Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Доллар қымбаттап барады


Авторы Xабарлама
халық
04-02-09 11:13
Бүгін доллар 160-қа бірақ көтерілді. Кім түсіндіріп бере алады не боларын. Білгіштер қандай бал ашқанын білесіздер ме?

Авторы Жауап
Ерсайын
ersо_89@mail.ru
22-01-10 17:23
ойларынызга рахмет!!!
Жанат
Shanat.@.inbox.ru
14-03-09 07:10
Халыќ деген атты пайдаланып хат жолдап отарєан адам ґз атымен шыќсын. Сіз халыќ атынан сґйлемеѕіз. Наќты дјйекті жауап есітемін десеѕіз есіміѕізді кґрсетіп жолдаѕыз!
Жанат
Shanat.@.inbox.ru
14-03-09 07:04
Ќаражал аєа! ќазіргі таѕда басым жїріп отырєан арзан аќша саясаты ма, јлде ќымбат аќша саясатыма сол жґнінде маган толыќ тїсіндірсеѕіз деп едім.
Жанат
Shanat.@.inbox.ru
14-03-09 06:59
Мен айтар едім бўл јлемдік даєдарыс болєаны їшін сіздер бас ќатырмаѕыздар дер едім.
Мика
11-02-09 10:31
Қаражал
ия, жөн айтып отырсың, қосыламын, Маслоудың пирамидасы есіме түсіп кетті. Алғашқы қажеттілікке қауіп төніп тұрған кезде басқасы туралы сөз қозғамай ақ қоюға болады.
ринат
не знаю
11-02-09 08:28
dollar koterilmesin koterilse xaliktin jagdayi kiyindaydi dollardu kotergenshe tengeni negip kotermeymiz.
Қаражал
Досқа
10-02-09 11:10
Қысқа 3-4 ай мерзімінде доллармен сақтағаныңыз дұрыс. Себебі көрші Ресейде доллар курсын 50 рубльге дейін түсірмек ниетте. Осыған орай біздің де теңгені түсіруге мәжбүр болатынымыз сөзсіз.
Қаражал
10-02-09 06:41
Кризистен шығудың бірден бір жолы ретінде Азиялық мемлекеттер жабық экономикалық жағдайға көшуде. Яғни бар тауарларды шеттен сатып алудың орнына өздерінде өндіру қолға алынуда.
Олар шығады кризистен. Себебі - отандық өндірістері жетерлік.
Ал бізде ше? Не дейміз? Зауыттарымыз бен фабрикаларымызды түгелдей жаптық. Кешегі Алматының АХБК сы, Қаптаған зауыттары мен фабрикалары қайда? Барлығын жауып тындық. НАН саясатының жетістігі.
Халықаралық қорларымыз бітпейінше тыныштық сақталар. Әрі қарай? Ай, қайдам?

Егер аш қалсаңыздар орысша емес қытайша сайрап кетерсіздер. Олай болса ең алдымен автономды қажеттіліктерімізді өткерейік. Қалғаны сонан соң.
(Университеттен Абрахам Маслоудың "қажеттілік" теориясы есімде қалыпты).

Балталы
09-02-09 14:15
Итке темір не керек, Қазағым ау тілің өлейін деп жатқанда долларды қайтейін деп едіңдер?
Әлде тілсіз мылқау болып жүре бересіңдер ма?
Қаражал
09-02-09 12:07
Неге біз шабан қимылдаймыз. Билік басындағыларда көрегендер жоқ тек көр соқырлар ма. ? Бес ай бойы түсірмеген курсты бір күнде жібере салар немене , қарапайым халқыңда Өшің бар ма еді?
Қаражал
09-02-09 12:03
Төмендегілеріміздің кей біреуі "дефолт" терминін "девальвация" терминімен шатастырып жатыр. Дефолт ол (default — невыполнение обязательств) қарыз берушілердің алдында мүлдем төлем қабілетсіздігінің туындауы. Мемлекет дефолт жағдайында мемлекеттік облигациялар бойынша төлемдерден бас тартады да әрі халықаралық сотқа тараптар жүгінеді. Аллаға шүкір, Дефолт елімізде болған емес. 1998 жылы дефолт көрші Ресейде болды. Дефолт ұғымы Банкрот ұғымымен қатар жүреді.
Ал девальвация ол- ақша -несие саясатының бір түрі. Ол ұлттық валюта курсының әлемдік басқа валюталарға қарағанда бағамының түсірілуі.

Сәрсенбіде жүргізілген девальвацияның ең басты мақсаттары:
1. Отандық экспорттаушыларды қолдау мақсатында.
2. Таусылып бара жатқан Алтынвалюталық резервті сақтап қалу.
3. Теңгеге щаққанда өзіндік құны арзандап кеткен шетелдік тауарлардан отандық өндірісімізді қорғау.

Өз ойым:
1. Қаржылық дағдарыстың алдын-алу үшін бұл саясаттың нәтиже береріне күмәнім бар. Себебі Қазақстан өзінің дамуы жолында ең тамаша жетістіктерге жеткен 1999-2007 жылдары зауыттар мен фабрикалар емес керісінше үйлер мен қызмет орындарын дамытты. Мұнай саласын қоспағанда осы 2007 жылдың өзінде тауар экспортымыз шамалы еді. Сондықтан да асырылған шара біздің экспортерлерімізге тек ішінара көмектеседі.
Кез-келген шаруашылық субьектісі өздерінің қаржылық бюджетін жыл соңында қабылдап, келер жылдың басында сатып алынатын қызметтер мен тауарларының тендерлерін жариялай бастайды. Көршілес Ресей мемлекеті рубльді девальвациялау саясатын тамыз айынан жүзеге асыра бастағанын ескерсек, біз өте Кешіктік (Отандық тауар өндірушілер мүддесін қорғау дегенді қолға алғандарына қаншама - біздің ьауарларды кіргізбейді де).
Тымақтарын төбеге атқандар олар мұнай экспорттаушылар деген.

2. Отандық өндірісті, тауарларды қорғау. Далбаса. Өзіміз ешнәрсе өндірмейміз. Олай болса Ертең ақ тауарлар бағасы жалпылама 25-30 пайызға көтеріліп шығады. Зардабын шегетін ол -халық.

3. Халықаралық резервтерімізді сақтау. Біз сақтай алмаймыз енді. Таусылуға бет алған резервтеріміз біткеі біткен. Тек Аллам мұнай бағасын көтеріп жіберсе ғана сақтап қалар.

Дос
09-02-09 09:31
Ассаламу алайкум .Ия біздің жағдайымыз не болар енді. Мен теңгемен ақша жинап жазда там ба жер ма алсам деген едім .Бұл заман адамды қорқыта беретін болды ғой.
Мика
09-02-09 08:12
Еркін нарықтық плавание және фиксированное плавание деген болады валютан курсының. Еркін қалқығанда нарықтық сұраныс пен ұсыныстың әсерінен баға тұрады. Фиксированный қалқығанда Ұлттық банк долларды арзан бағамен ұстап отыру үшін өзі валютаны сатып алып, реттеп, тұрақты ұстап отырады, бірақ оған қомақты қаржы керек. 98-жылы нарықтық еркін плаваниеге көшкенбіз, содан қайтадан фиксированный курс ұстап енді қайтадан еркін плаваниеге жиберіп отыр. Нормальный мемлекеттерде фиксированный курс ұстап отырады экономиканы шайқалтпас үшін. Бірақ курсты нарықтық плаваниеге жібергенінен не шықты, баға қымбаттап кетті, импортты сатып алу қымбатқа түседі, елдің сатып алушылық қасиеті төмендеп кетеді, тауар айналысы азаяды, мұнай экспорты дейтіндей, оның бағасы арзандап кеті мына дағдарыс әсерінен, валюта түсімі аз. Қысқасы бардак болып кетті.
АҚША
06-02-09 19:49
Үкімет төбесіндегілер барлығын қолдан істеп отыр. Өздері барлық тиімді салаларды басып алған, ақшаларын барлығын долларға өткізіп алып, жай қалыққа бірден осылай сан соқтыртып отыр, шындық болуы үшін Россия сияқты өтуіміз қажет еді. Соның есебінен еліміз қазынасындағы халық байлығы 6 млрд доллар/ 900 млрд тенге/ шығын шегіп отыр.Марченконы соған шұғыл өту үшін отырғызып отыр. 1998-1999 жылдары да осындай шараны қолдан жасаған. Қолында доллармен қайтаратын клиенттермен мен банктер зиянды өте қатты шегеді.Төбедегі істің барлығы осындай. Теледидардағы айтылғандарға ауыздарыңыз ашылып онша сене беруге болмайды. Айлықты 25 пайыз көбейттік деді, енді ол февралда жоқ, инфляциямен бугінгі барлық саладағы кымбаттаушылықтар оны жеп қойды.
тағы бір қазақ
06-02-09 19:30
жұрттың бәрі теңгелерін долларға аударып әлек. Кешегі жаңалықтарды көргенде небір сұмдықты айтып жатыр. Ақша тонаған, ...и.т.д. и.т.п. Менің ойымша паника жасаудың қажеті жоқ. Сіздер қалай ойлайсыздар.
Аслан
Aslanbek2007@mail.ru.
06-02-09 14:05
" Бір қазақтын" сөзінен кейін бір нәрсе айту қиын.Сонда да бірнеше сұрақ туады, неліктен бір мезетте төмендетіп жіберді? Осы саланы меңгерген ағаларымыз неге осы шараны "әкесінің өлерін алдын" қамданбады? Неліктен жай түрде (постепенно) төмендетпеді? Олай болмағанда қазіргідей аласапыран (ажиотаж) болмас па еді?
Бір қазақ
05-02-09 12:29
Бұның аты девальвация (дефолт) дейді. Соңғысы 1998 жылы болған. Ол дегеніңіз ұлттық ақшаның құнын сыртқы мықты валютаға қарағанда төмендету. Сол арқылы ішкі ақшаның құнын қалыптастыру. Бұның ұтымды жағы ЭКСПОРТҚА өнім шығарушы елдерге тиімді. Екінші жағы айтылып жатқан ұлттық қордың бәрі доллармен сақталған, сондықтан қазіргі экономиканың бәрі доллардан тәуелді. Сол себептен де біз қазір АҚШтың және ДОЛЛАРдың бірден құламауын, жоғалмауын тілеу керекпіз.
Егер совет үкіметі немесе соған қатысты елдердің бірлестігі 3-5 жылдай тұрса, АҚШтың экономикасы сол кезде құлаушы еді де, ол дағдарыс қазіргідей бізге тимес еді.
Қазір енді соның зардабын бәріміз шегіп отырмыз.
ШАРДЫ ДА ҮРЛЕЙ БЕРСЕҢ ЖАРЫЛАДЫ!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube