Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия










Общение

Реклама: PEPE.kz — интернет-бутик детской обуви. Бренды: VERSACE, PUMA, CAVALLI, VANS, CULT, NEW BALANCE.
Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Әттегенай


Авторы Xабарлама
Алем
30-09-05 10:04
Өткен жексенбіде, көшеде бала кезде бірге өскен ауылдағы ескі бір Боранбай деген танысымды кездестіріп қалдым. Менен уш жастай кіші болатын. Екеуміз жайғасып отырып бір кафеде әнгіме құрдық, баллалық шақты еске алып дегендей. Сонда маған бір қызық оқиғаны есіме түсіргені.
Бала кезімізде демалыс айларында, Ауылдың сыртында өзен, көл, арықтар көп, сонда балалар болып жиналып балық аулауға баратын едік. Ал маған үйге балық әкелуге ұрықсат бермейтін, күн ыстық немесе тез бұзылып сасып кетеді деп, ұрықсат бермек түгіл жібермейтінде еді, жаман орыстар ұстап алып суға лақтырып жібереді деп қорқытатын. Жаман орыстар дегенім, Қазақы ауыл болған соң, кейде жолшыбай мас болып көшеден өтіп бара жатқан немесе дүкеннің жанында мас болып құлап жатқан, қалып кеткен Орыстарды, ұстап алып адамдар үйіне әкеліп, жұмысқа салатын, сондай орыстар кейде судың жағасында балық аулап жүретін. Ал мен қашып кетіп баратынмын балалармен бірге балық аулауға. Бірде судың жағасына қармағымды қалдырып кеттім, ілмегіне қолымдағы жұдырықтай тұздалған малдың етін ілдіріп. Түстен кейін келіп көреміндеп.
Үйге барып түскі тамағымды ішіп, күннің ыстығы басыла бастағанда көлге қайтып келсем, көлдің жағасы ылайланып, қармағым судың жағасынан алысқа кетіп қалыпты, кешіп барып алып шықтым судан, қармақтың ілмегінде еті жоқ екен, балық шығып кетіп тіғой кішкене ертерек келмеппін деп ойладымда, көлдің арғы жағында өзенде балалар майда балық аулап отырған соларға бардым. Барсам олардың ұстап алған балығын көрдім суға арқандап қойған Сазан балығы екен, шамасы 15-25 килограмдай салмағы, мен әбден қызықтым менде осындай біреуін ұстап алсамғой, бүкіл ауылға мақтанатын деп. кім ұстады деп сұрасам балалар Боранбай ұстады дейді, ол кішкентай қара бала болатын 2-3 класта оқитын. Өзімен бірдей балықты қалай ұстап алды деп таңданғанмын. Содан барбала жабылып әлігі балықты көтеріп ауылға алып кеттік, алдымыздан шыққан адамның бәріне Боранбай ұстады деп мақтан тұтып оны үйіне дейін алып барып бергенбіз одан кейінде ол баланың ерлігін аузымыздан суымыз ағып айтып жүрдік.

Боранбай: Есіңдеме сенің баяғы мен ұстаған үлкен сазан балық, сол сенің қармағыңа түскен, көлде сенің қармағыңды ағызып әкетіп бара жатқанын көріп, мен суға түсіп алып шықтым, ал балаларға ешқайсысың айтпаңдар деп ескертіп едім дейді. Сонда 17-18 жылдай уақыт өтіп кетседе, мен әлігі балаға ішімнен күйдіргі ай деп, Ай сен маған осы күнге дейін айтпағаның не? Әттегенай, мені талай адамға мақтануымнан құр қалдырыпсыңғой деп қол алысып тарқадық.


Авторы Жауап
Алем
03-10-05 06:33
Рахмет Камшат!, өркенің өссін.
Мен ешкімнің балағына жабысқан емеспін.
Камшат
01-10-05 09:07
За то сен Форумда отырған барлығына мақтаншақ екеніңді жасырмай жазып бердің!



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube