Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Мәдениет, өнер, дәстүр, әдебиет, БАҚ
Тақырып: Қасым Аманжолов

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
қасым
17-02-09 19:38
Егер кім де кім керек қылса Қасым Аманжоловтың өлеңдері мында бар: http://www.geocities.com/kasym.amanjolov/



Авторы Жауап
гулжан
12-03-14 16:01
маған Қасым Аманжоловтын жамырап күнде жас өмір өлеңі керек
аяна
ayana.kz_99@mail.ru
11-03-14 08:26
касым аманжолов жамырап кунде жас омир

Айсулу
sulu_01_kz@mail.ru
09-03-14 21:57
Қасым Аманжоловтың \Ақын өлімі туралы аңыз\ поэмасы керек еді!
дамир
dizzyboy01@mail.ru
21-02-14 15:23
Касым Аманжоловтын достарынын суреттеры жане достарынын аттары керек еды. Тайп бере аласыздарма?
Томирис Ниязбекова
tomiris.niyazbekova@inbox.ru
03-12-13 13:31
Қасым Аманжоловтың өлеңдері тамаша!
кадиров мурат
murat_96sila@mail.ru
19-04-13 18:29
устимде сур шенелим " атты олен издеп едим
айжан
19-03-13 19:03
маған ұнаған жазушының шығармалары шығарма тауып беріндерші өтініш

Salta Kalmanova
saltazhan@inbox.ru
13-03-13 21:49
туған жер туралы қасымның өлеңі керек

тұрсынбек
k.tosik.200@mail.ru
04-03-13 21:23
Қасым Аманжоловтың Дариға сол қыз өлеңі керек еді
еркебулан
ekb_erkebulan@mail.ru
04-03-13 16:37
рахмет олен ушин
гульмира
gulmira.689.@mail.ru
25-02-13 17:38
касым аманоловтын шыгармалары керек
Әлия
21-02-13 18:18
Маған "Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ" деген шығарма керек өтінемін
@ID@N@
KURKEBAEVA_LUIZA@MAIL.RU
20-02-13 20:20
kasym amanjoloftyn men tabygat bobegy olenin tauip berynderwi otyniw
Дархан
darhan_94_30@mail.ru
15-02-13 18:35
Қасым Аманжоловтың өзгеге емес,өзім айтам,өз жайымда деген такырыпка шығарма керек
Жанел
ZHAN0999@MAIL.RU
14-02-13 08:04
маған Қ,аманжоловтың ТӘКӘППАP ҰЛЫ ДҮНИЕ ҚАЗАҚ ДЕГЕН МЕН ДЕЙМІН деген тақыpыпта ои толғау кеpек еді көмектесіңіздеш(((ӨТІНІІШ
ГуЛдЕн
gulka.vip.95@lisn.ru
10-02-13 15:58
Касым Аманжоловтын ерликти жырлау тасили/мазмуны кажетеди

ИлЬяС
krutoi_paz@mail.ru
06-02-13 13:54
күшті мәтін екен маған ұнады туган ер туралы
Айдана
Aidoka_95_15@mail.ru
04-02-13 22:23
Касым Аманжоловтын Байкал олени керек
аида
supergirl.a
16-01-13 12:53
КҮЛЕМІН ДЕ ЖЫЛАЙМЫН


Күлемін де жылаймын,

Жылаймын да күлемін.

Неге ғана бұлаймын,-

Өзім ғана білемін.


Өкінбеймін өмірге

Босқа келген екем деп.

Өкінемін бір күнде

Түк бітірмей кетем деп.


Мен сүйемін өмірді

Құшақтаймын жарымдай.

Бірде болам көңілді,

Бірде тұрам қайғырмай.


Білмеген жан өлерін

Қайтып сүйер өмірді.

Білмей қайғы келерін,

Қайтіп болар көңілді?


Дәл осыны түсінбес

Адамдар бар, не шара!

Іші қуыс, сырты мес,

Тас бауырлы бишара.


-Жылама сен, күл,- дейді.

