Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу
English talk
Правила
Поиск по разделу
Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия












Общение

Общение: Список форумов
Форум: Дін - діңгек
Тақырып: Алла жолы; 3 түндік ; 40 күндік дегендер не?

страницы:    2   1    в начало »   

Авторы Xабарлама
АЙША
16-03-09 08:17
МЕН КЕШЕ БИР ТАНЫС МУСЫЛМАН КЫЗДЫН АУЗЫНАН МЫНАНДАЙ АНГИМЕ ЕСТИДИМ.
3 кундикке дайындалып журмин деди. Менимен бирге баргын келе ма деди. Ол не деп сурасам, тамсанып турып, бираз нарсе айтты. Тусингеним мешитке барып 3 кун намаз окисын. Немесе бир уй сени уйине шакырады. Сол уйде 3 кун немесе 15 кун боласын. намаз окисын, уй ишиндегілерге даугат айтасын дейди. Сосын иманын котерилип, Кокирегин ашылып, саган нур куйылады дейди. Куйеуим часто 40 кундикке кетеди. нагыз Алла жолына берилген адам дейди. Каншама мусылман таныстарым бар, бирак мундайды биринши рет естидим. Подробно ким жауап бере алады.

Авторы Жауап
Асел
24-07-14 23:47
Еее Астагфируллаh,Бул жамагатка сонша айып сонша согис айтып жатканда ойлайсыз гой не истеди екен согырша булар деп...Олардын бар жазыгы адамдарга калиманы жеткизип,Динге шақыру ма?! Алде олардын устине киген(сиз айткандай)кир кожалак киими мен кеуделерине тускен сақалдары уялта ма?Сиз устинизге су жана костюм шалбар киип алып адамдарды Бир Аллаhка шакырсаныз сизге ким кой деди...Оларды булай менсінбеуиниз такаппарлык емес пе?Биле билсениз мен оларды каладан немесе кошеден корген кезде сахабалар есиме туседи...Омар (р.а)кииминде канша жамау болганын билесиз ба?!Маселе киимде емес..гой.Олардын ниеттери жаксы ...Адамдарды динге шакырады.Аллаhтын бир екенин жеткизеди..
азамат
aza-xxx
05-02-14 22:39
Билим болмаса,жуйрик тилден пайда ...
азамат
aza-xxx
05-02-14 22:30
Болингенди бори жейди демекши,
Динди олай сарапка салып салгыласуга болмайды,акикаты тура жолды устанам деген ар бир мусылман,тек
Куранмен,жане де суннетпен журеди,мине солар тура хак жолда,
Инш
Аллах жаннатын иелери!!!
chingis
aza_wtf_96@mail.ru
09-02-13 00:37
assalaumu aleykum musilman bauirlar menin jasim 17 de 3 kundik turali aitsak men ozim 3 kundikke 1 rez wigip kordim mawwALLAX namaz okip uirendim .sureler jattadim ,nebir xadister tyndadim sekta dep oilamaim sol axilardan estigen xadisterdi dostaryma aitip turam ol kisiler magan buris ilim berdi dep oilamaim!!!
Абдурохман
polat.kz@mail.ru
07-02-13 19:37
Барлық мақтау бүкіл әлемнің раббысы, ерекше мейірімді, аса рақымды, қиямет күнінің патшасы Аллаһқа тән! Пайғамбарлар мен елшілердің ең шарапаттысы болған пайғамбарымыз Мұхаммедке және оның от басына әрі сахабаларының барлығына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!
Әй иман келтіргендер, Аллаһтан қорқыңдар және тура сөз сөйлеңдер! Сонда Аллаһ сендердің амалдарыңды түзейді әрі күналарыңды кешіреді, кім Аллаһқа және оның елшісіне бойұсынса шынайы жеңіске жетеді!»

