Ақ қауырсын болатын .
Келді кезің Аққуым
Айдыныңа қонатын
Аруым боп Алтыным
Әнім болдың салатын .

Жылы лепте самал соқты маужырап ,
Айнадайын айдын жатыр жарқырап .
Айналайын көктен күткен Аққуым
Алтыным боп Аруым бол – бал сұрап .

Қайырмасы :

Көк теңізге қанат қақтың малынып ,
Келіп тұрмын жағалауға сағынып .
Аққу аппақ Алтынымсың – Аруым
Қала көрме бағытыңнан жаңылып .

Қайырмасы :


Гаухар
diamond.gau
12-12-12 11:06
Шәмші туралы ой-толғаулар керек еді
Сауле
abyskaeva
02-03-12 15:13
коп рахмет
Сауле
abyskaeva
02-03-12 15:12
Cіздерге көп рахмет.
Маржан
marjan_98.m@list.ru
14-12-11 19:49
Қайырлы кеш,достар!маған Шәмші Қалдаяқовтың толық өмірбаяны керек еді.қатты керек болып тұр.
Bakitgul
Bakon_1998@mail.ru
23-10-11 16:05
Достар! Маган Шамши Калдаяковтын Отырардагы той анинин тарихы керек ед. Тауып берсениздер рахмет айтар едим. Ноябрьде республикански жарыс болатын ед. Тез керек!!!
Ақерке
akosya_96_41
11-10-11 10:43
Шәмші Қалдаяқов, біздің елдің атақты композиторымыз, сол үшін мен осы жерде туғаныма өте қуаныштымын
Ардак
arrusa@mail.ru
29-06-11 09:29
kez-kelgen adamnyn omirbayany kerek edi ,ulgi retinde ,kazakwa,tabuga komektesinizder

Наурызбай
Nauke.97@mail.ru
19-05-11 13:28
Шәмші Қалдайақов туралы реферат берсениздер екі үш бет
Аigerim
aigerim_kairatkyzy
12-04-11 16:14
Ш Калдаяков туралы ким біледі
Арайка
araika-nazzli
12-04-11 16:12
Шәмшіні калай атаган толык есімі неге өзгеріп кетті кім біледі?
Туган кезде ауа райы кандай болган өтінем білетін адам болса жауап беріңіздер
Арайка
araika-nazzli
12-04-11 15:52
Ш Калдаяковтын туган тарихы туралы ким біледі плиз
Мейіржан
sopi_21
11-04-11 22:34
Шамшинин ауендерй кимде бар, отиниш бериндерш
гульмира
gulmira_82
06-04-11 13:51
шәмшінің өмірбаяны керек орыс тілінде
serik
seka_96.17
18-02-11 09:54
Арыс жағасында әнінің сөзі кімде бар
Есбол
esbol_98@mail.ru
11-02-11 08:13
Сәлеметсіздер ме? сіздер шәмші ағамыз туралы білесіздерме?өмірбаян.
Аружан
aruzhan_k.01
11-02-11 08:09
Сәлеметсіз бе? Маған Шәмшә Қалдаяқовтың өмірбаяны керек еді, бересіздер ме?
айсана
aisana_kz98
08-02-11 14:56
жақсы сайт екен)))))
Перизат
piko-9494@mail.ru
08-02-11 14:08
Салеметсіздер ма. Мен Кызылорда облысы Жалаєаш ауданынан Жаѕадария ауылынан есімім Перизат. Маєан Шамші аєамыздыѕ отасы жайлы суреттер керек еді.....
Gul_bagira
Шјмшініѕ жерлесі
24-01-11 17:57
Сјлеметсіздерме! білесіздерме біздін ауданда, яєни отырарда "Јн айтќанныѕ бјрі јнші емес, Араќ ішкенніѕ бјрі Шјмші емес" деген сґз бар! бўлда ќызыќ е?! меніѕ бўл жазєанымды єайбат деп тусинбеѕіздер. мен ешќашан ол туралы єайбат жазбас едім, тіпті біреу ќинасада! керісінше мен Шјмші атамызбен маќтанамын! Ґйткені, біз бір топыраќтан жаралєанбыз!
Гүлсезім
gua_1990@mail.ru
24-01-11 08:46
Сәлем достар.Маған Шамші ағамыздың әндерінің сөздері мен тарихы керек және өмәрбаяны. Рахмет...
гаммат
gammat1061
12-12-10 20:10
Шәмші ағамызға Қазақстанның көптеген елді мекендеріндегі мәдиниет ошақтарына атын беруге болады өйткені ол қазақ вальсы патшасы және еліміздің ән-ұраның компазиторы
Динмухаммед
dima.1997.kz
28-11-10 18:04


Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан...


Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 193О жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат. Табиғат ерекше дарын иесі еткен дара тұлға Шәмші Қалдаяқовты қазақ баласы есінен шығармас.Шәмші ағамыздың «Қорлан» әнін шырқаудағы өзіне ішкі сырын ашып айтпай сөз шешендігіне салып бұра тартып кететіні де бар. Кең жүрегімен табиғат берген дархан, дарынды Шәмші ағамыз өзінің жүрек тербейтін, қиял қозғайтын, терең ойға шомылдыратын ғажап әндерімен халқын байытатын, олардың өмір сүруге құштарлығын арттыратынШәмші Қалдаяқов пиониноны да, домбыраны да жосылта тартатын еді. Бірақ, домбыраны екпіндете, төпелеп тартқанын көрген емеспіз. Бір әсем әуенді шерте бастайтын да қоңырлата былқылдата ала жөнелетін. Қысқаша айтқанда тұла бойы тұнған өнер болатын.

Қазақтың музыка өнерінде Шәмшінің орны ерекше 300-ге жуық әні бар Ш.Қалдаяқов кеудесін қағып, мен атақты композитормын деп бір сәтте мақтанған жан емес. Қашанда өзінің қарапйымдылығымен ізгілігі мол адам ретінде бүкіл қазақ халқының жүрегінен мәңгі орын алды. Өзінің шығарған өлеңінің бірі «Тамды аруы». Шәмші ағаның қалың жұртқа махабатты жырлаған композитор ретінде белгілі. Тамды аруы махаббат жайлы болғанымен ол махаббат бостандығын аңсап жазылған ән. Яғни, жас жігіттің басынан өткен қайғылы оқиғаға себеп болған. Бұл махаббат бостандығын аңсаған әнді Шәмші ағамыз өзінің шеберлігімен дүниеге әкелді. Ал, «Сағынышым менің» әнінде ерекше аңсау , терең толғау бар. Айта берсек әр әннің өзіндік тарихи сыры бар. Ең бір көшпелі тарих - ән тарихы. Кешегі Кәрібаевтың Жамбыл вальсімен қанағаттанған лектің рухани көші небір аймаңдай дарындармен дараланып, сән салтанаты асқан келешектің көркем келбетін көз алдымызға келтіре білген нұрлы көші еді.

Көш жуан ортасынан ойып орын алған композитордың бірі әрі бірегейі де Шәмші Қалдаяқов болатын. Шәмшінің тағдырын да біртуар тұтас бір тағдыр иесінің 18 жыл соңғы жылдарында осы топырақта ғажайып шығармашылық ғұмыр кешкі «Мойынқұмда ауылым», «Дүнген қызы», «Фосфорлы Жамбыл» секілді атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде атақты әндері осында дүние есігін ашып, төрткүл дүниеге тарады. Әу баста Шымкент өңірінде басталған Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивалі Жамбылда жалғасын тауып, талай таланттардың тұсауын кесті. Шын таланттың ғажайып дарынның шапағаты тиді деген осы. Дарыны иісі қазаққа ортақ Шәмшідей аяулы жанның ән ғұмыры әлі талай ұрпақтың ой білімімен, парасатымен жаңаша жаңғырып жалғасын таба берері сөзсіз. Бұл еңбекті сол төккен тердің төл басы Тараз тойына тарту деп қабылдауымыз ләміз.