Күлсем және сенбейді.

Қаратер боп тергейді,

-Неге күлдің сен?- дейді.


Күле білмес қуыршақ,

Жылай білмес,- ақиқат.

Күлсек, яки қайғырсақ –

Бәрі болар оған жат.


Ол сорлының ойынша –

Дауруғумен күн өтсін.

Бар арманы- тойынса,

Құлқын үшін күнелтсін.


Бас көтерсе төсектен,

Өз үйіне сыймайды.

Дүниедегі өсектен

Дым қалдырмай жинайды.


Ішкенге мас, жесе тоқ,

Құр даурығу, бос ыржаң.

Қуаныш жоқ, қайғы жоқ,

Неткен сонша сорлы жан.


Осындай дос көргенде,

Қайтіп қана шыдарсың.

Ойлап- ойлап келгенде,

Күлерсің де жыларсың.

аида
supergirl.a
16-01-13 12:52
ДҮНИЕГЕ ЖАР


Ей, тәкаппар дүние!

Маған да бір қарашы.

Танисың ба сен мені?

Мен- қазақтын баласы!


«Тағы жұрт» деп тағы да

Танымассың, білмессің.

Өйткені мен қазақпын,

«Англичанин» емеспін.


Танисын ғой сен оның

Өзінен бұрын мылтығын.

Дәріптейсің қасиетін,

Адамы түгіл, итінің.


Мен де оны бір кезде

Етігінен танығам.

Қадай басып өкшесін

Далама кеп қаңғыған.


«Тағы» дейтін халқымды,

Дозақ дейтін даланы.

Кен қазам деп көр қазып,

Ақтаратын моланы.


Жылап жатса бір қазақ,

Күлуші еді-ау ол әлі!

Соның бәрі сұрқия

Сұм патшаның әлегі.


Екі аяқты аң патша

Көп батырды шеңгелін.

Сар далада сарғайдым,

Қасіретпен шөлдедім.


Мынау қара көзімнен

Сансыз дария жас ақты.

Өз етімді өзіме

Кесіп алып асатты.


Айтып, айтпай не керек,

Не көрмеді бұл қазақ!

Дүние бүгін ұялар,

Айтпа, ойбай, аузың жап.


Сорлы емес ем ежелден,

Қаралы едім, зарлы едім.

Ұялушы ем өзге елден,

Намысты едім, арлы едім,


Есе тиер, енші алар

Ел болсам деп ойлаушы ем.

Қазақпын деп айта алар

Мен болсам деп ойлауш ем.


Тәкаппар дүние төріне

Емін-еркін шықсам-ау.

Айтқанымды тыңдатып,

Айтқандарын ұқсам- ау


Деп ойлаушы ем, сол болды,

Арманыма жеттім мен.

Үдере жорттым, жол болды,

Тау төңкердім екпінмен.


Енді мені менсінбес

Европаның қай елі?

Қарсы келсем – құшақтар

Қаратпайтын әйелі.


Сорлы негр қара боп

Туғанына жазықты.

Тәкаппарсың дүние,

Көп қорладың аз ұлтты.


Қатарластың бірақ сен,

Аз дегенің көп екен.

Көміп кетер көпшілік,

Көп кешікпес күні ертең.


Бола бермес дүниеде

Күнде жанжал, күнде шу.

Жауып кетер жер бетін

Жалғыз ғана қызыл ту.


Сол қызыл ту астында

Күн келбетті қазақпын.

Оттар емес телмірген,

Азаматпын, азатпын.


Енді сірә, дүние,

Танисың ғой мені сен.

«Танысамын соғысып»

Деп ойлама тегі сен.


Төрт құбылаң түгел сай

Қорқытпайды соғысың.

Жетпіс қабат қорғандай,

Батысымда – орысым.


Шымдай болат киінген

Шұғылалы шығысым.

Тас түлектей түйілген

Қырғыз, якут туысым.


Қазақ деген атымды.

Өшіре алмас ешбір жау!

Төбесінен, тиіссе,

Төңкерілер Алатау.