Құрметті жамағат! Расында мұсылман үшін осы дүниедегі ең қымбат нәрсесі иман. Өйткені иман — біздің бақытты болуымыздың себебі. Қияметте барлық адамзат зиян шегуде болғанда тек қана иман келтірген, игі амал істеген, ақиқатты және сабырлықты бір-біріне өсиет еткендер ғана зиян шекпейді. Аллаһ Тағала Асыр сүресінде айтады:
"Асырға серт! Адамзат зиян шегуде, тек иман келтіргендер, салиқалы амал істегендер және ақиқатты өзара өсиет еткендер әрі сабырлықты өсиет еткенде ғана зиянға ұшырамайды"[1]-деді.
Яғни кімде осы төрт сипат болса, солар бақыттылар. Ол сипаттардың ең біріншісі — иман. Сондықтан мұсылман адам өзінің иманына қатты көңіл бөлуі керек. Өйткені егер иманымыз түзу болса, одан шыққан амалдар да түзу болады, әрі қабыл етіледі. Қашан иманымызда бір шикілік болса, одан шыққан сөз де, амал да дұрыс болмайды әрі қабыл етілмейді. Сондай-ақ иман келтіргеннен кейін дінде, тура жолда берік болуымыз керек. Өйткені пайғамбарымыздың өз үмметіне осыны бұйырған еді.
бекболат
musylman.88@mail.ru
30-11-12 14:17
Таубенин кеши жок,таблих бауырларымыз.
бекболат
musylman.88@mail.ru
30-11-12 14:15
Ассаламу алейкум!Мусылман бауырлар,Ен әуелі таухидке мән берейік,өйткени таухид дурыс болмаса амалдар боска кетпейдиме.0 деген бауырымызга рахмет.Аллаһ разы болсын ,Ассаламу алейкум
Юсуп
21-10-12 05:40
Сосын Алла жолы ол жихад емес соғысу емес Мусылман бауырымыз айткандай.
Пайгамбарымыз с.а.с. ең үлкен жихад туралы не айтты өз напсінді жену сол жихад деген жоқпа. Ал согыс жихады ол Мемлекет согыс десе сондагы жихад, Аллага шукир бізде тыныштық, ерігіп мен жихад жасауым керек карным ток уйім бар капрлермен согысуым керек деген акмактық, жане капірдеп ешкімге айта алмайсын ойткені журектегін білуші тек Алла гана
Аркімнің сөзін жинап олар суйтет буйтет деп кішкентай баладай аркімге сеніп журе бермей ойланың, Алла туралы ескертіп Аллаға шақырган адамнан кім абзал ойланың. Озіңіз таблиғ жумысын яғни Алланың сөзін жекткігіңіз келмесе кедергі болмайық, ойткені каншама адам муктаж Бізді кешіріп койың.
Юсуп
21-10-12 05:23
Адамдар кішкене аділетти болайық өтірік айтып өзіңізді ақтағанша шындыққа бет бұрайық. Бидағат, мазхап үстамайт, ширк жасайт деп өтірік айтудың не керегі бар, білмесениз білем деп кұняға батпаиық. Бауырлар ар кімнің айтканын айтып жұргенше ана шейх былай деді мына шейх былай деді дегенше өзіміз білімге ұмтылайық,
Бұрындары өзіңіз жахил кезде мешіт туралы не естіп едіңіз онда барма онда былай былай деп жамандап басынды айналдырат буйтет суйтет деп айтушы едима, енди сол мешітке бармай солар дурыс анау былай айтты мынау былай айты деп жургенен казіргі айтканынызда аймашылық барма, ойланың. сіз тек өзіңізді емес барлығын адастырғыныз келема. сондықтан көзіңіз толық жетпей бұлай айтпаң. Алде Құранды жатқа біліп барлық хадистің қашан не үшін шықанын біліп, сондай ғалымдармен ақылдасып айтып отырмын деп кім айталат. Сіздер адамдарға кішкене болсада переживания болса оларга дуға қылып сіздерден Алла разы болсын деп айтар едіңіз. Өйткені өзіңде дінге солардың себебінен келдің алде өтірікпе, егер саған ешкім айтпаса ескертпесе өзіңнен өзің себепсіз келдіңба онда Машалла, ойланайық
Жеке
15-10-12 11:03
Дағуатшыларға 3 кун 40 кун кайдан алынды десе, олар медреселерде 1жыл 2 жыл оку керек екенін кайдан алдындар дейді. Бірақ медреселеге, ислам университеттерге байланысты үкім бар болса, дағуат айту үшін 3,40,15 кун шығу турасында ешбір ғұлама-мужтахиттарымыздың үкімі жоқ. Ол тек сахабалардың кезінде айтылған үкім болды. Сондықтан да біз көрінген аятқа, хадиске ілесе бермейміз, біз пәтуамен журеміз, МӘЗХАБ ҰСТАНАМЫЗ!!! Ал таблиғшылар мазхаб ұстанамыз деп айтқанменен, іс жүзінде мазхаппенен жүрмейді.
арайлым
12-10-12 22:31
менин жасым, 11де мен тек аллахка сенемин алланын жолымен журемин паигамбарымыз болмаса мен не болар ем
ара
ұядан
11-10-12 13:27
англичандардың ықпалында болған таблих сектасын да, америкалықтар жағындағы сәләфия сектасын да қолдамаймыз!!!
БІЗ МҰСЫЛМАНБЫЗ! БІЗДІҢ ЖОЛЫМЫЗ ҚҰРАН МЕН СҮННЕТ!!!
БІЗ ЖАМАҒАТҚА СЕКТАҒА БӨЛІНБЕЙМІЗ.
mirosul-anbia
10-10-12 14:23
Таблиғ джәмә’аты хиджра жыл санауы бойынша 1344 жылы (1926 ж.) Үндістанда құрылған. Оның негізін салушы – Мухаммад Рияз Мухаммад Исмәъил әл-Ханәфи әд-Дайлубәнди әл-Джәшти әл-Киндәхләуи. Дайлубәнд қаласы ханафилердің ең үлкен медресесі орналасқан жер. Медресенің басшыларының айтуынша, оқу орны шейх Мухаммад Қасим ән-Нәнуутидің өмір сүрген кезінде яғни хиджраның 1283 жылдың 15 мухаррамында (1867 ж.) бастау алып, Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) медресенің негізін өзі келіп қалаған. Олардың сөзіне сенсек, Пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) өзінің халифалары және сахабаларымен бірге жиі-жиі келіп, медресенің жұмысын тексеріп тұрады екен.
Бұл Аллаһтың елшісіне (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын), оның халифалары мен сахабаларына жабылған ұлы жала және арсыздықтың шегі болып табылады.
Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) бидғатшылардың медреселерін құрмайды, сондай-ақ, кейбір сопылардың айтқанындай, олардың жасаған мәулідтеріне қатыспайды. Ол, Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын, Қиямет Күнге дейін барзах әлемінде болады. Ал, күнәларды Кешіруші - тек Аллаһ.
Аллаһтың елшісі, Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын, былайдеп айтқан: «Кімде-кім біле тұра менің атымнан жалған сөйлесе, оның орны – Тозақ». Бухари, Муслим.
mirosul-anbia
10-10-12 14:23
Мұның барлығы – таблиғтардың кітаптарындағы жалған сенімдер. Олардың не айтып тұрғанына тағы да назар бұрыңыздыр!
«Шейх Әхмәд Рифаи Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) қолын еш қиындықсыз сүю үшін Аллаһтың елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) хиджраның алтыншы ғасырында тоқсан мың мұсылманның көзінше қабірінен қолын шығарыпты». Бұл - Аллаһтың елшісіне (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) жала жабу болып табылады. Ол өз өмірінде (яғни тірі кезінде) қолын сүйдіру үшін ешкімге бермеген, ал қайтыс болған соң қалайша қолын біреуге сүйдіру үшін бермек?! Аллаһпен ант етемін, шын мәнінде, Аллаһтың елшісі о дүниелік болды.
Шейх Мухаммад ибн Салих әл-‘Усәймин, Аллаһ оны рахымына бөлесін, Таблиғ джәмә’аты туралы былай деді: «Егер олар адамдарды шақырып жүрген алты негіздерін, Джибрилдің, ‘аләйһи-ссәләм, хадисіндегі негіздерге алмастырса еді, онда бұл хадисте дін толығымен түсінідірілген. Шынында, егер олар осы хадистегі таухидтің мағынасын түсіндіріп, адамдарды ширк пен оның қауіптілігінен сақтандырса, онда өте жақсы болар еді. Алайда, Әр-Рияд мешітінде таухид туралы сабақ жүріп жатқан кезде таблиғтар орындарынан тұрып, кетіп қалғандығы туралы хабарлар бізге сенімді жолмен жетті. Бұл аздай, олар таухидтің өзіне қарсы шығып, адамдарды таухид ұстанушылардың кітаптарын оқудан тосады. Егер таблиғ мүшелерінің жағдайлары осындай болса, онда олардың қоғам үшін қандай пайдасы болуы мүмкін? Егер дағуат Аллаһтың таухидіне болмаса, онда дағуат басқа не нәрсеге бағытталуы керек?»
