Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Жалпы қазақша форум
Тақырып: Мұтафа Шоқай


Авторы Xабарлама
Қас
Жолымбет
23-02-09 13:43
Біраз жылдан бері Мұстафа Шоқай атамыз туралы ізденіп жүрмін. Сол кісінің ел білмейтін қырларына зәрумін. Әсіресе шетелде тұрғандағы атқарған жұмыстарын білсеңіздер, көбірек жазыңыздаршы!???

Авторы Жауап
Самал
sako-1004
02-06-11 07:33
Салеметсіздер ме? Маған Мұстафа Шоқайдың Біртұтас Түркістан идеясы туралы мәлімет тауып бере аласыздар ма?
samihBolat
asbolatkz@gmail.com
24-05-11 17:13
salamatsizma, saytmen bugun tanistim, ote kuvandim, jumustarinizga sattilik tilim.
Гулдана
gul_dan_ka@bk.ru
04-05-11 18:16
достар маган "Туркистан легионы" туралы малимет керек еди.комектесип жибересиздерме.
Фариза
fariza_abukyzy@mail.ru
24-05-10 12:49
Гулнар, саламатсыз ба? Ренжімесеңіз маған да ІІ дүниежүзілік соғыс туралы материал бере аласыз ба?
Ақбота
Botakan_007
16-04-10 12:38
Маған Түркістан туралы маліметтер керек
Aidana ktl
aidoni_
12-04-10 19:16
маганда айтындаршы
Қас
Жолымбет
05-10-09 13:16
Фильм менде бар. Егер Астанада болсаңыз сізге беремін . Мына телефонға хабарласыңыз. 8701 440 95 82
Жансая
janka0694@mail.ru
04-10-09 16:58
Salaamtsizdar ma!!!Mustafa Wokai atamiz turali bilgim keledi!!!kimde kandai malimetter bar bolsa jibere alasizdar ma???Mustafa Wokai filmi kimde bar???
Қас
Жолымбет
15-04-09 09:07
Бәрлеріңізге рахмет! Мен Қазақфильм түсірген Мұстафа Шоқай фильмін көрдім. Онда Мұстафа атамыз Гитлермен кездесті.
Гүлнар
Қарағандыдан
14-04-09 16:09
Әбдіқыдыр, сәламатсыз ба! Көптен бері бұл бетке енбеген екенмін. Сіздің хатыңызды көріп, өзім қысылып қалдым. Мен бұл кітапты көргенім жоқ, тауып алып, оқуға тырысамын. Содан соң пікірімді айтайын. Егер Сізді Мұстафа Шоқай туралы тарих қызықтырса, осы тақырыпты қозғаушы Қас Жолымбеттің өзімен пікірлесіңіз. Ол кісі біраз ақпаратты біледі. Бірақ Мұстафа жөніндегі өз көзқарасы бар. Сіз де тарихшы боларсыз. Мен жай ғана аудармашымын. Осыдан бірер жыл бұрын бір кісі "Түркістан легионы" туралы материалды аударып беруімді сұраған, аударып бердім. Сол кезде өзімнің де қызығушылығым туды Мұстафаға деген. Бірақ, дайын материалдарды тауып, оқығаным болмаса, өзім ештеңе жазбаймын. Жақсы... Осы тақырып туралы пікіріңізді жазып тұрыңыз.
Қас
Жолымбет
01-04-09 08:33
Ол кітапты қайдан алуға болар?
Абдықыдыр
Abdykdyr.tolegenov@petrokazakhstan.com
31-03-09 08:22
Cаламатсыз ба Гульнар.
Сіздің қазақтың бір туар азаматы, арысымыз Мустафа Шоқай жөнінде жазғаныңызды оқып, әлі де бабамыз жөнінде зерттелмеген жайттардың көп екенін аңғарып отырмын.
Жақында Туркияның қазағы, профессор Абдухафал Қараның Шоқай жөнінде жазған кітабы жарық көрді. Осы кітап жөнінде не айталасыз.
Қас
Жолымбет
04-03-09 10:13
Гүлнар, сізге көп рахмет! Өте жауапты адам екенсіз. Негізінде мен Мұстафа атамыздың Гитлермен кездескені жайлі білгім келген. Шын болсын, жалған болсын бұл сұрақ үнемі айтылып жүр. Ал өз тарапымнан "кездесті" деген пікірдемін. Өйткені сол кезеңде Мұстафадай тұлғаның Гитлермен кездесуі заңды әрі Ұлт үшін өте қажетті жағдай еді. Одан қорқатын ештеңе жоқ. Фашист болса Гитлер фашист, ал оған кездескен адамның өз ұстанымы бар ғой. Менің адресім: qaszhol@mail/ru Сізден хабар күтем.