Аумағы мол алыппын,

Кең- ді менің құшағым.

Британия аралын

Қолтығына қысамын.


«Тағы» емеспін тағы айтам,

Адаммын –ды бұрыннан.

Адаммын деп жылағам,

Адаммын деп қырылғам.


Тәкаппар ұлы дүние!

Қазақ деген – мен деймін.

Мылтығыңды ұсын ба.

Қолынды ұсын, кел деймін!
салтанат
sakonya__93@mail.ru
06-12-12 21:41
қасым амандоловтың "қиялым" өлеңі бар болса жіберсеңіздер тез арадда
Аян
777
30-11-12 07:14
сіздің жатқан жеріңіз жәннат топырағыңыз торқа болсын АЛЛАның шапағатында болыңыз. Сіздей Қасым дүниге келетіне күмәнім бар. Қазақ үшін жақсы ұлдар дүниге келе берсін.
aida
ms.aida.98@mail.ru
19-11-12 18:49
қасым аманжоловтын" өзге емес өзім айтам жайымда" лені туралы не бар?
Нурлыбек
Nur_dos-5555
13-10-12 12:31
Жеңіс туы
Өтті жылдар өтті күндер ай асып
Жеңіс күнін тойлайықшы біз тасып
Батырларға осы сөзді арнайын
Отты күнді еске алайық бір тасып

Туған елім, туған жерім қазағым
Көріп өттің сен соғыстың азабын
Жеңіс туын жетелеген ерлерге
Бас иеді жастарың да қазағың

Жетелейді жылдан, күндер арманай
Шың батырлық қазағымда қалған ай
Бақытына елім деп еңіреген
Шоғын басып сол жеңістің алған-ай

Жеңіс туын көтерген ерлеріме
Тәуелсіздік жетті міне жерлеріңе
Бас иеміз халқымның арманына
Жеткенде жеңіс сый ерлеріңе

Аяулым
ayaulym_kaltaeva
09-06-12 13:43
Касым Аманжоловтын өзім туралы өленін тауып берініші өтінем
Асель
vasilek_10.94@mail.ru
05-04-12 20:09
Дарига сол кыз деген олені анімен айтылатын нускасын кайдан тапса болады ??
Junny-funny)))
janarikfonarik@mail.ru
15-04-11 15:25
Қасым Рахымжанұлы Аманжолов