mirosul-anbia
10-10-12 14:21
Шейх Са’д әл-Хасим өзінің «Хақиқатуд-да’уә» атты кітабының 82-бетінде былай жазады: «Мысалы, «Таблиғи нисаб» атты кітап - джәмә’ат таблиғтың жолын түсіндіретін араб еместерге арналған жалғыз ғана кітап. Бұл кітапта аяттардан, сенімді хадистер мен жақсылыққа шақырудан бөлек мынандай нәрселер де қамтылған:
1) Қажылықтан кейін Пайғамбардың, Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын, қабіріне бару үшін Мәдинаға арнайы сапар шегуге ұмтылдыру. Оған дәлел ретінде олар Пайғамбар, Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын, айтты деген мына сөздерді келтіріледі: «Кім қажылық жасап болған соң, менің қабіріме келмесе, шынында, маған әділетсіздік істеген болып табылады». Алайда бұл - өтірік және ойдан шығарылған хадис, сондықтан ол дәлел ретінде пайдалануға жарамсыз.
2) Пайғамбардың, Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын, қабіріне қарап келесі дұғаны оқуға ынталандыру: «Уа, Аллаһтың елшісі, мен сенен шапағат етуіңді сұраймын».
3) Қабірде жатқан Әбу Бәкр мен ‘Умарға сәлем ретінде былай деп айтылады: «Біз сендердің екеуіңе де келдік. Сендерді Аллаһтың елшісімен (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) біздің арамыздағы дәнекер етеміз. Ал, Пайғамбар (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) Раббымыздан біздің күнәларымыздың кешірілуін сұрайды».
4) Шейх Әхмәд Рифаи Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) қолын еш қиындықсыз сүю үшін Аллаһтың Елшісі (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) хиджраның алтыншы ғасырында тоқсан мың мұсылманның көзінше қабірінен қолын шығарыпты-мыс.
5) Күдіксіз, Қағба кейбір тақуа адамдардың үйіне келеді».
Міне, осы - таблиғтардың сенім жүйесі!
Мусылман
10-10-12 14:19
Шейх Хамуд ибн ‘Абдуллаһ әт-Тууәйджири Таблиғ джәмә’аты туралы былай дейді: «Джәмә’ат таблиғ – бидғатшыл, әрі адасушы топ. Олар – Аллаһтың елшісінің (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын), оның сахабалары мен оларға ізгілікте ерген табиғиндердің жолында емес. Шын мәнінде, олар – сопылар мен бидғатшылардың жолында».
Шейхтан: «Дағуат жасау үшін олармен бірге шығуға болады ма?» – деп сұрағанда, ол былай деп жауап берді: «Мен сұрақ қоюшыға және өз дінін ширк пен шектен шығушылықтың, бидғат пен жалған сенімдердің батпағынан таза ұстауға ұмтылған әрбір адамға, таблиғтарға қосылмауларына насихат етемін. Олар Сауд Арабиясының жерінде де, одан басқа жерлерде де таблиғтармен бірге шықпасын». Қараңыз: «Әл-Каулул-бәлиғ фит-тахзири мин джәмә’атит-таблиғ», 30-бет.
Шейх Салих әс-Сухайми джәмә’ат таблиғ туралы былай деді: «Бұл джәмә’ат – сопылықтың, нақшбандияның, сехрудияның, қадырия мен джәштияның джәмә’аты болып табылады. Таблиғтар жоғарыда атап өткен ағымдардың мүшелеріне қол тапсырады. Олар Құран мен Сүннеттің мағынасын өзгертіп, бұрмалайды; әрісесе олар джихадқа байланысты аяттарды «таблиғтардың шақыруы, дағуат қылу үшін арнайы сапарға шығуы және сол сапар кезінде өз нәпсісімен күресуі», - деп бұрмалайды».
Али
05-10-12 13:42
0 бауырым сен озин кандай амал жасаганынды айтшы хотябы 1 адамды шакырдынба.
Сенин ойына келсек жанагы айтып откан шеихтеринде бидагатшыларгой ойткени медресени 2,3,4,5,10 жыл оку Пайгамбарымыз с.а.с. кезинде болмаган. Сонда біз осындай 20 жыл окыдык біз бидағатшылармыз деп айттыма кишкене ойланшеиш жарты тас болып кашангы журесиниз.
Али
05-10-12 13:34
Бауырым 0 десен 0 екенсин. Соз жок Алла кимнин журегин жапса оны ешким ашалмайды деген акикат. Бизди кеширип койын 1-ден Сахибтин айтканын ойлан
Сен біріншіден таблиғ жамағаты деп бөлме, таблиғ жұмысын жасаушыларде ол негізі парыз ар бір адамға.
Сосын жалган сойлеме ким айтты олар ширк жасаит деп жане Шейх ‘Абдураззақ Афифи жане баскада шейхтер айтты деп биреудин атын жамылма озиннин басынмен корсен гана айт анау былай деди мыныау былай деди деп уйде шай ишип карнынды сипап интернетте отканша кишкене амал жасасеиш 3,40 кунге шыкпаиаккой мусылман бауырлармен араласпаиаккой хотябы адамдармен дурыс сойлесип жалган сойлеме билмеи турып билем дегенин кандай Мусылмандардын етин жеп нен бар билмесен бир жеринди кысып отшеиш енди баска айтатын саган соз жок. АЛЛАДАН корпаитынынды корсетпе барибир алдына барасын ойлан. Алде сурак жауапка куманин барма?
0
02-10-12 07:45
Шейх ‘Абдураззақ Афифи былай деді: «Шындыққа келгенде, Таблиғ джәмә’аты - бидғат болып табылады. Олар аяттар мен хадистертің мағыналарын бұрмалайды. Олар - қадырия және басқа да ағымдардың өкілі екені шүбәсіз түсінікті. Олар Аллаһ үшін шықпайды, керісінше Ильяс үшін шығады. Олар Кітап пен Сүннетке шақырмайды, керісінше Бангладештегі өздерінің шейхі - Ильясқа шақырады. Алайда Исламға шақыру үшін шығу – бұл Аллаһтың жолындағы джиһад. Ал бұл нәрсе Таблиғ джәмә’атыында жоқ. Мен таблиғтарды баяғыдан білемін. Олар қай жерде болса да, Мысырда болсын, Израилде болсын, Америкада болсын, Сауд Арабиясында болсын, бәрі-бір – бидғатшылар. Олардың барлығы өздерінің шейхі Ильяспен байланысты…» Қараңыз: «Шейх ‘Абдураззақ Афифидің пәтуалары мен мақалалары» 1/174
Ұлы имам Ибн Базға, Аллаһ оны рахым етсін, Меккеде, хиджра жыл санауы бойынша 06.12.1416 жылы мынандай сұрақ қойылды: «Уа, шейх! Біз Таблиғ джәмә’атыы туралы және олардың дағуаты туралы естідік. Маған сол джәмә’атпен бірге болуға кеңес берер ме едіңіз? Сіз маған насихат айтып, тура жолға бағыттайды деп үміттенемін. Аллаһ Тағала сіздің сауаптарыңызды көбейтсін!»
Шейх былай деп жауап берді: «Аллаһқа шақырушы әрбір адам «мубәлиғ» – «жеткізуші» деп аталады. Хадисте: «Менен бір аят, хадис болса да жеткізіңдер», -деп айтылған. Алайда, танымал үндістандық Таблиғ джәмә’атытың жалған сенімдері, бидғаттары мен ширктері бар. Олармен бірге шығуға болмайды. Оларды теріске шығару үшін және оларды үйрету үшін ғана білімді адамдарға олармен бірге шығуға болады. Бірақ, оларға еріп шығуға болмайды. Олар осы жалған мазхабын тастап, әһли Суннә уәл-джәмә’аның мазхабына орнығуы үшін оларға насихат жасау керек».
Аллаһтың елшісі, Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын, былайдеп айтқан: «Кімде-кім біле тұра менің атымнан жалған сөйлесе, оның орны – Тозақ». Бухари, Муслим.
Бір кісі имам Әхмәдқа келіп: «Мен үшін «Пәленше – анандай, түгенше – мынандай», - деп айту қиын», – деді. Сонда имам Әхмәд, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: «Егер сен де үндемесең, мен де үндемесем, онда білімсіз адамдар дұрыс нәрсені дұрыс емес нәрседен қалайша ажыратады?» «Мәджму’ул-фәтәуә», 28/231.

0
02-10-12 07:40
Дінге жаңалық енгізу (әл-бид’а) - бұл ешқандай сенімді негізі жоқ және Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мен сахабалардың уақытында белгілі болмаған кез-келген сөздер, істер мен сенім-нанымдар арқылы Аллаһқа жақындауға ұмтылу (Көріңіз: “әл-И ’тисом” 1/227, әш-Шатыби).
Дегенмен, бұл анықтамалар дүниелік жаңалықтарға қатысы жоқ, мәселен автомобильдер, компьютерлер, тоңазытқыштар және т.б., себебі бұл заттар шариғаттан деп айтылмайды және өз-өздігінен Аллаһқа жақындау құралы емес. Бұл жаңалықтар дінге емес, бірақ тұрмысқа қатысты.
Аһлю-сунна ғұламалары көпқұдайшылдықтан (ширк) кейін ең ауыр күнә - бид’а екендігіне бірауыздан келіскен.
Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтады: «Шынында, Аллаһ бидғатшының тәубесін, сол бидғатын тастамайынша қабыл етпейді» (әт-Табарани 4360, әбу Әш-шейх 259, ибн әбу ‘Асым 37. Хафиз әл-Мунзири мен шейх әл-әлбәни хадистің сенімділігін растады).
Ибн ‘Аббас айтады: “Аллаһқа ең жек көрінішті амал - бидғат болып табылады” (әл-Байхақи “сунанул-кубра” 4/316).
Шейхул-ислам Ибн Тәймия былай айтты: “Ислам имамдары бидғатты - күнәлардың ішінде ең қорқыныштысы және ең ауыр екендігіне бірауыздан келісті” (Қараңыз: “Мәжму’ул-фәтәуа” 28/470).
Ол тағы да айтады: “Сунна мен бірауызды келісім (әл-иджма’) бойынша, бидғатшылар - күнәһарлардың ішіндегі ең жамандары” (Қараңыз: “мәджму’ул-фәтәуа” 20/103).
Бидғатшылар мен өз көңілдеріне ергендерге қатал, әрі қатты болған имам Мәлик былай дейді: “Өз көңілдеріне ергендерге сәлем бермеңдер;, олармен бірге отырмаңдар, тек оларға қаталдық көрсеткілерің келмесе ғана; олар ауырып қалса, оларды зиярат етпеңдер; сондай-ақ, олардың атынан хадис жеткізбеңдер!” (Қараңыз: «әл-Жәми’» 125, Ибн Әбу Заида).
Имам Ахмад айтады: “Үлкен күнәлар жасап жүрген сүннет ұстанушылардың қабірлері - бұл бау-бақшалар, ал дүниеден безген бидғатшылардың қабірлері - қасірет! Ахлю-суннадан болған пасық адам - Аллаһқа жақындаған адам, ал дүниеден безген бидғатшы - Аллаһтың жауы!” (Қараңыз: “Табәқатул-ханабилә” 1/184).
‘Абдуллаһ ибн ‘Аун айтады: “Бидғатшылармен бірге отыратындар, біз үшін сол бидғатшылардың өздерінен де жаман!” (Қараңыз: “әл-Ибәнә” 2/273).
Бидғатшылар мен өз көңілдеріне ергендердің, жай күнәһар адамнан да төмен болу себебі - күнәһар өзінің күнәсін біледі және сол үшін тәубе етеді, ал бидғатшылар, өз істерін күнәлі деп есептемейді және осыны құлшылық деп санайды.
Ибн әл-Қайим айтады: “Аллаһтың өзі тыйым салған нәрсесі арқылы Аллаһқа құлшылық етіп жүрген адамдардың көбісі, сол әрекетінің Аллаһқа бағыну екендігіне және сол арқылы Аллаһқа жақындайтындарына сенімді! және де сондай адамның жағдайы, өзі істеп жүрген ісін күнә деп есептейтін адамның жағдайынан да төмен!” (Қараңыз:“иғасату-лләхфан” 2/181).
Кейбір адамдар күмәнді дәйекке сүйеніп исламда жақсы және жаман бидғат бар деп мәлімдейді. Онда жаман бид`а мен жақсы бид`аның шекарасын қалай анықтаймыз? Кім анықтайды?! Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кез-келген бид`а - бұл адасушылық» (Муслим 2/135), - деп айтқанына қарамастан, осындай сөздерді қалайша қорықпай айтады екен?!
Бәрімізге таныс, әрі Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының ішіндегі ғұламаларының бірі ибн ‘Умар (Аллаһ оған разы болсын) кейінгі ұрпақтың сөздерін естіп тұрғандай былай деп айтып кетті: «Кез-келген бид`а, адамдар оны жақсы деп санаса да – адасушылық болып табылады!» (әд-дарими 1/39. шейх әл-әлбәни иснадын сенімді деді).
Бір күні Са’ид ибн әл-Мусайиб бір адамның таң намазына азан шақырып болғасын, руку`тары мен сәжделерін ұзартып, екі ракәттан артық намаз оқып жатқанын көріп, оны құптамағаны жеткізіледі. Сонда әлгі адам: “Әй әбу Мухаммад! Аллаһ мені көп намаз оқығаным үшін жазалайды ма?!”, - деп сұрайды. Сонда Са’ид былай деп жауап берді: “Жоқ. Алайда, ол сені сүннетке қарсы келгенің үшін жазалайды!” (‘Абдур-раззақ 3/52, әл-Байхақи 2/466. Сенімді иснад).
Шейх әл-Әлбәни айтады: “Бұл Са’ид ибн әл-Мусайибтің ғажайып сөздерінің бірі, Аллаһ оны өз мейіріміне бөлесін. Осы сөздер көптеген бидғаттарын Аллаһты еске алумен және намазбен ақтап алғысы келетін бидғатшыларға қарсы ең күшті қару болып табылады. Ал, сүннет ұстанушылар олардың осы әрекеттерін теріске шығара бастаған кезде, бидғатшылар «олар бізді Аллаһты еске алудан және намаз оқудан тосып жатыр» деп (әһлус-суннә адамдарын) кінәлайды. Шын мәнінде, олар Аллаһты еске алуда, намаз оқуда және басқа да құлшылықтар істегенде сүннеттен ауытқығандары үшін ғана бид`атшыларды теріске шығарады!” (Қараңыз: “Ируаул-ғалил” 2/233).


0
02-10-12 07:34
Аһлюл бид’аның кейбір белгілері:
1)Олар сүннетті таратып жүргендер туралы жаман сөздер айтады және осы үмметтің салафтарының артынан ермейді.
2)Көптеген уәжіптер мен сүннеттерден тұратын амалдар мен сөздерге немқұрайлы қарайды.
3)Олар өздерін салафтар (ізгі ата-бабалар) мазһабымен жүреміз деп айтпайды және осы жолға шақырмайды, сондай-ақ бид`аны жамандауға тыйым салады және аллаһтың жаулары туралы көп айтады.
4) Шариғаттан дәлел әкелмейді, тіпті оны білмейді де. ал егер дәлел әкеле қойса, өзінің түсінігі бойынша түсіндіреді.
5)Партиялар мен джамағаттар құруға қарсылығын білдірмейді. Олар айтады: "Біз келіскен нәрсемізде бірігеміз және келіспейтін нәрселерімізде бір-бірімізді ақтап аламыз".
6)Мұсылман басшылары мен кәпірлердің сөздері туралы көп айтады. Ал таухид пен сүннетке және бид`адан сақтануға шақыруды елеусіз деп өте жөнеледі.
7)Ешқашан таухид пен тура жолдың айналысында жиналмайды. жиналса - біреуі тек саясат туралы, басқасы тек джихад туралы, ал үшіншісі тек дағуат туралы айтады.
8)Аһлюл бид`а (дінге жаңалық еңгізушілер) туралы айтылған аяттар мен хадистерді жақтырмайды.
9)Егер белгілі бір партиялар немесе джамағаттар туралы айта бастасаң, олар ақида мен манхаджды қорғағандағыдай шаң жуытпай, қорғай бастайды, тіпті ол адам бид`атқа батып бара жатқан болса да.
10)Білім талап етуге өте немқұрайлы қарайды, онысымен қоймай білім талап етіп жүргендерді мазақ етеді. егер өздерінің сезімдеріне сәйкес келген фатуа тапса, басқа ғұламалардың фатуасына қарамастан, оны мыңдап көшіріп, таратады.


Сахиб
29-09-12 11:54
Абай ҚҰнанбаев бабамыз, Ыбырай Алтынсарин т.б. бабаларымыз таблиғ жұмысын жасаған Аллаға шақырған сонда оларда бидағатшыма ОЙЛАНЫҢ тағыда ОЙЛАНЫҢ БАУЫРЛАР
Сахиб
29-09-12 11:43
өзіңізде шынымен иманның бір сәулесі болса онда адамдар бірбірін ескертіп Аллаға шақырып жатса қуанар едіңдер солай емеспа
Адамдар өзін жалқаулығына напсісі қаламаған соң атмаскі табу үшін олар бидағат деп озінінкін ақтағысы келет Алланы алдай алмаисыныз оғанда күманіңіз барма?
Сахиб
29-09-12 11:35
Көзіңізді дарігерге көрсету үшін ол дәрігер туралы ақпарат жинайсыныз және ол дарігерден жогары білетін дарігерлердің ол дәрігер туралы не айтқанын білуіңіз керек осы өмірде соқыр болып қалмау үшін. Енді ақиретті ойлаң.
Адамдар ойланыңдар біздің Қазақстанға дін қалай келді кімдер құрбан қылды? талтайып тәкапарланып мен намаз оқим деп басқалардан озін жоғары санаған, масқап үстамаған адамдар акелдіма, алде адамдарға Алланы жеткізем деп осы дінге коп құрбан қылған, Алла жолына шығып алыста түратын ауылдарға жеткізу солар үшін дұға қылған қиналған ар кімнен сөздер естіп сондада сабыр сақтаған дұға қылған адамдарма? ОЙЛАНЫҢДАР
Енді барі сол таблиғ жұмысын жасаса аркім бір бірін ескертіп тұрса Қыздарымыз жаланаш, Еркектеріміз маскүнем, Дінін танін сатқан үрпақ боларма еді ойланыңдар. Менің осы айтканымда таблиғ жұмысы сонда менде бидағат жасап жатырмынба?
Қаншама адамдар жазған екен сонда бари бидағат жасағанба ойланындар. Тағы айтарым өздеріңіз Алланың бұйрығын ордамасаңыз басқаларға кедергі болмаң. өйткені Алланың алдына бәріміз барамыз!!!
Сахиб
29-09-12 11:13
5555 бауырым арине дурыс айтасын, бірақ бір маселе сенің қай ғалымдарды айтып отканыңды білмедім сонда ол дағуат айтып жылайт дейсін оның озі таблиғ жумысын жасап жаткан емеспа сонда ол озін адасқанмын ойткені мен таблиғ жумысын жасап жатырмын деп айтып жатырма?
алдында да айтып кеттім.
Сен біріншіден таблиғ жамағаты деп бөлме, таблиғ жұмысын жасаушыларде ол негізі парыз ар бір адамға.
сосын кім айтты олардың ілімі жоқ деп сен дін туралы кітаптардың көбісін кімдер шығарып еңбек істеп жатқанын білмейсінба соның көбісін таблиғ жасашылардың яғни адамдарды Аллаға шақырушылардың еңбегі. Сені олар емес Алланың озі буйрык беріп жатыр адамдарды ескертдеп. Сонда ескерткен адам Алланың айтканын орындаганба алде сен ойыңмен ол бидағат болып саналама ойлан.

5555
27-09-12 09:58
Біз Құран мен Сүннет деп жатамыз, соны біз білеміз бе?
Мысалы мен көзім ауырса мен врачқа барамын, бірақ мен ол врачтың білімі бар ма? Тәжірибесі бар ма? Ол кісі басқа кісілердің көзін қалай емдеді соны сұрастырамын. Бірақ мен ол врач туралы еш нарсе білмесем, оның кім екенін білмесем, оның білімі бар ма, тәжірибесі бар ма соны білмесем мен ол врачқа барамын ба? Мен мысалы қорқамын мен мүмкін соқыр болып қалатын шығармын.
Ал енді ойлаңыздаршы осындай таблиғ жамағаты бізді осындай жолға шақырып жатыр, біз олар туралы білмей қалай олардың артынан ереміз!!!!! Олар туралы білу үшін біз сияқты қарапайым халық айтып бере алады ма?
Жоқ әрине, білімі жоғары Құран, хадис білімін білетін азаматтардан сұраймыз!
Біз көзімізді емдету үшін қорқамыз!Оған көзімізді тапсыру үшін біраз күн ойланамыз, әрине сұрастырсақ та. Өйткені көз қымбат нәрсе әрине мына дүниеде.
Ал енді ойланыңыздаршы бауырлар! Біз осындай ағымдарға қалай жүрегімізді тапсырамыз? Айтыңдаршы! Бұл сұмдық қой! Біздің иманымыз жүрегімізде емес пе? Сонда біздің иманымыз тура сол таблиғтардың иманындай болса..... Сонда біздің ғалымдар не істеп жүргені, сонда олардың 30-40 жыл білім алып, бізге осындай ағымдардан алыс жүріңдер деп күні-түні бізге дағуат жасап жылап, жүректері ауырғаны қайда қалады? Біз қалай қорықпаймыз жүрегіміз соқыр болып қалмай ма деп? Ол жүрек-иман, біз қабірге осы иманмен бірге барамыз ИншаАлла!
Сонда бізді Ақыретке кім жетелеу керек? осындай қарапайым Сахиб деген бауырымыз ба? Ол бауырымыздың білімі бар шығар, бірақ 10 жыл оқыған білім мен 30 жыл оқыған білім салыстырылады ма?
Менің айтпақ ойым бұл туралы ғалымдардың пікірі айтылып кеткен. Бұл жамағат 73 топқа кіреді деген.....
Сахиб
05-09-12 15:53
Рустембек Алла сені тура жолға салып жүрегіңе иман берсін. Бауырым сен ойлан басты Алла не үшін берді. Сен маған шыныңды айтшы өзің арапша оқып, түсінесіңбе, алде құранды жатқа біліп, хадистерді тапсірлеп білесінбе.
Сен біріншіден таблиғ жамағаты деп бөлме, таблиғ жұмысын жасаушыларде ол негізі парыз ар бір адамға.
озің өміріңде хотябы бір адамға барып Алла бар, бізді Алла жаратты деп айтып көрдіңбе
өз үйіне, Үй ішіңе жанын ашыдыма
сенің ойыңмен жұрсек Медресені бітірген барлық ғаламдар бидағатшыларма сонда, өйткені медресені оқу жайында және 2,3,4, не 5 жыл оқы деген пайғамбарымыз кезінде болмаған
егер өзің адассаңда басқаларға зияның тимесін
білмесең бір жеріңді қысқан жөн
Сен Алланың үкіміне қарсы шығып отырсыңба сонда Алладан алде қорқпайсынба өзіне осы сұрақты қой
егер қорқсан қайдағыны айтып отсың сонда барлық пайғамбарлар бидағатшы болғанба Аллаға шақырса
Ойлан алде информация жинап жанатқа кірем деп ойлайсынба
Аллаға қарсы шықпа Алла Ұлы барлық нарсені көріп, естип тұр ойлан
кара домалак
баршанызга
04-09-12 17:03
Казах кайда барасын, суннет жолы ма мазхаб жолы ма деп бир диннин ишинен бирнеше топка болинип барасын, айналайын агайындар Тауелсиздик алганымызга 20 жылга енди толды, ал сол 20 жыл бурын осындай болинушилик болды ма?? Бостандыктын манин тусине алмай журмиз ау, БАБАЛАР ансап откен кунге жеткенде, алдымызда улкен сынак турганда, Уйдин ишинен уй тигуге тырысып, елди адастырып, жауластырып жаткан турли ислам атын кери агымдардын жетегине кетип жаткан КАЗАГЫМНЫН жастары ай, тагы 20 жылда нен калады ??? Бириннин еттеринди бирин кесип жейтин шыгарсын? Ортак мамилеге келе алмасак биздин елдигимиз кимге керек? Карап турсам шеттериннен туыла салып ГУЛАМА болган сияктысындар, бир парак брошюраларды окып алып , патуа шыгаратындай кимсиндер?? Ананын жолы дурыс , мынау тура жол деп тартысасындар, ал мемлекет, ел деген такырыпка неге токтамайсындар?? Кай заманда да КАЗАКты болинушилик жауы болган! Трайбализм жайына калып барады гой, сумдык ай десенши, Бурынгы би шешендеримиз, кайраткерлеримиз , ДАНА АБАЙ мына заманга келсе бир кунде КУСАлыктан олип кетер ме еди, ким билсин, Алла озин сактай гор
Рустембек
02-09-12 00:10
байғұс сахиб жан даусын шықтығо. енди қалғаны ахли суннанын ғалымдарын ысырып қойып сені тыңдау қалып еді. Жалғыз сен емес менде кездескем сол ағымның окілімен, бір қызығы сол, олар мойындайды шарғатта үш кін, қырық күн т.б.нәрселер жоқ екенін оған құран және сүннеттен дәлел жоқ екенінде мойындайды.Шариғаттан дәлелсіз амал етем деу автоматическии бидағатчикпін деген соз. Маған сенбесен тағы кездескеніңде олардан сұрап көр қандай дәлелің бар деп. Егер дәлелің болмаса бұл форумда отқан адамдарды алжастырып берекетті қашыруыңды тоқтат. Осы жерде отырған исламды енді тани бастаған бауырларға маңызды хабар айтып жіберейін. Исламның атын жамылған таблиғ жама.аты сияқты ағымдар көп. егер адасам деп үрейленсеніздер бір нарсені есте сақтаныздар таза исламды ұстанатын адам белгілі бір адасқан ағымға не жамағатқа шақырмайды дәл мына төмендегі сахиб тәрізді.Таза исламды ұстанатын адам тек құранмен сүннетке шақырады.