Гүлнар
Rymzhanovag@rambler.ru
03-03-09 21:59
Шын есіміңіз Жолымбет болар, Сізге жауап жазып отырмын. Мен ұлы адамдар жайлы материалдар жинап жүремін.

ІІ-Дүниежүзілік соғыс жылдарында және одан кейінгі Кеңестік кезеңде халқымыздың біртуар ұлы, Түркістанның тұтастығы мен тәуелсіздігі жолында басын бәйгеге тіккен қайраткер Мұстафа Шоқай жайында көптеген жалған ақпарат тарап, ұлы тұлғаға күйе жағылғаны белгілі. Большевизмнің қас дұшпаны болғандықтан, билікпен ымыраға келмей шет ел асқан Мұстафа Шоқайға таңылған айыптар бұл кезеңде негізінен Түркістан легионы төңірегінде өрбитін еді. Бұл жайында тіпті, «социалистік реализмнің» аясында көркем шығармалар жазылып, қаралау науқанына түрлі бәйгелер беріліп жатты.
Еліміз егемендік алып, тарихтың ақтаңдақ беттері біршама ашылып, Алаштың ардақты ұлдары ақталып жатқан тұста Мұстафа Шоқайға қатысты ойлар да басқаша өрбіп, жаңа деректермен толысқан тарих көздері ақиқат сырларын аша түсті. Дегенмен, Мұстафа Шоқайға және оның мұрасына сын көзбен қарайтындар әлі де баршылық. Өйткені, әсіресе, қолына қару алып қан кешкен ардагерлеріміз бен аға буын өкілдерінің бір кездері сыңаржақ идеологияның біржақты және толассыз насихаты нәтижесінде қалыптасқан өзіндік түсініктері бірден сейіліп кете қоймайтыны түсінікті. Міне, сондықтан, Алаштың ардақты ұлы жайында ақиқатты білу үшін сезімге бой алдырмай, деректер көздеріне жүгінгеніміз абзал.
Сонымен, М. Шоқайдың фашистік билікпен байланысы бар ма еді? Оның фашизмге, ал, әсіреұлтшылдардың Шоқайға деген көзқарасы қандай еді?
Бұдан біршама уақыт бұрын, дәлірек айтқанда 2001 жылы Анкара қаласында жарық көрген «М. Шоқай, Өмірі, саяси қызметі және дүниетанымы» атты монографияда және республикалық деңгейдегі басылымдарда жарық көрген мақалаларымызда жаңа дерек көздеріне жүгіне отырып осы сұрақтар төңірегінде ой қозғап жүргендіктен, Шоқайдың өмір жолына қайта оралып жатпай, мәселеге осылайша төтесінен килігуді жөн санадық.
Әуелі айта кетерлік жайт, Мұстафа Шоқайдың және большевиктерден теперіш көріп шет ел асқан эмиграциядағы түрлі ұлт жетекшілерінің ұйытқы болуымен құрылган «Промете» қозғалысы фашизмге әу бастан күмәнмен қарап, дүниежүзілік соғыс өртінің тұтанып кетуіне әрдайым алаңдаушылық білдіретін еді. Расында, 1939 жылы қыркүйек айында фашистік Алманияның Польшаға басып кіруімен бірге, осы «Промете» қозғалысы ең маңызды қолдаушысынан айрылды. Өйткені, Кеңестік жүйеге қарсы күресіп жүрген ұлт өкілдері маршал Пильсудский кезеңінен бастап Польша үкіметіне арқа сүйейтін еді. Ал, 1940 жылы неміс әскерлерінің Парижге басып кіруімен бірге қозғалыс мүшелері мүлде қорғансыз қалып, ресми басылымдары да жабылып қалды. Польшаның басып алынуы және оның Алмания мен Кеңестер Одағы тарапынан бөліске түсуі, оның үстіне, Алман-Кеңес басқыншылық келісімі «Прометейшілдердің» арманын көкке ұшырды. Осы кезеңде: «Гитлер де, Сталин де — залым. Бірі -әсіреұлтшыл, ал екіншісі — интернационалист болып көрінгеніне қарамастан, екеуінің де саясаты мен залымдығы тең дәрежеде», — деп жазған Мұстафа Шоқай өзінің пікірлес достары украиндық А. Шульгин, кавказдық Мир Якуб Мехтиев және грузиндердің көсемі Ное Жорданиямен бірге шет елдердегі барлық отандастарын Алман-Кеңес коалициясына қарсы бірігіп, қарсы тұруға шақырды. Сонымен қатар, Мұстафа Шоқай белсенді автор болған «Промете» журналының 1940 жылы сәуір айында шыққан соңғы саны финдердің кеңес әскерлеріне қарсы қаьарманша табандылық танытуынан қанаттанып, оқырмандарын «оба мен тырысқақ» арасында таңдау жасамауға үндеді. Мұндағы адамзатқа апат әкелетін індет аурулардың аттары екі империяға қаратылып айтылып тұрғаны белгілі болса керек. Осылайша, Мұстафа Шоқай ұлт шындығын жоққа шығарғысы келетін большевиктік билікке қаншалықты қарсы болса, әлемде тек бір ғана ұлттың үстемдігін қалайтын фашизмге де соншалықты қарсы екенін қаймықпай, ресми түрде мәлімдеді. Өйткені, жұбайының жазбаларына сенсек, нашар ұлттар емес, жаман адамдар болатынын айтатын ол, барлық ұлттардың терезесі ең дәрежеде өмір сүруін қалайтын еді. Сонымен қатар, ұлы тұлғаға лайықты жар бола білген Мария Шоқайдың естеліктерінде Мұстафаның мейлінше мейірімді және соғыс атаулыға қарсы екені сипатталып жазылған. Тұтқындар лагерінде Мұстафа Шоқайдың жәрдемі арқасында ғана аман қалған әйгілі тарихшы Баймырза Хайт, Стамбулда бір кездескенімізде Мария ханымның осы сөздерін айна қатесіз қайталап еді.