1911 жылы қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген.
1923 жылы Қасымды ағасы Ахметжан Семейдегі бастауыш мектеп-интернатқа түсіреді. Мектептен кейін Қасым Семей мал-дәрігерлік техникумында оқиды. Оны тәмамдағаннан соң Оралдаға педагогикалық институтқа түседі. 1930 жылы Алматыға барып \"Леніншіл жас\" газетінің редакциясына қызметке тұрады. 1931 жылы Қасым Лениградтағы орман шаруашылығы институтына түседі, бірақ аяқтай алмай, Оралға келіп, \"Екпенді құрылыс\" газетіне қызметке тұрады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.
Алғашқы өлеңдерін Қасым Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген \"Лениншіл жас\", \"Қызыл әскер\" және \"Пионер\" газеттерінде жарияланған.
Қ.Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы Қасымның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қасымның ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.
1936-1941 жылдары Қ.Аманжолов Алматыға барып, \"Социалистік Қазақстан\", \"Лениншіл жас\" газеттерінде, Жазушылар Одағында қызмет істейді. Бұл кездері ол өлеңмен қатар әр түрлі тақырыпқа мақала, очерк, фельетон жазады.
1939-1941 жылдар арасында Қасымның шығармашылық елеулі өрлеу дәуірі басталады. Осы кездерде жазған \"Нар тәуекел\", \"Дауыл\", \"Көкшетау\", \"Орамал\", \"Заула, заула Турксиб\", \"Сұлтанмахмұт туралы баллада\" сияқты өлеңдерінде өрісті ойлар, терең сезім қуаты, өткір тіл байлығы байқалады. Және де Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. \"Дариға\", \"Туған ел\" атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады. Қ.Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы \"Өмір сыры\" деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы \"Бар дауыспен\" деген атпен жеке жинақ етіп жариялады.
Қ.Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. \"Дүние қандай жап-жарық\", \"Сақыпжамал\", \"Күйім тасып барады, күйім тасып\", \"Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім\" атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, \"Ақын өлімі туралы аңыз\", \"Боран\", \"Біздің дастан\", \"Жамбыл тойында\" атты поэмалары оның эпиктігінің дәлелі.
Қасым 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатынасып, жауға қарсы қолындағы қаруымен де, қаламымен де белсене күресті. Соғысқа аттанар алдында ақын \"Мазасыз музыка\", \"Қоштасу\", \"Бейсекештің бес ұлы\" сияқты патриоттық өлеңдерін жазады. Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. \"Үстімде сұр шинелім\", \"Мартбек\", \"Жеңіс дауысы\", \"Орал\", \"Ертіс\", \"Сибирь\", \"Сарыарқа\" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал \"Елге хат\", \"Достар қайда жүрсіңдер?\", \"Ағайға\" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.
1943 жылғы сұрапыл кезеңде дүниеге келген Қасымның бір ерекше, өлмес туындысы – \"Ақын өлімі туралы аңыз\" атты поэма. Бұл поэма Қасымның атын аспандатып, ақындық даңқын шырқау шыңға шығарған тұлғалы туынды. Бұл поэма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы.
Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның \"Біздің дастан\" поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы \"Дауыл\" деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ.Аманжоловтың \"Балбөбек\", \"Нұрлы дүние\" жинақтары \"Таңдамалы шығармалар\" жинағы басылып шықты.
1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның \"Өзім туралы\" атты өлеңі. Бірақ бұл өлеңді аяқтамай кетті. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ.Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 - қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды.
Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ.Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Қарағандыда Қ.Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілді.


Moldir
just_molya@inbox.ru
02-03-11 19:52
Қасым Аманжолов → Туған жерТуған жер
Шықшы тауға, қарашы кең далаңа,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, кұмарың бір қана ма?!
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадырыңды келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің!
Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім!
Мен де өзіңдей байтақ едім, кең едім,
Қызығыңды көріп еркін келемін.
Сен де аямай бердің маған барыңды,
Мен де аямай барым саған беремін.
Болдым ғашық, туған дала, мен саған,
Алыс жүрсем, арманым сен аңсаған.
Жақын жүрсем, мен төрінде рахатгың,
Алтын діңгек - өзім туған босағам!
1946.
Ақмарал
akmaral---94@mail.ru
27-02-11 17:20
Қасым Аманжоловтың күшті, ерекше өленінің біреуі керек
Амандық сұрасан саумын демейтін қазақ аз,4 сөздің басын кұрап әу демейтін қазақ аз.
Raiian.92@mail.ru
26-12-10 13:53
Өзім туралы
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...
Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта калған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі келбетімде.
Қай жерде үзіледі қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде?
Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ?
Немесе бастармын ба екінші өмір,
Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап?
Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,
Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
Арпалыс алақұйын заманалар
Арбасып тұрып алды, мен не етемін?!
Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
Алыстан көрінгенмен мұнарлана.
Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.
Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
Ізімді табарсыңдар әзер іздеп.
Оқырсың сонда, мүмкін, бұл жырымды,
«Досың да, туысың да біздерміз», - деп.
Ризамын туғаныма адам болып,
Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
Адамзат сапарының мейманымыз
Бір мезет жер бетіне кетер соғып.
Екі көз - екі жүлдыз маңдайдағы,
Көруші ең құбылысты кай-қайдағы.
Япырмай, сен де бір күн сөнермісің
Қап-қара түнек болып маңайдағы?!
Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп.
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.
Барым да, бақытым да осы өлеңім,
Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.
Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,
Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін?!
Гүрілдеп жалын атқан кеудем - көрік,
Сөз соғам қүлашымды еркін керіп.
Суарып шынықтырам күйге малып,
Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.
Құя алман үгітілген балшық өлең,
Көңлімде көл жасаман тамшыменен.
Серінің семсеріндей сертке тақкан
Өлеңнің өткірін бір алшы менен.
Ежелден еркебұлан Қасым едім,
Бұлқына тасып едім, басып едім.
Жүзім - жаз, көңілім - көктем, кең пейілді,
Жақсының жүрегіне ғашық едім.
Сөзім - жыр, лебізім - күй, ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім.
Өмірдің алтын сарай аспанына
Қиялым қақты қанат ерте менің.
Кең жайдым құлашымды дүниеге,
Білдім мен қайғыра да, сүйіне де
Әйтеуір, әрі-сәрі болғаным жоқ,
Ұқтым мен көңілімнің күйі неде...
Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,
Сый көрді небір сараң мол Қасымнан.
Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,
Айрылсам ала көңіл он досымнан.
Қасыммын, сол баяғы бір Қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң - дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң - сырласыңмын.
Боламын ақын Қасым әлі де мен
Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.
Қанатын қағып жылдам келер жылдар,
Бәрін де қарсы аламын ән-күйменен.
Бір күні от өмірім қалса өшіп,
Қайран ел туған жерден кетпес көшіп.
Торқадай жамылып ап топырағын,
Жатармын өз жерімде бір төмпешік.
Дариға, о, дариға, шіркін дәурен,
Басымнан таярмысың бір күн, дәурен?!
Жалт беріп жоғалар ма нажағайдай
Жүзінде шалқып тұрған күлкім, дәурен.
Тоқтамас өмірімнің сағатындай
Жүрегім енді қанша соғар тынбай?
Тыншыр ма ақтық рет бір талпынып
Мерт болған балапанның қанатыңдай?
Түсірген ой сәулесін шар тарапқа,
Ақылдың алтын оты сөнген шақта,
Бүл күнде саңқылдаған сұңқар үнім,
Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.
Сондықтан ап кел бері домбырамды,
Кеудеме күй қанатты қондыр әнді.
Берейін өмірімнен өлең жасап,
Шашайын оңды-солды мол мұрамды.
Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бүл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың?!
1948-1954.
ИГІЛІКТЕРІҢІЗГе ЖАРАТЫҢЫЗДАР
Темірлан
tema-temirlan@mail.ru
21-11-10 11:37
өзім туралы өлені керек
олжас
adrenalin.med email.ru
30-06-10 18:53
Қасым Аманжоловтың \"Өзім туралы\" өлеңі керек еді.
мейрам
tersakan_87
25-06-10 14:08
Қасым Аманжоловтын өлендері керек
Арайлым
aikamai-janym
05-06-10 10:57
Сұлтанмахмуд Торайғыровтың "Көкшетау" поэмасы туралы шығарма керек
Жанар
zhan_angel_95
17-05-10 19:41
Өзім туралы өлеңі керек еді қайдан тартып алсам болады?????
Айжан
Asykpaychic_lapushka@mail.ru
19-04-10 19:39
Қасым Аманжоловтың \"Көкшетау\" шығармасын қайдан табуға болады
?
Akyrys
10-03-10 07:51
\"Туған жер\" өлеңінің мәтіні керек
Назым
Nazik99.99
03-03-10 20:49
Өтінемін маған Қасым Аманжоловтың туған жер өлеңі қажет
Алибек
busy_boy@list.ru
17-02-10 10:53
"Туған жер" өлеңінің мәтіні керек
куралай
bkuralai@mail.ru
03-12-09 09:43
Өзім туралы Қасым Ааманжолвтың өлеңі керек


страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




Изготовление штендеров наружная реклама Производство наружной рекламы shtender.msk.ru имплантация зубов цены форум drkondratev.ru Моющие пылесосы от 15990 руб Профессиональные пылесосы Numatic. Соответствует всем международным нормам ufa.holodilnik.ru

© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Интернет-агентство «Браффорд»Реклама | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»