Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Құда түсіп келеді, ал мен қаламаймын


Авторы Xабарлама
Жангүл
16-07-05 14:59
Мен ауылда өскен қарапайым қыздың бірімін. Студентпін.Осында 3-4 құда балдар бар еді.Біз,яғни, туыстарым, олармен жақсы, бір үйдің балаларындай араласамыз.Анада бір бас қосқанымызда Арман:" Үйдегілер биыл үйлен деп айтты.Жангүлді алсам ба деп отырмын" деді. Біз бәріміз күліп жібердік. Өйткені, тағы бір құда бала ,аты Олжас,солай айтып ойнайтын.Мен солай қабылдаймын.Ал, оның қандай көңілмен айтатынына мән бермеймін.Өз сезімін бірде білдірген, мен құда баламсың деп қалжыңға айналдырып жібергенмін. Туыстарымның көзінше айта береді.Мен де әзілмен жауап беремін. Бәрінің бұл әнге құлақтары үйренген. Әзіл деп қабылдайды.Оны құда бала ретінде ғана сыйлаймын. Жігіт ретінде ұнамайды.Арманды да ойнап отыр екен деп түсінгенмін. Туыстарым да, қасымызда болған құрбым да оның менімен ойнай беретінін біледі ғой, сондықтан күліп-күліп қойғанбыз. Осыдан 2 күн бұрын әпкемнен естідім,Арман шынымен мені алмақшы екен. Ата-анасы да сол қызды аласың депті. Құда түсіп келеміз деген көрінеді. Төбемнен жай түскендей сезініп жүрмін өзімді.Мұндайды күтпеп едім.Арман да , Олжас та маған алыстау құда бала болып келеді.
Мұны жазған себебім, олар шынымен құда түсіп келсе не істеймін? Ата-анам үлкен әпкеме айтып отыратын бұрын:" бірінші бақ-бақ" деп.Әрине, ата-анам менімен санасады.Дегенмен, ел-жұрт естісе айтады ғой :"пәленшенің қызы бармай қойыпты, құда түсіп келсе" деп.Оның үстіне оңтүстікте қазақы дәстүр қатты сақталған. мен қорқамын қарғысқа қалып қоямын ба деп. Ақыл айтып, ой қоссаңыздар екен. Тек мазаққа , балағатқа айналдырмаңыздаршы. Бұл менің өмірімдегі ең маңызды оқиға.

Авторы Жауап
Арай
12-09-05 17:34
Менде де ондай жағдайлар кездескен.Бірақ ол бірден құда түсіп келем деген жоқ,тек ұнататынын айтты. Мен бірден "жоқ" дедім. Себебі белгілі ғой. Ал, Жангүл қазіргі жағдайың қалай. Содан бері де біраз уақыт өтіпті.Мүмкін өмірің өзгерістерге толы шығар.
Даурен
19-07-05 11:59
Жангул менин ойымша Арман жаман бала емес сиякты ѓой! Куда тусип келсе келісіміњді бергеніњ д±рыс болады. Махаббат деген Арман екеуіњніњ араларыња уакыт оте µзі -аќ келеді. Ал жаќсы т±рмысќа шыѓып жатсањ саган тек жолыњныњ ашыќ болѓанын, барѓан жеріњніњ ќ‰тты келіні болуыња шын журектен тилектеспін. Елімізде ‰йлену тойлары коп болсын, еліміздіњ болашаѓы тек кана біздіњ ќолымызда екенін ±мытпайыќ!!!
Дана
18-07-05 06:53
Жангул салем! Арман сенин алыс куда балан болса егер ол сени шын суйсе сенин бар жагдайынды жасаймын деп турса ягни сени сыйлай билсе сенин кадиринди тусинсе онда келисиминди бере бермейсинбе егер сенин ата-анан карсы болмаса. Бирак журекке амир журмейди дейди гой. Кейде суйдим-куйдим деп махаббатты жай сезиммен шатастырып жататындар да баргой! Жангул "Озин суйгенди емес озинди суйгенди суй" деген де соз бар. Егер ол саган куда тусип келсе сен келиспесен ол саган ренжиди емеспе. Жигиттерди жылатуга болмайтынын да умытпа!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube