Калайсындар !
Отбасын куратын кыз келиншектер болса танысып корсек ажыраскам .
Арак ишип жаман адетим жок танысып жатсак барин корип сурап коремиз жумыс істеймін вахта да
Жасым 50 де иманды ул кызыма ана болатын келиншекпен танысамын от басын куру максат тел номер сеги жети.жети сегиз уш жуз кырык тогыз жиырма торт отыз тогыз хабарласындар болады
Салеметсиздерме? Меним есимим Асель 1986жылгымын, Алматы Актау Астана Кокшетау жигиттермен танысамын. 35 пен 40 аралыгында танысам, арак ишпейтин, отбасын асырай алатын, ажыраскан болса танысам, озимди сыйлайтын жар болатын ер азаматпен танысам.
Ассағамалеикум! Есімім Ақылбек 1990.жыл боламын, Шымкент Ордабасы ауданы боламын
Үиленбеген боидақпын, Воени част жұмыс жасаймын Oтбасын құруға дайын жан болса бахытты еткім келеді..
Салеметсиздерме. Менин есімім Гүлсезім болады. 1998 жылғымын. Алматы облысынан Каскеленнен боламын. Мектепте сабак беремін. Бойым 176. Уйленуге дайын жігітпен танысамын.
Бойы 177 тен томен болмаса
Оқыған тоқыған, тұрақты жұмысы болса
Казір де болашақта да Алматыда қалатын
Жақсы ниетті 23-30 жас аралығындағы ер азамат пен таныссам. Өтініш егер мен айиылған талаптарға сайкес келмесениз мазаламасаныз🙏
Sultan
11-02-21 10:16
Туркестан обл болам
01.05.1987 ж
Sultan
11-02-21 10:15
Ассалаумагалейкум, кыздар калайсын дар. Жаксы иманды кыз келиншекпен таныскым келеди, ажыраскан отбасы болу максатында.
Хан
17-01-21 15:23
Қарағанда облысы Жаңа арқа районына келін болатын қыз немесе бір қыз баласы бар ажырасқан келіншек болса да қабылдаймын.Тек үйленіу мақсатымен жақын арада
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ САУАТСЫЗ ЖОЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРДЕН САБАҚ АЛЫП ЖҮР...
«Полицейлер – бұл адамдардың құқығын және бостандығын қорғай отырып, қылмысқа қарсы күрес жүргізуде алдыңғы қатарда тұратын адамдар»
- деген Қазақстан Республикасының
Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебелі сөзіне еліміздегі Ішкі істер органдарының қызметкерлері лайық па?
Әрбір азаматтың жеке басы құқығы бұзылып, оның ар-намысы қорланған жағдайда көмек сұрап, мәселені заңға сүйене отырып, шешіп беруін өтініп баратын бірден бір жері ол құқық қорғау органдары екені белгілі, немесе қоғамдағы тәртіпсіздікті бақылап, елге тыныштық сыйлайтындар да осылар болуы міндетті. Алайда арызын арқалап барған азаматтар, істерін тиісті дәрежеде қарамағандарын айтып, ішкі істер органдарының өздерінің үстінен шағымданып жатқан сәттерді қоғамда кездестіріп жатамыз. Сонда ойымызда бұл заңның осалдығы ма әлде, ішкі істер органы қызметкерлерінің заңды білмейтіндігі немесе мойынсынбайтындығы ма? - деген күдіктің туатыны рас. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, дегенмен «бір құмалақ бір қарын майды шірітедінің» кейіпін кейіп, өздерінің сауатсыздығымен ішкі істер органдарындағы өзге қызметкерлердің атына да кір келтіріп жүргендер бар. Айтар ойымыздың нысанасы ҚР Ішкі істер министрлігі, Жол полициясының инспекторлары болып тұр. Бұл әңгімемізге арқау болып, ғаламтор беттеріне шығып, жұлдызға айналған, біздің Шымкент қаласы жол полициясы инспекторларының қызыққа толы оқиғалары. Қызығы сол, олардың қызмет ету барысындағы сауатсыз бейшаралығын көргенде, айтарға сөзіңіз қалмай, қапалана еріксіз езу тартасыз. Демек мұндағы біздің айтпағымыз, азаматтың құқықтарын қорғап, тәртіптің сақталуын қамтамасыз етудің орнына, форма киген жол үстіндегі инспектор мырзалардың, өздеріне тиесілі құқықтар мен міндеттерді білмеуінің салдарынан көлік жүргізушілерінен сабақ алуға мәжбүр болып отырғандығы.
Мына заманда адам өмірін техникасыз елестету мүмкін емес. Сол адамзаттың қажетіне жарап отырған күнделікті қолданыстағы техниканың бірі, көлік құралы болып табылады. Демек қай-қайсымыздың болмасын тірлігімізді ілгері дөңгелетіп, көздеген мақсатымызды орындауда темір тұлпардың үлесі зор екені белгілі. Алайда сол көлікті жүргізетін қарапайым кейбір азаматтар үшін, көлік жүргізудің өзі оңай болмай тұр. Неге десеңіз қолына алатаяқ ұстағандар қызметін асыра пайдаланатыны қоғамда аз кездеспейді. Өзі әрең күнелтіп, қала ішінде автокөлігімен адам тасып, отбасын асырап, нәпәқасын айырып жүрген азаматтардан да жол сақшыларынан көп қысым көретіндерін әңгіме болған жерде жиі естиміз. Жүргізушілер жол жүру ережесін сақтап, бұзбауға тырысқанымен одан ілік тауып, тіпті жол ережесін бұздың қылып, жала жауып қалтамызды қағуға ниеттенетіндердің де бар екенін айтып жатады. Бұл жерде мұндай кемшіліктерге жол беріп жүргендігі темір тұлпарды иемденген азаматтардың өз құқықтарын қорғай алмауынан, яғни жол жүру ережесін толық білмегендігі мен тиісті заңдардан хабарсыздығы. Ал жол полициясы қызметкерлерінің сауатсыздығын көргенде, көлік жүргізушілерінің жол ережесінің кейбір тұстарын ғана білмей жатқанына кешіріммен қарауыңызға тура келеді. Себебі өзінің құқықтары мен міндеттерін, сонымен қатар ІІМ-нің бұйрықтарын түбегейлі білмейтін сауатсыз жол полициясы инспекторлары жұмыс жасап жүргенін көріп, біз қос жағамызды ұстадық. Қарапайым ғана көше бойындағы жол белгілерінің не үшін, оның қандай мағына беретіндігі және олардың қай жерге дейін ықпалды екенін білмей тұра, Шымкент қаласындағы көліктердің жол ережесін сақтауын қадағалап жүрген кейбір инспектор смақтардың мұнысына не дейсіз?. Біздің бұл әңгімемізге сеніңкіремей отырған болуларыңыз да мүмкін, ия әрине сіз Ішкі істер органында қызмет ететін адамның заңды білмеуі мүмкін емес дейтін шығарсыз. Алайда ғаламторда www.youtube.com сайтына кіріп, іздеу жолына «Шымкент гаи» деп жазсаңыз болғаны, көз алдыңызға құдды бір сатиралық театрда МАИ қызметкерлері жайлы күлкілі қойылымын тамашалағандай, күлкіге амалсыздан ерік беріп бір жасарып қаласыз. Қойылым демекші, бір көргенде арнайы ұйымдастырылған оқиға деп қалуыңызда мүмкін болар еді. Бірақ сондай деп айтуға амалымыз жоқ болып тұр, себебі ғаламтор арқылы жұлдызға айналған, тура сол сауатсыз полицейлердің таныс жүздерін шырайлы Шымқаланың көшелерінде таяғын шыр айналдырып жүргенін бұған дейін көрген болатынбыз, демек ешқандай да шоу қойылым емес. Полицейлерді жоғарыда айтылғандай айрықша қылықтарымен танымал етіп шығарған бейтаныс бір көлік жүргізуші. Жол ережесін бүге - шүгесіне дейін тиянақты білетін азамат, көлігіне бейне камера орнатып МАИ қызметкерлерінің жұмыс барысындағы әрекеттерін түсіріп, олардың халыққа көрсетіп жүрген сапасыз қызметін ғаламтор кеңістігіне жайып салыпты. Азаматтың мұндағы мақсаты - халық сеніп жүрген тәртіп сақшыларының деңгейін, олардың шынайы бет бейнесін елге көрсету болса керек. Қалай болғанда да бұл ойын артығымен жүзеге асырыпты. Артығымен деп отырғанымыз, жол бойындағы тәртіп сақшыларының жоғарыда айтылғандай құқықтары мен міндеттерін, тіпті жол ережесін білмейтіндігін бірнеше жағдайларда ап-анық көрсетіп берген. Атап айтсақ: елді мекеннің қай жерден басталып, қай жерден аяқталатынын білмейтіні, көше бойына қойылған жол белгілерінің қай жерге дейін әсер ететінін білмейтіні, МАИ қызметкерлері жұмыс барысында киім формасын сақтамайтындығы, олар үшін арнайы берілген төсбелгісін тақпауы немесе жоқ болуы, жол полициясы инспекторы көлік құралын тоқтатқан соң өзін - өзі тиісті дәрежеде ұстай алмаулары бірден байқалады. Сол оқиғалардың бір қатарын өздеріңізге жазбаша түрінде ұсынғанды жөн көрдік.
13.05.2011 жылы Шымкент-Ташкент тасжолының бойында, Шымқалаға кіре беріс тұста, стационарлық бекеттегі МАИ қызметкерлері көлік құралын тоқтатып, сондағы жүргізуші мен білдей полиция капитаны Қ.Ұзақбаев (есімі өзгертіліп алынды) арасындағы өз ара әңгімесін ұсынамыз. (Сөзбе сөз беріліп отыр)
Инспектор: Полиция капитаны Ұзақбаев, рейд жүріп жатыр. Құжаттарыңыз?
Жүргізуші: Бірінші сіз удостоверениеңізді көрсетіңізші? (Қызметтік куәлігімен танысады)
Жүргізуші: Жетоныңыз кәні?
Инспектор: Рейдт жүріп жатыр ғой
Жүргізуші: Сонда заң бойынша жетонсыз тоқтатуға болады ма?
Жүргізуші: Онда бірінші протокол акт жазасыз, екі понятой шақырасыз, кейін ашамын.
Инспектор: Неге?
Жүргізуші: Қалай неге? Сіз заңды нарушать етіп жатсыз ғой, білесіз бе?
Инспектор: Протокол обязательно ма?
Жүргізуші: Обязательно. Сіз білмейсіз ба не заңды? Қалай жұмыс жасап жүрсіз былай?
Инспектор: Рейдтеміз
Жүргізуші: Рейд болмақ түгілі басқа болса да, протокол жазасыз, екі понятой шақырасыз, сосын мен багажды ашамын. Онсыз ашпаймын.
Инспектор: Неге?
Жүргізуші: Қалай неге? Сіз заңды білмейді екенсіз? Заңда былай қараңыз. Машинаны әшейін сырттан қарап көрсеңіз болады. Бұл көлік жеке меншік, частный собственность, әшейіннен әшейін никто не имеет права. Сіз протокол жазасыз, осындай машина тоқтаттық пост ГАИ-де деп, сөйтіп екі шофёр тоқтатасыз, сөйтіп олар да қол қояды. Сосын мен багажды ашамын, сол кезде олар тұрады сол жерде. Сөйтіп сіздің итіңіз иіскейді, ештеңе таппаса, сіз жазасыз «в ходе протокола просмотра ничего не было, анау-мынау» дейсіз. Ол екеу болады, біреуін маған бересіз, біреуі сізде қалады.
Инспектор: ааа, оның бәрін қайтып тексереміз сонда.
Жүргізуші: Дұрыс, заң бойынша солай ғой
Инспектор: Сонда тоқтатқанның бәрін протокол жазамыз ба?