мынаған мән беріңіздер!!!

сол бауырлардан кешірім сұрап адамдарды қалай ескерту керек екенін үйренеиік

Бұл әлгі сахибтің жазғаны!!! Бұл жерде ашық түрде таблғ бол демеседе соған шақырып тұр. Сондықтан сақ болайық бауырлар, муфтиятқа қарасты мешіттерден сұраңыздар. инет жақсы информация алудың жолы емес байқаңыздар!!!

Ерболат
erbol_17.12
01-09-12 22:40
бауырлар амалымыз куран жане суннага сайкес келсе адаспаймыз иншалла.
Сахиб
21-08-12 08:17
Егерде біреудің көңіліне тисем кешірім сұраймын. бірақ барін білетін адамдай кейіп қылмай білмейтінімізді мойындайық, сол бауырлардан кешірім сұрап адамдарды қалай ескерту керек екенін үйренеиік. Ойткені біздіңде от басымыз, ата-анамыз, ағайын тумаластарымыз бар. алде барлығы Аллаға құлшылық қылып жатырма, гарантия барма жанатқа кіретініне, алде сіз қатайып талтайғаннан біреу дінге келеме, сақал қойып, такапарланып барін білемдеп, құрғанда арапша оқи алмағанға не айтасың. Мазхаб үстамаим дейт ойткені барін білем дейт, білгені солма аріптің басын қосып оқи алмайтынға не айтасың. Сондықтан ойланайық, ананкі дұрыс мынанкі бүрыс деп бас қатырғанша жеңіл болу үшін берген масхаб үстайық. Егер білімің сол ғалымдардан асып бара жатса жатып оқисынба, тонқайып оқисынба өзініз білің, бірақ білмей білем деген адасушылық.
Сахиб
21-08-12 08:05
Мен осы кейбір адамдарды түсінбеим намаз оқит, ораза ұстайт жане мүсылмандардың үстінен күлет. егер олар адамдар үшін жылап дұга жасап Алаға шақырса, оларды бидағатшы деит, ал олар болса бидағатшы деп күліп жұрген бауыры үшін дұға қылып иман тілеит. Сонда біздің мұсылмандығымыз қайда. Кімнің тура екенін білетін Құдай сыңызба? Бұл тек оздерін ақтау үшін айтып жүргені айтпесе өздері шығып адамдарды ескертер еді. Напсіқұмарлар олай адамның етін жегенше 3,40, 4 айға шықпайақ қой хотябы зияның тимесе болды, айтпесе сізге қарап адамдар қашатын болды такапарланып талтайып не бар алде нәжістен шыққаныңызды ұмыттыңызба, алде тап таза сыңба, ойланайық бірінші озімізге қараиық. Хотябы дінде жүрмеген бауырларымызбен сөйлесіп үйренеиік ойткені бізде туылғаннан намаз оқып келген ештенеміз жоқ.
Сахиб
21-08-12 07:52
Ассалаумагалейкум Жаналык ендіріп отыр деп копмпютердің алдында рахаттанып отырганнан не пайда. 3,40, 4ай жаңалық деп оз қамын ойлағандар оданша өзіңізді дұрстаңыз. Оларға Алла разы болсын олардың компютерде отырып ар кімді балағаттап жамандап отыру уақыты жоқ, уақыт өтіп жатыр ескерту керек. Жақында Алла разы болсын оларменсөйлескенімде Рессей президентінің Путин болғанында білмейт екен. Ал біз ше бәленің барін білеміз ал ескертуді білмейміз. Егер ол жаңалық болса Медресе оқу, білім алу жаңалық болады. Сабалардың қайсысы Медреседе 6 ай? 2 жыл? немесе 6,7 жыл оқыған. Онда бұкіл медреседе оқыған бауырларымыз бидағатшыгой. Бидағат деп отқан барлық медреседе оқыған ғаламдар оларда бидағатшылар болып келеді ғой. Сондықтан ауызға ие болайқ алде Сіз Құдай сызба адамның жұрегіндегені білетін, алде Құранды, хадистің барін жатқа біліп, бүкіл құранның кашан не үшін түскенін билесизбе. оны былай қойғанда хотябы араб тілін білесізба? ойланайық кейін ар созімізге жауап береміз
Нурсултан
18-08-12 13:45
Айша дурыс айтады 17-03-09 05:55 :
3 кундик, 40 кундик 4 айлык дегендерди 1927жылы Мухаммад Кандахлауи деген индус ойлап тапкан.
Ол "таблиг" деген жамагат курган. Былайша айтканда "уй ишинен уй тиккен".
Истеген истери Куран мен суннетке кайшы болгандыктан исламнын бкуил галымдары бул жамагатты адаскан деп тапкан.
Кенже
06-08-12 19:01
Сопылықпен астасып жатқан Таблиғ жамағаты деп жазғанға. Мен білетін таблиғтер сопылыққа іш тарта қарамайды. Бірақ сопылықтың тақуалықтарын мойындап отырғандарын көргем. Сосын осы жақында сопылардың рухани сұхбаттарына қатысу нәсіп болып, бір жігіт таблиғ көршісін ертіп келді. Жаңағы таблиғ келді, амандасты, отырған жерінде 5-10 минуттан кейін қалғи бастады, содан 1-сағаттай ұйықтап алып рұқсат сұрап шығып кетті. Ана сұхбаттан тарап жатқан рухани қуатты көтере алмады білем.
aset
as081090@list.ru
06-08-12 10:56
dindi solai jetkizeme eken. turlerine karasang beiwara,sakali osip ketken ustinde eski kir kojalak kim. turi abirjip ketken. kimning odan islamdi uirengisi keledi. aitingdarwi? kazir kogam ozgergen tehnologia damigan 21 gasirda omir surip jatirmiz goi. adam oilanu kerekkoi kaitkende islamdi ademi ar jaksi etip jetkizealamiz dep. garantia beremin. winin aitkanda bul jamagat kadimgidei madeniet bilim degennen ada bolgan. olar islamdi jetkizemiz deidi baskalar olardi adam dep eseptemeidi goi. arine olardan Allah razi bolsin. oilangdar
3 kun 40 kun 4 aidegen dalnasa narse. bilim alu erge de ailelgede pariz. birak bilimdi bere alatindarga baru kerekkoi. kaidagi aidaladagi bireudin uine nemse meshtke barmai.
кара домалак
баршанызга
30-06-12 10:38
Сиздердин айтып отыргандарыныз Казахстан Республикасында ресми тиркелмеген Таблиги жамагат деп аталатын дастурли емес дини агым болып табылады. "Таблиг" арабша соз, ол "жеткизу" деген магына береди.
Олар, елдин саясаты туралы сойлеспейди, оздерин партияга болину мен саясаттан аулак устайды. Жамагат мушеси, ягни арбир таблигшы , аптасына бир кун, айына уш кун, жылына кырык кун, омиринде торт ай Алланын жолында дагуат сапарына шыгады.
Баскалар ушин улгили коринуге тырысатын агым мушелеринин белсендилери сакал койып, узын койлек киып журеди. Уйлену тойларына, туган кунге, кайтыс болган адамнын жетиси, кыркы , жылы таризди шараларга катыспайды. Шаригат билимдерин менгеруге ман бермейди.
Мине кыскаша малимет осы копшилик. Биз КАЗАК деген озиндик тарихы,салт-дастури, мадениети бар халыкпыз!!! Ал казирги танда 21 гасырга келип Аллага шукир тауелсиз алем таныган КАЗАК деген жеке мемлекетпиз жане казирги биздин алдымыздагы улкен сын осындай мемлекетимизди ултымызды Жахандану процеси жылдам журип жаткан заманда сактап калу, ИРГЕЛИ ел ретинде болашакка сенимди кадам басуымыз керек. Сондыктанда белгили бир саяси куштердин муддесин коздейтин дастурли емес дини агымдардан сактауымыз керек. егер дини такырыпта кокейлеринизде сурактар болса мына сайтка кирип тегин жауап алуларыныз га болады www.center-uko.kz сурактарынызды кутемиз,
Азат
aza@.ru
29-06-12 19:59
Сопылықпен астасып жатқан Таблиғ жамағаты - http://www.al-hanifiya.kz/forum/viewtopic.php?f=10&t=19...f9ef9608746a2df7fc4#p1707
хайролла
nurmuhammed_2011@mail.ru
19-06-12 12:49
Ассаламалейкум мусылмандар! арине 3 кун 40 кунге шык деп куранда айтылмаган бирак биздер оз иманымызды жанарту ушин котеру ушин шыгамыз. Пайгамбарымыз сас хадисинде калай киим кирлесе солай иманда ескиреди деген.сонда уйренгенимизди аз маз болсада баскага жеткиземиз. Пайгамбарымызга куран аяттары 23 жылда тусип болган ал алгашында Пайгамбарымыз сас ляя иляха ильаллах айтыныз деп калимага шакырган, сонда сахабалар айткан жоккой 23 жыл кутейиик куран толык тусип болсын сосын дауагат жасап динге шакырайык деген жок кой сол ушинде агайын не билемиз соны жеткизе берейик, биз тек жеткизушимиз Алла хидаят беруши
Сайфулла
6923030
13-03-12 18:43
Ассалямугалейкум мусылман агайындар Бир-биримызден кемшылыктер ыздегенше, ар кымымыз оз-озымызге карайык, балкым сонда Алла-Тагала баршамызга тусынык берер. Ал дагуатшылар анык масхабка бекем устангандар асыр есе Имам Агзам масхабындагы мусылмандар коп устанады, сондыктан секта дегендер оздеры сектанттар жане жагилдер екены созсыз.


страницы:    2   1    в начало »   


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail: (будет виден всем)
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 




Салона красоты Виктори : г. Мытищи новости о красоте и здоровье. подробнее на англоязычном сайте salonpersonage.ru

© 2002—2014   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Интернет-агентство «Браффорд»Реклама | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube
Создание и управление —
«Ижанов и Партнеры»