|
Ернур
format2525@mail.ru
15-11-21 10:38 |
|
Сәлем, Менің есімім Ернұр. Қарағанды облысы, Балқаш қаласының тумасымын. 1979 жылғымын. 1997 жылдан Алматы қаласында тұрамын. 2008 жылы уйленгенмін. Қазіргі уақытта отбасыммен тұрамын. Әке-анам бөлек осы Алматы қаласында тұрады, кіші ініммен. 4 балам бар: үлкен қызым және 3 ұлым — 11, 5 және 2,5 жаста. Жақын арада (ноябрь) ажырасамыз — шешілген сұрақ. Бекерге жүріп, көп уақыт өткізгім келмейді, бәрібір үйлену керек.
Бойым 180 см, салмагым 82-85 кг.
Өзім жеке кәсіпкермін. Гос.закуппен, товарлады шетелден алып келіп, откізумен айналысамын. Темекі шекпеймін, кейде достарыммен, бөлелеріммен сыра ішемін, бірақ қумаймын, әңгіме-сөз, жанжал-ұрыс көтермеймін.
Мінезім өте салмақты, көп артық ешқашан сөйлемеймін, әңгіме-сөз-өсек мүлде қумаймын. Қолымнан жұмыстың барлық түрі келеді. Қиындықтан ешқашан қашпаймын, сұрақ-проблема туып жатса арқашан шешуге тырысамын. ЕҢ бастысы — айтам ба, сөз берем ба ОРЫНДАЙМЫН/ЖАСАЙМЫН. Ешқашан екі сойлемеймін. Кез келген сұрақты ақылмен,асықпай, сабырмен шешкенді ұнатамын. Жалпы өте аққөніл адаммын, ешқашан біреу туралы жамандық ойламаймын, ешкімге кызғаныш сезіммен карамаймын. Көре алмаушылық жоқ. Бір қалыптымын, аяқ астынан өзгере салмаймын. Қалжындасып сөйлескенді де ұнатамын түсіне білетін адаммен. Туысқандарым мен достарымның арасында өте сыйлымын. Әр кезде Тәубәшілік және Шүкіршілік етемін.
Ұнатып, жақсы көріп қалган адамнан ештеңемді аямаймын, қолымнан келіп тұрса барымды беремін, жасаймын. Балаларды, балаларымды өте жақсы көремін, өзімді ел қатарлы ӘКЕ деп санаймын. Тазалықты барлық жағынан ұнатамын: үйдің ішінде, киім жағынан. Ақшаны табуды да ұстауды да білемін, бекерге шашпаймын.
Менін қазіргі ойым мен мақсатым: ойымнан шығатын бір қыз тапсам. Әрине, оны бир сәтте білу мүмкін емес, уақыт керек. Сондықтан бірінші кездесіп, танысу қажет. Бір-екі рет кездесіп, сойлескеннен ақ өзі белгілі болады — ол адам саған ұнады ма, онымен әрі қарай кездесуге тартады ма деген сияқты. Егер ұнатып жатқан жағдайда ол адаммен ары қарай танысып, жақынырақ білісуге дайынмын. Ары қарай махаббат сезімі пайда болып жатса, бұл менін болашақ жарым бола алады дегенге көзім жетсе — уйленуге, әйелім қылып алуға дайынмын.
Енді маған кандай қыздар ұнайды: көрікті, тартымды, бойы узындау. Бұны неге бірінші айттым деген сұрақ тууы мүмкін: ешкімге жұмбақ емес қыз бен жігіт ең бірінші кездескен кезде ең бірінші сыртқы көріктеріне көз тастайды. Оның ішінде киінгеніде бар. Тек бір көргеннен бірін бірі ұнатып жатса ғана ары қарай кездесіп, жүруге көңіл білдіреді, құштар болады. Кім өзінін жанында көрікті қыз немесе жігіт жүргенін қаламайды? сол сиякты
Жалпы маған — сабырлы, байсалды, ізетті, қарапайым, тәрбиелі қыздар ұнайды. Ақылы тілі мен ойынан басым. Кез келген жігітті ақылмен ұстауғы болады деген ойдамын. Әңгіме-сөз-өсектен өзін мүлде аулақ ұстайтын. Өз ісіне, уйдін шаруасына мығым, мықты. Тазалық пен ұкыптылықты суйетін. Жаксы Әйел мен Ана бола алатын. Тәубасы мен Шукіршілігі бірге жүретін. Барга да жок ка да шыдай алатын. Қиындыктарга мойымайтын. Адал жар жане Келін болатын.
Жасы мен өткен өмірі аса маңызды емес (әрине тек 1 куйеуден ажырасса). Баласымен не балаларымен болса озімдікіндей кабылдаймын. Пәк, қыз болса НҰР үстіне НҰР болар еді.
|
|