Қазақ өнері орны толмас қазаға душар болды. 1992 жылы 29 ақпанда жасы 62 ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан, көрнекті халық әртісі Ш.Қалдаяқов көз жұмды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдардан бастап айналысқан 1956-1962 жылдарда Алматы консерваториясында оқыды. Шәмшінің тұнып тұрған сыр шындығымен, шынайылылығымен және сезімге терең бойлауымен ерекшеленетін алғашқы әндерінің өзі композитордың атын елге жайып, халықтың сүйікті перзентіне айналдырды. 40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Ш.Қалдаяқовтың 300-ге жуық музыкалық туынды жазды. Олардың дені ән жанрында Ш.Қалдаяқовтың өзінің қайталанбас қол таңбасы халықтың бояуы қанық талантымен қазақ халқының қазіргі әнін, өнерін биік белеске көтерді. Оның ғажап шығармашылығы ұлттық мәдениеттің тамаша көрінісінің бірі.

Танымал әндер жазудағы табысы үшін композитор 1965 жылы Қазақстан Комсомол сыйлығын алды. Ал, 1991 жылы оған Қазақстан Республикасының Халық әрітісі құрметті атағы берілді. Халықтың сүйікті композиторы Ш.Қалдаяқовтың жарқын бейне тыңдаушылар жүрегінде әрдайым сақталады.

Шәмші – қазақ өнерін үлкен жаңалық және ұлттық бояуы қанық өлмейтін туындылар олжалаған аса дарынды сазгер екендігін дәлелдеген өнерпаз. Шәмші Батыс өнеріндегі вальсті қазақ топырағына, қазақ табиғатына жақындатып, ұлтымыздың төл өнері санатына қосып жіберген композитор. Содан оны қазақ халқы аса құрметтеп «қазақ вальсінің королі» - деп орынды мақтан етеді. Шәмшінің екі ұлы да кәсіби музыкант. Демек, әкесінің жолын қуған азаматтар.

Шәмші Қалдаяқовтың өзі өмірден өтсе де, әні ешқашан да қазақ халқының жадында сақталады.
Лариса Махабатқызы
larisamahabat
27-11-10 17:24
Салеметсіздер! Маған Шәмші ағамыздың кешіне видеофильм керек еді, қайдан алсам болады екен?
Дархан
darkhan--96
22-11-10 12:33
Шәмші Калдаяқовтың өмір баяны керек
Нуржан
moldabekov_87@mail.ru
04-08-10 08:47
Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны керек болып жатыр
ерке кыз
21-06-10 11:48
ШӘМШІНІҢ ӘНДЕРІ КЕРЕМЕТ!ТІРІ БОЛҒАНДА НЕБІР ӘНДЕР ДҮНИЕГЕ КЕЛЕР ЕДІ,ӘТТЕҢ
Райымбек
01-06-10 13:15
Шәмші Калдаяковтын олендері бар ма?
Ербол
Galiabanu_Janim@mail.ru
17-05-10 15:27
Шамші Қалдаяқовтын өмір баяны керек еді.Өтініш берсеніздер
Айман
aimana.88
28-04-10 09:26
omirbaianyn jiberinizshi
Сабит
Sabit_dkad@mail.ru
15-04-10 15:56
Маған Шәмшінің өмір баяны және суреттері керек еді болса жіберіңіздерші өтініш
Ердос
erdos85_85
15-04-10 14:51
Шәмші Қалдаяқовтың өмірбаяны керек
Нурлан
k.nurlan_84@mail.ru
13-03-10 11:35
Маган Шамши Калдаяковтын толыкырак омирбаяны керек еди тауып берсениздер.
Әлібек
axmetov.alibek
18-02-10 08:39
Сіздің атыңыз кім?
Ақмарал
ak.89@mail.ru
07-02-10 16:10
Шәмші Калдаяқовтың өмір баяны керек
марат
18-01-10 09:42
Шамши олендеры казак халкынын бетке устар улгиси. Бундай адам неменсе улкен нар тулга 100 жылда бир рет омирге келеди. Мен оын омир баянын изден толык тапканым жок. Мысалы АЛМАТЫДАН кеткенин кейин кайда болды? . Ешким жазган жок. Неге Казактын улы адамын ешким жазган жок. НЕГЕ НЕГЕ НЕГЕ !!!!!



страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»