Ал, сонда соғыс атаулыға, қан төгуге және адамзатқа төніп келе жатқан алапат ауру — фашизмге қарсы болған Мұстафа Шоқай, расында, легион құруға ат салысып, қару кезенген бе еді? Мұстафа Шоқайдың легионның ресми құрушысы Уэли Қаюмға деген көзқарасы қандай еді?
Фашистер жаулап алғанда Парижде болған Мұстафа Шоқайға сол кездері Берлинде тұратын және гестапоға жұмыс жасайтын Уәли Қаюм келіп, әңгімелеседі. Алайда, шақырылмаған қонақты жақтырмай, әңгімеден мейлінше тартыншақтаған Шоқай, Қаюмды, тіпті, шайға да шақырмастан шығарып салады. Бұл — Шоқай мен Қаюмның алғашқы кездесуі еді. Өйткені, бір хат жазғаны болмаса, Уәли Қаюм Берлинде тұрғанына қарамастан осы қалада шығатын «Яш Түркістан» журналымен, оның бас редакторы Шоқаймен және басқа да түркістандық шәкірттермен араласпайтын еді. Осы оқиғадан екі аптадан кейін, яғни 1940 жылы сәуір айында тағы келген Уәли Қаюм бұл жолы Шоқайды Берлинге шақырады. Бұл жолы да қонағына ыңғай бермеген Шоқай, тек ықтият үшін әйгілі түрколог, профессор Герхард фон Мендемен хат алысқаннан кейін ғана ықтиярсыз болғандықтан, Берлинге баруға бел байлайды. Берлинде Кеңестер Одағы, оның әскери қуаты сияқты сұрақтар сұраған қызметкерлерге өзінің тек Түркістан аймағының жай-күйімен ғана таныс екенін, өзге жайттардан хабары жоқ екенін айтып, жауап береді. Осылайша, ол бір аптаның ішінде Парижге қайтып кетеді. Қағаз бетіне түскен бұл деректерден М. Шоқайдың фашистік билікке бүйрегі бұрмайтынын, онымен байланысқысы келмейтінін және арада жүрген Уәли Қаюмды жақтырмайтынын айқын аңғаруға болады.
ІІ-дүниежүзілік соғыс басталған күні Мұстафа Шоқай қатты дегбірі қашып, мазасызданады. Оны сол күні фашистер Ножандағы үйінен тұтқындап әкетеді. Тұтқындар лагерінде үш апта болған соң, үйіне екі күн рұқсат берген немістер оны Берлинге қайта алып кетеді. Өмір ағымының ыңғайында кете барған Мұстафа Шоқай, Берлинде жүрген кезінде тіпті, есірік фашист офицері тарапынан көше ортасында соққыға да жығылады.
Бұдан кейінгі өмірі аумалы-төкпелі жағдайда өткен М. Шоқай тұтқындар лагеріне жіберіледі. Отандастарының қасіретті тағдырына қабырғасы қайысқан қайсар ер, оларды тұтқыннан босатуға, тым болмағанда өлімнен арашалап қалуға үмтылады. Бұл кездегі оның көңіл күйін жазған хаттары мен күнделіктерінен айқын байқауға болады. Мәселен, жұбайына жазған бір хатында Мұстафа Шоқай тұтқындардың қорқынышты әрі үрейлі жағдайларын айту үшін тиісті мекемелерге мәлімдеме жасағанын, мұнда: «Сіздер — фашистер, өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адамдардың қатарына жатқызасыздар. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз мен көріп жүргендей болса, онда мен сендерге де тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер XX ғасырда өмір сүре отырып, XIII ғасырдағы Шыңғыс ханның жасаған зұлымдығынан асырып жібердіңіздер. Мәдениетті халық екеніңізді айтуға тіпті де хақыларыңыз жоқ», — деп жазғанын, бұл қорқынышты жағдайлардан кейін мұндай «мәдениетті» қоғамда тіпті өмір сүргісі келмейтінін, шынында да ұйқысы қашып, еш нәрсеге тәбетінің жоқ екенін хабарлаған. Ол жұбайына жолдаған басқа хатында фашистердің айуаннан да бетер екенін айта отырып, өзінің бүл жағдайға бұдан әрі төзе алмайтынын, өлгісі келетінін жазған.
Осы орайда айта кетерлік жайт, сонау бір жылдары Мұстафа Шоқайдың Гитлермен кездескені жайында неше түрлі аңыз-әпсаналар айтылып, фашистік формамен суретке түскен бір бейтаныс бейнені Шоқайға телу белең алған болатын. Мұстафа Шоқай туралы айтылған мұндай ақпараттардың сталиндік саясаттан туған жала екенін бірден ашып айту керек. Екіншіден, солай-ақ болып, фашистермен келісімге барған күннің өзінде Мүстафа Шоқайдың ел тәуелсіздігі үшін қандай да болмасын амал қарастырып, Түркістанның тәуелсіздігі үшін тәуекелге баратын саясаткер екенін ұмытпаған жөн. Өйткені, саналы ғұмырын елінің бостандығы мен азаттығы жолына арнаған Мұстафа Шоқай үшін ең басты мәселе — Түркістанның тәуелсіздігі болатын!
Дегенмен, фашистердің түпкі пиғылын сезіп, білген Мұстафа Шоқай олармен істесуге құлықсыз болды. Тұтқындар лагерін аралаған кезде де оның бар арман-мұраты — баудай түсіп, қырылып жатқан тұтқындағы Түркістандық бауырларын ажал аузынан аман алып қалу болды. Мыңдап қырылған туғандарына қорған болу үшін тиісті мекемелерден шырылдап араша сұраған, бірақ лайықты жауап ала алмаған Шоқай, алға қойған мақсатын белгілі бір дәрежеде атқарып, Парижге қайтуды ойлады. Фашистік билікпен ымыраға келе алмаған, олардың айтқанына көніп, дегеніне жүре қоймаған Мұстафа Шоқай соңғы хатында былай деп жазды: «Мұндағы байланыстарым бітті. Мен Парижге қайтамын деп шештім… Тезірек карантинаға жауып тастамай тұрғанда, құтылып шығуым керек».
Есіл ердің жүрегі бір сұмдықты сезгендей екен. Тағдыр оған Парижге жетуді жазбапты. Карантинада бірнеше күн болып, тексеруден өткеннен кейін Берлинге қайтар жолда Түркістанның ұлы қайраткері мәңгілікке сапар шекті. Құпия жағдайды көз жұмған оның жұмбақ өлімінен соң әртүрлі сөздер тарай бастады. Әрине, бұл сөздер негізсіз емес-тұғын. Өйткені, фашистік билікке «демократ, фашизмге қарсы» Шоқайдан дереу бас тарту жөнінде ұсыныс хат жазып, арыз ұйымдастырған Алимжан Идриси сынды түркістандықтардың Шоқай өлімінің құрметіне қуаныштары қойнына сыймай, тост айтып, бокал көтергені де тарихи шындық. Осылайша, келе жатқан жаңа жылды ерекше қуанышпен қарсы алғандардың бірі де кейіннен фашистер тарапынан «хан», «ата», «президент» атағы берілген Уәли Қаюм болатын. Сондықтан, адамзаттың келешегі үшін фашизмге қарсы болған Шоқай өлімінде фашистік биліктің суық қолы болғаны күмән тудырмаса керек.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. М. Шоқай. Естеліктер. Стамбул, 1997;
2. М. Шоқай. Таңдамалы. Алматы, 1999;
3. М.Қойгелдиев. Тұтас Түркістан идеясы жэне М. Шоқай. Алматы, 1997;
4. А. Какен. Түркістан легионы. Астана, 2000;
5. Д.Қыдырэли. М. Шоқай. Анкара, 2001;
6. Б. Садыкова. История туркестанского легиона в документах. Алматы
2002;
7. Д.Қыдырэли. Мұстафа кімнің қолынан ажал құшты? Жас Алаш.
27.12.03;
8. Д.Қыдырэли. «Мұстафа көтерілген шың». Жалын. № 8. 2004, 74—85 б.
Дархан ҚЫДЫРӘЛИ,
Астана қаласы


Адресіңізді көрсетсеңіз Мұстафа Шоқай жайлы басқа да мәліметтер салып жіберейін.



Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»