Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Сараң


Авторы Xабарлама
Aman
17-12-08 17:14
Сараң
Шімкет қаласында бір сараң адам өмір сүріпті. Бір күні сараңдықтың соңына жеткен тағы бір сараң адамның Алматы қаласында тұратындығын естіп, тезірек оның жанына барып, одан біраз нәрселер үйренгісі келеді.Жолға шығып, Алматыға келеді. Танымал сараңға келіп,өзінің сараңдық өнерін тағыда арттыру үшін не істеу керектігін сұрайды.Алматылық сараң шімкенттік сараңды шын көңлімен қарсы алып:
- Кел, сенімен бірге базарға барып бір нәрселер сатып алайық,- дейді. Екі сараң бір наубайшыға келіп: - Жаңа піскен наның бар ма? Деп сұрайды. - Әрине құрметті мырзалар.Әрі жаңа піскен, әрі сары май сияқты керемет,- деп жаңа піскен нанын мақтайды. Алматылық сараң: - Көрдің бе? Мына адам нанды сары маймен салыстырып жатыр. Демек , май наннан да жоғары.Кел одан да сары май сатып алайық , - деп, алматылық сараң шімкеттік сараңды май сататын дүкенге алып барады. Дүкеншіге:
- Жақсы сары майыңыз бар ма? – деп сұрайды.Дүкенші: Әрине мырзалар! Болғанда қандай?! Зейтін майы сияқты жып – жылтыр, әрі дәмді май,- дейді. Сол кезде алматылық сараң шімкеттік сараңға: - Досым, көрдің бе... Зейтін майы сары майда да жақсы екен. Олай болса жүр, зейтін майын алайық , - дейді. Сүйтіп екі сараң зейтін майын сататын дүкенге келеді. Алматылық сараң дүкеншіден:
- Жақсы зейтін майыңыз бар ма? – деп сұрайды.Сатушы: - Болғанда қандай?! Ең жақсысы бар су сияқты мөлдіреп жылтырайды,- депті. Сол кезде алматылық сараң досына қарап:
- Көрдің бе, демек ең керемет нәрсе су. Менің үйімде бір бөшке су бар. Саған сол суымды тарту етейін, - дейді. Сөйтіп екі сараң үйге қайтйп оаралады. Судың зейтін майынан да, сары майдан да, тіпті наннан да керемет болғандығы үшін алматылық сараң шімкеттік қонағының алдына бір тостаған су қойып, мол – мол тарту етеді.
Қонақ болған үйінен тек қана мол – мол су ішкен шімкенттік сараң: « Алматыға келіп, тәжрибемді едәуір арттырдым», - деп досына рахметін айтыпты.



В этой теме ответов еще нет. Ваш ответ будет первым.




Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube