Казах.ру
поиск по сайту и Казнету
rus / eng / kaz
Форумы
На русском языке
Қазақша сөйлесу


Словарь-переводчик

Введите русское или казахское слово. Для ввода казахских символов нажмите цифры:
Ә2, I3, Ң 4, Ғ5, Ү8, Ұ 9, Қ0, Ө-, һ+


полная версия









Бизнес Номады

Общение

Реклама: Недвижимость в Греции от казахского грека — GREEKLAND.RU
Общение: Список форумов
Форум: Танысу
Тақырып: Жасы 40-тан асқан ер, әйел адамдар, дос болуға шақырамын.

страницы:    « в конец    5    4    3    2    1  

Авторы Xабарлама
Гүлнар
444
18-03-09 18:12
Интернет арқылы хат жазысатындар көбінесе жастар. Жасы 40-тан асқан ер, әйел адамдарды өмір туралы сұхбаттас-дос болуға шақырамын.

Авторы Жауап
Жанара Муратовна.
m-zhanara@mail.ru
03-04-11 14:55
Егер сиздер омирден оз сериктеринизди тапкыларыныз келсе, жас ерекшеликтеринизге карамастан жетинши арна «Жар Жар» телеклубына хабарласыныздар. Сиздерге есигимиз ардайым айкара ашык. Байланыс телефондарымыз: 87016569870; 87051630693; 3919775; Жар-Жар телеклубынын редакторы Жанара.

Гуля
31-03-11 22:54
Бәріңе сәлем.Ырымға келсек,шынымды айтсам бесікке қамшы қойғанын енді естіптім.Біздің халық ырымға бай ғой.Менің сеніп,ұстайтын ырымдарым:сыпырғыны тік тұрғызып қоймаймын,жол жүріп бара жатқан жолдасымнан"қаяқа барасың?"-деп,сұрамаймын,үлкен кісілердің,әсірісе көліктегі ,жолын кеспеуге тырысамын(әрине ауылға барғанда).Айта берсем,қиямет көп.Бірақ тегін айтылмаған деп,білем!
Гүлнар
rymguliana@inbox.ru
27-03-11 19:33
Сәлем, достар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Сендерге алдағы уақытта қазақтың ырымдары мен тыйымдары жайлы сұхбаттасуды ұсынамын. Өздерің білетін, естіген, оқыған ырымдарың жайлы, әсіресе отбасына қатысты ырымдарды жазуларыңды сұраймын.
Қамшы жайлы оқыған дерегім: Атам қазақ қамшының қыр-сырына бесігінен қаныққан, кие-қасиетін ана сүтімен қатар сүйегіне сіңіріп өскен. Себебі, бала бесікте жатқанда шошымасын деп бас жағына қамшы тастаған, не болмаса жастығының астына жастаған. Тобылғы қамшының өрімі жастықтың астынан жерге салбырап тұрмай, сабымен бүктеліп жатса «балаға қамшы тиеді» делінген. Бұл ата-бабамыздан қалған ырым. Негізінде қамшы керегеге ашық ілінген. Бұл қамшы иесінің «мал басы аман болып, үйімнен молшылық кетпесе екен» деген тілеуі екен. Ал жартылай бүктетіліп ілінген қамшы «менің ием келсе, ауруы болса жазылсын» деп сұранып тұрады.
Тұрмыс құрмаған қыздың төсегінің басында жартылай ашылып тұрған қамшы оның басының бос екендігін, оған құда түсуге болатындығын көрсеткен. Бүктеп қойған қамшы жоқтықты білдіреді.
Малынан, астындағы атынан айырылып қалған адам қамшысын екі бүктеп қонышына, не болмаса беліндегі белбеуіне қыстырып қояды.
Жауынгер соғыстан қайтпай қалса да, қамшысы табылса оны керегеге жартылай ашып қыстыратын себебі, оның жаралы екендігін, не болмаса жау қолына тұтқынға түсіп қалғанын көрсетеді. Ал егер ол қаза тапқан болса, оны естірту үшін үй иесі, туысқаны т.б. қамшыны екі бүктеп керегенің төменгі жағына қыстырып қояды. Ол иесі жоқ дегенді білдіреді.
Ауылда жұт болып, не барымташы малын айдап әкетсе, иә болмаса малы аусыл, оба, қорасан ауруларынан қырылып қалса, онда жолдың айырмасына бақан орнатып, оған қамшыны екі бүктеп қояды. Бұл, ауылда мал жоқ деген белгі. Күші келетін адамдар бұндайда қолынан келетін көмегін аямайды. Қамшысын аттың артына сүйретіп келе жатқан адамға ақсақалдар «бұл жаман ырым, қамшы сүйретпе, жер сабама, қамшыңның ұшын жия жүр» деп айтқан. Қамшыны кесуге болмайды.

Гүлнар
rymguliana@inbox.ru
26-03-11 18:22
Актобеден хабарласкан азамат алде азаматша, кім болса да рахмет! Біз Актобеден оте алыс жерде турамыз гой, баратын едік клубқа. Сіз айтқандай клубтар әр қалада болғаны дұрыс қой, бірақ мен өз қаламда ондай клуб барын естімеппін. Жалпы адамның жеке өміріне қатысты моральдық, психологиялық тұрғыда көмек беретін орта, бөлісетін орта болғаны абзал ғой деп ойлаймын. Хабарласып тұрыңыздар.
Гуля
24-03-11 21:05
Ақ төбеден неше километр алыста екенімді елестете алмаймын.Сонда да ұсынысыңа рахмет,біреулерге пайдасы тиіп қалары сөзсіз!
АКТОБЕДЕ ТАНЫСУ
Клубка шакырамын
24-03-11 17:57
\"СЕРУЕН\" Танысу клубында жас ерекшелiгiне карамай танысып-табысып, ангимелесiп, жана достар табуга болады. Барып жургенiме 1 жыл болды. Тамаша кештер: поэзия, сырласу, талкылаулар болып жатыр.... Озiме деген жауапкершiлiк, жаксы жар табуга деген сенiм пайда болды.
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
15-03-11 22:48
Сәлем Гүлнәр және басқалар!Қытайға қош келдің деймін!Алдағы Жаңа жылымыз бәрімізге құт,береке әкелсін!Гүлнәр бір жігіт пайда болса,қалғандары "жоқ"болып кетіп жатыр.Ұзағынан сүйіндірсін...
Гүлнар
444
15-03-11 10:50
Жігіттер арамызда бұрыннан-ақ шамалы еді, енді мүлдем жоғалып кетіпті.....
Гүлнар
444
15-03-11 10:49
Дегенмен, қытай, жасыңа қарағанда өмірден көріп-білгенің, түсініп-түйгенің аз емес шыгар.... Қатарымызға қош келдің! Бұйымтайымыз болып жатса, бөлісерміз.....
Гүлнар
444
15-03-11 10:45
Сәлем, достар! Қыздар, 8 наурыз, келе жатқан Наурыз мерекесі баріне құтты болсын!!! Бәріңе бұлтсыз өмір, жайма-шуақ көңіл тілеймін! Алия, қуанышыңа мен де ортақпын. Енді құрбыңнан ажырамай, қалған өмірде қатысып тұруыңа тілектеспін. Гуляға рахмет! Ұмытпай форумды жаңғыртып отыратынына.
Қыздар, жігіттер! Мына қытайға не айтамыз, бұл кісінікі бизнеске ұқсайды ғой....
қытай
15-03-11 08:23
Менің жасым 43 те ,Саяси әлеуметтік жағдайлар мен бизнес, отбасындағы келіспей қалушылық,ержеткен ұлды басқару,оралмандар мәселесі жайларында сұқпаттасуды ұнатасын.қәжет болса QQ нөмірімді қалтыруыма болады.
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
14-03-11 22:57
Қыздар,жігіттер бәрін қайда кеткенсіңдер? Жұмыс қиындау болып,қолдарың тимей жүр ме?
Гулим
gulim@mail.ru
07-03-11 14:51
Қыздар мереклеріңмен! Әр қашанда күндей жарқырап,гүлдей құрпырып,мына қатал өмірдің қиындығына мойымай,әр қиыншылықтан жол тауып,әрі қарай екі есе күшпен өмір сүрүлеріңе тілектеспін! Алия қуанышыңа ортақпын!
Алия
07-03-11 08:02
8 наурыз мерекеміз кутты болсын! Көктем келді, барлықтарыңа көктемдей көңіл күй тілеймін! Жаңалығым мен интернет арқылы 20 жыл көрмеген құрбымды таптым, ол Қазақстанның батысында турады. өмир кызык екен,
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
27-02-11 13:30
Жалпы салем!Форумда не жаңалық бар екен-деп кірсем,асан қайғыны орнатып отырған бір адам.Ой,ақыл,ұсыныс айтып,өзгеруге,өмірге басқа көзбен қарауға ой тастағанымен,шешім қабылдайтын өзіңсің,Шынар!Жазғандарыңды басқа адамның көзімен қарап, оқып шықшы.Мен 1айдай форумға кірмедім.Оқығандарымның бәрі,\"баяғы жар тас, сол жар тас \"қалпында тұр.Бұл форумға жаңадан кіргендердің бәрі бұны аңғарары сөзсіз.Гүлнар,сенің хабарласып тұрғаныңа қуаныштымын.Алия,қайдасың?Жоқ болып кетпе!
Токе
22-02-11 13:01
Ангимемиз битти ме токтап калдык кой.
Гүлнар
444
09-02-11 04:28
Барлық достарға сәлем! Ерболға жеке сәлем!!! Қош келіпсіз! Осы форумдағы қай замандаспен танысқыңыз келіп тұр? Әлде жалпыға бірдей айтқаныңыз ба? Сіздің де жасыңыз бізбен қатар болғаны ғой. Өзіңіз жайлы, өмір жайлы, өзге жайлы пікіріңізді айта отырыңыз.
ербол
delun_kokserek @mail.ru
05-02-11 18:21
танысайық, замандас.
Арман
arman_2607@mail.ru
03-02-11 13:23
Шынар,өзіннін косагынды табуга тілектеспін.Тапсан бізге хабарлас!
Svetlana
svetluska677@azet.sk
03-02-11 12:10
Svetluska677@mail.ru
шынар
validana@yandex.ru
03-02-11 05:22
Салтанат, маған осы адреске жасзсаныз болады.
Светланага
02-02-11 14:08
Сиздин хатынызга жауап жазылмайды.агент ашылган жок
Салтанат
02-02-11 09:35
Шынар сєлем.Меніњ ойымша сізге психологиялык жаѓынан да кµмек керек сияќты.Сіз сонда 33 жасќа келгенше кµпшілік ортаѓа ќосылмай ќалай ж‰ргеніњізге меніњ тањым бар.Маил адресіњізді берсењіз мен сізге оњаша аќыл беруге дайынмын.
шынар
02-02-11 06:14
мен осы уақытқа дейін ешбір опыт жоқтығына, өмірлік тәжірибемнің аздығына өкінемін.ұяң әрі тұйық болғандықтан көпшіліктен қашып, өз әлемімде өмірім өте беріпті,себебі жан-жағымда не болып жатқанына не адамдарға деген қызығушылығым жоқ болатын, кітаптарымның арасында жүретінмін, енді сол пробелдерді қалай толтырамын деп жүрмін.ғаламтордың арқасында адамдардың қарым-қатынастары туралы оқып енді-енді көзім ашылып жатыр.ашылайын десем, кештерге барайын десем қорқамын, тәжірибесіздігімнен оғаш қылықтар көрсетіп, күлкіге қалармын деп.
алия
ford1872 .mail.ru
01-02-11 21:15
Салем достарІ Салем, Арман ! сіздікі де бір жөн шығар. Мына форум өміріне өкінген пенделер сайтына айналып баратын сияқты.Шынар ерте өкініп отырған сияқты. Өмірде орнын тапқан дұрыс. Бірақ өз бақытын тапқанға не жетсін. Тисе терекке, тимесе бұтаққа деп тұрмыс құра салу да ақымақтықтың ісі.
шынар
01-02-11 17:51
жылы сөздеріңізге рахмет! егер сайттың жоғары жағындағы Поиск по сайту и казнету дегеннің ішіне шынара, жизнь прошла мимо ,без мужчины деп жазып менің тақырыбымды таба аласыздар.менин емейлим validana@yandex.ru. хат жазсаныздар да болады
Турлан
01-02-11 15:05
Саламатсындар ма достар.Хал жагыдайларын жаксы ма? Шынар биздин блогка кош келдин. 33 жаска келип уже жизнь прошла деп айтыпсын.30 жастан кейн гой омирдин басталатыны.Али де оз бакытынды табарсын,казактын басы бос жигиттери коп кой .
Арман
arman_2607@mail.ru
01-02-11 13:48
Салем достар!Шынар кош келдін,уйленбеген болсан онда бәрі алда.Бірак бодра кыймылдау керек.Ане-міне дегенше уакыт зу етіп оте шыгады,байкамайда каласын
Гүлнар
444
01-02-11 12:06
Сәлем, достар! Шынардың "жизнь прошла мимо, без мужчины" деген сөзіне Гуля тамаша балама берген екен: "Жизнь продолжается и я встречу его" Гуля оптимист, ол әркімге бір жетісе бермейтін жақсы қасиет қой.
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
01-02-11 08:58
Баршаңызға-Сәлем!Шынар,арамызға қосылғаныңа қуаныштымын!1-5дейін,қарап көрген едім,сенің жазғандарыңды таппадым.Мүмкін басқа тақырыпқа кірдім бе...не болсада Жизнь прошла-деуге,әлі ерте.Ну и что,что без мужчины?!Нағыз мужчина енді кездесетін шығар?!Қандай себеп болсада(әрине,ол жағы тек өзіңе мәлім),еш қапаланбау керек!Сен 50 келсең,не боласың?Кемпір болдым,бәрі бітті-дейсің бе?33 не ол?Мен өзімді,әліде 25 дегідей сезінемін(секендеп,ерсі тірлік істегеннен,құдай сақтасын).Сондықтан:\"Жизнь продолжается и я встречу его...\"-дегенің,дұрыс болар.
Гүлнар
444
01-02-11 08:56
Сәлем, достар!!! Шынар арамызға қош келдің! Сонда менің түсінгенім сен тұрмысқа шықпаған болуың керек. Ол әркімнің басына берген тағдыр ғой. Отырған қыз орнын табады. Әлі де үмітің үзілмеген шығар деп ойлаймын. Сенің 33 жасыңа қызғана емес, қызыға қараймыз. Сен нағыз деген жастасың, тек адамың әзірге кездеспей тұрған болар. Алдағы уақытта өз адамыңа кездесетініңе сенімім мол.
шынар
31-01-11 20:34
мен енді 7-8 жылдан кейін қырыққа келіп не қылық шығарармын не былық шығарармын, әзірше бір орында буксоватьтап қалдым
шынар
31-01-11 20:30
кешірерсіздер, менің жасым 33 енді ғана келсе де осы тақрыпытағылар ой-өрісі жағынан өзіме жақндау сияқты болғандықтан кірдім. мен - жизнь прошла мимо,без мужчины - деген орысша тақырып ашқан едім өзім туралы,сіздердің де, яғни 40 тан асқан ой тоқтатқан ересектерден де пікірлеріңізді естігім келеді.тақырыбыма ақыл қосқандардың соңы стебке кекетуге ұласып кетті, әрине.өзімнің қазіргі жағдайыма енді бір он жылдан кейін мүлде басқа көзқараспен қарайтын сияқтымын, солай емес пе?
Арман
arman_2607@mail.ru
31-01-11 14:32
Бршанызға салем!!!Алия калдын калай? Менін создерімді коніліне алып калмаса.Саликалы,кеменгер адам болу ушін образга кіру керек боладыгой.Образга кірсен озінді елестете бер кандай болатынынды.Менін айтпагым,жастармен бірге ырбаландасу емес еді,тусінбегенініз өте өкінішті.Тындаушысы болмаса соз жетім,дегендей тындаушыныз болса акыл айтканга,кунды-кунды сөздер айтканга не жетсін.Біреулер сені уйып тындап отырса шабытын ашылып,аузына создер өзі келіп жатады.Ал жастарга акыл айтып бастарын боска катыру керек емес сиякты.Боска өзін жагымсыз кейіпкер болып калуын мумкін.
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
30-01-11 08:16
Бәріне, сәлем!Гүлнәр,ұмытпайтын болдым(өздері,бар екенін білдіреді...)!Бүгінгі демалыс күнін қалай пайдаланып отырсыңдар?Апталықта жиналған үй жұмысымен тағыда шаршап отырған жоқсыңдар ма? Барлық жұмысты жйыстырып қойып,10-15 минутты өздеріңе арнауды ұмытпаңдар!Сән түзеп,тамаша өлең тыңдап,көңілдеріңді көтеріп,демалуларыңа тілектеспін!Жігіттер жағы жақсы демалуда-деп,ойлаймын.
Гүлнар
444
29-01-11 17:07
Сәлем, достар! Гуля, басқаны ұмытсаң да, арамызда жігіттердің барын ұмытпау керек қой (әзілім, әзіл болса да шыным). Ақ пен қара, жылы да суық, үлкен-кіші, еркек пен әйел қылып жаратып қойған соң не істейсің. Бір-біріне сыңар қылып. Тек сыңарлардың бір-біріне кезігуі, тіл табысуы, жаны мен тәнінің жарасуы ғой, қиыны...
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
28-01-11 12:24
Бәріңе сәлем!Гүлнәр саған хат жолдап отырып,арамызда жігіттердің бар екенін мүлдем ұмытып кетіптім.Итің ұры -десе,намыстанатын қазақ емеспіз бе?!Менің не айтқым келгені,Гүлнәрдің Арманға жазған жауабындай.Құдай сол күнге жеткізсін!Өзіміздің қандай болатынымызды бір құдай біледі...жақсы кемпір болуға өз басым тырысамын!
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
27-01-11 23:51
Кеш жарық!Түрланға жауап.Байқасаңыз,мен:бәрі деуден аулақпын -дегенмін.Сіз бірден,өзіңіз жақтағы кемпірлерді салыстырып кетіпсіз(тіпті жас баладай)Күлкілі екен!Бірақ сізде менде басқаларда оларды жөндей алмайды,бірақ бізде жақсы мүмкіншілік бар,ӘДЕМІ қартаюға.Бұл ойыммен енді келісетін шығарсыз?
Гүлнар
444
27-01-11 16:43
Сәламатсыздар ма, достар! Арман, менің сөзіме ренжіп қалған сияқтысың ғой, сені айтсам (форумның басында сен деп сөйлейміз деп келіскенбіз) өзімді қоса айтып жатқаным ғой. Тіл маманы болғанымызбен, әдебиетші емеспіз, журналист емеспіз, бар тілімізбен ішіміздегіні жеткізуге тырысып жатамыз. Арманның жастармен өмір, махаббат, бақыт туралы сұхбаттасатынына қызығып отырмын, оның жақсы екен. Бәріміз де жастармен араласамыз ғой, менің де жанымда жұмыс істейтін қыз бала бар, менен 20 жас кіші. Бірақ екеуіміз тең адамдай сұхбаттасамыз және кез-келген тақырыпта пікір алыса аламыз, мен де соған риза боламын. Менің кейінгі кезде ойға түйгенім біз 40-тын қыркасына мініп алып, жастар, үлкендер деп сөйлейтін болыппыз. Бірақ, жастар деп жастың бәріне, ал үлкендер деп жасы кеп қалғандарға жалпылама қарамаған дұрыс қой. Көпке топырақ шашуға болмайды деп жатады. Ақыл айтатын адамдар жоқ емес, бірақ көп емес деуге болады. Ал біз болсақ, осыдан сабақ алайық. Өгізге туған күн бұзаудың басына да туады емес пе. Өзіміз жасымыз келгенде (ол күнге жетсек) ақыл айта алатындай болуға тырысайық. «Адамның басшысы - ақыл» демекші, өмірдің дұрыс жағын көп ойлап, көңілге түйіп, кейінгі балаларымызға ұқтыруға тырысайық демекпін. Осы сөздерді айта отырып, сіздерге ақыл үйретейін деген ойым жоқ, сөзден сөз туындайды да...
алия
ford1872 .mail.ru
27-01-11 16:06
сәлеметсздер ме, достар! Арман,

Менин жазғандарыма қарап, мени бақыттан құр алақан екен деп ойламаңыз, ішкі сырды бөлісу ғой бұл.Иә, бүгінгімен өмір сүру де дұрыс шығар.көңілдің жас болғаны дұрыс қой, бірақ әр жастың өзінің орны бар. Енді 40- пен 18 арасы жер мен көктей ғой. Иә, сөз байлығңыз өте керемет "АЙТЫП; АЙТЫП" тастапсыз! Мәселе бұғып отыру да емес, керісінше салиқалы, салмақты , бәтуасы бар сөз сөйлеп, белсенді болу керек.Ақылмен, біліммен ой бөлісіп, пікір алысқан қай жастағы адамды болса да бір марқайтып тастайды емес пе, мен осы жағын айтып отырмын, Көңіл жас деп, бала-шағаның арзан сөзі мен арзан күлкіге берілмеуді айтып отырмын.Әрине сіз олардың қатарынан емессіз деп ойлаймын.
Т±рлан
adokcabir@mail.ru
27-01-11 08:48
Арманныњ ойы µте д±рыс,40 ќа келіп ќартайып кеткен жоќпыз ѓой єлі соншама ењсењ т‰сетіндей. Гуля сіз неге 70 тен асќан шалдар аќыл айтпайды деп ренжисіз, біздіњ жаќта 80 ге келген кемпірлеріњ де аќыл тоќтатып жарымаѓан.Той садаќаларда жастардыњ отырмаќтары болып жатќандай гу-гу тоќтамайтын єњгіме молдалар шаќќа тоќтатып алады.
Арман
arman_2607
26-01-11 19:57
Салем достар!
Алия салеметсізбе.Бакытка жете бергенде бакыт айналып кетіп әбден көнілінізді калдырган көрінеді.Өмірге суык көз караспен карайтын секілдісіз.Суырып салма акын болмасакта,өз ойымды жеткізуге тіл байлыгым жетеді.Алия,сіздің 18 жастан кеттік дегеніңізге мен косыла алмаймын.Баяғыда бір шал айткан екен-турім оттапты ,көңілім жас -деп.Сол айткандай өзімді әлі де жас сезінемін.жасым келді екен деп бугып отыру маган жат кылык.Мен өзім жастармен көп араласамын.Олармен өмір ,махаббат,бакыт деген сиякты такырыптарды әнгімелеген өте кызык.Әсіресе бастарынан өткен окигалары.Ал Тұрланнын бакыт туралы айткандарына толыгымен косыламын.Әр адамнын өз бакыты ьолады,соган колы жетсе бакытты.Тагы косарым бугнгімен өмір сур,таңғы ас тәңірден-деген.
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
26-01-11 19:05
Сәлем форумдағылар!Гүлнәр ойыңмен қосыламын.Менің айтарым: деніміз сау болған соң армандаймыз,бақытты әр қалай елестетіп,орындалса дейміз.Бұл-мынау,деп айтылмайтын,дүние.Әйтпесе біз адам боламыз ба?!Арман,мақсат таусылса,өмірде таусылатын шығар.Ал 70 келген адам,кәзіргі кезде мұра жайдағы экспонат сияқты болатын болды ғой.Бірақ ,кәзір шал болып ақыл айтып отыратын кісілер кем де кем.Бәрі-деп,айтудан аулақпын.Өмірде кездесіпте жатады ғой.Үлкен, ел ағасы-деп, бір жұмыстармен бара қалсаң,тура сенің құрдасың сияқты әзілдескісі келіп тұратын адамдарға,не дей аласың?
Гүлнар
444
26-01-11 12:30
Сәламатсыңдар ма, достар! Гуля, біріншіден, 22, 23 күндері демалыс қой, әркімнің жоспарлаған шаруасы болады, достардың қолы тимей форумға енбеген болар, жапанда жалғыз қалғандай болсаң, сол сәттегі көңіл-күйіңді, ойыңдағыны жазып қоя берсең, кейін жауап аласың ғой. Екіншіден, "денсаулықты" мен бақыттың көп атрибуттарының бірі дер едім. Әрине, ең маңыздысы, ең біріншісі, денсаулыққа жететін ештеңе жоқ, дені сап-сау, ешқашан ауырмаған адамдар да болады екен, 70-ке келген бір ер адамның айтқанын естідім, осы уақытқа шейін бірде-бір рет ауруханада жатып көргем жоқ, ауырып көргем жоқ деді, тіпті келіншектерге сөз айтады. Ал енді дені сап-сау адамға өмірде басқа да көп дүние қажет емес пе, ол дүниелер болмаса, ол өзін толыққанды бақыттымын деп санай алмайды деп ойлаймын.
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
25-01-11 22:01
Барлықтарыңа ертен -қуанышқа толы күн тілеймін!!!Форумда кездескенше,қайырлы түн!
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
25-01-11 21:51
Бақыт!Мен үшін бұл-денсаулық!Мен ешкімге,"ауру"-деген азапты тілемес едім.Ауру кірсе,әлекте кіреді-деп,бекер айтпаған.Бала-шағаң,жар,ағайын,туыс,бауыр,жора-жолдас,көрші-қолаң,сізбен біз аман болсақ,осы ҮЛКЕН бақыт.Ал қалғаны пендешілік.Кеше танысқан өздеріңнің де өз орындарың бар!Бұлда бір бақыт!Қалғаны құдай қаласа бола жатар,денсаулықпен үміт болса!
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
25-01-11 21:28
22,23 күндері мен форумнан еш кімді таппай,жапанда жалғыз қалғандай болдым.Бүгін біреулер хабарласқан болар-деген оймен, форумға кіріп,өздеріңнің хаттарыңды оқып,қуанып қалдым.Гүлнәр тілегіңе үлкен рахмет! Өзіңе де барлық жақсылықты тілеймін! Әр қашан ой бөлісуге дайынмын.
Гуля
g.muratova2012Gyandex.kz
25-01-11 21:04
Кеш жарық ! Бүгін сайтты ашып,Алияның ортаға тастаған ойын оқып,менде оз ойымды жазуға кірістім.Білмеймін,кәзір мода болған ба,адамдар:"мен осы жұмысқа лайықтымын ба,осы жұмысты игеріп алаламын ба"?-деген сұрақ,қызықтырмайды-ау. Жұмысқа сыртай оқу пітіріп,бірден бастық болып кіреді.Бір аяныштысы- оның соңында оның шаш бауын көтеріп жүретіндер көп болады.Ал сол жағымпаздыққа йе болып отырған адам,сол жағымпаздардан жалықпай ма?Жоқ мен ондай адамдарға қызықпаймын,мен ондай адамдарды аяймын!Алия,оларды тек аяу керек,басқа айтар оларға сөз жоқ!
алия
ford1872 .mail.ru
25-01-11 19:28
"Өттің дәурен, осылай," демекші қым-қиғаш жұмысқа толы бір күн өттіде шықты. ....
Мен ойымша ер адамдар аса көп ойламайтын сиқты, бақыт, өмір бұралаңдары туралы. Олардың табиғаты басқа ғой,, әйелдер-қыздар сияқты емес. Олар қатардан қалмағанды ұнатады деп ойлаймын. Олар бүгінгі өмірмен, ал біз ертеңгі, болашақтағы нәрсеге бас қатырамыз..


Гүлнар
444
25-01-11 14:26
Тұрланның \"бақыт\" туралы хатына мен кейін жауап жазамын... асықпай
Гүлнар
444
25-01-11 14:25
Сәламатсыздар ма! Әлия, заманның ағымы да. "Заманың түлкі болса, тазы боп шал" деген ертеден келе жатқан мақал ғой. Бірақ әр заманға да келіседі. Алға жылжуды ақшамен байланыстыратын адамдарды соған мәжбүр ететін адамдар тұр ғой ар жағында. Жылжымай өмір сүруге тағы тыныштық бермейді, мына заман. Әділетсіздікті жою, Әлия сенің де, менің де, форумдағы басқа достардың да қолынан келе ме? келмейді. Әлия, сен жұмыстан бір нәрсеге қатты әсер алып келген болуың керек, әрине, ойыңды ортаға салғаның дұрыс қой. Әрқайсымыз өзімізді адамбыз деп есептейміз. Адамгершіліктің дәрежесін әркім өзінше түсінеді. Тұрланның бақыт туралы айтқанындай, сол ақшаның құлы боп кеткендер де адамгершілікті өздерінше түсінеді ғой. Қандай жағдай болса да, адамгершілігімізден айырмасын!
алия
ford1872 .mail.ru
25-01-11 12:58
Салеметсиздерме, достар! Өмір өте бір қызық қой, Жаңа жұмыстан келіп ойланып қалдым. Адамдар тек алға жылжуды тек ақшамен байланыстырады. Ақша арқылы қол жеткізгісі келіп тұрады. Үлкен креслода отырмайтыныма қатты қуанамын. Көптің бірі болып, "Жартылай ақылды" болған қандай жақсы. Өмірде мансаптан жолғалтыным жоқ, бірақ өзімді көп адамдардан адами құндылығымды жоғары санаймын. Көп адамдарды аяимын, санасының таяздығы үшін. Өмірде жеңіл мінезділердің жасынан кеттік деп ойлаймын, Соған қарамастан кейбір адамдардың жаны-18 жас болғысы келіп тұрады, мен ойымша бұл дұрыс емес , Салиқалы, салмақты болғанға не жетсін!!!
Т±рлан
adokcabir@mail.ru
25-01-11 08:38
Сєлем замандастар.Г‰лнардыњ ќозѓаѓан таќырыбына жауап іздеп кµрелік достар: меніњ ойымша осы µмірге келудіњ µзі Баќыт емес пе деп ойлаймын.¤мірге келгесін болашаќќа ашыќ кµзбен ќарау керек,сонда ѓана 180 градус айналуы м‰мкін емес .Баќытты болу ол єр адамныњ µз ортасына да байланысты болуы м‰мкін.Ќой баѓып ж‰рген койшыныњ малы т‰гел келсе ол да баќыт,ал миллионерге бір к‰нде аќша т‰спесе баќытсызбын дейді.Біраќ єр адам да баќытты болуы ‰шін кµпті армандайды,‰міттенеді ,солай да болуы керек шыѓар -‰мітсіз шайтан -дейді гой ќазаќ.
Гүлнар
444
25-01-11 06:22
Сәламатсыздар ма, достар! Әлия, сенің сөздерің дұрыс шығар, бірақ сезімнің адамы еш эмоциясыз бір қалыпты жүре бере алмайды ғой. Әдейі солай етейін демейді, ол өзінен-өзі солай болып шығады. Өмірде салқынқанды адамдар да болады екен, сезімді мойындамайтын, сезімге берілмейтін. Ал кейбіреулерде ол сезім мүлдем жоқ. Арман туралы бірер сөз айтқым келеді. Адамның ішкі жан-дүниесін толығымен зерттеп білу мүмкін емес шығар, кейбір адамдарға тілдің байлығын береді, ол адам өзінің ішкі ойын, пікірін, біреуге деген көзқарасын толығымен, барынша жеткізе алады. Ал кейбір сөзге шорқақ адамдар ішіндегісін, сезімін толық жеткізе алмайды. Бірақ ол адамның ішкі жан-дүниесі бай, ниеті дұрыс, жүрегі кең болуы мүмкін. Мен Арманды сондай адамдарға қосар едім. Осы сайттың кейбір парақтарын ақтарып отырсаң, көбінесе жастардың небір былапыт сөздері, мәдениетсіздікті байқайсың. Сөз білмейтіндері былай тұрсын, ұятсыз сөздерді жазып, өздерінің қаншалықты деңгейде екендіктерін көрсетеді. Мен осы форумда тек көзі ашық, көкірегі ояу, саналы да сауатты адамдардың кездескеніне қуанамын. Және бұл жердегі әрбір адамның тағдыры тәлкек емес, сондықтан өзімізді-өзіміз сыйлап, адал ниетте дұрыс пікір бөлісіп отырсақ, ғанибет емес пе! Достардың хатын күтемін!
алия
ford1872 .mail.ru
24-01-11 19:05
Иә, Арман сен туралы айтып отырмын. Мен Астанаданмын. Сөзди қысқа қайырмай ой бөлісіп отыр!
алия
ford1872 .mail.ru
24-01-11 19:03
СалемІ Достар! Мен енди бақытқа жете бергенде, ол менен тез сырт айналып кететін сияқты. Бұл жағдай мектепте оқып жүрген кезден жалғасып келеді. Бұл әрине өкініш емес, жай сыр бөлісу деп біліңіздер. Мен өткен өмірге еш өкінбеймін, Тек таң қалатыным, енди жеттим, бари жаксы деп ойлай бергенде, 180 градуска кери кетеді. сондықтан мен ойлаймын аса еш нәрсе күтпей толерантты болып жүруге үйрендім. Бір қалыпты еш эмоциясыз жүрген дұрыс секілді. Ал керісніше еш нәрсе күтпеген кезде мені таң қалдыратын жетістікке жетемін.
Арман
arman_2607@mail.ru
24-01-11 11:09
Баршанызга салем!!!Алия сіз мен туралы айтып отырган жоксыз ба?
Мен Алматыданмын.
Гүлнар
444
24-01-11 08:06
Достар, біз әрқайсымыз Қазақстанның әр түпкірінен сияқтымыз. Мен Қарағандыда тұрамын. Бұл тіпті қызық емес пе! Әр облыста отырып, дос тапқанымыз. Бүгінгі заманның дамығаны, мынау интернеттің мүмкіншілігі ғой. Сол мүмкіндікті барынша пайдаланғанымыз да жөн болар. Әйтеуір өтпелі өмір ғой... Тіршілікте өзіңді түсінетін адамдармен қатысып, араласып тұрғанға не жетеді...
Гүлнар
444
24-01-11 08:02
Форумдағы Адайдың есімін атауды ұмытқан екенмін, сізге жеке сәлем!!! Ендігі кезекте әрқайсыңыз БАҚЫТ дегенді қалай түсінесіздер, соны жазсаңыздар. Оны анықтамасын өз түсінігіңізше немесе басқа біреулердің айтқанын айтсаңыз да, өлеңмен жазлған нұсқасы болса да, жазуларыңызға болады. "АДАМ-БАҚЫТ" - бұл екі ұғымды бір-бірінен бөлуге де болмайтын сияқты. Өмірге келген әрбір адам бақытты болуға құқылы, тіпті міндетті ме деймін. Сол бақыттың ішіне бәрі сыйғызуымыз керек қой. Махаббат та, отбасындағы жағдайың да, мамандығың да, туыстарың да, жолдастарың да - бәрі-бәрі осы бақыттың детальдары емес пе. Сіздердің пікірлеріңізді күтем!
Гүлнар
444
24-01-11 07:54
Форумдағы достар! Сәламатсыздар ма! Ең алдымен, бәріңізге үлкен рахмет айтқым келеді, осы форумды қолдап, әрі қарай ой бөлісіп, сөз сабақтастырғандарыңызға. Арман, Тұрлан, Әлия, Нұр (есімі қандай әдемі), Гүлім, Гуля, Светлана, бәріңізге өмірде бақыт тілеймін!!! Мен Светлананың жеке почтасына хат жазып едім, алмаған болуы керек. Мына форум ойыңды толық мазмұндап, үлкен көлемде хат жазысып тұруға жақсы. Ал, бір-бірімізді жоғалтып алмай, хабарласып тұру үшін "Мирда" дос болайық десеңіздер, менің адресім: rymguliana@inbox.ru
Svetlana
svetluska677@azet.sk
22-01-11 03:00
Barmisin baurim kazak saitinda ma.Otinem magan saitin jiberinizshi.
Svetlana
svetluska677@azet.sk
22-01-11 02:48
Tyrlanga.Salamtsiz ba baurim,raxmet jazganizga.Men Batis Kaz. oblasnanmin,auldik jerdenmin.Mail .rudan karadim mektepti auldik jerde bitirdim.Kyrdastarim kobisi Oral kalasinda tyradi,FB tanda taba almadim.Jasim 44 . Enbolmasa bir kyrdasimdi tabsam bolgani ,kalganin sol arkili tabar edim.Ozim shet elde tyram.anda sanda kazaksha jazisip,skyp arkili soilesip tyrgim keledi,kyrdastarimen.Mina forum degen keremet,osi jakinda taptim.Neshe tyrli sir,akil, oilar jazadi eken,keide kylkiden olem kazaktin jalpak tilin okip.:-))Sebebi kop boldi kazak tilin estimegenime jane soilemegenime.Tagida kop-kop RAXMET.
Гуля
g.muratova2012
21-01-11 23:29
Өзіңмен қатарлас адамдармен ой бөліскенге әрине ештеңе жетпейді.Кейде ойыңды кімге айтарыңды білмей ,ми ашитын да сәттер болатыны жасырын емес.Сондықтанда оз құрбыларымды,осы беттен әр қашан табамын-деп сенемін.
алия
ford1872 .mail.ru
21-01-11 21:15
СалемІ Мен Нұр; Гүлнар , Арман есімді замандастар жайлы толығырақ білгім келеді. әрине қарсы болмасаңдар. Гулнардың ойына қосылам бақыт деген бірінші рухани қолдау. Мен де бірінші кезеккте адамның рухани құндылылғын жоғары қоямын. Қалғаны екінші кезектегілер деп ойлаймын. Бірақ ... қазір адамдар тек бьүгініг күнмен өмір сүреді Жасы да, кәрі де.
Гулим
Gul_Gul_11@mail.ru
21-01-11 20:27
Замандастар!Оте жаксы пикир талас бар екен,Жалгыздык тек Кудайга гана жараскан,сондыктан жалгызбасты замандастарга биыл коян жылы тек саттилик тилей отырып,бактарыныз ашылсын,омирлик сериктеринизди кездестирип бакытты болыныздар!!!хабарласып туруга болады!
Гулим
Gul_Gul_11@mail.ru
21-01-11 20:22
Гулнар жане курбылар оте тамаша такырып ,ангимелесуге болады ой пикир козгап акыл кенес дегендей ,мен куаныштымын!
Т±рлан
adokcabir@mail.ru
21-01-11 12:02
Светланаѓа,Батыс Казахстан ‰лкен,Кай ќаладан іздейсіњ ќ±рдастарыњды.Осы форумды тауып т±рѓанда Бармысыњ бауырым сайтын ќалай таба алмайсыњ, Каланыњ справочнигін ал да іздеген адамыњныњ ФИО сын жаз сразу табасыњ,мен батыс Казахстаннанмын.
Т±рлан
adokcabir@mail.ru
21-01-11 11:50
Нур саласатсыз ба? Арине адамнын тагдыры оз колында,себеби кудай ози береди деп кутип отыра беруге болмайды го.Кудай тек денсаулык берсин де.
Арман
arman_2607@mail.ru
21-01-11 10:55
Ой болісуге мен дайынмын.
нур
21-01-11 07:10
Букiлалемдiк галамтор аркылы катарластарымен орныкты ой болiсемiн деушi замандастар! Кал-жагдайларыныз калай болуда? Гулнар курбымыздын ортага тастаган ойлары дурыс, 40тан аскан сон коп нарсеге баска козбен карап, ой токтатады екенсин, тiптi будан бiршама жылдар бурынгы оз ойларына да карсы пiкiрлер шыга бастайды.
Арине, "бакыт деген не?" деген сурактын да жауабы жан-жакты, дегенмен де менi "адамнын тагдыры оз колында ма алде мандайга жазганнан аспаймыз ба?" деген сурак жиi мазалайды?....
Т±рлан
adokcabir@mail.ru
20-01-11 13:48
Гулнар444 Мына такырыпты бастаганына рахмет! Озим Актобеден боламын .
Гүлнар
444
20-01-11 08:53
Кейіннен қатарымызға қосылған Адай, Қара домалақ қыз, қадамдарың құтты болсын! Он жас орамдас демекші, бәріміз құрдаспыз ғой. Адай, сіз бізге амандасуға және Жаңа жылмен құттықтау үшін ғана кірдіңіз бе? Әңгіме айта отырыңыз.
Адай
karmysovkylysh@mail.ru
19-01-11 19:17
Салем 40-тан асқан құрдастар! Жаңа жылдарыңызбен!
Қара домалақ қыз)
............
18-01-11 05:12
ОСЫ ФОРУМДА ЖАР ТАБУ МҮМКІН БЕ? БАСЫ БОС ЖІГІТТЕРМЕН ТАНЫСҚЫМ КЕЛЕДІ. ЖАСЫМ ОТЫЗ ҮШТЕ
Гүлнар
Сарсенге
17-01-11 09:20
Сәрсен, саламатсыз ба! Сіз қай жақтан боласыз? Рудың атауы көп қой, мысалы мен сіздің руыңыз туралы ештеңе естімеппін. Одан соң біздің қозғаған мәселелерімізге қатысты әңгіме айтып отырыңыз. Адамды адаммен қосатын сөз ғой, арасын ашатын да сөз. Барлық достарға тілейтінім, достық сөздеріміз жараса түссін!!!
Гүлнар Әлияға
444
17-01-11 09:14
Әлия, сіздің ой тастап, сөз бастап отырғаныңыз қандай жақсы. Бәріміз де өмір сүргеннен кейін бақытты болуды армандаймыз. Жасымыз біразға келіп қалса да, армандаумен келеміз. Бірақ, өмірде қатып қалған формула жоқ ау деймін, ол құбылып тұратын сияқты.
Әрине, арманымыз таусылмасын!
Гүлнар
444
17-01-11 09:08
Әлия, бакыттың кілтін табу үшін ең алдымен бакыт дегенді кім қалай түсінеді (осы форумдағылар) соны анықтап алсақ. Менің ойымша бакытты болу үшін әр адамға үш жақты қолдау қажет. Біріншісі әйел тұрмысқа шыққаннан кейін екі жақты рухани қолдау, сүйеніш керек, екінші тәндік қолдау, жарасу, үшіншісі материалдық тұрғыдан екі жақты қолдау болса, сол отбасы бақытты ма деп ойлаймын. Бұл үшеуінің орнын ауыстырып қарайды кейбіреулер, ол да дұрыс шығар. Сіздердің пікірлеріңізді күтем.