Жүргізуші: Ия, әрине! Әйтпесе сіздер жүргізушілерге багажды аш дейсіз, олар ашып жібереді. Негізі ол дұрыс емес. Сіз адамның гражданский правасын нарушать етіп жатырсыз. Бұл менің жеке меншігім, бұған қол сұғуға ешкімнің хақысы жоқ. Конституцияда жазылған бұл жөнінде.
Инспектор: Қой ееей
Жүргізуші: Сіз интернетті білесіз ба? Сонда көп гаишниктер бар. Осы постта көрсетілген соны көріңіз
Инспектор: ааа, бопты онда, кете берейін ба?
Міне осылайша полиция капитаны жүргізушінің құжаттарын тексерудің орнына, оның берген ақылына мас болып қала береді. Енді осы жерде түрлі ойдың келері анық. Жол полиция қызметіне жұмысқа кіруді былай қойғанда, көлік жүргізушінің өзі «көлік жүргізу құқығын» аларда жол жүру ережесін оқып, емтиханнан өтері анық. Ал өзіне қатысты ешбір заңды білмейтін жол үстіндегі тәртіп сақшылары форманы қалай кигені бізді кәдімгідей таң қалдырды. Мұнда бұл азаматтың көкесі мен жәкесінің («крышасының») мықты болғаны, соның ықпалымен ғана жүргені анық көрініп тұрған секілді. Бір айта кететін жәйт, тап осы постта тұратын өзгеде инспекторлардың білімдері сол деңгейде секілді. Оған дәлел ретінде интернет беттерінде бірнеше кадрлар жинақталған. Оның бәрін айта берсек газетіміздің беттері жетпей қалуы әбден мүмкін. Сайып келгенде қаламыздағы жол полиция қызметкерлері белгілі бір мерзім аралығында қызметтік біліктілігін тексеретін аттестация дегенді өмірінде көрмеген, білмеген болып тұр ғой. Сонымен қатар естеріңізде болса, осыдан біршама уақыт бұрын жоғарыда аталған постта «СТОП» деген басымдылық жол белгісі жоқ болатын. Жол полициясы инспекторларына сабақ үйретіп жүрген, әлгі көлік жүргізушісі «СТОП» деген жол белгісіне аялдаусыз өтіп кеткені үшін тоқтатылады. Сонда жүргізуші бұл бекетте «СТОП» белгісінің заңсыз тұрғанын айтады, алайда мұнда да инспектордың заңнан хабарсыздығының салдарынан бұл жерде де тағы жүргізушіден тегін білімін алып, тоқтатқан көлік құралын жібереді. Енді осы жерде қараңыз, жол полиция қызметкері стационарлық бекетте тұрған «СТОП» (2.5 басымдылық белгісінің) тұрған жерінің заңды екенін жүргізушіге түсіндіре алмағанына қарағанда, ол шын мәнінде заңсыз тұрған жол белгісі болғаны ма? Ішкі істер департаменті, қалалық Жол полиция басқармасының басшылары қызмет бабында кетіп жатқан осындай кемшіліктер мен қол астындағы кейбір қызметкерлерінің дымды білмейтін сауатсыз екендерін білмей жүр-ау сірә, әйтпесе мұндай масқаралық болмас па еді. Жоқ әлде білсе де көзді жұмып қарап отырма екен. Көзді жұмып қарап отырмаған болса, Жол полициясы басқарма басшылары біздің редакциямызға осы мақалаға қатысты өздерінің жауаптарын бере жатар.
Қанат БАЙСОВ
"Қыран ақпарат" газетінің Бас редакторы
Казактын карапайым кызы. Aigerim2994
03-03-12 20:14
Сіздерді қазақ жастарының жаңа сайты zhastar.ucoz.kz ашылуымен құттықтаймыз. Қарыштап дамып келе жатқан интернет технологиялар қазақ тілді аудиторияны айналып өтпек емес. Біздер, қазақ жастары сөз еркіндігінің дамуынан, азаматтық қоғамның қалыптасуынан тыс қала алмаймыз.