Cарсен
sarsen6371@mail.ru
16-01-11 10:42
жасым 47-де
Cарсен
sarsen6371@mail.ru
16-01-11 10:39
руым шомекей аспанмын аспыннын айткожасы
Cарсен
sarsen6371@mail.ru
16-01-11 10:38
менин атым Сарсен
алия
ford1872 .mail.ru
16-01-11 07:45
сәлеметсіздер ме, форумдағы құрдастарды өмір сүру, бақытты болу, заманға сай өмір сүру формуласын ойлап табуға, ой бөлісуга шақырамын. Мысалы, бүгінгі күннің формуласы менің бақытым тек көңіл -күйімнің асып-тасып, бүгінігі іжоспарларымның 90 пайыздай орындалуында деп ойлаймын. Бақыттың кілті біз үшін неде?
Svetlana
svetluska677@azet.sk
14-01-11 20:02
Men minda dostarim men kyrdastarimdi izdegeli otirmin.Men Batis Kazakstannanmin,16 jil Slovakia elinde tyram.otinem eger magan komekteseniz .kalai izdeume boladi kyrdastarindi.osi internet arkili.
Svetlana
svetluska677@azet.sk
14-01-11 19:52
Salamatsizdar ma.
Svetlana
svetluska677@azet.sk
14-01-11 19:49
Salamatsizdar ma baurim.
Гүлнар
444
10-01-11 20:43
Әлия, Жангелді, форумға қош келдіңіздер! Қадамдарыңызға нұр бітсін! Бұл жерде ішке сия бермейтін, басқамен бөліскің келген ойларың болса, айтуға болады. Пікір алысуға болады. Бұл бетті Гүлнар 444 деп іздесеңіздер, бірден тауып аласыздар. Хат жазыңдар, достар.
Ардақ
09-01-11 19:24
Ассалам алейкум!
ulmantai
ulman-7
06-01-11 15:21
Жаңа-жылдарыңызбен. Ескі жылда есіркеп, жаңа жылда жарылкасы.
Жангельді
jangeldi@gmail.com
05-01-11 07:43
Бәріне салем! Жаңа жылдарыңызбен!
Жасым елуде. Танысайык.
алия
ford1872 .mail.ru
04-01-11 15:51
Салем құрбы-құрдастар, танысайық мен Астанаданмын. Форум жақсы екен, қалған форумдар бала-шағаның шатпақтары ойына не келсе соны жазатын. Мен осы форумды салиқалы салмақты жандардың форумы де болмаса, Менің атым Алия жасым-38-де.
нур
15-12-10 07:55
рахмет Гулнар!
Бекен
beken79@mail.ru
13-12-10 17:02
Дос болгыныз келсе мына поштага дружба жибериниздер beken79@mail.ru
Гүлнар
Нұрға 444
13-12-10 14:10
Сәлем, достар! Бетке кіру үшін google.kz-тен қазақ.руды ашқаннан кейін тақырыптың өзін теруге болады: "Жасы 40-тан асқан ер, әйел адамдарды дос болуға шақырамын" - дегендей. Немесе өзің жазған кез-келген сөзді қайта терсең шығады ғой. Мысалы: мангыстаулык жалгызбасты арулар Асланмен байланысып араласындар!

замандас
нурға
11-12-10 21:10
zamandas77@mail.ru осыған жаза беріңіз
нур
10-12-10 10:04
Гулнар! Кiлт созбен калай табу керегiн нактырак тусiндiрсен, мен осы такырыпты оку ушiн кейде бiрнеше ондаган беттi ашып издеймин?!
Гүлнар
444
07-12-10 13:02
Сәлем, достар!!! Көптен бері қазақ.руға кірмеппін. Осы тақырыпты жаңғырта түскен достарға көп рахмет! Жаңа достар пайда болған екен. Қатарымыз көбейе берсін демекпін. Кейде бір жазған хаттарыңды жоғалтып аласың, қай жерде жазғаныңды ұмытып қаласың дегендей... Ондайда кілт ретінде бір сөзді жазсаң, қайта тауып аласың. Солайша осы тақырыпқа үнемі еніп отырғандарыңыз дұрыс болар еді. Әрқайсыңызға өмір шуағын шашсын, күле қарасын!!! Хат жазыңыздар.
нур
07-12-10 10:21
казак атымен жазып журген замандаспен байланысу мумкин бе?
жеке почтанызды жазыныз!
нур
27-11-10 08:13
салеметсиз бе, замандас!!!
улмантай
ulman-7 @ mail ru
11-11-10 11:23
Сәлем . Сен қай жақтан боласың. Кел танысайық
Өмір деген қызық қой керекті жерін сызып қой деген мақал бекер айтылмаған шығар.Өмірдің қызығада сол бала емеспе. Не ексең соны аласың.
Жасым 41-де ажырасқанмын,қызым бар.Қызым қәзір студент.Өзім Университетте жүмыс істеймін
T!лек
TilekkabilK70
09-11-10 01:08
жасым-40та ажырасканмын. Карапайым ауыл ж!г!т!м!н. Атырау облысында турам ауылдык жерде. Танысып, отбасын курам дегендер болса агентпен хабарласуын от!нем.
казак
нур
08-11-10 19:49
сиздин поштаныз кандай
казак
нур
08-11-10 19:11
Алла сизге куат берсин.Арине еки баланы жеткизу бир озинизге онай емес."Былай тартсан арба сынады,былай тартсан огиз оледи" дегендей, балаларынызга аке орнына аке болатын адам да кездесип калар .
Мазалаган сурактарынызга бул жерде емес,поштанызга жазган дурыс шыгар.
нур
05-11-10 09:41
40-тан аскан курбылардын форумга кiруге уакыт таба алмай, нендей испен айналысып жургендiктерiн бiлгiм келедi!
мунда кiрсенiздер Сiздерден акыл сурайын деп едiм?!
Екi ул бала тарбиелеп отырган жалгызбасты келiншектерге кайтадан отбасын куру каншалыкты кажет? Жалпы, казiр бiреудiн баласына шын акелiк мейiрiм корсете алатын ер адамдар бар деп ойлайсыздар ма?
нур
03-11-10 09:12
40тын манайында журген замандастарды саликалы єњгіме ќ±руѓа шаќырамын!!!
menna
30-10-10 10:35
САЛАМАТСЫЗДАР МА КУРБЫЛАР, ОСЫНДАЙ ФОРУМ ИЗДЕП ЖУРГЕНИМЕ КОП БОЛГАН ЕДИ, ГУЛНАР СИЗГЕ КОП РАХМЕТ, ГУЛЗИРА,НУР,НУРАЙ СИЗД-Н ЖАЗГАНДАРНЫЗ КАТТЫ УНАДЫ,МЫНА ЖАЛГАН ДУНИЕДЕ ЕШКИМ БАКЫТТЫМЫН ДЕП АЙТА АЛМАС, АЛЛАНЫН ЖАЗГАН ТАГДЫРЫНА РИЗА БОЛМАСКА ШАРА ЖОК, ЖОЛДАСЫ КАЙТЫС БОЛЫП, БАЛАЛАРЫНА ЖАКСЫ ТАРБИЕ БЕРИП ОСРГЕН, АДАЛ ЖУРГЕН АЙЕЛ ЖУМАККА КИРЕДИ ДЕГЕН ЖАКСЫ БИР СОЗ ОКЫГАН ЕДИМ, АЛЛАХ СИЗДЕРГЕ ИНШАЛЛАХ ЖУМАГЫН НАСИП ЕТЕР,
нур
29-10-10 13:26
Салеметсиздер ме, достар!
Әр атқан таңдарыңыз шуағымен қуаныш сыйласын!
орта жасқа келіп, жалғыздықтың қамытын сүйреп жүрген онай емес. бірақ тек алдагы кундерден уміт куту керек, балаларымның барлығына тәуба! ішкі жан-дүниенің жалғыздығын аздап болса да жасырып жабатын солар!
мангыстаулык жалгызбасты арулар Асланмен байланысып араласындар!
Аслан
мангистауаслан@mail
09-09-10 13:21
Сәлем! Мен Ақтау қаласында тұрамын. Осындай сайт барына қуаныштымын. Жасым 42-де. Хат жазып тұруға қарсыемеспін. Мангыстаудың азаматшалары болса кездесуге қарсы емеспіп.
Гүлнар
444
20-06-10 23:06
Қалайсыңдар, достар! Өмірдің ағынымен жүріп жатырсыздар ма? Форумға ғана емес, жалпы интернетке енбегенімен көп болыпты. Жағдай солай болып жатыр. Форумда біраз сыр ақтарыстық десек те, бәрін түгендеп айта бере алмайсың ғой. Алланың көп сынының бірі де... Достар, өздеріңде не жаңалық? Хат жазыңдар?
мен
24-05-10 07:30
салеметсиздер ме
Gulzira
1969.02.12
18-04-10 21:40
Курбылар,барине де кайырлы тун тилеймин.Жаксы жатып,жайлы туруларына тилектеспин.
Айгуль
4545
18-04-10 20:08
Салем достар! Бакыт, жанұя, бала, суйген жан туралы біраз пікір таластар болған екен. Бәрі де өте дурыс. Бұл пәни дүниеде пендешілікке салынбай осы бір қысқа ғұмырды сыйластықпен сүйіспеншілікке бөлеп өткізгенге не жетсін... Бірақ бес саусақ бірдей емес қанша тырыссаң да, өмірдің өз дегені, Аллаһ Тағаланың жазып қойған тағдыры бар. Маңдайға жазылғанға риза болып сабырлықпен төзе білсек, Жаратқан Иеміз өзі қолдап жақсылыққа жол сілтері анық. Ал қайырлы кеш, келер күніміз тек қуаныш әкелсін!
gulmira
gulmira_musabeko@mail.ru
17-04-10 08:51
Орал , отбасың болсын, болмасын өмірде артта қалып қойдың деген сөз емес қой.


Алтынбек
оралдан
16-04-10 08:17
Кулме доска
келер баска...

Мумкин сенин семья балаларын бар шыгар. Сондыктан баскаларды мазак етип отырган боларсын?!
Бирак есте сакта баримиздин тагдырымыз бир Аллахтын колында. Аллах кез-келген адамнын жанын кай уакытта алам десе сол уакытта алады.

Аллах биреуди мазак еткенин ушин тура осында жагдайды сенин басын келтирип журмесин!
Айгуль
4545
15-04-10 13:40
Салем курбылар! Аман-саусыңдар ма? Аллахтың көзі түзу болсын, барі жақсы болар. Оралдың қасқасы қайдан кіріп кеткен өзі, қарағым Оралдан сен 40-қа келмегенсің-ау деймін бізді аяғаныңа қарағанда, өгізге туган күн бұзауға да келер деген, сен де 40-қа келерсің... Сенің хатыңды оқып көңілім бір көтеріліп қалды рахмет.
оралдан
14-04-10 22:26
Әй, қасқалар айяймын мен сендердңі (40 тан асқандар) өздеріңнің балдарың бар ма ? семия бар ма?
Алтынбек
Гүлнар
14-04-10 07:20
Салем!
Ондай такырыптарды да карап кордим. Олардын денi отызга дейинги кыздар екен.
Ал мен айткан кici 55-те. Жане бир айта кетер жайт, ол киси бурын уйленген, бирак дам-туздары жараспай ажырасыпты. Бурынгы айелинин барлык жагдайын жасап болек уй алып берип сол жакка шыгарып койган. Ал ози казир болек турады.

Томенде мен айткан талапка сай кыздар болса хабар кутем
Гүлнар
434
13-04-10 18:58
Қатарымыз бүгін Айгүлмен, Алтынбекпен толығыпты. Қуаныштымын.
Алтынбектің қойып отырған сұрағы бүгінгі күні өте өзекті сұрау ғой. Мен танитын көптеген қыз-келіншектер бар, өздеріне лайық жолдас іздейтін, сол сияқты ер адамдар да бар. Мен кейде ойша сол адамдарды қатар қойып көремін, бірақ бір-біріне лайық деп таппаймын. Өз адамыңды табу өте қиын. Ағаңыздың маңдайына жазғаны кездеспей тұр ғой.
Алтынбекке айтқым келетіні, осы қазақ.рудың ішінде көптеген мұсылман ер адамдармен танысқым келеді деп жазатын қыз-келіншектер кездесіп жатады ғой, жеңгені сол жерлерден де іздеп көріңіз.
guimira
guimira_musabeko@mail.ru
13-04-10 16:36
Салеметсіздер ме, Гүлнар дос болып.хат жазысып тұрайық деп шақырғаныңа рахмет. Жасым 42-де. Өзім бухгалтер болып қызымет жасаймын. Құрбылардың сұхбаттары маған ұнады. Хат жазысып тұрайық
Baian
Baian@mail.ru
13-04-10 14:12
zaci 40 ackan er. aiel adamdarmen doc bolu
Алтынбек
3709059@mail.ru
13-04-10 10:15
Қырықтан асқан (төмен болса да бола береді) намаз оқитын мұсылман деген атқа сай қыз-келіншектер бар ма осы жер де...? Бір намазхан ағамыз бар еді. Жасы 55-те.
сол кісіге жар іздеген жайым бар.
Айгуль
4545
12-04-10 14:52
Салем бердик 40-тан аскан кыз-жигиттерге. Менин жасым 46-да. Гулнар 40тан аскандарга хат жазып, сырласуга шакырыпсыз рахмет,коктемди куте-куте шаршаган кезде, уйде отырып бейтаныс жандармен сырласу дурыс та болар.....
Гүлнар
434
09-04-10 21:08
40-тан асқан құрбы-достар! Осы тақырыпты жоғалтып алмай, хат жазып тұрыңыздар, тау мен тау кездеспейді, адам мен адам кездеседі дейді ғой, мүмкін сәті түссе бір қалада кездесерміз, 40-тан асқандардың өмірі жайлы "конференция" өткізерміз. "Жасы 40-тан асқан" деп іздесеңіздер, осы тақырып тез ашылады.
Гүлнар
434
09-04-10 21:05
Зада, Жанар! Қалайсыздар? Мен қатарымыздың көбейе түскеніне өте қуаныштымын. Сіздер көріп отырсыздар, Исмаил деген жас бала болуы керек, адресіне қарағанда 91 жылғы. Мен оның сөзін толығымен түсіне қоймадым, себебі қазақша әріптер дұрыс түспеген. Әкеңнің достарын неге шақырмайсың деген болу керек. Менің осы тақырыпты ашқандағы себебім де осы ғой, жастардың түсінігі мүлдем бөлек, ұнамаса бұл тақырыпқа не үшін енген? Ол кекетіп жазса да, әкеміздің достарын шақырсақ несі айып екен, өмірден көрген-білгені мол, түйгені көп, ақылдарын тыңдамаймыз ба, тіпті еркелесек те айып емес деп ойлаймын.
Зада
зада.@.kaz
26-03-10 17:14
Мен 40-тан асқандар үшін осындай сайттың болғанына қуанып қалдым.Жасым 41-де.Білім беру саласында жұмыс жасаймын.Екі балам бар.Жолдасым қайтқанда қиыншылықтар болды.Қазір аллаға шүкір жағдайымыз жаман емес
Исмайл
isa91.91
22-03-10 18:31
Гулнар с1з неге Экеннин достарын, дос кылуга шакырмайсын?

Жанар
janar66
22-03-10 18:25
Сәлем, 40 жастан асқандар. Наурыз тойларың құтты болсын. Наурыз дендеріңе саулық, құлазыған көңілдеріңе көктем лебін әкелсін. Өздеріңмен хабарласуды жөн көрдім.40- тан асқандардың қыбырлап шыға бастағанын көріп қатты қуандым.
40- тан асаып, жалғыз қалған жалғыз өзім ба деп қорқып журуші едім...
Жанар
janar66
22-03-10 18:16
Сәлем 40 жастан асқандар ! Наурыз тойларың құтты болсын. Наурыз дендеріңе саулық, отбастарыңа амандық ,құлазыған көңілдеріңе көктем лебін әкелсін. Мен де өздеріңмен хабарласқанды жөн көрдім. 40 - тан асқандардың қыбырлай бастағанына
қатты қуанып отырмын. Бұл жалғанда осы жастан асып,жалғыз қалған жалғыз мен ба деп ойласам...
Гүлнар
434
17-03-10 19:41
Құрбылар, қалайсыңдар? Тіршіліктің күйбеңімен форумға кірмей қойдық ау деймін. Хат жазыңдар.
мен
19-02-10 12:04
салеметсиздер ме
Сәния
казакқа
25-10-09 14:55
Саламат боларсыз, Казак!

Ныспыңыз бен сөз саптауыңызға қарағанда ұлтжанды азамат боларсыз деп топшылаймын. Ұлтжанды болғандығыңыз мені қуантады, бұл ел тағдырын ойлайтын азамат деген сөз.

Ал, сауалыңызға жауабым, бұл менің емес, ғалымдардың тұжырымы. Баланы дүниеге келгенше 9 ай 9 күн көтеруі, дүниеге келген соң түн ұйқысын төрт бөліп емізуінің өзі балаға Ана еңбегінің үлкендігін білдірсе керек. Талдап-таразылауға уақыт тар. Дегенмен, 90 ауыз сөздің тобықтай түйінін дана қазақ бабамыз айтып кеткен мына мақалымен білдіріп өткім келеді: \"Шешесі жоқ шын жетім\"
Сәния
bauirim@gmail.com
25-10-09 02:25
Саламат боларсыздар, Гүлнар мен құрбылар!

Мені орталарыңызға қуанышпен қабылдағандарыңызға бек рахмет! Дегенмен, мен өз ізетімнен таймай, баршаларыңызға \"Сіз\" деген қалпымда қала берейін.

Сөзді сабақтай түссек, әңгіме барысы тағы да бала тәрбиесіне кеп тіреледі. Балаларыңызға жақсы тәрбие беріп жатқаныңызға шын көңілден аса қуаныштымын! Олардың әрқайсысының ел азаматтары боп өсуіне шын көңілден тілектеспін! Әрбір бала ата-анасынан жақсы тәрбие алса деп тілеймін! Айтып өткенімдей, бұл ортаға келген мақсатым да сол: балаға қалай жақсы тәрбие беруді Сіздерден де үйрену. Менің түпкі өмірлік мақсатым: болашақ балаларымды өткір, өжет, намысшыл, сөзге шешен, ойға көсем, елге шын мәнінде жаны ашитын нағыз ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу! Ал, қыздарымды ибалы да инабатты, кербез де тәкаппар, әрдайым ар-намысын жоғары ұстайтын асқақ та пайымды етіп тәрбиелеу мұоат! Бұл жағынан тәжірибем де жоқ емес, сабырмен - ақ талай қызды жолға салып, талай қисықты жөнге салып жүрмін. Сүйікті жиен сіңілімді кішкентайынан мақсатшылдыққа, табандылыққа, өршілдікке тәрбиеледім. Жасқаншақ, жуас еді, осындай болғаным Сән тәтемнің арқасы деп өзі де айтып отырады. Колледж, университетке өз күшімен түсті. Ендігі мақсаты Англиядағы Оксфордқа түсіп, әлемдік деңгейге шығу. Арманы үлкен. Оның қайда жүрсе де қазақ атына кір келтірмейтініне нық сенімдімін!

Мұны айтып отырған себебім, аз да болса бала тәрбиесінен тәжірибемнің барлығын білдіру. Сонда да болса, келешекте бала тәрбиесінен шалыс кетпеу үшін үнемі тынымсыз ізденіс үстінде жүремін. Өзім өте қатты балажанмын, балаларымның көп болғанын қалаймын. Құдай қанша берсе сонша берер, оған қоса тағы да бірнеше бала асырап алмақ ойым бар. Рас, олар геніне байланысты психологиясы, мінез-құлықтары әр түрлі боп келері сөзсіз. Оған да рухани һәм материали жағынан өзімді іштей ұзақ жылдардан бері дайындаудамын. Олар сондай боп дүниеге келгеніне еш кінәсі жоқ бәйкүнә періштелер. Сондықтан олар ата-ана мейірімін сезініп, жүрегіне бақыт нұрын сепсін, өмірдің ызғарынан кекшіл емес, отбасының жылуынан көпшіл боп өссін деген ізгі ниет. Өз басымның балаға деген мейірімім бәріне бірдей жетеді. Бұл да отбасымнан алған тәрбием, ата-анам да балажан адамдар, әкемнің іні-қарындастарынының балалары кішкентйынан біздің үйде өсіп, бәрі анамды \"мама\" деп кеткен. Біз осылай бауырмал, балажан болып өскенбіз.

Құрбылар, бала тәрбиесі жөнінен ізденіп жүргенімді айтып өттім, осы орайда менің Сіздерге бір қолқам бар. Маған әсіресе қазақтың логикалық есептері қатты ұнайды. Бұның тәрбиелік мәні зор, баланың ой-өрісінің өсуіне ықпалы ерекше екендігі сөзсіз. Сондай кітаптарды қайдан таба алар екенмін, соған көмектессеңіздер. Мұндай кітаптар неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Онда Сіздерге тіптен шексіз риза болған болар ем. Сіздерден қуанышты хабар күтемін!


казак
Санияга
22-10-09 21:29
Бала тәрбиесинде акесине 10% аз емес пе?
Гүлнар
434
22-10-09 20:16
Нұрай, Гүлнұр, Гүлзира, Сара, Сәния, аман-есенсіздер ме? Менің компьютерім жұмыс істемей көптен бері Интернетке кіре алмай жүрдім. Енді ашып қарасам, Сәния атты жаңа құрбы қосылыпты. Өте қуаныштымын. Сәния, біз өзара "сен" деп сөйлесуге келіскенбіз. "Сен" дей берсем ренжімессің. Әдебиетшісің бе, сөздерің өте тамаша екен. Өмірдің маңызы - балаға берген тәрбиеде деген сөзің тура менің ойым. Бірақ мен балаларыма 100 проц. жақсы тәрбие бердім деп айта алмаймын. Балаларым жаман емес, сабақтарын жақсы оқиды, ата-анасын сыйлайды. Жаман әдеттері жоқ. Бірақ кемшіліктері де жоқ емес. Оған туғаннан бастап, үйретпеген өзімді ғана кінәлаймын. Орыстың ұлы тәрбиешісі Макаренко сияқты бала тәрбиелей алатындар сирек қой. Жалпы алғанда балаларымыз жақсы. Сөздің реті келген соң айтып отырмын. Жалпы баланы мақтағанды жек көрем, Алла көпсіне көрмесін. Біздікі емес, Алланың балалары ғой.
Сәния, өзіңе айтарым, балаға 100 проц. дұрыс тәрбие бере аналар көп кездеспейді. Алла бұйырса, тұрмысқа шығып, бала көріп, бала тәрбиелегенің дұрыс қой.
Менің өмірлік тәжірибеден түйгенім, ана баласына бесіктен бастап тәрбие беруі үшін, ол өзі сондай тәрбиелі болуы керек. Оған тәрбие берген анасы өз анасынан тәрбие алған болу керек.
Тәрбиенің өзі де мұра сияқты ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруы қажет қой. Бірақ өмірде бәрі ауызбен айтып, қолмен қойғандай болмайды ғой.
Сәния, тақырыпқа тақырып қосып, осы бетті сабақтай түскеніңе рахмет! Бәріміз де Ана болғаннан кейін, бірінші тақырыбымыз да осы бала ғой. Жақсы. хат жазыңыздар.
Сания
bauirim@gmail.com
21-10-09 22:41
Саламат боларсыздар, құрбылар!

Бес жас белден құрдас, он жас зордан құрдас дегендей, аргы-бергі 5-6 жас көңіл жарастығына кедергі келтірмес. Ең бастысы ой тең, көңіл кең болса болғаны. Уақыт шіркін зымырап, санамызды жастықтың жалынынан сабырдың қауымына да жетелеп алып келді. Бұрынғы алып-ұшқан көңілден арылып, айналаға пайыммен салмақтап қарайтын болдық. Тіршілік барысынан көргеніміз көңіл көкжиегінен сүзіліп өтіп, жүрек түкпіріне еріксіз түйіледі. Сондайда айналадан байыпты көз бен парасатты сөз іздейтініміз жасырын емес. Өкініштісі сол, қаптаған мәнсіз тіл мен нұрсыз жүздердің арасынан іздегенің де табыла қоймайды. Ал, жүрек шіркін саналы ғұмыр кешіп, еліміз үшін титтей де болса тірлік тындыруға бұлқынады. Сол бұлқынысты сезетін де, өздері де құлшынып, рух себетін де орта керек. Осы жерден сондай бір орта таптым ба деп те отырмын!

Бұл ортаның мені қатты қуантқаны бала тәрбиесін сөз етіп жатқандарыңыз! Өз бетіммен өмірлік зерттеу барысындағы көкейіме түйгенім: ең үлкен байлық - балаға дұрыс берілген тәрбие! Бала тәрбиесі дұрыс болса, өмірің зор болады, бұрыс болса өмірлік азаппен есіл өмір қор болады. Ал, бала тәрбиесінің 90%-і тікелей АНАҒА байланысты, сондықтан ананың орнын ешкім алмастыра алмайды! Өз басым осы бала тәрбиесі жөнінен көп ізденіп жүрмін. Рас, мен әлі тұрмысқа шықпағанмын, жасым 38-де. Дегенмен, аяулы анамнан дұрыс тәрбие алғандықтан абыройым бойымда, сондықтан келешекте балаға бар жағынан дұрыс тәрбие бере аламын деген сенімдемін!

Құрбылар, бұл ортадан іздегенім, бала тәрбиесі жөнінен ой қозғап, пікір алмассақ! Менің бала тәрбиесі жөнінен Сіздерден көп нәрсе үйренгім келеді. Мұхтар Әуезов ағамыз айтқандай, "Ел боламын десең бесігіңді түзе". Бала - елдің келешегі! Сондықтан ел келешегінің іргетасын осы бастан мықтап қалауымыз керек. Осы жағынан ой бөліселік, құрбылар!
Gulzira
1969.02.12
18-10-09 16:43
Гулнар,Нурай.Калайсындар?Аман-сау барсындарма?Хабарсыз калдындар гой.
Gulzira
1969.02.12
04-10-09 09:13
Adam omirge shyr etip tusken satte \\"alla tagala\\"aldagy omirindi mandaiyna zhazady eken,biz de sol peshenemizge ne zhazyldy sony koremiz goi,odan kashsanda kutyla almaisyn,tagdyryndy ozgerte almaisyn. Sondyktan da aldymyzda tek kana zhaksy kunder kutip tur dep oilap omir suru kerek.Al zhanyn zhabyrkagan satterde zhaksy kitap okyp ne bolmasa muzyka tyndagan durys. Kaitadan kuieuge shykkyn kelgenmen balalaryna ol zhaksy ake bola alama sony oilau kerek?!Buiyrsa balalarymyz otbasyn kuryp nemereli bolsak sodan aldanysh tabarmyz.
нурай
03-10-09 08:04
Салеметсіздер ме, замандастар!
Өмір ағысы қалай өтуде? Сіздерге тек жаксылық тілеймін. адам болған соң нешеме түрлі көңіл-күй болады. Бірақ не болса да, "Ертең басқа, шайдай ашық, қуанышты күн болады" деп қана ойлау керек!!! Мен ертеңгі күнге деген зор сеніммен өмір сүремін, қазіргі күніме де көңілім тоқ. Тек анда-санда жүрек жалғыздығын сезініп қалатыным болмаса?!
Гулнар! жолдасын жанында болса, екеуің бірге өмірдің рахатын сезінбейсіңдер ме?
Мен жолдасыммен бірге болған 10жылда аса бақытты болдым. Дегенмен Аллаһ өз құлына өлшеулі ғұмыр береді, уақыты жеткенде 1минут ерте емес, 1 минут кеш емес, акетеді. Алғашқыда қолымызда үлкен апа болды, екеуміз тек сол кісінің көңіліне қараушы едік. Екеуара түсіністік ерекше болды. Менің жанымды түсінетін адам мүмкін алі ден жолығар....
Гүлнар
434
28-09-09 21:49
Құрбылар! Мен де екі баланың анасымын. Жолдасым бола тұрса да, мен де өмірде біраз қиыншылықтар көрдім. Нұрайдың сөзімен айтқанда жанымның жалғызсырап жабырқайтын сәттері аз емес. Ішіме біраз жиналып қалғанда, екі көздің жасына ерік беретінім болады, ішім босап, жақсы болып қаламын. Бірақ, тәуба, бәріміз де тәубашылықпен өмір сүреміз ғой.
Гүлнар
434
28-09-09 21:40
Сәламатсыздар ма, Нұр, Нұрай, Гүлзира! Мен Сіздердің осы жерге хат жазғандарыңызға қуаныштымын. Шын мәнінде, адамның күні адаммен ғой (сырласу жағын айтқаным). Алла тағала да жақсыны алады деп жатады, бәрі де Алланың ісі. Жатқан жерлері жарық болсын! Артында қалған балалары бақытты болсын, құрбылар! Әйел Ана болғаннан кейін, балалары үшін барлық қиындыққа төзуге міндетті ғой, оның ішінде қазақтың әйелі. Менің түсінігімше, әйел адамның да, ер адамның да бақытты болуы үшін үш нәрсе қажет: ол бір-бірін рухани қолдау, материалдық қолдау және тәндік қолдау деп түсінемін. Осының екеуі дұрыс болып, біреуі жетіспегенде адамдар өмір сүре береді, екеуі болмай біреуі ғана болса да, өмір сүре береді. Ал үшеуі де болмаған жағдайда, қиындау деп ойлаймын. Ал үшеуі толыққанды болғанда ол отбасы бақытты деп ойлаймын. Қыздар, не айтасыңдар, хат жазыңдар!
нур
28-09-09 07:46
Салемет пе. Гулзира менимен, сенимен тагдырлас казак кыздары коп-ак. Бизди Алла мыкты болган сон жалгыз калдырган шыгар. менде 2 баламен жалгыздыктын кыл камытын суйрегениме 5 жыл болды. тири журып балаларын жетим калдыратын акелерди тусине алмаймын, онда несине уйленеди екен. Биз сияктыларга *али жассын, куйеуге неге шыкпайсын* деп акыл айтушылар да коп. Сырттай биреуге акыл айту онай гой. мысалы, мен шындап куйеуге шыгамын десем шыгар едим. ал шыккан куйеу ертен балаларымды кагып-согып отырса, казыргы куниме де зар болып каламын гой.
Ал екинши жагынан карасан ертен бала оскен сон оз алдына кетер, жалгыздык сонда еки есе сезилмей ме
дегенмен де, мен ушин казыр балаларым манызды соларды жеткизум керек. сосынгысын содан сон корермин....
кейбиреулерге кызыгамын..., бирак МЕН биреулерден артыкпын, ойткени кос кулыным бар, адал да суйикти жардын махаббатын кордим...
Gulzira
1969.02.12
27-09-09 15:53
Salematsyzdarma,kurdastar.Mende sizder kozgagan takyrypka katty oilandym.Ote durys adamga dos-zharan kerek-ak,ishine syimaityn syrlaryndy solar arkyly syrtyna shygarasyn aitpese adamga ote kiyn bolady.Mende 3 balanyn anasymyn, zholdasymnyn kaitys bolganyna 8 zhyl boldy.Basymnan turli kiyndyktardy otkizip zhatyrmyn baride Allanyn synagy bolar,sogan moiymai barymsha zhenuge tyrysyp kelem,inshalla. Mende sizdermen dostasyp habarlasyp turgym keledi,egerde karsy bolmasandar.
нурай
25-09-09 13:01
40 тын манайында журген замандастар! калайсындар?
"Әйел бақыты" деген не? деп сурақ қойыпсың: меніңше әйел бақыты ең алдымен -АНА болу, бала сую, сонан соң суйікті ЖАР болу деп ойлаймын!
Егде тарткан, бір-біріне сүйеу болып жүрген ата-апаларды корсем де, "мына апа бакытты екен" деп ойлаймын...
Гүлнар
434
09-06-09 15:57
Құрбы-құрдас, бәріңе сәлем! Сендерге қояр сауалым: әйел бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?
sara
sara.s@list.ru
03-06-09 08:20
Сәлем Гүлнәр. Мен аударманы көбіне орыстан қазақ тіліне аударамын. Себебі қазақ мектебін бітіргенмін, қазақша жоғарғы оқу орнында оқығанмын (аты қазақша болғанмен заты орысша болды). Сондықтан жоғарғы оқу орнын екі тілде оқыдым десем де болады. 48 законов власти дегенді Билікке жетудің 48 аламды деп аударған екен. Мұнда билікке жетудің қыр-сыры толық сипатталған. Мысалы, 20 амалдың мағынасы мынадай:
Топқа кірме, топ құрма, тәуелсіз бол.
Тапқың келсе бақытқа баратын жол.
Кім аударғаны есімде жоқ.
Орысшасы былай: Ни с кем не объединяйся
Формулировка закона: Только глупец торопится примкнуть к одной из старон. Не вверяйте себе никому, кроме себя самого, не связывайте себя обязательствами. Сохраняя независимость, вы получите возможность властвовать - сталкивая людей между собой, заставляя их следовать за вами.
Гүлнар
434
02-06-09 19:48
Сара, сәламатсың ба! Шынында да Ә.Нұршайықовтың сөзі керемет екен. Мен де бұрын кітаптарды оқи беруші едім, қазір тіпті уақыт жетпейді. Жетсе де уақыт дұрыс жұмсалмай ма деймін. Мен өмір туралы повестерді жақсы көремін. Қазір диск алып кино көргенді әдет қылдық қой. Ал 38 законов власти деген не туралы кітап? Естімеген екенмін. Өзің орыс тілінен қазақшаға аударасың ба, әлде керісінше ме? Мен Қазақ тілі бөлімінде бір тақырып ашпақшымын. Оны да ашып көрерсің.
sara
sara.s@list.ru
02-06-09 09:21
Мен де аудармашымын. Қазақтың ақын жазушыларын оқуға уақыт жете бермейді. Уақыт болғанда Ф. Оңғарсынованы, М. Мақатаевты қайталап отырамын. Кейінгі кезде Ә. Нұршайықов ұнап жүр. Ол кісі былай дейді: "Өзің лаулап тұрсаң ған өзгеге от бере аласың". Керемет емеп пе?
Соңғы уақытта қолыма түскен кітап 48 Законов власти. Авторы Роберт Грин. Бұл кітаптың қазақшасы да бар көрінеді. Бірақ менің қолыма түскен жоқ
Гүлнар
434
01-06-09 22:19
Гүлмира деген атпен кетіп қалыпты. Сара, Ерик төмендегі хат менікі деп түсініңіздер. Яғни қарағандылық Гүлнардан. Гүлмира менің сіңлімнің аты, өткенде менің достарыма сәлем беріп жазған болатын.
Гүлмира
****
01-06-09 22:14
Сара, Ерик, қалайсыздар? Мен Қарағандыданмын. Аудармашы болып жұмыс істеймін. Қазақ тілінің маманымын. Тағы айтарым тағы бар, реті келсе айтылар. Сара, мен кез-келген тақырыпта пікір алысуға дайынмын. Күнделікті күйбең тіршілік жайлы кіммен болса да әңгімелесуге болады ғой. Жақсы сезімдер туралы әңгіме айтыңыз. Өзіңіз білетін тәжірибеден, танитын адамдарыңыздың өмірінен айтыңыз. Өзің айтпақшы сөзіңді тыңдайтын құлақ болмайды дегендей, сөзіңді ұғатын жүрек болмайды ғой.
sara
sara.s@list.ru
01-06-09 10:59
Қалжыңды түсінетін адамдар өте көп деп қате жазылып кетті. Кешірім өтінемін.

sara
sara.s@list.ru
01-06-09 10:56
Өмір туралы сұхбаттас болуға Мен де дайынмын. Кейде айтарың болса да тыңдайтын құлақ кездесе бермейді. Сондықтан көпшілік жағдайда айтарыңды іште сақтап қалуға туралы келеді. Мен жалпы сөз түсінбейтін адамдарға сөзімді қор қылғым келмейді. Қазіргі кезде Менің айналамда қазақтың қалжыңын түсінетін адамдар өте көп. Тұрмыстық тіл мен ресми тілді ғана қолданамын. Гүлнәр қандай тақырыптарға пікір алылуға дайынсыз?

ЕРИК
31-05-09 14:12
Гулнар өзің қай жерден болдың,өзің туралы мәлімет жаз!
Гүлнар
434
26-05-09 20:02
Хат жазыңдар, құрбылар! Көп адамның өмірінде 40 жастан асқаннан кейін жаңа белес пайда болатын сияқты. Келісесіңдер ме?
Гүлнар
434
23-05-09 20:17
Алик, сізге қатысты айтар болсам, азаматтың аты азамат қой. Бірақ, тым бастырмалатып жіберген жоқсыз ба? Тіптен сіз құлап түсетіндей артық сөз айтпаған сияқтымын. Достық көңілмен хат жазып тұрсаңыз қарсылық жоқ. Достарымыздың қатары көбейе берсін. Қыздар, сендер не айтасыңдар? Гүлнұр СЕН деп айта берейік деген соң, мен де келісіп жатырмын.
Гүлнар
434
23-05-09 20:11
Сәламатсыздар ма? Мен шынымен де осы тақырыпты жаным жалғызсырап отырып ашқан болатынмын. Бірақ көптен бері ешкім хабарласпаған еді. Нұрай, Гүлнұр, Алик сендерге көңіл бөлгендеріңе көп рахмет! Интернетте біз қатарлас адамдардың аз болуы жайында айтқандарың екеуіңдікі де дұрыс сияқты. Шынымен де кейде бір жаныңды ұға қоятын адам таппай қиналатын кездер болады. Әр адам әртүрлі ғой. Тағдырлар да әртүрлі. Бірақ интернетке хат жазған адам осының бәрін ойдан әдейілеп құрастырмайтыны белгілі, әркімнің жүрегіндегісі айтылып жататыны рас қой. Мен Интернет арқылы болса да, өздеріңдей құрбы-дос тапқаныма өте қуаныштымын. Хабарласып, ой-пікір бөлісіп тұрайық.
Тілектес
17-05-09 21:12
Гїлнјр, бјлкім, азаматтыѕ сґзіне ойланып кґрерсіз. Шын кґѕілден тілектеспіз!
Алик
456213
17-05-09 14:45
Жаным Гүлнар егерде 40-жастан асқан жігітпен хабарласқын келсе мен дайынмын.Менің жасым 42-де бойдақпын, бойым 1метр 93 см , салмағыф 125 кг бұрын үйленгім жігітпін, қазір бойдақпын неге екенің артынан өзіне айтамын, тек хабарлассан болды, басқа ештене сұрама жаым. Егерде киеугешыққын келсе маған хабарлас . менің жағдайым жақсы Атырау қаласында тұрамын, сенің сөзінніең ләзәт алып қалдым.Егерде ышын оймен хабарласқын келсе мен жауабынды күтемін жаным Гүлнар.Мен сені сүйіп қалдым Гүлнар.
Гүлнұр
17-05-09 09:42
Гүлнәр, сәлеметсізбе, осындай тақырып ашқаныңызға рақмет. Нұрай, қал-жағдайыңыз қалай? Шынымен біз жасымыздағы адамдар сирек кездеседі, бірақ олай ойламаңыз, кім біледі неліктен біз жастағы адамдар интернетке кірмейтіні, мүмкін біздің жастық шағымызда интернет дәл кәзіргідей дамыған жоқ, немесе шынында ұй шаруасынан қолы босамай жүрген шығар...
Нурай, Гүлнәр, жағдайларыңыз қалай? Менің жасым, Нурай айтқандай, сол жасқа таяп қалдым. Бес жас -бел құрдас демекші, СЕН деп айта берсем ренжімейсіздер ме? Өздеріңіз жұмыс істеп жүрген шығарсыздар? Балаларыңыз да ер жетіп қалған шығар? Мен өзім 4 қыз тәрбиелеп отырмын, Құдайға шүкір, бәрі жақсы, басымнан көптеген қиыншылдықтар өткіздім, бірақ өмірге өкінбеймін, мүмкін маңдайыма сол жазылған шығар... Қыздарым үшін тырмысып жатырмын. Олар маған күш-қуат беріп жатыр.
Ал Сіздердің жағдайларыңыз қандай? Осы сайтта кездесіп тұрайық...
нурай
14-05-09 10:23
жасым 40-тан аспаса да, соган таяп калды. Бұл форумды шолып отырсақ, дені жастар бір-бірін іздеген, 1-2 жерде біз шамаластар біреулерді іздеген болады, бірақ біздің заман өткен болу керек, біздің замандастар қазір жануя қамымен ештеңеге көңіл бөле алмайды, менің ойымша біз қатарластардың жаны жалғызсырап жабырқағандары ғана осында болу керек?!



страницы:    « в конец    5    4    3    2    1  


Сіздің жауабыңыз
Есіміңіз:
Сіздің e-mail:
Мәтін:
Кескіндегі код:

Кодты жаңарту
 








© 2002—2017   | info@kazakh.ru   | Блог  | О проекте  | Реклама на сайте | Вакансии 
Группа Вконтакте Страница в Фейсбуке Микроблог в Твиттере Сообщество на Мейл.ру Канал пользователя kazakhru - YouTube